Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қазақ тілі және ережелері


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі]
05.02.2012, 00:29
Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазақ тілі түркі тілдердің қыпшақ тобына жатады, соның ішіндегі қарақалпақ, ноғай, қарағаш тілдерімен бірге кыпшақ-ноғай топшасын құрады. Тағы да татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарай, қырымлы (қырым-татар) тілдеріне жақын.

Мазмұны
1 Жазуы
2 Фонетика
2.1 Дауысты дыбыстар
2.2 Дауысты дыбыстар
2.3 Дауыссыз дыбыстар
2.4 Дауыссыз дыбыстар
3 Грамматика
3.1 Сөз таптары
3.2 Септіктер

Жазуы
Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ араб жазуын пайдаланды. 20 ғ. басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасына негізделген араб-парсы әліппесін (төте жазу) пайдаланған. Қазір де Қытайда істе. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиі қолдануда. Түркия мен Батыс елдердегі қазақтар әртүрлі латын жазуына негізделген әліппелерді пайдаланады.












Латын жазуы (ана тілі) Араб жазуы Кирил жазуы
Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен кұқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс. بارلىق ادامدار تۋمىسىنان ازات جانە قادىر-قاسيەتى مەن كۇقىقتارى تەڭ بولىپ دۇنيەگە كەلەدى. ادامدارعا اقىل-پاراسات، ار-وجدان بەرىلگەن، سوندىقتان ولار ءبىر-بىرىمەن تۋىستىق، باۋىرمالدىق قارىم-قاتىناس جاساۋلارى ءتيىس. Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен кұқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.


Фонетика
Қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді, және жуан дауысты буындардағы дауыссыз дыбыстар жуан түрде айтылады (мысалы: тыс, құрт), ал жіңішке дауысты буындарда жіңішке естіледі (мысалы: тіс, күрт).

Қазақ тілінде екпін көбінесе соңғы буынға түседі.

Дауысты дыбыстар

Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э

Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және ''жіңішке, ''ашық'' және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:
Тілдің қатысына қарай: Жуан: а, о, ұ, ы, у.
Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э.
Жақтың қатысына қарай: Ашық: а, ә, о, ө, е, э.
Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.
Еріннің қатысына қарай: Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э.

Жоғарыда келтірілген мағлұмат Кеңес Өкіметі билік құрып тұрғанда, 1940 жылы еңгізілген Аманжолов Сәрсеннің әлипбиі негізінде берілген. Бұл әлипбиді, тоталитарлық жие қазақ халқын орыстандыру саясатының құралы ретінде пайдаланған. Орыс тілінің дыбыстары қазақ әлипбиіне қосылған. Қазақ тілі туралы жалған мағлұмат ресми құжаттарда, Қазақстан тәуелсізік алса да, осы уақытқа дейін өзгертілмей келеді.

Қазақ тілінің дыбыстық жуесін алғашқы құрған ғалым
Байтұрсын-ұлы Ахымет, басқа дыбыстық жуелер, бөтен тілдердің дыбыстары қосылған, жалған жуелер.
Нағыз қазақ тілінде тек мына даустылар бар:

Дауысты дыбыстар
Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар: о, ұ, а, ы, ө, ү, ә, і, е
Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және ''жіңішке, ''ашық'' және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:
Тілдің қатысына қарай: Жуан: о, ұ, а, ы.
Жіңішке: ө, ү, ә, і, е.
Жақтың қатысына қарай: Ашық: а, ә, о, ө, е.
Қысаң: ы, і, ү, ұ.
Еріннің қатысына қарай: Еріндік: о, ө, ұ, ү.
Езулік: а, ә, е, ы, і.
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
Үнді: й, л, м, н, ң, р, у
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ

Жоғарыда келтірілген мағлұмат Кеңес Өкіметі билік құрып тұрғанда, 1940 жылы еңгізілген Аманжолов Сәрсеннің әлипбиі негізінде берілген. Бұл әлипбиді, тоталитарлық жуе қазақ қалқын орыстандыру саясатының құралы ретінде пайдаланған. Орыс тілінің дыбыстары қазақ әлипбиіне қосылған. Қазақ тілі туралы жалған мағлумат ресми құжаттарда, Қазақстан тәуелсізік алса да, осы уақытқа дейін өзгертілмей келеді. Қазақ тілінің дыбыстық жуесін алғашқы құрған ғалым Байтұрсын-ұлы Ақымет, басқа дыбыстық жуелер, бөтен тілдердің дыбыстары қосылған, жалған жуелер.

Нағыз қазақ тілінде тек мына дауысссыздар бар:
[өңдеу]
Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады. Қазақ тілінде 19 дауыссыз дыбыс бар: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып үшке бөлінеді.Ұяң: б, г, ғ, д, ж, з
Үнді: й, л, м, н, ң, р, у
Қатаң: к, қ, п, с, т, ш

Грамматика
Қазақ тілінде сөз алдында тұратын көмекші сөздер (препосітіон) орнына, сөз артынан келетін шылау (постпосітіон) не тиісті жалғау қолданылады (мысалы: қазақ тілі туралы мақаланы энциклопедияға қосу).

Сан есімі бар зат есім жекеше түрінде беріледі (мысалы: «мен екі мақала жаздым», бірақ «мақалаларымда көп қате жіберіппін»).

Сөз таптары
Қазақ тілінде келесі сөз таптары бар
Зат есім (бет, қол)
Сын есім (қызыл, биік)
Сан есім (бір, жүз)
Есімдік (мен, сен)
Етістік (бару, жазу)
Үстеу (тез, таза)
Шылау (үшін, туралы)
Еліктеу сөз (күмп, тарс-тұрс, ыржың-ыржың)
Одағай (алақай, тәйт, құрау-құрау)

Септіктер
Қазақ тілінде 7 септік бар. Төменде әр септіктің сұрақтары, жалғаулары мен мысалдары берілген:септік сұрағы жалғауы мысалы
Атау кім? не? (жоқ) кісі, ат
Ілік кімнің? ненің? -ның/-нің, -дың/-дің,
-тың/-тің кісінің, аттың
Барыс кімге? неге? қайда? -ға/-ге, -қа/-ке кісіге, атқа
Табыс кімді? нені? -ны/-ні, -ды/-ді,
-ты/-ті кісіні, атты
Жатыс кімде? неде? қайда? -да/-де, -та/-те кісіде, атта
Шығыс кімнен? неден? -нан/-нен, -дан/-ден,
-тан/-тен кісіден, аттан
Көмектес кіммен? немен? -мен/-бен/-пен кісімен, атпен
Категория: Қазақ тілі | Добавил: Admin | Теги: ҚАЗАҚ ТІЛІ, ережелері, тілі, Қазақ, және
Просмотров: 57070 | Загрузок: 0 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 3.5/117
Всего комментариев: 7
7 Арман  
Всемм привет спасиба

6 Richard  
Nice

5 бакнур  
Ура коп коп рахмет

4 акерке  
как можно скачать?
Ответ: никак весь материал перед табой проста скопируй

3 Мирас  
Коп рахмет!!!

2 Маулен  
prosto klass zaxaditi

1 аружан  
sposibo fsem

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]