Главная » Файлы » Рефераты |
Қан көрсеткіштерін анықтау әдісі (Слайд)
[ Скачать с сервера (1.99 Mb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Биология] |
12.10.2013, 15:45 |
ЖОСПАРЫ: 1. Қан құрамы, қан жасушалары 2. Егеуқұйрықтардан қан алу методикасы 3. Қан клеткаларындағы өзгерістерді анықтау әдісі. Гемоанализатор 4. Гемоанализатордың жұмыс істеу принципі 5. Қорытынды Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан{55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады . Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок); 0,12% глюкоза; 0,7 0% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттергормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4,5%); глобулиндер (1,7-3,5 % және фибриногендер (0.4). Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан сарысуы сарысу деп аталады .Қан сарысуы мен сарысудың айырмашылығы: қан сарысуы қаннын сұйық бөлігі, ал сарысу ұйыған қаннан кейінгі сұйықтық (қан ұйығының сығындысы). Альбумин мен глобулин нәруыздары жасушадағы су мен денедегі сұйықтықты реттеуге қатысады. Минералды калий, кальций, магний тұздары болады. Нәруыздар қан ұюына қатысып, плазмаға жабысқақтық қасиет береді. Қан – организмнің ішкі ортасының маңызды бөлігі болып табылады. Қаннан жасуша клеткалары организмнің тіршілік қарекетіне қажетті бүкіл заттарды алып отырады. Қанға сонымен бірге клеткалық және тканьдық алмасу өнімдері түсіп отырады. Әр жеке мүше функцияларында және организм жүйесінде болатын өзгерістер қан құрамынан көрініс табады. Сондықтан да қан құрамының көрсеткіштерін анықтау көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде маңызды орын алады. | |
Просмотров: 4721 | Загрузок: 386 | Комментарии: 2 | |
Всего комментариев: 2 | |
| |