Главная » Файлы » Рефераты |
Қына өсімдігі
[ Скачать с сервера (70.0 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Биология] |
24.10.2013, 12:27 |
Қына – төменгі сатыдағы споралы өсімдіктерге жататын талломды организмдер тобы. Саңырауқұлақтар мен балдырлардың cелбесе тіршілік ету нәтижесінде пайда болған. Қынаның 400-дей туысы, 26 мың түрі бар. Олардың қазба қалдықтары жоғарғы бор кезеңінен белгілі. Қазақстанда Қынаның 491 түрі анықталған, 1 түрі (Бұғы кладинасы) Қазақстанның "Қызыл кітабына” енгізілген. Қына денесі бір клеткалы балдырлар тіршілік ететін саңырауқұлақ гифтерінен (жіпшелерінен) құралған. Саңырауқұлақ фотосинтезгеқабілетсіз болғандықтан дайын көмірсуларды балдырлардан алады да, есесіне балдырларды сумен, минералды заттармен қамтамасыз етіп, әрі сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғап тұрады. Сондықтан Қыналар басқа организмдер тіршілік ете алмайтын орта жағдайларына жақсы бейімделген. Қынаны құрайтын саңырауқұлақтар, негізінен, қалталы саңырауқұлақтар класына, ал Қынаның екінші бөлігін құрайтын балдырлар көк-жасыл балдырлар және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады. Бұлардың бір ерекшелігі — жеке (саңырауқұлақсыз) де тіршілік етуге қабілетті. Қынаның сыртқы пішіні әр түрлі: кішкене жұқа қабықша сияқты, жиегі бір шама тілімделген, сырты тегіс, немесе бұдырлы қалақша тәрізді; кішірек бұталарда, таста өседі, немесе ағаштарда өсіп төмен салбырап тұрады. Түсі қоңыр, қара, сұр, сары, қызғылт, ақшыл, т.б. болып келеді де қайнатпа (қабыршақты), жапырақша және бұта тәрізді Қыналар болып үш топқа бөлінеді. | |
Просмотров: 6329 | Загрузок: 473 | |
Всего комментариев: 0 | |