Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Байқоңыров Өмірхан Аймағамбетұлы (Өмірбаяны - биография)
[ Скачать с сервера (47.3 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
04.10.2014, 10:48


Мазмұны
І. КІРІСПЕ...................................................................................................
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Өмірбаяны…………………………………………………………..
2.2 Еңбек жолы ……............................................................................
2.3 Білімдегі үлесі………………………………………………………
2.4 “Ұлы Отан” соғысындғы үлесі……………………………………
2.5 Монографиялары……………………………………………………
2.6 Қызметтегі табыстары………………………………………………
2.7 Отбасының жағдайы………………………………………………..
2.8 Өмірлік ұстанымы…………………………………………………..
2.9 Табыс формуласы…………………………………………………..
III. ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................
IV. Дереккөздер……………………………………………………...........


Байқоңыров Өмірхан Аймағамбетұлы (14.9.1912, қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданы – 15.3.1980, Алматы қаласы) – техникалық ғылым докторы (1972), профессор (1959), Қазақстан Ғылыми Академиясының академигі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері (1971). институтын (1940, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.Жезқазған кен басқармасында әкімшілік қызметтер (1941–1952) атқарған. Қазақ кен-металлургия институтының (1952–1962;1960 жылдан Қазақ политехника-лық институты) ректоры, Академиясының академиг-хатшысы және Кен ісі институтында лаборатория меңгерушісі (1962–1964), институтында кафедра меңгерушісі (1965–1980) болды. Негізгі ғылыми еңбектері жер астында кен қазу жұмыстарын кешенді механикаландыруға, қазба орындарының сейсмикалық қауіпсіздігін және тау-кен жыныстарының физика-механика қасиеттерін зерттеуге, т.б. арналған. Ол жер астынан кен алу жүйелерінің матрицалық жіктелімін және оларды үйлесімдендірудің геометрикалық тәсілін жасады. Сондай-ақ кен өндірудің техника-экономика тиімділігі жоғары кенүңгірлік жүйемен шапшаң бұрғылаудың жаңа тәсілін тауып, өндіріске енгізген. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

II. Негізгі бөлім
2.1. Байқоныров Өмірхан АймағамбетұлыБайқоныров Өмірхан Аймағамбетұлы (14.09.1912 ж. - 15.03.1980 ж.)
Байқоныров Өмірхан Аймағамбетұлы 1912 жылы 14 қыркүйек айында Жезқазған обласының Ұлытау ауданында Сөмке ауылында (қазіргі Ұлытау совхозы), 1925 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қарсақпай, Шымкент және Қарағанды металлургиялық зауыттарында жұмысшы-металлург болып жұмыс істеген, кедей шаруаның отбасында дүниеге келді.
Байқоныров Өмірхан Аймағамбетұлы ауылдағы бастапқы қазақ мектебін бітірді. 1931-1932 жылдары ФЗУ-да (фабрика-зауыттық училище), оқып, оны 1932 жылдың мамыр айында бұрғылау мастері мамандығы бойынша бітірді. Сол жылдары училищеде сабақ жүргізу үшін кәсіпорын мамандары шақырылатын, олардың ішінде Қазақ ССР-ның Ғылым академиясының бірінші президенті - сол кезде зауыттың бас геологі, Қ.И. Сәтбаевта болды. Осы көрнекті ғалыммен кездесу Байқоңыровтың қызметінің негізгі бағытын анықтады.
Қарсақпай зауытында жұмыс істей жүріп, өндірістен қол үзбестен, мектептегі оқуын жалғастырды. 1933 жылы Қар­сақпай мыс ком­би­наты және аудандық комитеттің жолдамасымен Семейдің геология-барлау институтына оқуға жіберілді. Бірақ, сол кезде Шымкенттің қорғасын зауытында жұмыс істеп жүрген әкесінің ауыруына байланысты, Байқоңыров Шымкентте аялдап қалады да, сол зауыттың (ШҚЗ) механикалық цехында сызбашы-конструктор болып жұмыс істейді.
Қ.И. Сәтбаевтың ұсынысымен ШҚЗ паркомы 1934 жылы Байқоңыровты Алматыға оқуға жолдама береді. Ол Алматыда 1935 жылдың аяғына дейін дайындық курсында оқып, содан соң Қазақ тау кен-металлургия институтына (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы оқуға түседі және осы институтты 1940 жылы «Пайдалы қазбалы кен орындарын әзірлеу» мамандығы бойынша тау кен инженері ретінде бітіріп шығады.
2.2. Өзінің еңбек жолын Байқоныров Өмірхан Аймағамбетұлы КСРО түсті металлургиясының алғашқы өндірісі - Қарсақпай мыс зауытының құрылысынан бастады: 1927 жылдан 1930 жылдар арасында зауыт құрылысында ағаш ұстасының оқушысы болып жұмыс істеді.
1932-1933 жылдары Қ.И. Сәтбаевтың жетекшілігімен Қарсақпай мыс комбинатының Геология басқармасында аға коллектор қызметін атқарды.
Институтты бітірген соң, 1940 жылы маусым айында Байқоныров Өмірхан Аймағамбетұлы туған жері Жезқазғанға жолдама алды. Еңбек жолын ауысым мастерінен бастаған ол, әкімшілік-инженерлік қызметтердің барлық сатыларынан өтті. 1941 жылға дейін № 31 шахтада ауысым бастығы, № 32 шахтада басшы, содан соң № 13 шахтада басшылық қызметтерді атқарды. 1943 жылдың қараша айында «31-32» шахта басқармасының бастығы болып тағайындалды, сол қызметте 1952 жылға дейін жұмыс істеді.
2.3. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде №31-32 шах­табасқармасы бір жылдан соң-ақ мемлекеттік жоспарды асырып орындап, ауыспалы туды жеңіп алды. Жезқазған мыс комбинататы КСРО қорғанысы Мемлекеттік комитетінің ауыспалы Қызыл Туын 16 рет жеңіп алып, ол ту Жезқазғанда мәңгілік сақталуда қалдырылады. Осы уақыттан бастап ол 10 жылдың көлемінде комбинаттың алдыңғы қатарлы кәсіпорыны болды және онда тау кен жұмыстарының жаңа әдістері тұрақты түрде сынақтан өткізіліп тұрды. Мысалы, Жезқазғанда Байқоныров қазба жұмыстарын жылдам жүргізу, қазып өту процесін механикаландыру және тазарту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шаралар жүргізді. Шахталарда алғаш рет 2 және 3 барабанды скреперлік қуатты қондырғылар кеңінен қолданылды, өздігінен жүретін бұрғылаушы, тиеуші және жеткізуші машиналар сынақтан өткізілді.
Өмірхан Аймағамбетұлының жетекшілігімен рудниктің өз күшімен құрастырылған өздігінен жүретін бұрғылаушы карета және электрлік самосвал шахтаға түсірілді. Маман тау кен инженері ретінде, Байқоныров Ө.А., бұрғылау-жару жұмыстарынан бастап кенді денелердің жер қабатында орналасуының әртүрлі жағдайлары үшін әзірлеу жүйесін жетілдіруге дейінгі барлық технологиялық процестерді дамытуда және жаңартуда үлкен маңызы зор үлес қосты.
Осы орындалған жұмыстарының барлығы кандидаттық диссертациясын қорғауға негіз болды. Ол кандидаттық диссертацияны, өндірістен қол үзбестен, 1951 жылы қорғады. Жұмыстың нәтижелері өндіріске енгізілді. Диссертациялық жұмысының ғылыми жетекшісі, тау кен ісіндегі көрнекті ғалымдардың бірі, академик Попов А.С. болды. Осы кезеңде Байқоныров Ө.А. ашық забой жүйесінің жаңа нұсқасын ұсынды, нұсқаны «ұңғыларды асқын тереңдетілген бұрғылаумен құрамдас жер қыртысы-төбесатылы шұңқырлаумен әзірлеудің камералық-бағандық жүйесі» деп атады.
Ұсынылған жүйе КСРО-ның Мемтехникасымен сыналып, авторлық куәлік берілді (№ 11697). 1952 жылы өндіріс басшысы, республиканың алдыңғы қатардағы оқу орындарының бірі - Қазақ тау кен-металлургия институтына директор болып тағайындалды. Бұл жерде оның ішкі мәдениеттілігі, білімі және ұйымдастыру жұмысындағы үлкен тәжірибесі басты рөл атқарды. Жаңа қызметте, бірінші кезекте, оқу орынының материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, оқу процесін жандандыру, студенттердің, аспиранттардың және оқытушылардың тұрмыс жағдайын жақсарту туралы мәселелерді шешу керек болды. Тау кен өнеркәсібіндегі көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, Байқоныров Ө.А. жоғары білікті мамандарды дайындау жұмысында өндірістік тәжірибеге бай жетекшінің, тәрбиешінің болуы маңызды екенін түсінді. Оқытушылар құрамын тұрғын үймен қамтамасыздандыру проблемасын шеше отырып, институт басшылары педагогикалық жұмысқа бірқатар ірі өндірісшілерді шақырды.
Байқоныров Ө.А. отандық кадрларды дайындау үшін елдің орталық ЖОО-нан ұстаздарды шақыруды, мамандарды Мәскеудің, Ленинградтың және елдің басқада региондарының жоғары оқу орындарына аспирантураға жодауды тәжірибеге енгізді. Сол кездері ауылдық жерлерден келген қазақ-студенттерінен контингент қалыптастыру қиын мәселе болды, өйткені қабылдау емтихандары орыс тілінде өтетін. Бірінші емтихан - диктанттан соң-ақ абитуриент-қазақтар қалмайтын еді. Кейбір аға буын педагогтардың қарсы болуына қарамастан Байқоныров Ө.А. қазақ жастары үшін институтқа қабылдау ережесін өзгертті: қабылдау емтихандары ана тілінде жүргізілетін болды. Бұл қазақ жастарына Қазақстан Республикасының алдыңғы қатардағы техникалық ЖОО-нан білім алуға мүмкіндік берді. Бұл жаңалық, қазіргі кездегі оқу процесіне енгізіліп отырған егеменді еліміздің жоғарғы мектебіндегі қайта ұйымдастырудың сол кездегі моделі десе болғандай. Бүгінгі таңда еліміздің барлық ЖОО-да қазақ бөлімдері бар және оларда студенттер мемлекеттік тілде оқиды.
Директордың ынтасымен және сәйкес Одақтың және Республикалық министрліктердің қолдауымен жаңа студенттер қалашығының құрылысы басталды. Байқоныров Ө.А. құрылыстың барлық сатыларында, жобалаудан бастап - объектіні пайдалануға өткізгенге дейін, ерекше табандылық, қайсарлық, қажырлылық, жігерлілік және бірізділік таныта білді. Осының нәтижесінде өте қысқа мерзім ішінде оқытушыларға арналған тұрғын үйлерден, жатақханалардан, оқу корпустарынан және жеке ғимаратқа жайғасқан асханадан тұратын заманына сай студенттік қалашық пайда болды.
Кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша ғылыми Кеңестер ұйымдастырылды. Осының барлығы мамандарды және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын жоғарылатуға ықпал етті. Бұл бағытта Байқоныровтың баға жетпес сіңірілген еңбегін атап айту қажет.
1959 жылы Өмірхан Байқоныровқа «Кенді кен орындарды әзірлеу» кафедрасы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. Негізгі ғылыми қызметі - жерасты және ашық әдістермен пайдалы қазбаларды әзірлеу жүйелерін жетілдіруге бағытталды.
Өмірхан Аймағамбетұлы өз уақытынан оза туған жан еді. Ол Қазақстанның қанатын кеңге жайып дамып келе жатқан ел екенін және ол үшін әртүрлі мамандық иелерінің қажетті болатынын түсінді. Институтты басқарып отырған жылдарында елдің дамуына қажетті мамандықтарды ашуға атсалысты. ҚазТКМИ-да құрылыс, архитектура және сол кездегі Қазақстанның мұнайлы елдер қатарына жатпағанына қарамастан, мұнай ісі сияқты жаңа мамандықтар пайда болды. Ол әсіресе, есептеу техникасымен және ақпараттанумен байланысты жаңа мамандықтарды көп жақтады.
Академик Ө.А. Байқоныров, Қазақстанның техникалық интеллигенттерінің көшбасшысы бола тұрып, Қазақстанның техникалық таңдаулы тобының қалыптасуына, дамуына және кәсіптік деңгейде өсуіне баға жетпес үлес қосты. Ол Қазақстанның ірі кәсіпорындарының базасында институттың филиалдары мен факультеттерін ұйымдастырудың бастаушысы болды. Осы кісінің талабымен Қарағанды қаласында Тау кен институты (1953), Өскеменде құрылыс-жол институты (1958), Рудныйдың кешкі факультеті (1959), С.М. Киров атындағы зауыттың жанында кешкі машина жасау факультеті (1962) және басқа көптеген оқу орынының құрылымдары ашылды. Жоғарыда аталғандардың ішінен, кейіннен, университет статусын алғандарыда бар.
Тау кен ісінің ғылыми-зерттеу институтында Ө.А. Байқоныров тау кен геофизикасы, динамикалық фотосерпімділік зертханаларын құрды. Массивтің қасиеттерін физикалық өрістерді, тау кен өндірісі кезінде пайда болатын статикалық және динамикалық кернеулер өрістерін зерттеу жолымен анықтау технологиялық процестердің қауіпсіз және тиімді параметрлерін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Байқоныров Өмірхан Аймағамбетұлы бір бағытты институтты политехникалыққа қайта құру үшін көп еңбек сіңірді. Академик Байқоңыровтың күш салуының арқасында Қазақстанда жаңа техникалық жоғарғы оқу орыны пайда болды. Бұл ЖОО Қазақстанның ғылым мен өндірісіндегі өзекті орындарда қызмет атқаратын он мыңдаған мамандарды шығарды. ҚазПТИ құрылу күні 8 шілде 1960 жыл, университет тарихындағы маңызды күн болып саналады.
1962 жылы ҚазССР ҒА президенті Сәтбаевтың ұсынысымен, академиктік сайлау табысты өткеннен соң, профессор Байқоныров Өмірхан Аймағамбетұлы Қазақ ССР-ы ғылым академиясының толық мүшесі және академик хатшысы болып сайланды. Республиканың алдыңғы шептегі ғылыми ұйымында, қайтадан күрделі жұмыс күндері басталды. Қ.И. Сәтбаевтың қызметтегі серіктесі Ө.А.
Институт 1960 жылы политехникалық болып қайта құрылды, 1962 жылдың маусым айына дейін Байқоныров Өмірхан Аймағамбетұлы осы институттың ректоры болып қызмет істеді.
1962 жылдың мамыр айында Қазақ ССР ғылым академиясының академигі және сонымен қатар - академик-хатшы болып сайланды. 1964 жылы Қазақ политехникалық институтына ауыстырылды, осы жерде өмірінің соңына дейін «Пайдалы қазба кен орындарынәзірлеу технологиясы және кешенді механизациялау» кафедрасының меңгерушісі болды.
Академик Байқоныров Ө.А. және оның оқушылары, жаңа тиімді технологияларды кеңінен дамыту және өндіріске енгізу мақсатында, тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін бақылауда сейсмикалық, ультрадыбысты, оптикалық, ядролық-физикалық және басқа әдістерді қолдануды енгізді. Осы бағытта олар кең ауқымды зерттеулер жүргізді және көптеген мәселелерде ол алғашқы ашушы болды. Бұл зерттеулердің нәтижелері «Ос­но­вы горной геофизики» (1970) - кенді қазып алу кезінде, жерасты жұмыстарын қауіпсіздендіру және тиімділігін жоғарылату мақсатында, геофизикалық әдістерді қолдану аясындағы негіз қалаушы еңбек, «Методы контроля физико-технических параметров подземной разработки руд» (1979) монографияларында қорытынды-ланған.
Ол барлық уақытта жаңа теориялық проблемаларды шешумен айналысты. Оның еңбегінің ең биік шыңы - пайдалы қазбалы кен орындарын әзірлеудің бірегей сыныптамасы мен әдістерді таңдау әдістемесін құруы. 1969 жылы оның «Классификация и выбор методов подземной разработки месторождений» атты монографиясы жарық көрді. Бұл автордың көп жылдық өндірістік тәжірибесі мен зерттеу жұмыстарының нәтижелері қорытындыланған іргелі, күрделі еңбек. Осы кітапта бірінші рет баяндалған, кенді кен орындарын жерасты әзірлеу жүйелерін сыныптаудың матрицалық әдісі, Тау-Кен Энциклопедиясында берілген. Ресей Федерациясының көрнекті ғалымдары, академик Трубецкой К.Н. және техника ғылымдарының докторы, профессор Замесов Н.Ф. айтуынша, Байқоңыров Ө.А. ұсынған сыныптаманы құру принципі... «бұл еңбек Д.И. Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесіне ұқсас, әмбебапты, көлемді, ақпаратты өңдеудің қазіргі компьютерлік әдістеріне жақсы бейімделген, және осы саладағы белгілі барлық ғылыми ізденістерден көп алда». «Про­фес­­со­р Ө.А. Байқоныровтың монографиясы, - дейді тау кен ісі ғылымының белгілі ғалымы, академик Агошков М.И. ­- кен орындарын жерасты әзірлеу әдістерін ары қарай жетілдіруге бағытталған үлкен теориялық зерттеу, әрине бұл еңбек тау кен ғылымының дамуына қосылған үлкен үлес». «Клас­сификация и выбор методов под­земной разработки месторожде­ний» монографиясы академик Ө.А. Байқоныровты тау кен ғылымының ірі энциклопедисттері мен жаңашылдарының қатарына шығарды.
2.4. Жас тау кен инженерінің еңбектену өмірінің бастауы Ұлы Отан Соғысының ауыр жылдарына келді. Оған революцияға дейін ағылшын отаршылдары тастап кеткен № 13 ескі шахтаны қайта қалпына келтіру жүктелді. Сол уақыт тау кен жұмыстарын және мыс кендерін қазып алу көлемін жылдам арада және аз шығынмен жоғарылатуды талап етті. Еңбек пен ізденістің шексіз ауыр күндері мен ұйқысыз түндері басталды: еңбекті тиімді ұйымдастыру, жұмыстың жаңа режимдерін ойластыру және құру, қолдағы механизмді кеңінен пайдалану мәселелері шешілді. Инженер Байқоңыровтың ізденістері табысты аяқталып жатты. Оның жетекшілігімен жер бетіндегі ғимараттар, шахта оқпаны және жер асты қазба жұмыстары қалпына келтірілді. Бұл жерде жас маман өз ісін жоғары деңгейде меңгерген, тау кен қазба жұмыстарының жаңа әдістерін қолдана білетін ынталы инженер ретінде көріне білді. Үш-төрт айдан соң, әскери өнеркәсіп өте мұқтажды болып отырған, жүздеген тонна мыс жаңадан алына бастады. Тау кен инженері Байқоныров Өмірхан Аймағамбетұлының фашистік Германияны жеңудегі қосқан үлесі өте зор!
2.5. Академик Байқоныров Ө.А. қазып алынған кеңістікті толтыруды әзірлеу жүйесін және толтыру жұмыстарының технологиясын жасаудың және оны кеңінен дамытудың іргетасын қалаушы болып табылады. Оның мектебі жұқа дисперсті бөлшектердің жоғарғы мөлшері болатын қоспалардың тиксотропты қасиеттері қолданылатын, төсеу-толтыру жұмыстарының жаңа технологиясын әзірледі. Тау кен-металлургия кешендерінің қалдықтарын кәдеге асыруға мүмкіндік беретін, ұсынылған технология, үлкен экономикалық тиімділікпен еліміздің көптеген ірі кәсіпорындарында енгізілді. Осы бағыттағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері, тау кен ісінің теориясы мен тәжірибесінде үлкен үлесті орын алатын, «Подземная разработка месторождений с закладкой» (1972) және «Технология добычи руд с твердеющей закладкой» (1979) монографияларында баяндалған.
Кенді кен орындарын жерасты кешенді механизацияландыру және үздіксіз әрекеттегі машиналардың конструкциясын жетілдіру саласында, ол өзінің оқушыларымен бірге кенді қазіп алудың циклдық-ағынды технологиясының сұлбасы әзірленді, үздіксіз тиеу мен кенді жеткізу құрал-жабдықтары жасалды. Жасалған қатпарлы таспа КФР-2 - қатты кендерді жеткізуге арналған қазіргі уақыттың тасымалдаушы жабдықтарының ең үздік модельдерінің бірі. Кенді жерасты әзірлеуді кешенді механизациялау тау кен ісін жүргізуді қарқындатады, күшейтеді, кенші жұмыскердің еңбек өнімділігін 3-5 ретке жоғарылатуға мүмкіндік береді. Академиктің бұл бағыттағы жұмыстарының нәтижелері «Пластинчатые конвейеры для скальных пород и руд» (1970), «Комплексная меха­ни­за­ция очис­тных ра­бот при подземной разработке рудных месторождений» (1973), «Комплексная механизация подземной разработки руд» (1975) монографияларында берілген.
2.6. Байқоныров ғылыми-педагогикалық жұмысын қоғамдық қызметпен табысты ұштастыра білді, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1951-1954 ж.ж.), Алматы қалалық Кеңестің депу­таты, ҚазССР ҒА президиумының мүшесі, ҚазССР ЖжАОБM коллегиясының мүшесі, еңбекті қорғау қоғамының орталық Кеңесінің төрағасы, ҚазССР «Білім» қоғамының Президиумының мүшесі, ҚазССР ҒА Әлем және Жер туралы ғылымдар бөлімінің бюросының мүшесі, түсті металлургия республикалық ғылыми-техникалық қоғамы Президиумының мүшесі, ҚазССР ЖжАОБM ғылыми-әдісмтемелік кеңесінде тау кен секциясының төрағасы, Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясының мүшесі, жер қойнауындағы байлықтар туралы Кеңес және одақтық республикалардың заңдарының Негізгі жобасын дайындау комиссиясының мүшесі, Қазақ политехникалық институтының және ҚазССР ҒА тау кен ісі институтының Ғылыми кеңесінің мүшесі және т.б. болып сайланды.
Академик Ө.А. Байқоныровтың Отанға істеген зор қызметі, дүниежүзілік ғылымға және жоғарғы білімге қосқан үлкен үлесі үкімет тарапынан марапатталып отырды. Ол, сол кезеңнің ең жоғарғы наградасы, Ленин орденімен, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің медальдерімен және құрмет грамоталарымен, 1 дәрежелі «Шахтерская слава», «Отличник соцсоревнования Наркомцветмета СССР», «Заслу­жен­­ный изобретатель СССР» (екі рет), «Ударник 9-й пятилетки», «Победитель социалистического соревнова­ния» белгілерімен, халық шаруашылығындағы қол жеткізген жетістіктері үшін КСРО ХШЖК-нің алтын медальімен және дипло­мымен марапатталды.
Байқоңыровқа «Қазақ ССР жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді. Академик Ө.А. Байқо­ныровтың ісімін есте қалдыру мақсатында Жезқазған университетіне (ЖезУ), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университетінің (ҚазҰТУ) Тау кен ин­сти­тутына оның есімі берілді; Алматы, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында көшелердің аты аталды, шахта басқармасы ғимаратында (Жезқазған руднигі), Алматы қаласының тұрғын үйлерінде, Жезқазған руднигінде, «Кен орындарын әзірлеу технологиясы» кафедрасында ме­мо­ри­ал тақталар орнатылды; академик Байқоңыров Ө.А. атындағы аудиториялар ашылды (ҚазҰТУ, ЖезУ), Жезқазған университетінің оқу корпусы алдында монумент орнатылды және қабіріне ескерткіш қойылды, «Академик Байко­ну­ров О.А.» кітабы шығарылды, тау кен ісінің қоғамы қажетсінетін «Класссификация и выбор методов подземной разработки месторождений» монографиясы екінші мерейтойлық басылыммен жарық көрді.
2.7. Отбасылық жағдайы:Байқоңыровтар отбасы (60-шы жылдардың басы).
Зайыбы - Мәрия,
үй қызметінде.
Қызы - Роза,
педиатр, жоғары категориялы қалалық медицина колледжінің оқытушысы.
Ұлы - Карим,
тау кен ин­же­нері, техника ғылымының кандидаты.
Қызы - Алия,
инженер химик-технолог, техника ғылымының докторы, профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі.
Қызы - Алма,
музыка білімінің оқытушысы.
Немерелері:
Мәдина,
кардиолог.
Анель,
металлургия процестерін автоматтандыру инженері, Іскер әкімшіліктендіру магистрі.
Болат,
инженер-түсті металлургия ме­тал­лургі, өндіріс ұйымдастырушысы, кәсіпкерлік саласында қызмет атқарады.
Талғат - Қазақ ұлттық аграрлық универ­си­тетін аяқтады, заңгерлік білім алды.
Әлихан - маркетолог.
Екі шөбересі Вадим мен Таир (олардың ата-аналары - Анель мен Сергей Удовенчук, кәсіпкерлер).
2.8. Өмірдегі ұстанымы:
Байқоңыровтың күнделігінен: «Бүкіл өмір қарапайым ойға әкеледі: жеке даңқ, жеке табыс, өз жетістіктерің - бұл, әрине, өте маңызды, бірақ дүние осымен бітпейді. Артыңда қандай із қалдыратының туралы ой жиі мазалайды. Артымда қандай зертхана, қандай кафедра қалады? Білгенімнің бәрін жас жеткіншектерге бере алдымба? Оқушыларыма ғылымға қызмет ету дегеніміз, ең алдымен, халқыңа, Отаныңа қызмет ету екенін түсіндіре алдымба деген сияқты».
2.9. Табыстылық формуласы:
Байқоңыровтың күнделігінен: «Табу үшін іздену, көрінбесті көру керек, алдағыны сезу және болжау қажет, сәтсіз және қиын кездерде салды суға кетірмей, алға ұмтылу және көп еңбектену керек (Д.И. Менделеев)»

III. ҚОРЫТЫНДЫ
Өмірхан Аймағамбетұлы өз уақытынан оза туған жан еді. Ол Қазақстанның қанатын кеңге жайып дамып келе жатқан ел екенін және ол үшін әртүрлі мамандық иелерінің қажетті болатынын түсінді. Институтты басқарып отырған жылдарында елдің дамуына қажетті мамандықтарды ашуға атсалысты. ҚазТКМИ-да құрылыс, архитектура және сол кездегі Қазақстанның мұнайлы елдер қатарына жатпағанына қарамастан, мұнай ісі сияқты жаңа мамандықтар пайда болды. Ол әсіресе, есептеу техникасымен және ақпараттанумен байланысты жаңа мамандықтарды көп жақтады.
Академик Байқоныров Ө.А. түсті металдар кенін, химиялық шикізаттарды және кенді емес материалдарды жерасты және ашық қазіп алудың қолданудағы әдістерін жетілдіруде және жаңа әдістерін әзірлеуде қазақстандық ғылыми мектепті құрушы, оның еңбектері Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шет елдергеде танымал. Өмірден, кәсіптіктен алған зор тәжірибелерімен, энциклопедиялық білімімен Өмірхан Аймағамбетұлы артында өшпес із қалдырды. Ол 60 аса ғылым кандидаттарын, 10 техника ғылымның докторларын дайындады, 300 аса ғылыми еңбектері және 30 жуық өнертабысы жарық көрді, көптеген монографиялардың авторы.
Қазақ ССР ғылым академиясының (қазіргі Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы) академигі, техника ғылымының докторы, профессор Байқоныров Өмірхан Аймағамбетұлы - пайдалы қазбалар кен орындарын әзірлеу саласындағы көрнекті ғалым-энциклопедияшы, оның ірі, күрделі, іргелі еңбектері дүниежүзілік ғылыми қоғамға кеңінен танымал, ірі тау кен инженері және өндіріс ұйымдастырушысы, өте жарқын педагог және студент жастардың тәрбиешісі, көрнекті қоғам қайраткері, білімді дәріптеуші, өз Отанының Патриоты, ұлы Қ.И. Сәтбаевтың шәкірті және пікірлес қызметтесі.
Өмірхан Аймағамбетұлының Қазақстан және әлем болашағы үшін еңбегі зор!

 

Категория: Қазақстан тарихы
Просмотров: 2922 | Загрузок: 121 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]