Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг:
«Мен кереметпін»
Мақсаты: Тәрбиешілердің эмоционалды көңіл - күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру және топтасып жұмыс істеуді дамыту.
Қатысушылар: тәрбиешілер.
Жұмыс түрі: топтық жұмыс.
Көрнекілігі: тақта, үнтаспа
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Біздің барлығымыз да үнемі табыс биігінен көрініп керемет болғымыз келеді. Ал енді «керемет» дегеніміз не? Біздің бүгінгі кездесуімізде осы керемет сөзін педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік. Енді барлығымыз «Керемет» сөзіне ұқсас бір - бір сөзден айтып көрейік: идеал, үлгілі, өте жақсы, тамаша т. б.
Жүргізуші: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «керемет» сөзіне анықтама бар: бұл «үздік, өте жақсы, ғажайып, тамаша» деген мағынаны береді. Енді осы өте жақсы қасиеттерді өз бойымыздан іздеп көрейік, керемет болмаса да бойымызда таң қаларлық, елді елең еткізерлік мінез болуы мүмкін.
Жұмысымызды бастамас бұрын танысып алайық.
Шаттық шеңбері: «Таныс болайық»
Танысу ережесі: Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Сағат тілі бойымен әрқайсысы өз есімін атап, есімі жайлы, есіміне сәйкес мінез - құлқы жайлы қысқаша айтып өтеді. Әркімнің танысуы бір - біріне ұқсамауы тиіс.(Мыс. Таныс болайық: менің есімім Айсұлу (болар - болмас басымды иемін (екінші бірі – иіледі ) т. б.)
«Көңілді музыка» ойыны
Мақсаты: бойдағы шаршаудан, стресстен арылу.
Шарты: шеңбер бойымен тұрып, бір - бірінің иықтарына қолдарын қояды. Музыканың ырғағымен шеңберді айнала отырып билеп, иыққа ақырын саусақ қимылдарымен массаж жасайды. Ойын кері қайталанып отырады.
Жүргізуші: Рахмет, бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын. Тренингіміздің келесі бөліміне өтеміз. Бірінші бөлімде біз «керемет» сөзінің мағынасын айқындауға тырыстық. Тақырыбымызды одан әрі ашу үшін керемет деген ұғымды балалардың көзімен (оқушылардың) түсінуге тырысып көреміз.
Ол үшін екі топқа бөлінеміз: 1 - топ: бастауыш сынып оқушылары (Балдырған тобы), 2 - топ: жоғары сынып оқушылары (Балауса тобы). Жайлы, жақсы отырып алыңыздар, екі қолдарыңызды тізеге қойып, орындыққа арқаларыңызды тигізіп жайланып отырып, көз алдарыңызға бастауыш және жоғары сыныптағы керемет педагогтарыңыздың жақсы қасиеттерін естеріңізге түсіріңіздер.
Қорытынды: «Балдырған» тобының пікірі: педагог мейірімді, әділ, әдемі, көңілді болуы керек.
«Балауса» тобының пікірі: педагог өз мамандығының кәсіби шебері, қатаң, қазіргі талапқа сай, жаңашыл болуы керек.
Жүргізуші: Ал енді сіздер қазіргі кейіптеріңізге еніп, тәжірибелі, керемет педагог болуға тырысыңыз. Екі топ біріге отырып бастауыш сыныптағы және жоғары сыныптағы ұстаздарыңыздың естеріңізге түскен жақсы қасиеттерін
талқылап көрелік. Тақтаға жазамыз. Біздің есімізге түскен тамаша педагогқа тән жақсы сапалар: әділ, кәсіби шебер, мейірімді, жаңашыл т. б. біздің бойымыздан табылады деп ойлаймын, яғни біз – кереметпіз!
Релаксация: (Баяу музыка әуені ойналады.) Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар, судың әуелгі шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы денеңізді жылытады. Жалаң аяқ құмның үстінде жүрсіздер, құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Су денелеріңізді жеңілдетіп өзіңізді жақсы сезінудесіз. Өте жақсы дем алдық. Қандай ғажап табиғат деген, таза ауа, жұмсақ құм, жылы су, табиғат деген қандай тамаша! Кең дем аламыз, ақырын демімізді шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарды. Біз өзімізге күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз қуанышты. Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімімді, керемет жандармыз!
Енді ақырын - ақырын көзімізді ашамыз. Бір - бірімізге қуанышты сезіммен қараймыз. Біз қандай бақыттымыз!, Қандай кереметпіз!
Біздің кездесуіміз аяқталып келе жатқан секілді. Бүгінгі жұмысымыздың нәтижесіне орала отырып, нағыз «керемет» педагогтардың мықты жақтарын еске түсіре отырып бір - бірімізге комплимент айтайық.
«Комплимент» ойыны
Мақсаты: қатысушылардың тіл табыса алуын, бір - бірін толық тануын дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып кезекпен кез - келген жағымды комплимент айтады (Біздің тақырыпта мыс. «өте жаңашыл», «нағыз кәсіби педагог»т. б.), ал қалғандары ол комплименттің кімге арналғанын табады. Комплимент иесі ойынды ары қарай жалғастырады. Барлығы жағымды комплимент алмайынша ойын жалғаса береді.
Жүргізуші: Біздің сіздермен кездесуіміз аяқталды. Егер тақырыбымызға келетін болсақ, «керемет» деген түсінік бір нәрсенің біткенін, аяқталғанын білдіреді (Мыс. керемет үй екен т. б.) Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз әрдайым қозғалыстамыз. Көздеген мақсатымызға жеткенде біздің алдымыздан тағы да өзге жаңалықтар ашылады, қазіргі дәуірде, яғни 21 - ғасырда жаңалықтың шегі жоқ. Олай болса жаңашыл 21 - ғасырдың Керемет педагогтары бола берейік!
Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!
Тұлғааралық қарым-қатынас
тренингі
Мақсаты: қарым-қатынас стратегиясын және қоғамда өз-өзін ұстау мәнерін ойлап табу.
Жас аралығы: 17 – 19 жас.
Жүргізуші: «Біз қазір әрқайсысымыз шеңбер бойынша өз аттарымызды айтым, өзіміз жайлы бір ауыз сөз айтамыз. Оның алдында әр қатысушы өзіне бір қағаз (табличка) алып, соған өз атын жазады. Ол міндетті түрде сіздердің аттарыңыз болуға тиісті емес, сіз басқа да қалаған атты жазуыңызға болады. Егер сіз басқа ат алсаңыз, бірінші өз шын атыңызды атаңыз, сосын неліктен атыңызды ауыстырғаныңызды түсіндіруге тырысыңыз. Мүмкін осы алған аттары оларға тіпті қажет емес болар, бірақ әрқайсысы қағаз алып, басқа атпен өзі туралы біраз айтып кетуіне болады. Сонымен, бастаймыз».
Жақсы дем алып, рахаттануды үйренеміз
«Сыйқыр сөз»
1. Мысалы, біз қобалжығанда, біз өз ішімізден осы сыйқыр сөзді айта аламыз және сонда өзімізді сәл болса да, сенімді және сабырлы сезінеміз. Ол әр түрлі сөздер боа алады: «тыныштық», «салқын самал» және т.б.. Ең бастысы сізге көмектесе болды.
Аяқталысымен жүргізуші барлық қатысушылардан қандай «сыйқырлы сөз» болғанын және олар сол кезде не сезіңгендерін сұрайды.
2. Сабырлыққа келудің тағы да бір тәсілі бар. Сізде қобалжу, қысым түсіретін жағдайды есіне түсіріңіз не ойлап табыңыз. Өз ішіңізден бірнеше рет, сіз өзіңізді жақсы, сабырлы сезінетіңізді айтып кетіңіз. Бірақ бұл сөздер әрине оң болуы тиіс, мысалға «мен қобалжимаймын», «мен сабырлымын» және т.б.
Жаттығу біткеңімен, жүргізуші қатысышылардан қандай сөз тіркестерін қолданғандарын, не сезінгендерің және егер қиын болмаса, естеріне қай жайыттар түсті.
Берілген жаттығу топтағы сенімді атмосфераның болуына, өз-өздерің реттеуге және осыдан кейін топ қатысушылары өз сезімдерін ашық және сенімді білдіреді.
Көзбе көз
Мақсаты: осы кезеңде топ қатысушылары терең әрі сенімді қатынас орнатулары үшін.
Күнделікті өмірде біз, адамдар, қарым-қатынастың тек үстіңгі, терең емес жанасуларымен қанағат ететміз, бір-бірімізді түсінуге тырыспаймыз да! Қатысушыларға 3-5 минут аралығында бір-бірінің көздеріне қарап тұрып, әрбірімен жанасу орнату үшін.
Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:
- Осы жаттығу кезінде қандай сезімде болдыңыздар?
- Көздік қатынас орнату кімге қиынға түсті?
- Неліктен қиын болды?
Бұзылған телефон
Мақсаты: вербальде деңгейде бірін-бірі түсінуді үйрену үшін.
Қатысушылар бір-бірден тізбекке тұрады. Жүргізуші тізбектің соңына тұрады. Осылайша барлық қатысушылар бір-біріне арқаларымен тұрады. Иыққа қағыспен қатысушы алдында тұрған қатысушыға қарауды ұсынады. Содан кейін ол ым-ишара арқылы бір затты көрсетеді ( сіріңке қорабы, пситолет, волейболды доп және т.б.). Бірінші қатысушы екінші қатысушыға қарайды және жәнегі иық қағысымен оның қарауын сұрайды, сосын затты көрсетеді және сол сияқты ары қарай ақырғы қатысушыға дейін. Ең ақырғы қатысушы сол затты атайды. шарттары: барлығы да дыбыссыз орынадалады, тек қана ым-ишара арқылы, тек қана қайталауды сұрауға болдады және қатысушылар кезегі жетпей бұрылмауы керек.
Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:
- Қатысушылар бір-біріне әдепті болды ма?
- Кімге өз досын түсінуге ұиын болды?
Арқаға арқа
Мақсаты: күнделікті өмірде болмайтын қарым-қатынастың тәжірибесін алу.
Екі қатысушы бір-біріне арқаларымен отырады және осы жағдайда 3-5 минут әңгіме құрады. Аяқталысымен олар өз сезімдерімен бқліседі.
Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:
- осы әңгіме күнлеікті әңгімеге ұқсады ма, мысалы, телефондық әңгіме, қандай айырмашылықтар бар:
- әңгіме құру оғай болды ма;
- әңгіме қалай болды - ашық па әлде жоқ па.
Қалғандары да дәл осылай істей алады.
Қолтырауын
Мақсаты: басқаларға күлкілі, ретсіз болып көрінуден арылу.
Көбі адамдар қоршаған ортаға күлкілі болып көрінуден қорқады. Осы ойын қорқыныштан арылудың құралы ретінде ұсынылып отыр. Топ екі топқа бөлінеді. Бірінші топ бір сөзді не сөз тіркесін жасырады да, келесі топ - өзінен бір адамды сол табуға шығарады. Топтар кезекпен сөздерді жасырады.
Талқылауда:
- Көрсетуге қиын болды ма?
- өздерін қалай сезінеді?
- Ойын аяқталысымен қандай сезімде болды?
Ыстық орындық
Мақсат: өзіне деген оң және теріс айтып салуларды адекватты түрде қабылдау.
Жүргізуші топ қатысушыларына бір адам туралы өз ойларын айтуға ұсынады. Бір-бірі туралы осылай айтуға болады: «сен бірдеңені істегкндк не айтқанда былайда былай, менде осындай да сезімдер қалыптасады, және маған осы былай а былай болуы мүмкін еді». «Ұнайды», «жақсы», «жаман» деген айтулардан аулақ болуға тырысу.
Бір қатысушы өз тілегі бойынша ортаға отырады. Содан барлығы айтып болған соң, қатысушы өзі туралы естігенде не сезінгенін айтады. Қатысушылар кезекпен айтады, ал ортаға ыстық орындыққа тілектері бойынша отырады.
Талқылай кезінде қатысушылар өз сезімдермен бқліседі, олардың бір-біріне деген қатынастары осы жаттығудан қалай өзгерді.
Неліктен кейбіреулері отырған жоқ?
Жаттығу «Сиқырлы ғажайып орман»
Мақсаты: Эмпатия мен сенім секілді сезімдерді жетілдіру.
Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз.
Сараптама:
Орман ішінен өткенде, басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз?
Сиқырлы ағаштар болғаныңызда қандай сезімде болдыңыз?
Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен бөлісіңіз?
Тренинг тақырыбы: «Жеміс-жидек»
Тренинг мақсаты: Ұжымға, топқа келген бөтен адамға бейімделуіне көмектеседі.
Жеміс-жидектер аттарын айтып шығады. Алдында айтылып кеткен жеміс-жидек қайталанбауы керек. Барлығы өзіне жеміс-жидек таңдап болғаннан кейін, қатысушылардың ішінен өз еркімен бір адам ортаға шығады да, осы топтың ішіндегі айтылған жеміс-жидектерді қайталап шығады. Егер қайталай алмаса, ойынға қатысушылар айыппұл төлеуін талап етеді. Егер қайталай алса, онда ол адамға қошемет көрсетіледі. Бұл жаттығудың бөлігінде есте сақтау, зейінмен жұмыс істейді. Жаттықтырушы ортада тұрады, ал топтың ішіндегі қатысушылардың біреуі ойынды бастайды.
Тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, – деп тренинг аяқталады.
Тренинг тақырыбы: «Карусель»
Тренинг мақсаты: Бұл ойын әрбір адамның сауаттылығын, мінез, көңіл-күйін, салауаттылық қабілетін өзгерте білуіне, салауаттылық арқылы өзгелермен еркін араласу қабілеттерінің дамуына көмектеседі.
Тренинг барысы: Топ мүшелері екіге бөлінеді: Бірінші топ ішкі, екінші топ сыртқы болып бөлініп екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша олар тоқтайды да екеуден ішкі топ және сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беруі керек. Мысалы: сатушы – сатып алушы, мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы, жол полициясы – жүргізуші, әкесі – баласы, анасы – қызы. Бұл ойын әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл-күйін, салауатты өмірге қабілетін өзгерте білуіне, осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.
Тренинг тақырыбы: «Өзін-өзі таныстыру»
Тренинг мақсаты: Топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топқа өзін қалай ұстайтынын бақылау.
Тренинг барысы: Адамдарды шеңберге тұрғызып, бірін-бірі қолдарын ұстап тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады. Енді алақан сипаған кезде қандай сезімде болдыңыздар. Алақан сипаудың да өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар екен.
Тренинг тақырыбы: «Қарым-қатынас»
Оқушылардың қарым-қатынасқа деген қажеттілік деңгейін анықтау, қарым-қатынас өрісін дамытып, қарым-қатынас орната алу қасиетін қалыптастыру үшін тренинг ұйымдастыруға болады. Өйткені, қарым-қатынас – бұл адамдардың бір-бірімен білімдерін, тәжірибелерін, пікірлерін алмастыру мақсатындағы әрекеттері. Қарым-қатынас адамның өзін адам екенін сезіну үшін қажет. Сондықтан мен «Сенімен қарым-қатынас жасау жағымды ма?» тақырыбында тренинг өткізіп, онда оқушыларға «Қарым-қатынас жасай білесіңдер ме, оны өздеріңнің құрбыларың жақсы біледі, ендеше сендер қарым-қатынаста қандайсыңдар?» деген сауалдар қойылды. Оны тест ойыны арқылы анықтауға тырыстық.
Шарты: Тренингке қатысушылардың әрқайсысында қатысушы бала санына қарай парақ қағаз болуы керек. Кесте бойынша әр баламен қалай қарым-қатынас жасайсыз, бағалайсыз.
Кесте:
+2 – сенімен қарым-қатынас жасау өте жағымды.
+1 – сен қарым-қатынаста ашықсың.
0 – білмеймін, сенімен көп қарым-қатынас жасамаймын.
–1 – сенімен қарым-қатынас жасау кейде жағымсыз.
–2 – сенімен қарым-қатынас жасау өте қиын.
Қатысушы әр бала түгеліне дерлік бағалауы қажет. Әр қағаз бүктеліп, бағаланған адамның аты жазылып өзіне беріледі.
Әркім бағалап болған соң – тер мен – тер жеке саналып есептелінеді. Соңынан балалардың өз пікірлері тыңдалады. Соның нәтижесінде сынып ішіндегі қарым-қатынаста жағымды, жағымсыз балалар анықталады.
Жаттығу: Сол жағыңда тұрған балаға қолыңды беріп, сенімен қарым-қатынаста өте қуаныштымын деп қолынан ұстап, ол бала қасында тұрған балаға осы сөзді айтып әрі қарай жалғаса береді де бүкіл балалар қол ұстасып шеңбер құрады, содан соң бәрі де бір дауыспен «бір-бірімізбен қарым-қатынаста өте қуаныштымыз» деп айтады.
Әрдайым жылы шыраймен, күлімдеп адамдармен қарым-қатынас жасасаңыз, қарым-қатынас сәтті болмақ.
Бүгінгі сабақтан не өзгертер едің? – деген сұраққа байланысты балалардың пікірі тыңдалады.
Менің жанұям
Отан – отбасынан басталады
Мақсаты: Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбилеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата-ана алдындағы парызын өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбилеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер: «Бүгінгінің баласы- ертеңгінің атасы», «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында қарызы - әдеп пен сый», тақырыптарында плакаттар ілінеді, отбасы жайлы кітаптар, көрмесі. Ата-ана мен бала жайында жазылған заңдар жинағынан үзінді.
Барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыңдар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Менің жанұям» деп аталады. Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауаптары: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
Рольдік ойын:
1 топ: «Жанұя серуенде»
2 топ: «Жанұя кешкі мезгілде»
3 топ: «Жанұяда туған күн»
Осы тапсырмалар бойынша топтар бір-бірімен жарысады. Әр бір топқа сұрақ қойылады. Оқушылар сұрақтарға жауап қайырады.
1 топқа сұрақ: Сіз жанұяңызбен серуенге жиі шығасыз ба? Серуенге кімдермен шығасыз?
2 топқа сұрақ: Кешкі мезгілде жанұяңызбен не істер едіңіз? Теледидар қарайсыз ба, әлде басқа істермен шұғылданасыз ба?
3 топқа сұрақ: Туған күнді жанұяда қалай қарсы аласыздар? Үйде өткізесіздер ме?
Мұғалім: «Менің жанұямдағы рөлім» деп аталатын бөлімде сендер міндеттеріңді көрсетіңдер. Сенің жанұядағы рөлің қандай?
1 топ: Тәрбие-отбасынан басталады, сондықтан болашақ ел ертеңі жас ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда, ата-ананың ықпалымен қалыптасады.
2 топ: Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары бар.
3 топ: Отбасының, жанұяның екі тірегі- әлпештеген әке мен аялаған ана.
Міндет – күнделікті іс-әрекет арқылы имандылық пен қайрымдылық рәсімдерін орындау.
Парыз – міндетті іске асырудың қалыптасқан жолы
Борыш – ата-анаға, үлкен адамдарға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа айналған қайрымды іс-әрекеттер.
Отбасының, жанұяның қос шынары- алатаудай атасы және аналардың анасы-әже береке мен мейірімнің ұйытқысы. Атаны сыйлау, ата-бабаны, елді сыйлау, әжені құрметтеу - өмірді құрметтеу.
Мұғалім: Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
- Балапандарым,мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңса, құйрыққа күл сепсе, сол адамға не істер едіңдер? Болжау: Топтар ойларын ортаға салады.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім, - депті.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атып тастар едім,- дейді.
Ал үшінші баласы: Оның кеңсірігін бұзар едім.
Ал кенже баласы тұрып:
- Жоқ, ана, мына үшеуінің де жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім, - депті.
- Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз,- депті.
«Жүректен жүрекке шеңбері»
Ендеше, оқушылар шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып, осы шеңбер ішімен жүрейік.
1 оқушы: Біздің жанұя ұйымшыл, бір нәрсені бәріміз бірігіп жасаймыз.
2 оқушы: Менің жанұям тату- тәтті, әкемнің анамның, ағамның айтқанын бұлжытпай орындаймыз.
3 оқушы: Ал менің отбасым үлкен. Атам, әжем, әкем, анам, ағам, апайым, сіңілім бәріміз бірге тұрамыз.
4 оқушы: Біздің отбасымызда бәрі қайрымды. Олар бір-біріне үнемі көмектесіп, бір-бірін тыңдайды.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Қорытындылай келгенде, отбасының қоғам мен мемлекет тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.
«Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді» деген атамыз. Жанұя- адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Өз жанұяларыңды құрметтеп, сыйлаңдар.
Сұрақтар:
- Сенің жанұяңда неше адам бар?
- Отбасыңның тірегі кім?
- Атаң және әжең туралы әңгімеле.
- Жақын досыңның жанұясы туралы әңгімеле.
- Сенің жанұяң мерекелерді қалай қарсы алады?
- Жанұядағы туған күн туралы.
- Жанұя кешкі мезгілде.
- Жанұя серуенд
- Сенің жанұядағы орның?
- Сен өзіңді жанұяда белгілі бір көзқарасқа ие адам ретінде санайынба
Менің жанұям
Жанұя күні
Отбасы – отанымыздың ошағы.
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп,
қалыптасады. Отанға деген ыстық
сезім - жақындарына, туған -
туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Көшпелі және рулық -тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң- салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас – ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90-ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әже, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі. Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата- апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.
Әке - әулет басшысы, отбасы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұлт тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған.
Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде, Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен салыстырғанда қазақ қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады. Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тәжірибелерін бөлісіп, болашақ үлкен өмірге дайындайды. Туыс ағайындардың әйелдері -абасындардың қарым-қатынасы өзара көмек пен түсіністікке, берекеге құрылады. Сондықтан да, «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп», - деген. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайды.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алды. Ол ерінің адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «Шешесіне қарап қызын ал» - деген. Ұзатылып келген қалыңдық үйлену тойының ертеңінде бүкіл ру, әулет, ауылға келін болып саналады. Өзі аттаған босағасының, рудың адамы санатына қосылып кетеді. Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген. Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын құрметтеу – жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің айғағы. Тұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы, парасатты келінді есейе келе, ауыл-үй құлақ салып ақылдасатын ана дәрежесіне көтереді. Қызына құда түсіп, айттырған күннен бастап жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете барады. Күйеу қайын жұртында төрге шықпайды, оған сыбығалы асы деп асықты жілік пен төс тартылады. Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік мәртебесі де жоғарылайтыны белгілі.
Ұрпақ тәрбиесi - ұлт болашағы
Адамның адамшылдығы – ақыл,
ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер, дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен косшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз біріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздін мәнісі де осында.
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - -деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - деп жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке – өз үйі» - деген тамаша нақыл бар. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап- тілектері - баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: « Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек. Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала -шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді. Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», “әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» - дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, онын тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік.
Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, қең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демеқ, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек!
|