Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Қарсылықты салалас
[ Скачать с сервера (219.3 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Қазақ тілі]
20.02.2015, 14:59

Абдрахманова Қаиыркүл Кенжеғалиевна
І санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы №12 ОМ ұстазы.


8-сынып Қазақ тілі Өтетін мерзімі: 22.01.15
Сабақтың тақырыбы:Қарсылықты салалас
Сабақтың мақсаты:
1. Қарсылықты салалас, оның мағыналық түрлері туралы біледі.
2. Қарсылықты салаластың мағыналық түрлерінің жасалуы, ерекшелігін меңгереді. Бұрынғы білімдерімен салыстыра алады, ажыратады, қолдана алады.
3. Сөздік қоры мол, ана тілінің жанашыры болады.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.Топтық жұмыс.
Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызба, кестелер, доп, стикер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3.Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру;
Оқушылармен қауышу сәті.
1) Шаттық шеңбері «Жан жылуын сыйлайық!»
2) Сынып оқушыларын 4 «Жанұяға» бөлу.
«Атом мен молекула»
3) Сабақ эпиграфын оқу: «Қазақ халқының болашағы-қазақ тілінде»-Н.Ә.Назарбаев.
4) «Өзіндік бағалау парағын» тарату.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. 104-жаттығу.
Себеп-салдар салалас. 104-жаттығу
“Сәйкестендіру” тесті
1-жай сөйлем Себеп-салдар салалас 2-жай сөйлем

1 Тереңге балық уылдырық шаша алмайды,... жаңағы жүк машинаға да жеттік

2 Сасық күзен, тышқан, жылан сияқты жәндіктер оқпанды жерден інді көп қазады... неге десең ,ондай жердің асты ылғалсыз құрғақ болады.

3 Есенқұл жауап қатқанша болған жоқ,.. және таза түрінде кездесуі сирек.

4 Кей металдар табиғатта өте аз,.. неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр,не шөп, не қамыс жоқ.

2. «Миға шабуыл» стр., «Зымыран сұрақтар»
1-топ тапсырмасы
Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Құрмалас сөйлемнің түрлері
2-топ тапсырмасы
Салалас құрмалас дегеніміз не?
Салалас құрмалас мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
3-топ тапсырмасы
Ыңғайлас салалас дегеніміз не?
Ыңғайлас салас қалай жасалады?
4-топ тапсырмасы
Себеп-салдар салас дегеніміз не?
Себеп-салдар салас қалай жасалады?
ІІ. Мағынаны тану
1). Мысалдар:
1. Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай мазасыздандырмайды.(Ғ.С.)
2. Бұл ел Мұхитты бұрын да қадірлеуші еді ғой, дегенмен онысы мұндай дәрежеде емес-ті.(Ғ.С)
3. Елемес бір нәрсе айтайын деп еді, - Шымырбек үндемей қалды. (С.Е)
4. Бұл әлі құлама кәрі кісі емес еді, оны қайғы -қасірет жаншып барады.
5. Бас болмақ оңай, – бастамақ қиын. ( мақал)
2). «Сұрақ Менен, жауап Сізден» әдісі.
-Не байқадық, балалар?
-Қандай шылаулар арқылы жасалған?
-Қарсылықты салаластың жалғаулықсыз түрі бар ма?
-Қандай тыныс белгілерін байқадық?
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары көрсетілген «Егер - онда» блок- сызбасы бойынша түсіндіру.

Білімді бекіту
107 – жаттығу. Қарсылықты салаластың қандай түрі екендігін анықтап, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер /ауызша/.
Оларда пасықтық бар,-адамдық жоқ;қараңғы жауыздық бар,-жарқын жүз жоқ. Мен түріктің падишасы Афрасиабтың өзінің қымбат нәрселерін,алтын,күмістерін Хорезм өлкесіндегі Кердеріден жоғары бір жерге көмгендігі туралы көне деректі парсы тілінен оқып білдім, бірақ
ІІ Хұсрауға дейін оны ешкім білмеген. Жанқия апай сені елжіретіп сүймейді де, өтінбейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да... . Ұлболсын жауап беруден , сөйлесуден тартынбайды, - неге екені белгісіз,қаймығады.Мектеп бітіруімізге бірталай уақыт бар, сонда да әрқайсымыздың неге икем екеніміз байқалып қалған-ды.

Дәптермен жұмыс.
106 – жаттығу.Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама-қарсы мәнді жай сөйлем ойлап жазып, қарсылықты салалас құраңдар.
1. Жел саябырлаған сияқты, ...
2. Теңіз тынышталды, ...
3. Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен, ...
4. Бұрын бай еді, ...
5. Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді, ...
6. Жаз ортасы болып қалды, ...

Сергіту сәті «Жаңбырлы сәт».
Тақтамен жұмыс.
Семантикалық карта
108 – жаттығу. Қайсысы ыңғайлас, қайсысы себеп-салдар, қайсысы қарсылықты салалас екенін табыңдар.Әрбір салалас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу жолын түсіндіріңдер.
Сөйлемдер
Ыңғайлас салалас Себеп-салдар салалас Қарсылықты салалас
Мұғалімнің жұмысында қиындықтар өте көп және мұғалімнің жауаптылығы да өте зор.
Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін-өзі бақылай жүруге тиіс.
Түсінен шошынып, дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да көретіні – қазып жатқан көр болады.
Құдайдың қаһарынан жалбарынып құтылуға болады,-халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.

Сөйлем мүшелеріне синтаксистік талдау.
1. Ол жылдам жазып отыр, себебі бұл бұрыннан-ақ көкейінде сайрап жүр еді.
2. Қаныш Баянауыл әндерін көп біледі және өзі жақсы орындайды
3. Олардың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды.
4. Халықтар бейбітшілік үшін күреседі.

ІІІ. Ой-толғаныс.
«Соңғы сөзді мен айтамын» стр.,
Шарты: Аяқталмаған мақалдарды аяқтау.
1. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.
2. Үйлену оңай,-үй болу қиын.
3. Сөзің тәтті болсын,-ашуың қатты болсын.
4. Сүңгінің жарасы бітер,-
Тіл жарасы бітпес.
5. Ана тілің –арың бұл, ұятың боп тұр бетте.
6. Өзге тілдің бәрін біл,-өз тіліңді құрметте.

7. Кесел батпандап кіреді,-
Мысқылдап шығады.
8. Бірге тумақ бар,-
Бірге жүрмек жоқ.
Үйге тапсырма :
Қарсылықты салалас
109 – жаттығу.
Бағалау.

Сабақты қорыту.
• Рефлексия “Екі жұлдыз, бір тілек”
• Мұғалім сөзі:
Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті. Сөзіміз де, ойымыз да мінсіз болсын десек, АНА ТІЛІМІЗДІ құрметтейік, қазақтар!

Категория: Қазақ тілі
Просмотров: 4508 | Загрузок: 78 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]