Главная » Файлы » Рефераты |
Әлеуметтану пәні,оның қоғамдағы орны мен ролі.
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Адам және қоғам] |
19.02.2013, 23:07 |
Қалыбекова Эльмира Сәрсебайқызы Астана қаласы білім басқармасы гуманитарлық колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы, тарих магистры Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтану пәні,оның қоғамдағы орны мен ролі. Сабақтың мақсаты: әлеуметтану ғылым ретіндегі мақсаты мен міндеттерін таныту және қоғам туралы ғылым тұрғысынан олардың теориялық маңызын ашу, ұғындыру. Міндеттері: 1.Студенттерді әлеуметтану пәнімен, мақсатымен, оның пәнаралық байланыстары мен таныстырып, алынған білім мен дағдыларын бекіту. 2.Ойлау қабылетін, сөйлеу мәдениетін дамыту. Өз ойларын еркін, толық, дәлелді жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. 3.Бір-бірін сыйлауға, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету. Белгілі ережелерді ұстануға тәрбиелеу. Сабақ түрі: Дәстүрлі емес, тренинг Сабақтың типі: жана білімді меңгерту Сабақтың әдіс-тәсілдері: пікір- талас, тренинг әдістері, топтастыру, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, үлестірмелі қағаздар, маркер, желім, гүлдер т.б. Қолданылған әдебиеттер: Әбсаттаров Р.Б,Дакенов Н. «Әлеуметтану» Алматы Ғылым 2004ж, Тұрғынбаев Ә.Х. «Социология» Алматы 2001ж,Сәрсенова Ж.Тәңірбергенова Г. «Әлеуметтану» Алматы 2000 ж т.б. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (Журнал толтыру, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу, ) Көңіл-күй әліппесі «Гүл сыйлау жаттығуы» (Мен сізге гүл сыйлаймын. (()!((Себебі сіз қайырымды адамсыз) 2.Видео таспа Ой шақыру: - Мына видео таспаға назар аударайық: - Әлеуметтік қоғамның кері кету себептері - Кейінгі кездегі жастар арасындағы нашақорлық,ішімдікке салыну себептері неде - Қарттар үйіндегі қарттардың көбеюі отбасында дұрыс тәрбие берілмеуі ме ? әлде ата-ана мен баланың арасындағы қарым – қатынастың бұзылу себептері ме? - Оқу орындарындағы жемқорлықты алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керек? - Білімін сатып алған студенттерге көзқарасын қандай,және оларға не айтар едіңіз? - Мемлекетімізде діни ағымдардың көбею себебі және жастардың адасу жолдары . - Кейінгі кезде көкек аналар мен жетім балалардың көбеюі әлеуметтік қоғамға кері әсерін тигізбей ме? - Аналарымыз неге қайрымсыз,балаларымыз неге қатыгез болуда.Бұған себеп әлеуметтік жағдай ма? - Кейінгі кезде Суицид неге белен алып бара жатыр. Қазіргі жастар өмірмен күресе алмай ма? - Осы жайттарды тоқтату үшін нендей мәселелерге көңіл бөлу керек. - Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін мемлекетте қандай шаралар жасалу керек. 3.Жаңа сабақ Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз «Әлеуметтану пәні,оның қоғамдағы орны мен ролі »- деп аталады (оқушыларды топқа бөлемін). Әр топқа әлеуметтік мәселелерге байланысты тақырыптар беремін. 1- топ.«Білім жүйесіндегі әлеуметтік мәселелер» басты себептері неде? 2 – топ. «Жетім балалар мен көкек аналар» көбею себебінің негізгі бағыттарының мәнін ашыңыздар. 3 – топ. «Қарттар үйіндегі қарттар санының көбеюі» мәні неде,мұндай дерттің өмірдегі түпкі себебі неде ? 4 – топ. «Діни ағымдар секталар» қазіргі жастардың кірудегі мақсаты және оларға не жетіспейді ? 5 – топ. «Суицид,Нашақорлық дерті » әлеуметтік,қоғамдық себептері қандай ? Одан құтылудың жолы ? Әр топқа берілген тақырыпты ашу керек. 1. Өз ой-пікірлерін ортаға салады. 2.Коллаж жасау арқылы әлеуметтік жағдайдың болашақта болмауына,олардан арылу мәселел 3. Студенттер өз шешімін көрсетеді. 4.Қорытынды: 4. Жүректен жүрекке тренингі Студенттер бүгінгі алған әсерлерін және өз ойларындағы тілекті жүрекшеге жазып,кеменің желкенің жасап шығарады. Желкенсіз тұрған кеме жүректен шыққан әрбір жылы сөзбен желкен жасалып жүзу керек. Бір ата, бір ананың түлегіміз Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз « Бірлік барда тірлік бар » деген бабам Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! VI. Үй тапсырмасы «Әлеуметтану пәні оның қоғамдағы орны мен ролі» бөлімін қайталау. VII. Бағалау Сабаққа жақсы қатысқандарды бағалау. Әр берілген тапсырмалар бойынша жеке өздері және сарапшылар бағалап, қорытынды бағаларын айтады | |
Просмотров: 9725 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |