Главная » Файлы » Рефераты |
Тіл Біліміне Кіріспе (Тесттер жинағы)
[ Скачать с сервера (534.0 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі] |
08.01.2014, 05:39 |
1. Тіл білімінің зерттеу нысаны: A) Адамзаттың дыбыстық тілі. B) Жазу тарихы. C) Сөз мағынасы. D) Өлі тілдер тарихы. E) Этнолингвистика. 2. Тіл білімінің негізгі міндеттері: A) Тілдің өмір сүруін айқындау. B) Тілдік құбылыстарды зерттегенде, олардың синхрондық және диахрондық жақтарына бірдей назар аудару. C) Жалпы тілдерді салыстыру. D) Туыс емес тілдерді өзара салғатыру. E) Қоғам мен тіл дамуын сипаттау. 3. Тіл және оның даму заңдары туралы ғылым қалай аталады: A) Лингвистика. B) Фразеология. C) Ассимиляция. D) Метатеза. E) Диссимиляция. 4. Сипаттама тіл білімі нені қарастырады: A) Туыстас тілдердің дыбыс жүйесін. B) Тіл дыбыстарының артикуляциялық ерекшеліктерін. C) Тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. D) Дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындауды. E) Тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі қалпын. 5. Лингвистиканы медицинамен байланыстыратын саласы: A) Синтаксис. B) Фразеология. C) Екпін. D) Артикуляция. E) Сөйлем. 6. Жалпы тіл білімі нелерді айқындайды: A) Тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен қатынасын, байланысын, тілдің даму заңдарын, зерттеу әдістерін белгілейді. B) Тілдің дұрыс бағытта дамуын зерделейді. C) Әлемдік тіл біліміндегі жетістіктерді ескере отырып, байланысын қарастырады. D) Ғылыми тұрғыдан зерттеудің нәтижелерін жинақтайды. E) Тілдің даму және өзгеру заңдылықтарын, қоғамдық құбылыстарды қарастырады. 7. Тіл білімінің логика ғылымымен байланысы неде: A) Ой формасы мен құрылысының зерттелінуінде. B) Сөздің ұғыммен, сөйлемнің пайымдаумен байланысында. C) Тілдік категориялар мен логикалық категориялардың байланысында. D) Ойлаудың заңдары мен ой формаларының өзара байланысында. E) Сөз бен сөйлемнің байланысында. 8. Тіл білімі мен географияның өзара байланысы қай салада көрінеді: A) Логика. B) Философия. C) Этнолингвистика. D) Лингвистикалық география. E) Антропология. 9. Тіл немен тығыз байланысты: A) Қоғаммен. B) Халықпен. C) Тайпамен. D) Ұжыммен. E) Табиғатпен. 10. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті қайсы: A) Ұжымды біріктіру. B) Қатынас құралы. C) Байланыс тірегі. D) Тілдік таңба. E) Даму құралы. | |
Просмотров: 6861 | Загрузок: 794 | |
Всего комментариев: 0 | |