Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Газнели Махмұт (967-1030)


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы]
04.02.2012, 13:07
 Ислам діні тұңғыш қабылдаған Түрік императорының бірі, ұлы шайыр, қолбасшы.
Ислам дүниесінде халифтен кейін «сұлтан» атауын тұңғыш алған және ислам дінін қолдаған әкім – Газнели Махмұт тарихқа осы есіммен кірген. Ол кейде «Низамеддин Әбу-л Қасым Гази» деп те еске алынады.
   Газнели Махмұт өлең мен өнерді жақсы көретін. Әкесі оны өте жас кезінен Бүст аймағының уәлилігіне тағайындады. Билеушілік шеберлігін ол аз ғана уақыттың ішінде паш етті. Өзі тұратын аймақта керемет зәулім ғимараттар салғызып, ой мен өнерді насихаттады, халық та оны сүйді.
Осындай жетістіктері арқасында ол Хорассаның Бас Уәлилігіне тағайындалып (994 жылы), бұл қызметін екі жылдай атқарды. 996 жылы әкесі Сөбүк Тігін ауырып қайтыс болды. Газнели Махмұт әкесінің орнына отырған ағайыны Ысмайылды жеңіп, таққа отырды.
   Газнели Махмұттың таққа отыруымен бірге Газийе мемлекетінің де бақыт жұлдызы жарқырай бастады.
   Қысқа мерзім ішінде іс басқаруда болсын, сыртқы байланыстарда болсын, өзін іскер адам ретінде көрсеткен Газнели Махмұт Бағдаттағы халифтің назарын аудармай қойған жоқ. Исламды елінде дәрептеген және айналасына жайған бұл жас түрік әкіміне халиф сұлтан атағын сыйлады. Ал «сұлтан», яғни император атағы ол заманда тек халифтер үшін қолданылатын.
  Сұлтан Махмұт ең алдымен Саманулдарына (Саманид) қарсы соғыс жариялады. Саманулдары Ираққа дейін созылған кең жерлерге әкімшілік жүргізген еді. Сұлтан Махмұт оларды жеңу арқылы шекараны кеңейтті. Одан кейін Бувейхулдарымен соғысып, Ауғанстан мен Грузияны өз жеріне қосты.
   Газнели Махмұт енді Үндістан жеріне көз тікті. 1000 жылы Газнели Махмұт Пешаварға (қазіргі Пакистан қаласы) кіріп, Үндістанға аяқ басты. Бір жылдан кейін Үндістанның 42000 кісілік, көп пілдермен қаруланған әскерін талқандады.
   Үндістан жорығында халық оған Ғази атағын берген еді. Ғазнели Ғази Сұлтан Махмұт Үндістан топырағына 13 жорық жасаған. 10-шы Үндістан жорығында Ганг аймағына дейін жетті. Бірінен кейін бірі жасалған 12 жорық Үндістанның жеңілісімен аяқталып, бар байлық солтүстікке көшірілді. Үндістан Газнелилермен есептесуге шешім шығарып, 150000 кісілік әскер құрды, онда 1000-нан астам піл болатын.
   Газнели Ғази Сұлтан Махмұт он үшінші жорығын да жасады. Махмұттың 20 мыңға жетпейтін аз ғана әскері үндінің 1000 пілі бар 150000 жауынгерімен кездесті. Газнели Махмұт әскерін ай пішінімен орналастырып, бар күшін екі жағына қойып, ортасында аз ғана бөлігін қалдырды. Үнді әскері ортаға қарай шапқанда, Махмұт әскерін тәртіпті түрде кері шегіндіріп, оң және сол қанаттарымен үнді әскерін қоршап алды. Түріктер жиі қолданатын бұл соғыс әдісі осы жолы да жемісті болды. Үнділер не болып, не қойғанын түсініп болғанша, соғыс та бітті.
   Газнели Ғази Сұлтан Махмұт керемет қолбасшы, сұлтан еді. Ол әкім болған жылдары ақындарды, өнерпаздарды қолдап, олардың еңбектерінің жарыққа шығуына көмектесті. Дүниеге әйгілі Фирдоусидің «Шахнамасы» Ғази Сұлтан Махмұтқа арналып жазылған. Газийа мемлекетінің ресми тілі түрікше және парсыша жазған ақындарды қорғаған, парсы тілінің дамуына зор қызмет атқарған.
   Мінезі, көңілі, соғыстары өлмес «Шахнамаға» кірген Газнели Ғази Махмұт-Түрік мемлекетінің ұлы данышпандарының бірі. 1030 жылы дүниеден өткенде оның артында 5 миллион шаршы километрлік ұлы империясы қалған.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Admin | Теги: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ, Махмұт, (967-1030), Газнели
Просмотров: 2095 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]