Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қашаған Күржіманұлы


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
02.02.2012, 14:42
Қашаған Күржіманұлы
(1841-1929)

Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласның маңында туған.Ол жалшы отбасында дүниеге келіп,жастай жетімдік,жоқшылықтың тауқметін тартқан.
Қашағанның шығармалары 1935 жылы «Әдебиет майданы»журналында (№5) жарияланды.
«Есқали сұпыға айтқаны» деген өлеңінде қолында билігі барлардың іс-әрекетін,оның жағымсыз қылықтарын әшкерлейді.Онда ақын қыстың бір күні «Еспілдекті»деген жерге келеді.
Малшы жігіттердің сілтеуімен Есқали сұпының үйіне келгенде сараңдық пен таяздық танытып алдарын кес-кестей бергендерге ақын:
Жаз болса,мен осы үйге қонбас едім,
Өлеңім,он төрт жастан жолдас едің,
Бай,сұпы,хан-хәкімнен ығар болсаң,
Сен-өлең,мен Қашаған болмас едім.
Осы үйге қона алмасам,маған сын,
Сұпыны шығара алмасаң,саған сын,-
дейді.Одан әрі сұпының қуараңдаған тар мінезін көріп,жиылып қалған ел-жұрттың көзінше:
Сұпыекең мені жек көрді, Үйіңе келсе бай адам,
Сұпының сөзін кек көрдім. Жамылған мауыт шекпенді
Ел аралап жүргенде, Ақылы бар милы адам,
Сендей,сендей монтаны Азамат ерге тек дей ме?!
Сұпыларды көп көрдім. Қонағы келген кет дей ме?!
Сыйлар едің қампаңдап, Тәубем көп деп мақтансаң,
Қолын қысып жампаңдап, Барсисаны да Құдай қарғаған,
Садақасы болса қойнында, Азғырып шайтан алдаған.
-дейді.
Ақын Қашаған Күржіманұлы «Адай тегі», «Атамекен», «Топан» атты дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын толғайды.
Қашаған Күржіманұлы-өз кезеңінің белді ақыны,дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын.Ол 1929 жылы Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: Қашаған, ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, Күржіманұлы
Просмотров: 5614 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.2/4
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]