Главная » Файлы » Рефераты |
Бейімбет Майлин
[ Скачать с сервера (45.5 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті] |
12.03.2013, 17:34 |
Бейімбет Майлин омірі және шығармашылық жолы туралы реферат Бейімбет Майлин (1894-1938жж) Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді. Жетігі жеткен соң өзі де сол байдың қозысын бағып, кейін атының делбесін ұстайды. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, оның: Өмірімде көргенім күңдік, құлдық, Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұңдық? – деген гөй-гөйінің зар сырын жанымен ұғады. Әжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері болса керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып өлеңге әуестенеді. Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан соң есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген татар мұғалімінен дәріс алады. Одан әрі іргелес көрші ауылдағы басқа бір Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесіне түсіп, екі жыл (1910-1912) оқиды. (Шұғаның белгісіндегі бас кейіпкердің мұғалім болуы және Әбдірахман атануы тегін емес-ті). Өз бетінше кітап оқып, көп ізденеді; қалаға барып, білімін одан әрі көтеруге талаптанады. 1913-1914 жылдары Майлин Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияда оқиды. Сол жылдары медресе шәкірттерінің әдеби үйірмесіне қатысып, өзі секілді талапкер жастармен бірге «Садақ» атты қолжазба журнал шығарысады. «Садақтың» әрі редакторы, әрі белсенді авторы болған Бейімбет осы журналдың 1914 жылдағы үш нөмірінде өзінің тырнақ алды прозалық туындысы «Шұғаның белгісін» жариялайды. Бұл «Ғалия» шәкірттері мен ұстаздарының арасында автордың атын шығарып, талантын танытқан тамаша шығарма болатын. Бейімбет Майлиннің медресеге сабақ беретін белгілі татар жазушылары Мәжит Ғафуринмен, Ғалымжан Ибрагимовпен шығармашылық байланысы, медреседе өзімен бірге оқитын башқұрт ақыны Сайфи Құдашпен достығы осы кезден басталады. Солармен ынтымақтаса жүріп, Бейімбет екі жылдай орыс тілін үйренуге көп күш салады; Гоголь, Лев Толстой, Чехов, Горький шығармаларымен түпнұсқадан танысады. Бірақ денсаулық жағдайына байланысты Медресе-Ғалияның оқуын аяқтай алмай, 1915 жылы дәрігерге көрінбек болып Тройцк қалсына қайтып оралады да, осы тұста «Айқап» журналында қызметте жүрген Сұлтанмахмұт Торайғыровпен, Мұхамеджан Сералинмен танысады. Журналда бірнеше өлеңдер жариялайды. 1916 жылы еліне келіп, 1919 жылға дейін қаламгерлік қызметімен қатар, ауыл жастарына ұстаздық етеді. Бұл бір орасан қиын, ойлы-қырлы, бұралаң жолдары көп күрделі кезең еді. 1916 жылғы маусым жарлығы кезінде елдің ер-азаматтары қылыштарын кекке қайрап, екі жақты езгіге – патша жендеттерінің талауына, жергілікті жемқорлардың қанауына қарсы ұлт-азаттық көтерілісіне аттанғанда, Бейімбет оларға сәт-сапар тілеп, күрес адамдарын ашық айқасқа, берік сапқа тұруға шақырды («Қанды тұман»): Ойбай-ау қайдасыңдар? Аттаныңдар! Бері кел, шашау шықпа, топтаныңдар! - дей тұрғанымен, осы қозғалыс бірсыпыра жерлерде сәтсіздікке ұшырағанда кенет торығып, келер күннен үміт үзе жаздайды да, 1917 жылдың ақпанында патшаның тақтан құлағанына қуанып, қайта жадырайды («Қазаққа»): Келді теңдік, туды теңдік басыңа, Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа. Туысқандық, құрдастыққа асыға – Алалықты араңдағы жой, қазақ! Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма! Бірлікпенен жұмыс атқар басыл да! Азынаулақ миың болса басыңда, Партия, штат, дау-шарыңды қой, қазақ! Ақпан революциясының нәтижесінде шынымен-ақ «келді теңдік, туды теңдік» деп асығыс түйін түйгеніне қарамастан, осы өлеңдегі ел-жұртты бірлікке шақырған ақын үнінің асқақ рухы, азаматтық әуені әлі күнге маңызын жойған жоқ. Тағы бір ескеретін нәрсе, осы өлең сол кездің алауыз, жікшіл, ұр да жық рухынан ада. Бағзы біреулерше, өзінің ел-жұртын, ұлтын тапқа бөліп, анау бай, мынау жарлы-жақыбай деп қылың бұқара арасына жік салып, алауыздық отын жағып жатқан Бейімбет және жоқ. Керісінше, байың бір бөлек, жарлың бір бөлек шашылмаңдар, бірігіңдер, бірлесіп еңбек етіңдер, қазағым дейді. Демек, Бейімбет Майлин сол кездің өзінде туған елінің болашақ азаттық, еркіндік, егемендік рухымен тыныстағандай... Бірақ ол тұстағы жағдай да, заң да жалпыға мәлім. Соған сәйкес ендігі өмірі мен өнерін түгел және біржола Қазаннан кейінгі жаңа заманға бағыштаған Бейімбет Майлин 1919-1921 жылдары ауылдағы кеңес жұмысына араласады. 1922 жылы Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп, баспасөз қызметіне қызу кіріседі. Орталық газет бетінде жиі-жиі әңгіме-очерктер жариялап, «Қызыл Қазақстан» журналында «Шұғаның белгісін» жаңадан жөндеп бастырады, кітап баспасынан өлеңдер жинағын шығарады. 1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, «Ауыл» деген жаңа газет шығарысады. Көптеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі «Раушан коммунист» хикаяты осы газет бетінде жарық көреді. 1925 ж. Өлкелік өкіметтің арнайы шақыруымен республиканың сол кездегі астанасы Қызылордаға келіп, қайтадан баспасөз және баспа орындарында (1934 жылға дейін) әр алуан қызметтер атқарады. 1934-1937 жылдары «қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып істейді. Осылармен қатар, ұйымдасқан күннен бастап Қазақстан жазушылар ұжымының құрамында болып келген Бейімбет ұлан-ғайыр әдеби еңбекті ұйымдастыру, ұйым жұмысын басқару, жас әдебиетшілерді тәрбиелеу ісіне үнемі ат салысып отырады. Бұл жылдары Майлин-суреткер өз дәуірінің ұлы, өз заманының үні болудың үлгісін көрсетті. Әсіресе оның шағын және орта көлемді эпика түрінде ай сайын, апта сайын толассыз суып, мерзімді газет-журнал беттерінде үздіксіз жарияланып жататын әдеби шығармалары жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы ауыл өмірінің тіршілігінің Бейімбет бейнелемеген сыры да, сымбаты да сирек шығар... Осы жылдар ішінде жазушының өзі қалам тербеген барлық жанрда елу бес кітабы жарық көріп, жұртқа кеңінен таралып еді. Б. Майлин 1938 жылы дүние салды. Ақындығы Бейімбет Майлин – ақын: әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен бастады және қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты. Майлин – реалист. Оның поэзия, проза драматургия салаларының қай-қайсында жазған шығармаларын алып қарасақ та, тұнып тұрған шындық; ақиқаттан ауып басқан бір де бір адымы болған емес. Ендеше, шыншыл суреткердің әдеби туындыларының болмыс-бітімін, сыр-сипатын, қажет жағдайда тіпті күнгейімен қоса көлеңкесін сарапқа салған тұста да оның өзіне ұқсамауға, яғни ақиқат шындықтан алшақтауға болмайды. Қазақ поэзиясының дамуына өзіндік үлес қосты дегенде біз қазақ өлеңін көркемдік жағынан еуропалық биікке көтеріп, оның мазмұнды пішінін тотының түгіндей құбылта құлпыртқан Абайдан әрі өрлетіп әкетті демейміз. Әділіне келсек, Бейімбет өлеңдерінің өрімі ең жеңілі, ырғағы, ұйқасы ... – Абай реформаларынан көш кейін жатады. Демек, кейбір зерттеулерде айтылып жүрген «Бейімбет – қазақ өлеңінің асқан шебері» деген пікірді ұшқары, ағат. Мазмұн мен пішін жағынан қатар салмақтап байқасақ, оның суреткерлік шеберлігі әңгімелеріне қарағанда өлеңдерінде бәсең, әлсіз. Олай болса, Майлин поэзияның қадір-қасиеті неде? Екі нәрседе – жырлаған тақырыбында және бейнелеген образында біріншіден, Бейімбет қазақ кедейінің тұрмысы мен тіршілігін қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған аумақта, кең, терең және жан-жақты суреттеді. Екіншіден, Бейімбет қазақ кедейінің мінезі мен мүсінін қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған деңгейде дәл, тіпті типтік һәм символдық дәрежеде (Мырқымбай) тарихи жағынан нақты және өрбу, өсу үстінде сомдап соқты. Осы екеуінің үстіне енді Бейімбет өлеңдері мен поэмаларының тұла бойына күн шуағындай тарап, ұшқын атып, сәуле шашып жатқан әрі жылы, әрі шымыр юморды (әлсіз әжуәні) қоссақ, жалпы Майлин ақындығының өзгелерден оқшау тек өзіне ғана ерекшелігі белгіленеді де, оның жоғарыда айтылғандай, қазіргі қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесі анықталады. | |
Просмотров: 5111 | Загрузок: 248 | |
Всего комментариев: 0 | |