Главная » Файлы » Балабақша



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Алтын күз. Күз сыйы
[ Скачать с сервера (33.0 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Балабақшаға арналған жумыстар]
03.02.2016, 19:25

Тақырыбы: Алтын күз.
Мақсаты: бүлдіршіндергі күз мезгілі туралы тақпақтар айтқызу арқылы жыл мезгілдерін айыра білуге, сипаттауға, әсемдікке, талғампаздыққа, табиғатты сүюге, қадірлеуге және оны күтуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, аппликациялар, паннолар т.б.

Күз туралы тақпақтар
Балауса: Күз айы тамаша,
Ән айтайық, жаңаша.
Би билеп, бәріміз,
Қуанайық балаша.

Айшолпан: Келістіріп бар сәнін,
Берген өзің табиғат.
Алтын күзді ал, кәне,
Қарсы алайық, жамағат!

Балауса: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті бұзық.
Шуылдайды тал терек,
Жапырағын жұлғызып.

Мақсат: Ой, балалар, балалар!
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.

Жанерке: «Қошақаным» әні.

Гүлбақыт: Жоғары шық, кел төрлет,
Абыройың, бағың бұл.
Көңілдерде ән тербеп,
Арналады, саған жыр!

Жанерке: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Бекжан: Жиын-терім болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

«Қырманға кел, қалқам» биі.

Балауса: Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз ырыс, береке, бірлік ала келді.

Асылан: Жомарт көңіл, жарқын күз
Берекесі халқымның.
Қош келіпсің, Алтын күз!
Құт қонағы төрімнің!

Балжан: Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Әдемі: Қамба толы астыққа,
Алғыс саған, Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Көп-көп қауын алдық біз.

Сұлтан: Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма едік, жатып ап.

«Қуыршағым» биі.

Бақдәулет: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.

Бекжан: Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

«Балапан» биі. Орындайтын Балауса.

Тәрбиешілер жемістер туралы

Айжамал: Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Жанар: Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.

Гүлнар: Картоп біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.

Роза: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Жанат: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмін.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.

Махаббат: Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.

Мадина: Мен моншақты шиемін,
Құмырасыңдар білемін.
Кетіп қалып жүрмесін,
Тамағыңа сүйегім.

Әтіркүл: Дөп-дөңгелек, сап-сары
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Менің атым – өрік.

Нұргүл: Көктеп ерте шырмалып,
Әсеммен бүр жарып.
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі суарып.

Айжамал: Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан,
Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен.
Бірінші қыркүйек білімге бастады,
Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанда.

Категория: Балабақшаға арналған жумыстар
Просмотров: 2639 | Загрузок: 67 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]