Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Балқаш қаласының тарихы


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
04.04.2012, 19:54
Балқаш қаласының тарихы


Жоспар:
1. Тарих көшіне ілескен Балқаш қаласы
2 .Балқаш көлі
3. Балқаш көлінің ерекшелігі
4. Балқаш көлі балыққа бай
5. Балқаш қаласына 75 жыл
Қорытынды.
Тарих көшіне ілескен Балқаш қаласы сонау Кеңес өкіметінің қарқынды бесжылдықтарының бастауында құрылып, ірі өндіріс орталықтарының біріне айналды. Балқаш өңірін игеру 1928 жылы инженер, геолог И.П.Русаковтың басшылығымен Қоңырат тауларындағы геологиялық-барлау қызметінен басталды. Дәл осы тыңғылықты зерттеудің нәтижесінде Қоңыраттағы мыс қорының өте мол екенін анықтап.екінші бесжылдық жоспарда жедел түрде Балқаш өңірінде мыс алыбын салу белгіленді. Кеңес Одағының барлық жерінен: жұмысшылар, шаруалар,комсомолдар мен коммунистердің қатарынан еріктілер және осы өңірдегі ата-бабаларымыз - көшпенді қазақтар тұтас ауыл болып Балқаш құрылысына ағыла бастады. Құрылыс жұмыстары қазақтың түрен тимеген ту даласында, қатал табиғаттың аясында өндіріс орталықтары мен темір жол жырақта іске асты. Жүкті алғашқыда ат-түйемен тасыды. Тағы бір жылы Балқаш көлі арқылы Бөрлі-Төбе айлағынан Бертіс шығанағына жүк тасымалданды. 1935 жылы Балқаш-Қарағанды теміржолы уақытша пайдалануға беріліп, жылу электр орталықтарының құрылысы басталды.1935 жылы мыс алыбының негізгі цехтарымен өндіріс объектілерін салуда үлкен бетбұрыс кезеңге аяқ басты. Балқаш балықшыларының жеке сала болып қалыптасуы 1930 жылдан бастау алады. Көреген бабамыз Қараменде би айтып кеткендей «Ойында балығы, қырында киігі» ұрпаққа азық болған қасиетті Балқаш өңірі тек қана өз еліміз емес Одақ көлеміне, шет елге өзінің балығымен де атағы шықты. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Балқаштың соғыс және еңбек ардагерлерінің ерлік істері ұрпақ жадында мәңгілік сақтаулы. З. Асфандяров, П. Миллер, В. Хоружая, О. Щермаков, Н. Подсадниктер «Кеңес Одағының батыры», ал П. Калмыков пен В. Спицындер жауынгерлік «Даңқ» орденінің толық кавалерлері атағына ие болып, қаламыздың атағын елімізден тысқа да әйгілі етті. Ұлы Отан соғысы майданы негізгі ошақтарының бірі Сталинград, Ленинград қалаларын басқыншылардан қорғауда да балқаштық жауынгерлер ерліктерімен танылды. Рейхстаг күмбезіне алғашқылардың бірі болып жеңіс туын қадаған Р.Қошқарбаев «Халық қахарманы» болып даңққа бөленді. Берлинге жеңіс туын тіккен батыр жауынгерлер қатарында В.Громов, Н.Кулжанов, К.Григорьянц, К.Меньшов, Ж.Ақбергенов сынды жерлестеріміздің есімдері де мақтанышпен аталады. Фин соғысының ардагері В. Громов, артилерист Н. Құлжанов, атты әскер жауынгері К. Григорьянц, партизан К. Меньшов, танкист Ж. Ақбергенов тәрізді балқаштықтар жеңіс күнін Берлинде қарсы алды.
Қазіргі таңда Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі көлемі бойынша үшінші орын алатын ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Ол республиканың оңтүстік-шығысында Балқаш-Алакөл ойпатында (теңіз деңгейінен 342 метр биіктікте) орналасқан. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ең үлкен ені – 74 шақырым. Айдын көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, жағалық сызығының ауданы 2383 – шақырым. Су көлемі – 106 текше км. Балқаш екі бөлікке бөлінеді: батыс және шығыс. Батыс бөлігінің тереңдігі 6-12 метр, ал шығыс бөлігінің тереңдігі 15-26 м. Көл шағын аралдар мен шығанақтарға бөлінген. Ең ірі аралдардарына Басарал мен Тасарал жатады. Балқаш көліне Іледен басқа Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Бақанас және басқа да өзендер. Көлге Іле көлі судың айтарлықтай бөлігін (675) құяды.
Балқаш көлінің ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс бөліктерінің минералдауының түрлі болып келетіндігінде. Бұрыннан суы мол Іледен толатындықтан батыс бассейнінің суы тұщы да, шығыс бөлігі – ащы болып келеді. Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және қарама-қайшылықтарға толы. Қазақстанда ерте заманнан бері Балқаш көлі туралы өлеңдер жазылып, әндер, аңыздар айтылып жүр. Балқашты халық фольклорында ешқашан ренжітпейтін, кедей жиһангермен де достасып, баспана мен тағамымен бөлісетін аппақ дана ақсақалға теңейді. Балқаш көлінің жағасы бойымен Ұлы Жібек Жолы арқылы Қытайдан Орталық Азияға жалғасатын және әрі қарай соңғы теңізге қарай (солай Ұлы Дала аумағында Батыс Еуропаны атаған) сансыз керуендер өткен. Бұл жерде тұщы сумен қоса жорық ішіп-жемін осы жерлерде молымен мекендейтін балық пен жабайы құстарға толтыруға болатын.
Балқаш көлі балыққа бай екендігі бұрыннан бізге мәлім. Онда Балқаш көлінде балықтың 20-дан астам түрі мекендейді, оның 6 ертеден мекендейтін жергілікті түрлері (ілелік, балқаш көкбалықтары, балқаштық алабұға және т.б.), қалғандары басқа су қоймалардан келген (сүген, шабақтар, көксерке) болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Балқаш көлі ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Аулауға сазан, көксерке, балқаш алабұғасы және т.б. түрлері жатады. Балықшылар және экстремалды еркін демалыстың әуесқойлары Балқашқа емін-еркін бара алады. Оның ұзындығы 614 шақырымды, ал ені – 3,5-тен 44 шақырымға дейін барады, ең терең жері 26 метрге дейін жетеді.
Ақын Қасым Аманжолов жырлағандай :
Көргенім де сені алғаш,
Көл едің бір жап-жалаңаш.
Келдім тағы, қойныңды аш,
Ұлы Балқаш, нұрлы Балқаш.
Өзгеріпсің таңғажайып,
Құшағыңды еркін жайып.
Сәулетті үй, сәнді сарай,
Көз тойғысыз қарай-қарай.
Сені мұнша кім өзгерткен,
Елің қалай тез ер жеткен?!
Ұлы Балқаш, ойлы Балқаш,
Туған жерге нұрыңды шаш.
Сонымен қатар Балқаш – Қарағанды облысындағы қала, Мойынты – Ақтоғай темір жол бойындағы станса, Балқаш көліндегі пристань. Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс шығанағының жағасында, Қарағандының оңтүстік-шығысында 487 км жерде орналасқан. Халқы 73,5 мың адам (2006). Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу, механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған оннан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 ж. Балқаш қаласы пайда болды. Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Оның өнімдері шет елдерге шығарылады. Жылдық өнім көлемі жүз мың тоннаға жетеді. Осы Балқаш қаласына75 жыл толуына орай Қарағанды–Балқаш темір жол желісі пайдалануға берілді. Осыған орай Қарағанды тарихи өлкетану мұражайында көрме ашылды.
Қорытынды
Бүгінде сол алдыңғы толқынның ерлік істері, бейбіт күндері кейінгі толқын ұрпақтарының ерен еңбектерінде жалғасын табуда. «Өткендерін еске алған өскендіктің белгісі,өткендерін ұмытқан өшкендіктің белгісі» дегендей Балқаш қаласының тарихын, өз жерлестерінің атақ пен ерлікке толы өмірін ұрпақ санасында жаңғыртып отыру біздер үшін қасиетті парыз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.«Қазақстан»2 том ұлттық энциклопедиясы «Дидар»(журнал)А.,1996,1997,1998, «Қазақстан»(фотоальбом) А.,1996ж.
2.Қасым Аманжолов «Дариға,сол қыз»-№181 2003ж.
3.Балқаш тарихы беттері (1936-2007жылдары)2007ж.
4. «Балқаш»№551 1987ж.
Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Admin | Теги: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ, Балқаш, тарихы, қаласының
Просмотров: 12383 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]