Главная » Файлы » Рефераты |
[ Скачать с сервера (23.6 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті] |
10.06.2015, 14:31 |
Қазақтың қаламы жүйрік ақыны Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы, өскен ортасы, айтылады. . Түсінік хат Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған қаламы жүйрік жазушы, заманы мен халқы жөнінде ой толғанған тарихшы, ойшыл философ, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердиевтің шығрамалары мектеп оқушыларын тәрбиелеуде қолданатын баға жетпес құрал. «Адам үшін еңбегім, Өмірден барлық тергенім. Қалағаның қарап ал, Мұрам сол,жастар,бергенім»,-деп тұжырымдай жырға қосқан Шәкәрім бүгін жарқын бейнесімен де жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді. Шәкәрім тек қазақ әдебиеті тарихында емес, бүкіл қазақ халқының тарихындағы үлкен де ерен құбылыс. Тамаша ақынның кемеңгер ойшылдың, дарынды сазгердің өмірімен қайраткерлігі тарихи жағынанда әдебиет тұрғысынан да өте қызық. Сондықтан үйірменің басты мәселелерінің бірі-жасөспірімдерді Шәкәрім өмірі, шығармашылығы арқылы тәрбиелеу, олардың Шәкәрім шығармаларын оқуға деген құштарлығын, белсенділігін арттыру, дамыту. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Қоғамның негізгі мақсаттарының бірі-мектеп қабырғасында қабілеті анықталған жастардың талаптарын дамыту» керек екені айтылған. Осы орайда Шәкәрімтану үйірмесін жүргізудің қазақ әдебиеті пәні бойынша болашақта білімін жалғастырғысы келетін мектеп оқушылары үшін мәні зор.Еліміздің адамзат тарихында алатын орны, әдет-ғұрпы, салт-санасы Шәкәрім шығармаларынан көрініс табады. Бұл үйірме екі аптада бір рет, барлығы-17 сағатқа жоспарланған. Үйірме сабақтары әр түрде өткізіледі: сынақ сабақ, семинар сабақ, конференция сабақ, сайыс сабақ, саяхат сабақ т.б. Шәкәрім шығармаларын оқыту қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізінде жасалған.Оқыту оқушы түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады. Балаларға үнемі бағыт-бағдар беріп, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады.
«Шәкәрімтану» үйірмесінің мақсаты мен міндеті:
еңбекқорлыққа, саналылыққа тәрбиелеу. Шәкәрім шығармаларының таралуын насихаттау.
Күтілетін нәтиже: «Шәкәрімтану» үйірмесі бойынша балалар төмендегі білімдерді меңгеріп шығулары керек: Шәкәрім өмірбаяны; Шәкәрім өмір сүрген ортасы; Шәкәрім туыстары, отбасы жөніндегі мәліметтер; Шәкәрім атасы Құнанбай туралы зерттеулер; Шәкәрім мұрасының рухани көздері; Шәкәрім және шығыс әдебиеті; шәкәрім жұмбақтары; Шәкәрімнің Пушкиннен, Толстойдан, Фзулиден аудармалары;Шәкәрім өлеңдеріне талдау жасай білу; Абай мен Шәкәрімнің шығармашылық байланысы; Шәкәрімнің ойшылдығы; Шәкәрімнің сазгерлігі; | |
Просмотров: 2330 | Загрузок: 43 | |
Всего комментариев: 0 | |