Ұйымадастыру және ынталандыру, ояту
Білу, түсіну
Зерделеу
Талдау: (дидактикалық ойындар арқылы)
«Өз орныңды тап»!
Қолдану: (дидактикалық ойындар арқылы және пішіндердің көмегімен)
Жинақтау:(сергіту сәті арқылы ойды жинақтау)
|
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Күліп шықты күн бүгін.
-Балалар көзімізді жұмып тыңдаймыз.
-Бұл ненің дыбысы?
-Жақсы!
-Олай болса кім құстар туралы тақпақ айтады?
Адамның досы қарлығаш,
Қарның ашты білемін.
Тамағыңды берейін
Ұяңа жем себейін.
Тотықұс, тотықұс
Сөйлесейік бір тоқтамай.
Қайталайсың сөзімді
Әдемісің сен қандай!
Құстарға біз барамыз,
Бірге әнде саламыз.
Қуанамыз күлеміз,
Асыр салып ойнаймыз.
-Балалар сендер қандай үй құстарын білесіңдер?
- Қандай дала құстарын білесіңдер?
-Балалар тақтада ненің суретін көріп тұрсыңдар?
-Ендеше үстел үстіндегі құстардың суретін өз орындарына жапсырамыз(үйдің суретіне үй құстарын, тоғайдың суретіне дала құстарын)
-Жақсы балалар!
-«Ұшты-ұшты» ойынын ойнаймыз!
-Құстар біздің досымыз, ендеше оларға сыйлық жасауға келісесіңдер ме?
-Балалар алдарыңда геометриялық пішіндер бар. -Ол қандай пішіндер?
–Кім айтады?
-Осы пішіндерді ақ қағазға «Үй» болдырып жабыстырсақ, құстың ұясы болады!
Аяқпенен топ-топ, топ
Шапалақтап хлоп-хлоп, хлоп
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп
Бір отырып бір тұрып,
Біз демалып аламыз!
-Қане қанат жазайық!
Қарлығаш боп ұшайық!
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық!
|
Балалар шаттық шеңберді орындайды
Аудио дыбысты тыңдап, құстардың дыбыстарын ажыратады
Нұрай тақпақ оқиды
Карина тақпақ оқиды
Ақжан тақпақ оқиды
Балалар құстардың атын айтады
(Тауық, үйрек, қаз, тотықұс, сауысқан, қарға, қарлығаш ...т б)
Тақтадағы үй мен тоғайды нұсқайды
Балалар ретпен шығып, құстарды екі топқа орналастырады
Ойынға қатысады
-иә келісеміз!
(үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш...)
Балалар жеке парақшаларда жабыстыруды орындайды
Сергіту сәтімен жұмыс жасап, көңіл көтереді
|