Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж). (2 бет жалғасы)


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
02.02.2012, 14:36

5. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.

 Коменскийдің еңбектерінде неге және қалай үйрету керек деген мәселе ерекше орын алады. Ортағасырлық мектептің берген білімі, онда қолданылған схолостикалық оқыту тәсілдері және шәкірттерге әсер етудің қатаң шаралары оны қанағаттандырмады. Коменский бұл мектепті балаларды қорқытып-үркітудің және ақылдылардың түрмесі деп атады. Ал шәкірттерді дамытпады, керісінше, ақыл-ой қабілеттілігін тежеп отырды, олардың оқуға деген ықыласын өлтіріп отырды.

 Мектеп, Коменскийдің пікірінше, адамдардың тірі шеберханасы болу тиісті, немесе, оның айтуынша, "ізгіліктің шеберханасы”, "жарықтың шеберханасы” деп бағалады. Мектеп адамды ақылды, адамгершілікті, қайырымды ету үшін бәріне үйрету керек деді. Бұл дегеніміз шәкірттер мектепте жан-жақты білім алу керек. Мектепте берілетін білім жеңіл-желпі ат үсті болмау керек, берік берілетін білім болуы керек, демек, адам басқаның ақылын басшылыққа алмау керек, өзінің ақылымен жұмыс істеу керек, тек ғана кітаптан оқып қою, заттар мен құбылыстар туралы басқаның пікірін түсіну жеткіліксіз, өзінің жеке басында заттардың мәніне үңіле білу қабілеттілігін дамыту және шын мәнінде оларды дұрыс түсіне білуді қалыптастыру қажет.

 Осыдан келіп, ұл ыпедагог жалып білім беретін мектептердің бағдарламасына жан-жақты білім негіздерін енгізді (гуманитарлық және реалдық). Мектепте моральді оқытуды енгізуді ұсынды. Дінге сенетін адам ретінде мектепте дінге ерекше мән берді.

 "Ақылды, адамгершілігі мол, қайырымды адамдарды” дұрыс даярлау үшін, уақытында оқу бағдарламасын уақытында жемісті іске асыру үшін Коменский мкеетп ескі оқытудың әдістерінен, қорқытудың варварлық тәсілдерінен және оқушының жеке басын жаншудан бас тартудың қажеттігін атап өтті. Осыны қамтамасыз ету үшін, демек, оқытудың тиімді ұйымдастыру үшін оқытудың дидактика негіздерін түбірімен өзгерту керек деген болатын-ды.

 Ескі ортағасырлық мектепте негізделген жүйеге қарама-қарсы ол өзінің көптеген ережелерінде жаңа дидактикалық негізде қарастырды.

 Коменскийдің дидактикасы ортағасырлық мектепке қарағанда, оқыту үрдісін "өміршең және табиғи, жеңіл және жемісті” ету үшін бағытталды.

 Ескі варварлық оқыту әдістеріне, өз мәні жағынан негізіне "табиғи әдісті” немесе табиғатқа сәйкестікті, яғни, оқытудың әдістерімен табиғат заңдылықтарының арасындағы сәйкестікті жатқызады. Коменский өз дидактикалық қағидаларын табиғатқа сілтеме жасау арқылы дәлелдейді және бекітеді. Ол негізінен өсімдіктердің өміріне, құстардың дамуына, бағбанның, архитектордың қызметінесілтеме жасайды және т.б.

 Біріншіден, Коменскийдің түсіндіруінше, дидактиканың "алтын ережесін” төменгіше түсіндірді: "Бәрі де сезім органдары арқылы қабылданады, атап айтсақ: көретін нәрсе – қабылдау үшін көру сезімімен, еститін нәрсе – есту сезімімен, иіс – иіс сезімімен, дәмінтату – дәм сезімімен, сипай-сезу, сипай-сезу арқылы іске асады. Егер де қандай ма болмасын заттар мен құбылыстарды бірнеше сезіммен бірден қабылдауға болады, мейлі олар бірден бірнеше сезімдер арқылы қабылдансын”.

 Коменскийдің талап етуінше, оқу заттар мен құбылыстартуралы сөздік баяндаудан басталмау керек, бірақ оларды нақты бақылаудан бастау керек. Табиғи мүмкін болатынды бақылау қажет, бірақ заттарды тікелей бақылау мүмкін болмаған жағдайда оларды суреттермен, моделдермен, картинкалармен ауыстыру керек.

 Негізгі дидактикалық қағидалардың бірі ретінде көрнекілікті талдауда Коменскийдің сіңірген еңбегі ұлан-теңіз. Сол кездегі қалыптасқан көрнекілік оқытудың кейбір практикалық іс-тәжірибесін ол ұлы ғұлама педагог ретінде негіздеді, жинақтады, әрі қарай тереңдетті және кеңейтті, тәжірибеде көрнекілікті кеңінен қолданды, өзінің оқулықтарын суреттермен қамтамасыз етті. Мағынасыз, механикалық жаттауға, догматикалық оқытуға Коменский оқытудың саналылық талаптарын қарсы қойды.

 Коменский біржүйелік оқытуға ерекше мән берді. Ол құбылыстардың арасындағы байланыстарды оқушылардың түсінуінің қажеттігін атап көрсетті, оқу материалын біржүйелікпен дұрыс ұйымдастыру керек, ол шәкірттерге хаос (жүйесіз) болмауы керек, негізгі қағидалар түрінде қысқаша баяндалған болуы керек.

 Оқыту үрдісінде, оның айтуынша, деректерден қорытындыларға, мысалдардан ережелерге жүріп отыру керек, демек, бұл деректер мен мысалдарды біржүйелейді, жинақтайды; нақтылыдан абстрактыға, жеңілден қиынға, жалпыдан жалқыға жүріп отыруды талап етті.

 Коменский дидактикалық қағидаларының бірі – оқытудың бірізділік қағидасына жан-жақты тоқталды. Барлық шәкірттерге ұсынылған материалдарды меңгеру үшін жаңа материалды оқыту оның алдындағы сабақта даярланған материалдық тікелей жалғасы болуы керек.

 Коменский балалардың жас ерекшеліктерімен санаса отырып, ең алдымен шәкірттердің түйсіктерін, одан кейін есін, одан әрі ойларын, ең соңында тіл мен қолын дамыту қажет деп кеңес береді, себебі шәкірт меңгергенді дұрыс айта білуі және оны күнделікті ісінде қолдана білуі қажет.

 Коменский оқытудың түсініктілік қағидасы туралы құнды кеңестер береді. Шәкірттерге оқыту тек ғана жас шамасына лайықтап беру керек. Шамаға лайықтылық және түсініктілік қағидаларын оықтудың анықтығына, негізгі мәселелерді хабарлау арқылы іске алады.

 Сонымен қатар Коменский оқытудың беріктілік қағидасы туралы да құнды кеңестер берді. Коменский "берік негіз қалану керек, оқытуда асықпау керек, оқушылар берілген материалды толық меңгеруі қажет”.

 Оқу материалын берік меңгеруде жаттығулардың және қайталаудың мәні орасан зор.

 Коменский оқушылардың таным қабілеттіліктерін дамытуға ұмтылып отырды.

 Оқыту жұмысының нәтижесі белгілі дәрежеде қолданылатын ұйымдастыру түрлеріне, әдістеріне және тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі.

 Коменскийді сол кезде үстемдік еткен оқытудың түрі де, оқытудың қолданылатын әдістері де ешқандай да қанағаттандырмады. Оқытудың түрі оқушыларға негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан сабақ сұраумен шектелді.

 Ал педагогика тарихында тұңғыш рет әртүрлі әдістерді қолдана отырып, жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсынды, оның ішінде көрнекті оқыту әдістеріне ерекше орын берді. Коменский алғаш рет жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсына отырып, төмендегі негізгі мәселелерге ерекше назар аударды:

 1) оқу жылы белгілі жыл мезгілінің тек ғана бір күні басталуы қажеттігін ұсынды; 2) ғылыми білімнің барлық жиынтығы сыныптарға дәл бөліну туралы; 3) уақыт сондай дәл бөлінген болу керек, әрбір жыл, ай, күннің өзінің ерекше міндеттері болу керек. Коменский оқу жылы және оның оқу тоқсандарына бөлінуі ұғымын алғаш рет бекітті, оқу демалыстарын (каникулдары) енгізді, оқу күнін ұйымдастыруды анықтады (4 сағат ана тілі мектебінде, 6 сағат латын мектебінде) теориялық тұрғыдан сынып-сабақ жүйесінің негізін салды және оны тәжірибеде қолданды, іске асырды.

 Коменскийге дейін мектептерге шәкірттерді қабылдау әртүрлі уақытта, бүкіл оқу жылының бойында жүргізілді. Шәкірттер сыныпта бірге отырғанмен, бірақ сыныптағы барлық оқу шәкірттермен көп жағдайда ұжымдық сабақ болмады. Мұғалім әр шәкіртпен жеке жұмыс жүргізді. Сонымен, Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесінің негізін сабақты қалай жоспарлау, өткізу керек, шәкірттерден сұрап отыруға, сонымен қатар сабақта жаңа материалды түсіндіріп отыруға және жаттығуларға ерекше көңіл бөлді.

 Сабақты жүргізуде мұғалімнің атқаратын қызметі ерекше. Кітаптар, оқулықтар – бұл тілсіз мұғалімдер. Тек ғана мұғалімнің сабақта материалды түсіндіргеннен кейін ол шәкірттің жан дүниесінде жаңарып, терең із қалдырады. Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым-қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл-оспағымен түсіндіру арқылы шәкірттердің сабаққа деген ынтасын оятады. Сабақтағы шәкірттердің зейініне ерекше мән берді. Ал зейінді жарықпен салыстырады. Әсіресе, сабақты ойдағыдай меңгеру шәкірттің сабаққа зейін аударуына тікелей байланысты.

 Коменский мұғалімдерді шәкірттермен, сыныппен жұмыс істей білуге үйретті.

 Коменский мұғалімге ерекше мән берді. Мұғалім мамандығының өте құремтті, абыройлы мамандық екеніне тоқтала келіп, оны өте жоғары бағалады: "Оларға (мұғалімдерге) тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес”, - деген болатын-ды. Бұл мұғалімге, оны ұлы мәртебелі ісіне жаңаша, прогрессивті көзқарас болып табылады. Бұл мәселе күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей отырған өзекті мәселенің бірі болып табылады.

 Коменский мұғалім,- деп жазды, -ол әруақыттада таза, белсенді, табанды, шәкірттерге адамгершілік қасиеттің үлгісін көрсетуі тиіс, сонымен қатар білімді, еңбексүйгіш болуы керек.

 Коменский теориялық оқулық қандай болу керектігі туралы құнды теориялық ойларды ұсынды және бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, осы теориялық қағидаларын іс жүзіне асырды. Оның айтуынша, оқулықтар дәл және түсінікті тілмен жазылуы керек, оның сыртқы түрі балалар үшін өте тартымды болуына тоқталды.

 Коменскийдің "Тілдердің және барлық ғылымдардың есігі ашық” (1631) және "Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” (1658) оқулықтары ерекше кеңінен тарады.

 Россияда Коменскийдің оқу кітаптары кеңінен тарады. Оның ішінде "Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты оқу құралы ХҮ ғ.аяғында Ресейде қолданыла бастады. Ол кітаптарды Москва, Петербург оқу орындарында ХҮІІІ ғ.ІІ жартысында Москва университеті басып шығарды.

 

6. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы.

 Коменский білім беру мен тәрбие мәселелерін бір-бірінен бөліп қараған жоқ, әр уақытта бірінсіз екіншісін елестете алмады. Білім беру мен тәрие ісін бір-бірімен байланыста қарастырды.

 Коменскийдің пікірінше, тәрбиенің үш сатысы, үш міндеттері болады: өзін-өзі және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі), өзін-өзі басқару (адамгершілік тәрбиесі) және құдайға құлшылық ету (діни тәрбие). Ортағасырдағы педагогтардан айырмашылығы Коменский бірінші міндеттерді шешуге ерекше мән берді, яғни ақыл-ой тәрбиесін бірінші орынға қойды. Ол оқыту үрдісінде берілетін бір ғана ғылыми білім беру шәкіртті жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыра алмайды.

 Коменский тәрбиенің ролін өте жоғары бағалады. Адам тәрбиенің арқасында ғана адам болады, ол балалық жас кезеңінде берілуі қажет деп жазды. Ол "кез-келген баладан адам қалыптастыруға болады”,- деп тұжырымдады. Қабілетті, ұқыпты және педагогтың ықпалына көнгіш балалармен қатар, қабілетсіз жалқау және қыңыр келетін өте аз балалардың тобы кездеседі дей келіп, Коменский бұл топтағы балаларды да тәрбиелеу және оқыту керек екендігін сендірді.

 Адамның өзін-өзі басқара білуі, Коменскийдің көзқарасы бойынша, тәрбиенің үш түрінің бірі болып табылады. Ол адамгершілік тәрбие арқылы іске асады.

 Платоннан және Аристотельден кейін, Коменский негізгі адамгершілік сапарларға даналық, бірқалыптылық, батылдық және әділеттілікті жатқызды.

 Даналық ұғымы Коменскийдің көзқарасы бойынша, бұл адамгершілік қасиет негізінен оқыту үрдісінде шәкірттерді ғылым, өнер және тілдер негіздеріне үйретуде, демек, "ғылыми білім” үрдісінде тәрбиелейді.

 Бірқалыптылық Коменскийдің айтуынша, оқушыларда әруақытта да "шамадан тыс асып кетпеу” қабілеттілігін тәрбиелеу, әруақытта бірқалыптылықты сақтауға тәрбиелеуді ұсынды. "Бірқалыптылықты тамақта, ұйқыда және жұмыста және ойында, әңгімеде және тыныштықтыққа сақтап отыру” қажет деді.

 Батылдылық – бұл жеке тұлғаның бағалы адмгершілік қасиеті. Батылдылық, демек, адамда дамыған ой мен берік еріктің, өз іс-әрекетін және қылықтарын ақылмен анықтай білудің болуын қажет етеді. Табандылық пен шыдамдылық Коменскийде батылдылықтың бір-бірінен бөлінбейтін сапалары ретінде қарастырылады.

 Батылдылық және басқа да адамгершілік қасиеттер оқушыларға бірден берілмейді, оқыту үрдісінде бірте-бірте беріледі.

 Еңбектегі шыдамдылықты қалыптастыру. Бұл адамгершілік қасиет, Коменскийдің айтуынша, жастық шақ кезіндегі жастарға ерекше қажет. Еңбектегі шыдамдылықты қалыптастыру әруақытта да балалардың қандай болмасын іспен айналысуы болып табылады.

 Осы басты адамгершілік қасиеттермен қатар, Коменский балаларда қарапайымдылық, басқаның айтқанын тыңдау, ұқыптылық, кішіпейілділік, үлкенді сыйлау, еңбексүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға кеңес берді.

 Адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарына Коменский: ата-ананың, мұғалімдердің, жолдастарының үлгісін, балаларға ақыл-кеңес беру, әңгіме өткізу, адамгершілік мінез-құлыққа балаларды жаттықтау, жағымсыз мінез-құлыққа қарсы күресті жатқызды.

 Коменский адамгершілік тәрбиесіне төмендегідей негізгі талаптарды қойды:

1)                 адамгершілік қасиеттерді кішкентай кезден бастау керек;

2)                 адамгершілік қасиеттерді сөзбен емес, іс-әрекетпен тәрбиелеу;

3)                 балаларды тәрбиелеуде өмірден және тарихтан алынған мысалдарды кеңінен пайдалану;

4)                 балаларды бүлінген адамдардың қауымынан және кез-келген басқа да адамгершілікке жат қылықтардан сақтандыру;

 Оқыту және тәрбие мәселелерімен тығыз байланыста тәртіп мәселесін оны жаңаша және кең көлемде шеше біледі.Тәртіп әрбір мектепке ауадай қажет. "Тәртіпсіз мектеп, сусыз айналған диірменмен бірдей” деген чех халқының мақалын жиі пайдаланды.

 Коменскийдің тәртіп мәселесіне ерекше мән бере отырып, үлкен үлес қосты. Ол баланың адамгершілік қасиеті мен жеке басын басып-жаншуға, ұрып-соғуға, таяқ тәртібіне негізделген ортағасырлық мектепке қарсы шықты. Ол тәртіпті қоя білді, сонымен қатар мұғалім оқушылардың арасында қажетті тәртіпті орнатудың қажеттігін түсіне білді. "Жақсы үлгілермен, жылы сөздермен және әруақытта да шынайы да, балаға жүрек жылуымен тәртіпті орнатуды қолдады”.

 Коменский балалардың дене жағынан жазалауға қарсы шыға отырып, мектептерде қолданбауды күн тәртібіне қоя отырып, бұл мәселеде екіжақтылық аңғартты. Ол ерекше жағдайларда және мектеп кеңесінің шешімі бойынша, егер оқушы құдайға қарсылық білдірген жағдайда немесе тентектік жасаған қолдануды қажет деп тапты.

 "Жақсы ұйымдасқан мектептің заңдары” атты шағын шығармасында қысқаша ережелер түрінде көптеген құнды ұсыныстар жасады. Онда мектеп ережесін дұрыс ұйымдастыруға, мектепті басқаруға, мұғалімдердің міндеттеріне, оқушылардың тәртібіне қатысты мәселелерге қатысты болды.

 Ережелер оқушылардың білімін ескертудің тәртібі мен тәсілдерін жан-жақты бекітеді.

 

7. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теорияның маңызы.

 Педагогика тарихында Коменский – ең белгілі, аты әлемге танымал ірі тұлғалардың бірі. Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы іліміне сүйене отырып, демократиялық сипаттағы және бұқара халықтың ағарту ісіне ұмтылысын бейнелейтін педагогикалық жүйені жасады. Коменский жалпыға бірдей оқыту, бірыңғай мектеп жүйесі, ана тіліндегі мектеп, жеңіл де және түсінікті оқыту үшін күресті. Балаларды ерте жас кезінен бастап, мүмкіншілігі келетін еңбекке баулу қажеттігін атап көрсетті.

 Коменский - өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Ол тәрбиенің мақсаттары туралы, оқытудың мазмұны туралы мәселелерде ортағасырлық діни көзқарасқа бой ұрды. Бірақ оның жүйесі тұтас алғанда прогрессивтік сипатқа ие болып табылады. Негізгі педагогикалық мәселелерді алдыңғы қатарлы, ал кейде тіпті өз дәуірінің материалистік теориясының және мектебінің озық тәжірибесі рухында шеше білді.

 Коменский дидактика саласында алғашқы жаңашыл педагог-гуманист ретінде көптеген құнды прогрессивті дидактикалық идеяларды, қағидаларды және оқу жұмысын ұйымдастырудың ережелерін ұсынды (оқу жылы, каникулдар, оқу жылын оқу тоқсандарына бөлу, күзде бір мезгілде балаларды мектепке қабылдау, сынып-сабақ жүйесі, оқушылардың білімін ескеру, оқу күнінің ұзақтығы және т.б.).

 Белгілі дидакт ретінде Коменский оқытудың өміршеңдігі, реализмі қағидасын ұсынды, гуманизм және табиғатқа сәйкестік талаптарынан туындай отырып, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескертуді, көрнекілікті қолданудың негізінде таным қабілеттіктерін дамытуды талап етті, оқытудағы қызығу, зейін, есте сақтау мәселелерін талдады және оқытудың негізгі қағидаларын және ерекшелерін айқындап берді.

 Ол алғаш рет сабақ теориясны терең талдап берді.

 Я.А.Коменский бүкіл дүние жүзінде педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына орасан зор әсер етті. Оны жаңашыл педагог, дидактиканың ғылыми негізін салушы ретінде көптеген батыс елдері өздерінің мектеп ісін ұйымдастыруға және жаңартуға шақырып, тәжірибе алмасты (Англия, Швеция, Венгрия және т.б.).

 Оның оқулықтары көптеген шет тілдерге аударылды, оның ішінде ХҮІІ және ХҮІІІ ғ.ғ. Ресейде аударылды. Бұл оқулықтар алғашқы оқытудың 150 жылдан астам уақыт ең сапалы оқулықтары ретінде басқа прогрессивті педагогтардың оқулықтар жасау үшін үлгі болып табылды.

 Орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский ХІХғ. 60 жылдарында былай деп жазды: "Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар туралы ғылым педагогикалық бастауын біз Коменскийдің "Дүниенің картинкалар арқылы бейнелеу” еңбегі деп есептейміз”.

 Коменскийдің оқулықтары мен дидактика мәселелері жөніндегі ұсыныстары күні бүгінге дейін әртүрлі елдердің мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді. Коменский ұсынған дидактикалық қағидалар, жалпыға бірдей міндетті білім беру, мектепті демократияландыру, ана тілі, білім беру жүйесін жетілдіру бүгінгі күні де күн тәртібінен түспеген мәселелер болып табылады.

 Лейбництің айтуынша, Декарт пен Бекон философияның, Коперник астрономияның дауында қандай еңбек сіңірсе, педагогика ғылымын дамытуда Коменский сондай еңбек сіңірген болатын-ды.

 Ұлы педагогтің қиялдаған көптеген мәселелері күні бүгінге дейін өз мәнін жазған жоқ. Я.А.Коменский бала тәрбиесі туралы ғылымның негізін сала отырып, педагогиканың дидактика саласында жаңашылдық идеяны негіздей отырып, бүкіл әлемдік педагогиканың дамуына ерекше ықпал етті.

 Коменскийдің педагогикалық мұрасын орыс педагогикасының ұлы классигі К.Д.Ушинский, қазақтың ұлы ағартушы, педагогі Ы.Алтынсарин және басқа да ХІХ ғ.ІІ жартысында Ресейді мекендеген орыс емес ұлттардың педагогикасының өкілдері Я.С.Гогебашвили, Уавчавадзе, М.Ф.Ахундов, Г.Агаян, Карм Насыри, И.Я.Яковлев және т.б. ағартушы-педагогтары өз шығармаларында Я.А.Коменскийдің педагогикалық мұрасын насихаттауда біршама еңбек сіңірді.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: бет, Амос, теориясы., Коменскийдің, Мен, (2, қызметі, педагогикалық, Ян, (1592-1670жж).
Просмотров: 4657 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]