Главная » Файлы » Рефераты |
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті] |
02.02.2012, 14:44 |
АБЫЛ ТІЛЕУЛЫ (1777-1864) Абыл Атырау аймағын,қарақалпақ,түрікмен елдерін аралап,өзі тұтас ақындармен өнер сайыстырған. Бұрын әдебиетте Абылдың «Арғымақ атта сын болмас»,«Ескерту» дейтін толғаулары ғана мәлім болатын.Ғалым Қ.Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын,тағы екі-үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған.Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында»,1972 жылы «Ақберен» жинағында басылып шықты. Абылдың көп өлеңдері ұмытылған.Бізге жеткені оның өмірінің соңғы кезеңіндегі шығарған арнау ретіндегі толғаулар мен бірлі-жарым нақыл сөз,термелері ғана.Осы бар азды-көпті шығармаларына қарағанда,Абыл өз заманындағы әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан талант иесі екенін байқаймыз. Абылды өзінен кеиінгі көп ақындар жақс білген,өздеріне ұстаз тұтқан.Мұрат,Нұрым,Қашаған,Ақтан,Сәттіғұл сияқты бір топ ақындар легі Абылдың талантына бас иген.Оның өлеңдері негізінен ауызша таралған.Алғаш баспа бетін көрген толғау-1924жылы басылып шыққан «Арғымақ атта сын болмас» атты өлеңі. Арғымақ атта сын болмас, Асқар тауда сын болмас, Қиған қамыс құлақсыз. Бауыры болса бұлақсыз. Азаматқа сын болмас, Ақ киікке сын болмас, Арты болса тұяқсыз. Арты болса лақсыз. Айдын көлде сын болмас, Жеті арнада сын болмас, Жағасы болса құрақсыз. Аяғы болса тұрақсыз. Тіршілікте артыңда із қалу керек деген ой айтады. «Сексеннің бізде келдік жетеуіне», «Отырған қарсы алдымда Қанымайым», «Қар жауар күн-түн оның қабағынан» атты шығармаларында хан-сұлтандардың теріс қылығын әшкерелеу,ел қамын жеу,ізгілік,адамгершілік мәселелері сөз болады. Өмірінің соңғы кезінде Баймағамбет,Қайыпалды сұлтандармен кездесіп,бетпе-бет айтқан батыл сөздеріне қарағанда,ол шындықты айтудан тайынбаған,хан алдында қасқайып тұрып,оның мінін көрсетуге батылы жеткен ақын. Баймағамбетке айтқаны: Бопайдан туған әкең Айшуақ хан, Табаның таймай тұр-ау мінген тақтан. Дәлірек дажал сынды дәрежеңді, Деп жүрсің Құдай қорып,қыдыр баққан... Ер өлді деп етек бұлап жылайтұғын Байеке-ау,қай ісің бар елге жаққан?! Қайыпалдыға айтқаны: | |
Просмотров: 3750 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |