Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898)


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті]
02.02.2012, 13:20

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

(1835-1898)

Майлықожа Сұлтанқожаұлы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм жерінде туып өскен.Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша  сауатты,шағын дәулетті,көзі ашық,діндар адам болған.

Майлықожа әкесінің үйретуімен сауат ашып,кейін өз бетімен көп ізденіп,заманына сай білімді алған.

Майлықожа әке-шешесінен 14 жасында жетім қалып,жоқшлқ,мұқтаждқт көп көрген.Ержете келе жаттап өлең айтып,өнер жолына түсу арқылы елге танылады.

Ол 20 жас шамасында өлең өнеріне бет бұрады.Ел ақындарымен кездесіп,кейін өзінің сауатын кеңейтіп,шығыс әдебиетін оқуға,оның кейбір үлгілерін жаттап айтып,таратуға қол жеткізеді. Майлықожа 1860 жылдары Сырдан қазіргі Таразға келіп,Сыпатай батырдың асында Сүйінбаймен кездесіп,онымен сөз қағыстырған.Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Майлықожаның кейбір толғаулары 1883 жылы Ташкентте шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинақта жарық көрген.Олар-«Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт». Майлықожаның нақыл өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор.Мысалы:

...Жастарды тәрбие қып сыйлау керек,            Жорамалды қариядан жоба үйрен,

Ержігіт еске толып есейгенше.                         Түймедей түйініңді шешем десе.

Шын достың көңілі өсіп қуанбай ма!              Жол берме жобасызға деймін,халқым,

Сағынып бірін-бірі есен көрсе?                        Біреудің адал малын жесем десе.

Жөн білсең,жолдасңа жоба көрсет,                  Қоңсыңмен қоштасып қал қол алысып,

Жұмыс жөнге жүрмей кеселденсе.                  Туысқан өз еліне көшем десе,-

 

дейді.Енді бірде:

Аязды күні айналып,                                         Мейірбан бар ма бұрыннан?

Бұлтты күні бурылған;                                      Ыстық пенен суыққа

Жас нәресте күніңде                                          Перзент үшін ұрынған,

Хабардар болған сырыңнан;                             Дүниеде,шіркін,мейірбан

Мейіріңді сүтке қандырған,                             Анаң өлмес болсайшы...-

Деп,ананың ұлылығын паш етеді.Майлықожа өз өлеңдерін негізінен ағайын-туысқа,отбасы мүшелеріне арнағандықтан,солардың бойындағы адамгершілік,ізгілік қасиеттерді дәріптейді.

Тағы бір мысал:

Жал-құйрғың, қанатың,                                    Сүйеніп көңілін еркіндей,

Алатауда сүінішің –                                          Шаһарлы шарбақ кентіндей

Айтқанын қылмай жүресің;                             Басшы болып тұрған алдыңда,

Өлгенінде өкініп,                                              Ағаң өлмес болсайшы.

Қадірін сонда білесің.                                       Қасіретін көріп інісі

Асқар таудың көркіндей,                                  Қапа болмас болсайшы.

Тай-кұлындай тебіскен ,                                  Артыңдағы сүйеуің,

Талапсып емшек еміскен                                 Опасыз жалған дүниеде

Сүйенішің, тіреуің,                                           Інің өлмес болсайшы

деп,аға мен інінің арасындағы бауырмалық байланысты сақтауды түсіндіреді.

       Майлықожаның өнегелі сөздері кейін елге кең тарап,нақылға айналып кеткен.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: Admin | Теги: (1835-1898), ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, Майлықожа, Сұлтанқожаұлы
Просмотров: 2970 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]