Есірткі
Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан
белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша
пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни
ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да
еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс
ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен. Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда
кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX
ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі
айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие
болды. Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат
алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен
Ұлттар Ұйымының құзырына көшті. Нашақорлыққа көбінесе
жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезенде ересектер арасында да
ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Нашақорлардын саны 2000 жылы
1999 жылмен салыстырғанда 98% өскен. Сондықтан әңгімеміз тек
жасөспірімдср арасындағы нашақорлыққа салынудың себептері неде? Жастардың
арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады.
Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Олар жас
болғандықтан қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне адам ойына келмейтін
жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік,
жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы,
иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен
есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жасөспірімдер өздерінің
ержүректігін, дербестігін танытуға болатын топтар мен ұйымдарға
бірігеді. Мұндай топтар үй жақта, би алаңдарында, мектепте де
ұйымдасады және топ ішінде алғашқы "тексерістер" болып өтеді. Топтық
психология, еліктеушілік, ермелік топ ішінде біреуі есірткі немесе
шарап дәмін татқан болса, уақыт өткен соң топтың барлық мүшелері
есірткі мен алкогольге әуестенуге соқтырады. Бұзақылар арасына түсудің
де себептері көп. Бұл отбасындағы кикілжің де, ата-аналардың,
мұғалімдердің бала бос уақытын калай өткізетініне назар аудармауы да,
тіпті баланың қолында артық ақшаның жүруі де болуы мүмкін. Кеш
болысымен жиналатын жасөспірімдер музыка тыңдап, бейне таспаларын көріп
немесе көше кезіп уақыт өткізеді. Ал бұл болса адамның ішін пыстырады.
Қазір спорт, музыка, өнер мектептерінде оқу қымбат, барлық ата-ананың
қаржысы жете бермейді. Сөйтіп күндердің күнінде топқа бұрын есірткінің
дәмін татқан "білгіш" қосылады. Бір ерекшелігі нашақорлар басқаларды
есірткіге әуестендіру әрекетін әдейі жасайды. Өйткені нашақор еңбек
етуге дәрмені жоқ адам, ол есірткі сатып алуға қажетті ақша іздейді де
жүреді. Нашақор қаражатты ұрлықпен табудан басқа амалын білмейді, ал
ұрлык әрдайым жазасыз болмайды. Сондықтан нашақор ата-анасы ауқатты
жасөспірімдерді есірткіге әуестендіруге, соның арқасында өзінің "қамын"
ойлауды мақсат етеді. Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі
де сол. Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді
ұсынады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Олардың бірі қызық көруді
қаласа, екіншісі басқалардан қалмауды, тағы бірі өзін ересек көрсетуге
тырысуды, ендігі біреуі бар қиындықтан қашып, ләззат аламын дейді.
Бара-бара жасөспірім нашақорға, есірткінің құлына айналады. Есірткінің
ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып
калады. Міне, адамдардың нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр.
Танысы, бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың,
қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады
деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік
қиындықтардан, отбасындағы ұрыс-керістен, жұмыссыздықтан немесе
қызметіндегі жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да
"қашып кетуді" ойлап, есірткінің дәмін татады да, нашақор санатына
қосылғанын білмей қалады. Нашақордың, мейлі ол тек марихуана
шеккеннің өзінде жасы ұзаққа созылмайды. Марихуана шегетіндердің ең
алдымен өкпесі қабынады, бронхит, одан әрі өкпе рагі дамиды да адам
өлімге дайындалады. Соңғы кезде ғалымдар марихуананың бауыр мен жүрекке
де кері әсері бар екенін дәлелдеді. Ал осы есірткі түрінің миға кері
әсерінің салдарынан адамның жаттауға қабілеті нашарлап, ұмытшақ етеді. Марихуана
шегушілердің басқалармен қарым-қатынас жасауға құлқы болмайды.
Есірткінің опиат тобындағы түрлерін қолдану нашақорлар арасындағы
өлімнің және мүгедектің басты себебі болып табылады. Опиатты
есірткілерді (морфин, героин, кодеин, метадон) және басқалары ең
алдымен ине шаншу арқылы колданады. Сондықтан оларды қолдану кезінде ең
қауіпті аурулар — СПИД, сифилис жөне гепатит жұқтыру мүмкіндігі күрт
жоғарылайды. Нашақорлардың көбісі осы үш аурумен ауырады. Гепатит, оған
қоса есірткі заттармен улану бауырдың дистрофиясына алып келеді де,
адам мүгедек болып қалады. Көкнәр шикізатын ацетон, бензол, толуол,
уксус ангидриді секілді органикалық еріткіштермен өндейтіндіктен
қолданылатын есірткіде олардың 5% қалады. Есірткі қанда қалады да,
еріткіш заттар бауырды күйдіріп, сонда шөгеді. Әрине, нашақор есірткі
қолданып жүргенде оны байқамайды, ол есірткімен уланған кезінде
ауыртпалықты сезбейді. Нашақор өзінің мүгедектігін тек екі жағдайда
байқайды: өзі іріңдеп, шіри бастағанында немесе нашақорлықтан емделіп,
есі орнына келген кезде. Органикалық еріткіштер мен уксустік
ангидридтен тек қана бауыр емес жүрек, ми, өкпе де зардап шегеді. Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді. Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай: - ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытынын болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы; - отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы; - әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы; -ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда маскүнем немесе нашақор болуы; -отбасы мүшелерініц бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы; - мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі, жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі; - достарының арасында нашақорлардың бар болуы; -өзінен жасы үлкен достарынын жетегінде жүруі; -алкоголь мен есірткіге қол жеткізудін оңай болуы; -әлеуметгік-экономикалық жағдайының төмендігі. Ал
енді жастарды есірткіден қалай қорғап қалуға болады? Қазіргі жастар тез
өсіп, дене бітімі тез жетіледі. Алайда олардың сана-сезімі мен
дүниетанымы әлі де болса балалықтан асып кете алмайды. Біздің
айналамызда еңгезердей балақайлар жиі кездеседі. 9-12 жасар балалар
есірткіге сирек әуес болады. Олардың әуестендіру әдейі жасалған әрекет
бол-маса, бұл жастағылар темекі шегуді де мәртебе санайды. Олардың
кейбіреулері шарап та ішеді. Тоғыз-он екі жасарлар үй жақта немесе
мектепте арзан улы химикаттарды иіскеуі мүмкін. Сондықтан ата-ананың
міндеті осы жастағы балаға көбірек көңіл бөліп, темекі, спирттік
ішімдік және есірткінің зияны туралы жиі айту. Мұндай әңгімелер іш
пыстыр-майтын болғаны абзал және де бостан бос миды ашытпай, жәй айтып
кана қоймай, мысал да келтіру кажет. Аталмыш жастағы балалардың
психикасы сезімтал болады, олар көргенін өмір бақи ұмытпайды. Осы
жастарда баланызға аса көңіл аударыңыз, өйткені оның болашағы, оның
болашақта дені сау азамат болып өсу мәселесі дәл сол кездері шешіледі. 13-15
жастағы жасөспірімдер есірткі туралы ересек замандастарынан естіп
біледі. Олар нашақорлықты ауыр, емделуі қиын індет екенін түсінбейді.
Анаша шегуді нашақорлыққа жатқызбайды, оған тәуелді емеспін, кез келген
уақытта шегуді тоқтата аламын деп ойлайды. Бұларға барлық нашақор
"жеңіл" есірткіден бастағанын, содан бірте-бірте нашақорға айналғанын
түсіндіру кажет. Кез келген есірткі адамның денсаулығын, психикасын
бұза-ды, адамды қуатсыз, әлсіз, жігерсіз ететіндігін жеткізу керек. Бұл
жастарда жасөспірімдер өтпелі кезеңде болғандықтан олардың немен
әуестенетіндігіне, достарының кім екендігіне, достарының арасында
есірткі мен алкоголь қолданатындардың бар-жоқтығына көңіл бөліп,
мінез-құлқының өзгерістеріне назар аударған дұрыс. Енді 16-18 жасар
жастардың арасында нашақорлық пен оның салдары туралы жақсы білетіндер
көп. Жастардың арасында есірткіні жақтаушылар, оған қарсы тұрушылар мен
екі ойлылары бар. Сонымен қоса есірткі мен алкогольге салынып кеткендер
де кездеседі. Оларды қалай анықтау керек? Жастардың тәлім-тәрбиесінде
түрмеде отырған құрдастары мен таныстары үлкен әсер етеді. Ондай
адамдар жастарды өз өмірінің "романтикасын" айтып қызықтырады, ұрлыққа,
есірткіге баулиды. 16-18 жасарлармен әңгімелесу қиын, олар сізді өмір
ағымынан қалып қойған "ежелгі санауы" өздерінің ержеткен ересек азамат
екенін алға тартуы әбден мүмкін. Сондықтан олармен ересек азаматпен
сөйлескендей әңгімелесу кажет. Әдейі қорқыту, бос ойбай көмектеспейді,
ал нашақорлық туралы тым аз білу тіпті арадағы түсіністікті жоқ етеді.
Оларға нақты мысал келтіріп, нашақорлық қаупін жете түсіндірген жөн.
Әңгіме арқауында қылмыстық және әлеуметгік мәселелер жиі естілуі тиіс.
Басты айтатыным, ата-ана өздеріңіз арақ ішіп, темекі тартып, есірткі
қолданып ұрпағыңызға "өнеге" көрсетпеңіз. Әрбір бала ата-анасына
ұқсауға тырысады, бұл әсіресе 14 жасқа дейінгі кезеңде айқын көрінеді.
Жас балалар арақ-шарап ішу, темекі тарту және есірткі қолдану оларды
ересек етеді деген ойда жүреді, оларға арақ ішу мен темекі тарту баланы
ересек етпейтіндігін түсіндіріп отыру артық болмайды. Сонымен бірге
есірткі колдану, оны сақтау немесе сату заңмен қудаланатынын жиі есіне
салып отыру керектігін де естеріңізге сала кетейік. Жасөспіріммен
алкоголь, темекі, есірткі және барлық тәрбиелік мәні бар әңгімені
тиімді уақытта бастаған дұрыс. Оның барлық назары тек сізде болуы
кажет, сонда ғана арада түсіністік болады. Жасөспірімнің есірткіге
әуестенгенін анықтау киын емес. Ең алдымен жасөспірімнің мінез-құлқы
өзгеріске ұшырайды. Ол ашушаң бола бастайды. Кез келген нәрсе қанын
қайнатып, жүйкесін тоздыратынды шығарады. Жасөспірім
айналасындағылардың барлығын жау санап, айбат көрсетуді, аты-жөні жоқ
қаһар шашуды әдетке айналдырады. Сабақтан қалуды жиілетеді, пәндерден
алатын бағалары төмендейді, білімі тайызданады. Үйге кеш оралып, түс
ауғанша ұйықтауды көбейтеді. Көшеден келісімен екі-үш күн тамақ ішпеген
адамдай суыған асты қомағайлықпен жей бастайды. Ал кей кезде тіпті
тамаққа қарағысы да келмейді. Мұндай мінезді
көбінесе наша шегетіндерден байқауға болады. Егер шегіп келген болса,
онын киімі темекіден басқа, ерекше түтін иісін шығарады. Көздері
қанталап, бұлыңғыр тартып тұрады, қайта-қайта сұрауы да мүмкін. Жауабын
ұзақ ойланып, сөйлесем біліп қояды деген оймен қорқынышқа бой ұсынады. Шеккенімді
біліп қояды деп, ол оңаша қалуға тырысып бағады. Қасынан кетпей
қойсаңыз өзін қоярға жер таппай тыпыршиды, тіпті ашулана бастайды. Егер
наша іспеттес есірткі шегетіні ұзаққа созылған болса, жасөспірімдердің
бет-әлпеті де өзгеріске ұшырай бастайды. Есірткіні ине арқылы
қабылдайтын нашақорларды да тануға болады. Олар ауа райы мен жағдайға
байланыссыз әрдайым ұзын жеңді киім киеді. Мұны олар ине шаншылған
мүшелерін көрсетпеу мақсатымен істейді. Киімі мен пошымына немкұрайды
қарайды. Шаштары өсіп, түсін жоғалтады, тістері сарғайып, қажетті
минералдар жетіспегендіктен ұнталып кетеді. Әңгімесі мағынасыз, мәнсіз.
Көз қарашықтары шамадан тыс кеңейіп немесе жіңішкеріп кетеді. Аузынан
арақтың иісі шықпаса да мас адамға ұқсап теңселеді. Бір нүктеге қарап
ұзақ тұрып қалады, немесе жатып алады. Есірткі жоқ бола қалса тез
ашуланғыш болады. Жаз болса да тұмау тиген адамдай мұрнын тарта береді,
көзі жасаурап жүреді. Еңсесі түсіп, екі иығы түсіп, мойынын ішке
тартып, бүкірейіп жүре бастайды. Ұйыктап жатқанда денесін қарасаңыз ине
шаншылған іздерді оңай табасыз. Қаржы сұрауы да орын алады. Өмірге
деген қызығушылығы да жоғалады. Есірткіге қол жеткізе алмаған кездері
суық терге батып, аяқ-қолы дірілдеп, бұратылып қалады. Оған қоса іші
өтеді, тамақ ішсе де лоқсып, құсқысы келеді. Міне осындай белгілерді
байқасаңыз сіз нашақорға кездескен болуыңыз әбден мүмкін. Мұндай
жағдайда ең бастысы саспай, салмақтылықты жоғалтпау керек. Сіз тез
арада дәрігер -наркологпен акылдасыңыз. Алғашқы кездесу тек сіз бен
дәрігер арасында өткені жөн. Дәрігерге қандай себептермен келгеніңізді
түсіндіресіз. Тек мәселенің мәні ашылғаннан кейін барып балаңызды
дәрігерге алып келесіз.
|