Главная » Файлы » Рефераты |
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті] |
02.02.2012, 13:08 |
ХІХ-ХХ ғ. қазақ әдебиеті XIX ғасырдағы ұлтығ сөз өнері дамуының ерекшеліктері. Ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі сабақтастығы мұрасындағы түркі өркениеті және ислам мәдениеті көріністері. Қазақстан жерін отарлау жұмыстары: барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, ресми қазақ хадықтарының жойылуы, аға сұлтандық(округтық), болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару жүйесінің енгізілуі. Ресей империясяның қазақ елін отарлау саясатына бағытталған ресми құжаттары: « Сібір қазақтарының Уставы»(1822), «Орынбор қазақстанның Уставы»(1824). Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы /1787-1797/ және оның XVIII – XIX ғ.ғ. әдеби, фольклорлық шығармашылық мұралардығы көріністері. XIX ғасырдың бірінші жартысында отарлық езгіге қарсы Қазақстанда болған қарулы көтерілістер: Қаратай сұлтан/1797-1814/, Арынғазы сұлтан/1816-1821/,Исатай-Махамбет/1936-1838/ бастаған көтерілістер, олардың әдебиет шығармаларында бейнеленуі. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлттық-азаттық қозғалысы /1824-1847/ және оның қазақ әдебиеті жанрларындағы үлгелері. Кеңуесары, Наурызбай және олар бастаған қозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар: Нысанбай жыраудың «Кеңесары-Наурызбай», Доскен Әлімбаевтің «Кеңесары», Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының «Қиса Наурызбай төре» дастандары, Досқожа ақынның «Кеңесары қоныстан ауғанда айтқаны» өлеңі, «Кенесарының өлені», «Кенесары жырының бірнеше ауызы» атты халық өлендері, т.б. Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығы отаршылдығының (XIX ғ. Екінші жартысы) күшейе түсуі. Ресейдің отарлық саясатына және Хиуа, Қоқан хандылықтың басқыншылық соғыстарына қарсы көтерілістер: Есет батыр/1853-1859/, Жаңқожа батыр Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы, 1867,1868,1870 жылдары Орал, Торғай, Маңғыстау облыстары халқынын көтерілістері туралы тарихи жырлар. Зар заман ақындарының поэзиясы және оның әдеби дамудағы реалистік маңызы. Ресейдегі капиталистік қарым-қатынастар дамуының Қазақстандағы табиғи байлық шикізаттарының көздерін игеруге ықпалы. Сауданың дамуы. Ақмола, Атбасар, Қарқаралы, Талды-Қоянды, т.б. жәрмеңкелері және олардың қазақ өнерінің кең танылуындағы маңызы. Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы. XIX ғасырдың бас кезіндегі оқыту түрлері. Бұқара, Самарқан, Хиуа, Ташкент, Қазан Өфе, Түркістан, Ақмешіт қалаларындағы медреселерден білім алған қазақ оқығандарының ағартушылық қызметі. Отарлау саясатының мақсаттары үшін әртүрлі басқышты оқу орындарының 4-5 кластық қалалық училищелер, орыс-қазақ мектептері, гимназиялар Омбыда, Семейде, Өскеменде, Верныйда, Торғайда, Қостанайда, Ырғызда және т.б. жерлерде ашылуы. Манғол, манчьжур, қытай, парсы және т.б. Азия халықтары тілдерін оқытатын Азиаттық училищенің /1889/ ашылуы. Орынбор қаласындағы Сібір кадет корпусының /1847/, Неплюев кадет корпусының ашылуы. Бөкей Ордасында орысша және татарша сауат ашу мектебінің ашылуы. Омбыда /1872/, Ташкентте /1979/ мұғалімдік семинарлардың ашылуы. XIX ғасырдың 90-шы жылдарында Жетісу өлкесі бойынша Пішкекте, Қапалда, Жаркентте, Верныйда ауыл шаруашылығы мектептерінің ашылуы. Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты: ең бастысы – патшалық өкіметтің отарлау саясатының мақсатын орындау, екіншісі – ғылымдық ізгі ниет. Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын, фольклорын патшалық империяның отарлау пиғылына орай игеруді негізгі мақсат еткендер: А.И.Левшин, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, В.В.Григорьев, А.П.Рычков, П.С.Паллас, Н.И.Ильминский, А.И.Алекторов, т.б. Бұлардың еңбектернің отаршылық ниетке негізделгенімен, қазақтың ұлттық мұраларын әлемдік өркениетке таныстырудағы ғылыми маңызы. Ғылымдық ізгі мақсатта, адал ниетпен халық мұрасын жинап зерттегендер: В.В.Радлов, А.И.Березин, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, т.б. Қазақ-орыс әдебиеті байланыстарының ұлттық өзін-өзі тану мен қоғамдық ой-пікірдің дамуына қазақ даласында XIX ғасырдағы әртүрлі себептермен болған орыс жазушыларының, ғалымдар мен ағартушыларының /А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский, Е.И.Даль, А.Н.Плещеев, С.Ф.Дуров, т.б./ игі ықпалы. Көптеген орыс жазушыларының /С.Т.Аксаков, М.Л.Михаилов, М.С.Лесков, Г.И.Успенский, В.Г.Короленко, т.б./ шығармаларында қазақ халқы тұрмысының суреттелуі. А.С.Пушкиннің Е.И.Пугачев көтерілісіне байланысты материалдар жинау мақсатымен Орынборға келгені. Пугачев бүлігі туралы кітабында қазақ, башқұрт және т.б. азиялық халықтар туралы жазуы. Оралда болғанда «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының мазмұнын жаздыртып алғаны. Украин ақыны Т.Г.Шевченконың шығармашылығындағы қазақ халқа тақырыбы, оның Қазақстанда, арал теңізінде айдауда (1847-1857 ж.) болуы. Ақынның «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қыз», «Байғұстар» және т.б. суреттеріндегі қазақ ауылы тұлмысының реалистікпен бейнеленуі. «Менің ойларым» атты өлеңіндегі қазақ-украин халықтары тағдырының салыстырыла бейнеленуі. Шетелдік ізгі ойлы зиялылырдың қазақ халқы, оның әдет-ғұрпы, өнері туралы этнографиялық-публицистикалық жазбалары. Мысалы, американ журналисі Джордж Кеннанның «Сібір және жер аударылғандар», поляк революционері Адольф Янушкевичтің «Қазақ даласы бойынша саяхаттан күнделіктер мен хаттар», поляк суретшісі Борислав Залисскийдің «Қазақ сахарасына саяхат» атты кітаптары, қазақ тұрмысынан алынып жазылған ағылшын Клер Клермонттың «Владимир мен Зара» поэмасы, т.б. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы реализм, романтизм, тәрізді көркемдік әдістердің көріністері. Ауызша және жазбаша ақындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдерінің сақталуы. Ежелгі түркілік, шығыстық жазба әдеби дәстүрлермен сабақтастық. Фольклордағы синкретизмнің әнші-ақындар шығармашылығы арқылы жаңғыра көрінуі. Жаңа реалистік жазба әдеби мазмұндағы лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза (әңгіме, очерк, ғылыми-көсемсөздік мақала) жанрларының, философиялық трактат, аудармалық және назиралық шығармалардың қалыптасуы, дамуы. | |
Просмотров: 4216 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |