Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Кәдімгі өрік (Armeniacae vulgaris, абрикос).


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Биология]
03.02.2012, 14:50

Сипаттамасы:

Биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25-30 см-ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады.

Таралуы:

Жабайы түрде Орта Азияда, СолтүстікШығыс Қытайда, Дағыстанда кездеседі. Таулардың құрғақ, тастақ етектерінде тоғайланып өседі.

Қазақстанның таулы аудандарын теңіз деңгейінен 800-1900м биіктікте өседі. Іле Алатауы, Кіші Алматы өзенінің жағасында, Талғар, Түрен аймақтарында жиі кездеседі.

Дайындалуы:

Шайырлар өріктің діңгегінде, бұтақтарында ағып жиналды. Орта Азияда кейбір ағаштардан 0,5 кг-дан 1,5 кг-ға дейін жинап алуға болады. Қағаз бетіне жайып қойып, жақсы желдетілетін бөлмелерде кептіреді

Химиялық құрамы:

Өрік шайырының құрамына 16% глюкурон қышқылы, 44%-ға дейін галактоза, 41%-ға дейін арабиноза кіреді, белоктық заттар 0,6%-дан аспайды.

Шикізаттың сапалық көрсеткіштері:

Өрік шайырының кесектерінің үлкендігі әртүрлі болады, сыртқы формалары да әртүрлі: майдалары тамшы және сүңгі тәріздес, ірілері шар және жентек тәріздес болады. Жаңа жиналып алған шайыр ақшыл-сары түсті, мөлдір болады, ескі кесектері Сары – қоңыр түсті болады, мөлдір болмайды.

Қолданылуы:

Эмульгатор ретінде эмульсиялардың ондірісінде қолданылады.

Категория: Биология | Добавил: Admin | Теги: (Armeniacae, абрикос)., биология, vulgaris, Кәдімгі, өрік
Просмотров: 2599 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]