Главная » Файлы » Рефераты |
[ Скачать с сервера (59.7 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті] |
08.04.2013, 15:50 |
Белгілі қаламгер Төлен Әбдіков 1942 жылдың 4
қыркүйегінде, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Еңбек ауылында туған.
Қазақстанның еңбек сіңірген Қайраткері (2002). 1965 жылы Қазақ Ұлттық
университетін бітірген. 1965-70 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан")
газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1970-77
жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың
орынбасары, 1977-79 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас
редактор, 1979-90 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде
жауапты қызметте болды. 1990-92 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің
бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды. 1993 жылдан
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі. 1997 жылдан
бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі
меңгерушісінің бірінші орынбасары. Төлен Әбдіковтың
шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. Бірінші "Көкжиек" жинағы
1969 жылы, одан кейін "Күзгі жапырақ" 1971 жылы жарық көрді. 1974
жылы "Ақиқат" атты повестер
мен әңгімелер жинағы дүниеге келді. 1979
жылы "Айтылмаған ақиқат " әңгіме-повестер жинақтары, 1980-1981
жылдары орыс тілінде "Истина" әңгімелері мен повестері деген атпен
жарық көрген. 1985 жылы "Өлі ара", "Біз үшеу едік" пьесасы
республикалық театр сахналарында
қойылды. Грек аңыздары "Эллада ерлерін" қазақ тіліне аударған. Бірнеше шығармалары
шетел тілдеріне аударылған. 1987 жылы "Ақшоқыда қыс қатты" және 2002
жылы "Парасат майданы" жазылған. «Парасат майданы» повесі тосындылығымен
ерекшеленіп, бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафка
атындағы орденімен марапатталды. Халықаралық Ф. Кафка атындағы Қазақстандағы
ПЕН клуб сыйлығының лауреаты (2003). Еуропалық алтын медальдің (2003),
Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты (2004). Тұңғыш рет 1969
жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне философиялық
проза жанрын ала келген белгіл жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлен
Әбдіков 70 жаста. Астанада өткен
жазушының шығармашылық кешіне қаламгер әріптестері, ел ағалары мен оның
оқырмандары қатысты. Кеште қаламгерді мерей тойымен құттықтаған Елбасының
жолдаған арнайы хатын Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай көпшілік
алдында оқып берді.Жазушы 10-нан астам повесть, әңгіме, 1 роман, 2 пьеса
авторы. Ал, тырнақ алды «Райхан» атты әңгімесін қаламгер 20 жасында жазыпты.
Бұдан кейін де Төлен Әбдіковтың қаламы қарымды бола түсті. "Күзгі
жапырақ", "Ақиқат", "Айтылмаған ақиқат", орыс тілінде
"Истина" атты повестер мен әңгімелер жинағы оқырмандарға ұсынылды.
"Өліара", "Біз үшеу едік" пьесасы республикалық театр
сахналарында қойылды. Грек аңыздары "Эллада ерлерін" қазақ тіліне
аударған. Сонымен қатар, бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылды. 2002
жылы жазылған "Парасат майданы" повесі тосындылығымен ерекшеленіп,
ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафка атындағы сыйлығымен
марапатталды. Ал, соңғы жылдары «Ардагер» атты пьеса мен «Тұғыр мен ғұмыр» атты
повестіжарыққа шығарды. «Ардагер» пьесасы Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына
арналған драматургиялық шығармалар байқауында бас жүлдені жеңіп алғандығын
оқырмандар жақсы біледі. Сондықтан, 70 жасқа шығармашылық қуатым кемімей
жеттім, - дейді қаламгер. Шығармашылығымен қатар жазушы Мемлекеттік жауапты
қызметтерді де атқарғандығын айта кеткен жөн.
1942 жылы 4
қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында туған.
ӘлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1965). 1965–
1970 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім
меңгерушісі. 1970–1977 жж. «Жалын» алманахында бөлім меңгерушісі, Бас
редактордың орынбасары, 1977–1979 жж. «Қазақфильм» киностудиясында Бас
редактор, 1979– 1990 жж. Қазақстан КП ОКнде жауапты қызметте болған. Біраз жыл
«Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші
хатшысы болып істеді. 1993 жылдан ҚР Президенті әкімшілігінде жауапты қызметте. Шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады.
«Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат»
(1979) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты»
(1987), «Парасат майданы» (2002) романдарын жариялады. Әңгіме, повестері орыс
тілінде «Истина» (1980, 1981) деген атпен шықты. Грек аңыздары – «Эллада
ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған. Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб
сыйлықтарының лауреаты (2003). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. | |
Просмотров: 25556 | Загрузок: 423 | |
Всего комментариев: 0 | |