Главная » Файлы » Рефераты |
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898)
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті] |
31.01.2012, 17:55 |
МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен. Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен. Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», тағы басқалар), дастан- мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар. Ол 20 жас шамасында өлең өнеріне бет бұрады.Ел ақындарымен кездесіп,кейін өзінің сауатын кеңейтіп,шығыс әдебиетін оқуға,оның кейбір үлгілерін жаттап айтып,таратуға қол жеткізеді. Майлықожа 1860 жылдары Сырдан қазіргі Таразға келіп,Сыпатай батырдың асында Сүйінбаймен кездесіп,онымен сөз қағыстырған.Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Майлықожаның кейбір толғаулары 1883 жылы Ташкентте шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта жарық көрген.Олар-«Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт». Майлықожаның нақыл өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор. Сұлтанқожаұлы Майлықожа (1835-1898) - ойшыл, ақын-жырау. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында туған. Шығармаларының тақырыптық аясы кең. Қоғамдық құбылыстарды терең ашып көрсетіп, күрделі дүниетанымдық көзқарастар иірімдерін танытатын туындылар берген. Өсиеттік, ақылнамалық жырлары мол. | |
Просмотров: 17570 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |