Главная » Файлы » Рефераты |
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақстан тарихы] |
04.02.2012, 10:11 |
Қожа Ахмет Иасауи және Түркістан.
ЮНЕСКО-ның қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы алдағы 1999-2000 жылдары көне түрік елінің астанасы Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын атап өту жөнінде арнайы шешім қабылдады. Бұл мәні зор оқиға тек қазақ елінің ғана емес, бір кездерде Тұран мемлекеттін құрған өзге түрік жұртшылығының да үлкен мерекесі болмақшы. Аталған қала соңғы дәуірлерде қазақ хандықтарының да астанасы болды. Түркістан десек ең алдымен әйгілі ақын, ойшыл, кемеңгер Қожа Ахмет Иасауи есімі ойға оралады. Өйткені бұл атаулар қашаннан бөліп жаруға келмейтін, бірін-бірі толықтырып айқындай түсетін ұғымдар екені аян. Қ.А.Иасауидің ер жетіп есейген шағынан бастап қазіргі Түркістан бұрынғы Иасы арылында көз жұмғанша өмір сүріп, оның ірі сауда мәдени, діни орталыққа айналып, қала ретінде жан-жақты дамып, өркендеуіне тікелей әсер етуі де себеп болғаны рас. Мұхаммед пайғамбардың ізбасары, әулие әрі сопы атанған, шығармаларын тұңғыш рет түрік тілінде жазған ақын сол Түркістан қаласныда тұрып, өзінің өлмес, мәнді де асыл туындысы – «Диуани хикметті» («Ақыл кітабын») сонда жазып аяқтайды. Ұлы гуманист ақын қайтыс болған соң, яғни өлгеніне 240 жылдай мерзім толғаннан кейін, әйгілі Әмір Темір оның басына теңдесі жоқ, ғажайып мавзолей – кешен салдыртады. Бұл заңғар да сәулетті ескерткіш заманның талай – талай ауыр сындарынан мұдірмей өтіп, құдіреттің барлығын паш еткендей көз жауын алып, тәкаббар күйінде қазақ жерінде әлі күнге қасқайып тұр. Түркістан қаласының Қожа ахмет Иасауи атымен тығыз байланысты екендігі налғашқылардың бірі болып айтқан Әмір Темірдің жорықтары тарихын зерттеп жазған Шарафддин Ғали Иазди еді. Қожа ахмет Иасауидің өзі хикіметінде: Он алтымда барлық әруақ үлес берді, Айхай, Сізге мүбарак деп адам келді, Перзентім деп мойным құшып көңілім тапты, Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне! — дейді. Біздің ойымызша, осы айтылып отырған кезең әйгілі Түркістан қаласы туралы емес, жалпы түрік халықтарының Отаны үлкен Түркістан, яғни Тұран жөнінде айтылған деп ойлаймыз. Өйткені Түркістан қаласының «Түркістан» болып аталуы, көп кейін болуы керек. Бұған ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» атты өлеңіндегі мына бір жолдар да айқын дәлел бола алады. Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің тәңірі берген несібі ғой! Әмір Темір Көреген ғажайып кешен – ескерткішті тұрғызумен қатар, оның ғасырдан ғасырларға тозбай жетуін көздеп, мавзолейдің кіре беріс маңдайына асыл тас, алтын, күміс толы шыны құтылар да қалдырған, бірақ бұлары кешегі зұлмат заман тұсында қолды болып кетке. Түркістан қаласы мен оның ардақты да асыл ұлы Қожа Ахмет Иасауидің атының әйгіленіп даңқа бөленуіне әйгілі Әмір Темір Көрегеннің қосқан үлесі де айрықша бөліп атауға тұрарлықтай: Әмір Темір Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи мавзолейінің архитекторы да болғанға ұқсайды. Ол 1387 жылғы Иасыдағы Қожа Ахмет мазарына дұға қылып қайтқаннан кейін, бұрынғы құлаған кішігірім мавзолейдің орнына бұрын – сонды болмаған мавзолей – кешен салуға жарлық берді. Тарихшының жазуынша, Әмір Темір сол күмбездің биіктігі ішінен 130 кез, қалыңдығы 41 кез болуы керек деп көрсеткен. Сондай-ақ ол күмбездің түрлі түсті таспен (глазүрмен) безендірілуі, есіктері қайнатылған темірден, ал, хауызы қайнатылған тастан (мәрмәрдан) қалануы тапсырылған. Ескерткіштің салынып біту мерзімін бір жыл деп көрсетіп, оны басқару ісі Мәлен Садырға тапсырылады. Сөздік Дәуір – эпоха период, Ескерткіш – памятник, Мәдениет – культура, Түркі халықтары – тюркоязычные народы, Ғажайып – прекрасный, удивительный, Діни – религиозный, Қазына – богатство , Ағартушы – просветитель,
Жай сөйлемнің түрлері Айтылу мақсатына қарай сөйлем төрт түрге бөлінеді: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты. Сөйлем дегеніміз – сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіреді. Жақты сөйлем – бастаушы бар, кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болатын жай сөйлем. Мысалы: Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Жақсыз сөйлем – бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы арқылы бастауышынан табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем. Мысалы: Кім айыпты екеніне әлі көзім жете қойған жоқ. Жаттығулық жұмыс. Сөйлемге синтаксистық талдау жасаңыз: Дүкенге Жамбыл, Шымкен, Қарағанды облыстарының колхоздарынан азық-түлік товарлары түседі. | |
Просмотров: 2624 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |