Главная » Файлы » Рефераты |
[ Скачать с сервера (16.7 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ әдебиеті] |
30.12.2015, 11:10 |
Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы Көкшетау қаласы. №12 орта мектеп 11 «А»сынып оқушысы Шындәулет Анаргүл /қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясындағы шығарма жұмысы/
Жан жылуын сезінем Сендерден мен...
Ғажап дүние, Ғажаптығыңа тәнтімін. Ғажапқа еніп кеңейді өріс бақытым. Ғажабыңменен тамсандыр дәйім сен мені, Ғажаптығыңның сыйлашы маған сарқытын. Әлемің асқақ, апаршы мені жетектеп, Асқақтығыңды бүкіл адамзат көрер ме еді?! Тұңғиығыңа сүңгіп - ақ кеткім келеді, Сұрама себеп, сендегінің бәрі керемет...
Өмір... Өмір керемет..! Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Адам баласы өмірді мүмкіндігінше толық, баянды, маңызды сүруі керек. Өмір нәсіліне, дініне, табына, жүзі мен руына, жасы мен жолына, салауаттылығы мен ниетіне адам баласын бөліп –жарып жатпайды. Өмір Алланың адам баласына берген сыйы және сынағы. Тек сол сыйды бағалап, сынағында сынып кетпегендер ғана «Өмірді шын сүргендер» деп есептеледі деп ойлаймын. Өмірде ақ пен қара, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қайғы, мейірім мен қатыгездік, достық пен опасыздық қатар жүреді. Жақсы дүниені тани білу, таңдай білу, басқаларға дарыта білу әркімнің өз қолында. Жақсыны қабылдай білсек, жаманнан да сабақ алып, жақсыға талпынсақ нұр үстіне нұр. Жанымызда қаншама көкірек көзі ояу, жан дүниесі рухани бай, маңайындағыларға қартығы мен мүгедектігіне қарамастан мейірім мен жылылылық дарытатын, қолынан келген көмегін аянып қалмайтын, қамқорлық жасауға дайын адамдар көп. Осындай адамдарды көріп сүйсінесің, таң қаласың. Қарттар мен мүгедек адамдарды көріп бір уақыт тәубеңе келіп, бір кездері өмірдің қаншалықты тәтті, қаншалықты керемет екенін сезінесің. Бұл адамдар өмірдің бағасын білетін әр күннің мәнді, әр сағатты қойып әр секундтың сабырлы да салмақты болуын ойдан шығармайды. Қолдарынан келгенін мүмкіндігінше жасай білетін, мүмкіндігі жетпесе шамасын қарай ұсына білетін, шамасы келмесе рухани көмегін аямайтын нағыз достар, майталман қайраткерлер, дипломсыз білікті психологтар. Екі аяғы мен екі қолы балғадай, дені сау адамдардың қолдарынан келмейтін туындыларды жасай алатын, бір емес бірнеше дипломы бар «көзі ашық» мамандардың әдіс- тәсілінсіз жаны жүдеген жандарға медеу болар сөз бен қарманатын дүниені айтқызбай нұсқай алатын адамдарды талай көрдім. Олар да басқалар сияқты ет пен сүйектен жаратылған, бірақ Алла ол адамдарды физиологиялық жағынан кем еткенмен, олардың бойындағы артықшылық қабілет пен дарынын аша білген. Сонымен қатар, олардың бәріне тән дүние Өмірді қатты сүюі. Осы адамдардан ұққаным тәннің мүгедектігі түк емес, жанның мүгедектігі жаман екенін. Біреулер өмірді түсінбей, басынан өткенді жалғанның ісі десе, біреулер тіпті де өмір сүре білмегендіктен тіршілік жасап жүр. Адам болып дүниеге келген соң, осы мүмкіндікті Адам болып қалу үшін асыра білуіміз керек. Адам болып дүниеге келеміз, Адам болып қалу үшін адамзатқа пайдамызды тигізіп, адамгершілікті іс істеуіміз керек. Сонда өзіңнен де, өзгеден де ұялмайсың. Қарттық пен мүгедек болудан еш адам сақтандырылмаған. Аман- сау болса әркім жас ұлғая қарт болады, сондықтан қарттарымызды құрметтейік. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген сөз бар халқымызда. Самайларын ақ шалса да ақылдың кені бар, беті қатпар-қатпар әжім болса да ішкі дүниесі әдемі, шүңірейген көздерінің нұры тайса да жылуы бар, ауызында тісі болмаса да аталы сөзі бар қарттарымыз бар жерде, өмірді жанындай сүйетін, қабілеті мен дарынын таныта білетін, Адамдар бар жерде жанымыз жүдемейді, жүректерге жылу ғана дариды. Сөз соңында, мен басқаларға да «Ей, адамдар, біз қаншалықты жан жылуын сыйлай аламыз, сыйлай алдық қарттар мен жарымжан адамдарға» дегім келеді. Өмір керемет- ақ, жүректен- жүрекке шапағат сыйласақ, жақының мен бейтаныс адамдарға міндет етпей жақсылық жасасақ, қол ұшын созсақ, ең болмағанда жан жадыратар жылы сөз айтсақ. Қарттарды құрметтейік, мүгедектерге қолдау көрсетейік, істің асылы -осы.
| |
Просмотров: 2373 | Загрузок: 28 | |
Всего комментариев: 0 | |