Главная » Файлы » Рефераты |
Ұрық жапырақшаларының туындылары
[ Скачать с сервера (44.5 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Биология] |
12.10.2013, 13:40 |
Ұрық жапырақшаларының туындылары Гаструлалану Бөлшектену морула мен бластуланың пайда болуымен аяқталғаннан кейін клетка материалының қозғалып орын алмасуының нәтижесінде бластомерлердің көп санынан (ланцетниктерде 3000 шамасында, құрбақаларда бірнеше жүзден) тұратын бірқабатты ұрық бластула екі қабатты ұрыққа-гаструлаға(грекше gaster-қарын) айналады. Гаструланың пайда болуына әкеп соғатын процесті гаструляция (гаструлалану) дейді, осы процесс кезінде түзілетін клеткалар қабаттарын ұрықтық жапырақшалар деп атайды. Сыртқы жапырақшаны-эктодерма(гр. есtos-сыртқы), ішкісін-энтодерма(гр.entos - ішкі) дейді. Клеткаларында сары уыздың болып-болмауына байланыссыз энтодерма цитоплазмасының құрамы мен клеткаларының пішіні және үлкендігі жағынан эктодермадан өзгешілігін байқатады. Бұл өзгерістер даму кезінде сақталып үдейді де, энтодерманың клеткаларына барлық жануарлардың ішек клеткаларына айналуына мүмкіншілік беретін қасиет береді. Эктодерма өзіне тән ерекшеліктерін дамытып, сыртқы жабындының эпителийіне айналады. Сонымен бірге ұрық денесінің белгілі учаскелерінде сезім органдары мен нерв жүйесінің бастамасын құрайды. Энтодерманың эктодермадан гистологиялық оқшаулануы осы кездегі олардың арасында пайда болатын функциялық айырмашылықтарға негізделген болуы керек. Гаструла кезеңінде алғашқы ішек немесе архентерон түзіледі. Алғашқы ішектегі сыртқы ортамен жалғастыратын тесікті алғашқы ауыз немесе бластопор дейді. Түрлі жануарлардың бластопорының тағдыры түрліше: тұрақты ауызға немесе аналь(артқы) тесікке айналуы мүмкін. Бластопоры тікелей ауыз тесігіне айналатын болса, ондай жануарларды алғашқы ауыздылар деп атайды. Бұған жататындар құрттар, моллюскілер мен буынаяқтылар. Бластопоры аналь тесігіне сәйкес келетін жануарларда тұрақты ауыз ұрықтың артқы ұшында жаңадан пайда болатын болса, ондай жануарларды екінші ауыздылар дейді. Екінші ауыздыларға қылқындыжақтылар, иықаяқтылар, тікентерілілер, ішек пен тыныс алушылар мен хордалылар, жануарлардың бәрінде, губкалар мен ішек қуыстылардан басқасында эктодерма мен энтодерманың арасында гаструлалану кезінде үшінші, ортаңғы жапырақша-мезодерма оқшауланады. Мезодерма ішек энтодермасының екі жанынан симметриялық клеткалар жолағы түрінде кейін бластоцельге қарай өсіп күрделі жіктеліске ұшырап дененің мускулатурасын, ішек органдарының серозалық астарын, ұрықтың зәр шығару мен қан айналысының жүйелерін құрайды. Гаструлаланудың төрт әдісін ажыратады: иммиграция, инвагинация,эпиболия және делеминация. Иммиграция – бластодерманың жеке клеткаларының бластоцель қуысына қарай көшуі. Бластоцельге қарай көшкен бластодерманың клеткалары ішкі ұрықтық жапырақша-энтодерманы құрайды да, өз орнында қалғандары эктодерманы түзеді, гаструцель мұнда пайда болмайды. Гаструлаланудың бұл әдісі губкалар мен ішек қуыстыларда байқалады. И.И.Мечников бойынша иммиграция тәсілі гаструлаланудың ең ежелгі әдісі. Инвагинация(ойылу) – әдісінде бластуланың вегатитивтік бөлігі бластоцельге қарай ойылып кіріп ең ақырында анимальдік жартышармен беттеседі, бластоцель бірте-бірте жойылады, оның орнына алғашқы ішек қуысы, немесе гастроцель пайда болады. Инвагинацияның екі қабатты ұрық пайда болады: сыртқы қабаты-эктодерма, ішкі қабаты-энтодерма. Тікентерілілер мен төменгі сатыдағы хордалыларда кездеседі. Эпиболияда (қаптап өсу) бластуланың анимальдік бөлігі вегатативтік бөлігін қаптап өсіп эктодерманы құрайды, ал вегатативтік полюстің клеткалары энтодерманы түзеді. Қосмекенділерге және басқаларға тән. Деляминация әдісінде бластодерманың клеткалары тек ұрық бетіне параллель бөлініп клеткалардың екі-сыртқы(эктодерма) және ішкі(энтодерма)-қабаттарын құрайды. Омыртқасыз жануарлардың көпшілігінде және жоғарғы сатыдағы омыртқалыларда байқалады. Мезодерманың пайда болуы Губкалар мен ішекқуыстылардан басқа жануарлардың бәрінде гаструлаланумен байланысты мезодерма деп аталатын үшінші ұрық жапырақшасы пайда болады. Бұл эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан клеткалық элементтердің жиынтығы. Омыртқасыз жануарлардың бәрінде, тікентерілерден басқаларында, мезодерма бөлшектену кезеңінде оқшауланатын эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан телобластлар деп аталатын екі үлкен клеткадан түзіледі. Мезодерманы құраушы осы клеткалар ұрықтың артқы ұшында орналасқандықтан телобласттар(telos-ұшы) деп аталған. Мезодерманың бұл түзілу әдісін телобласттық деп атайды. Тікентерілер мен барлық хордалыларда, жоғарғы сатыдағы омыртқалылардан басқаларында, мезодерма гаструлалану аяқталғаннан кейін ішкі ұрықтық жапырақшадан, энтодермадан, пайда болады. Бұл жағдайда мезодерма алғашқы ішектің екі бүйірінде энтодерманың қалта тәрізді өсіндісі түрінде пайда болады. Мезодермалық өсіндінің қуысы дененің екінші қуысы немесе целом болып саналады. Мезодерма түзілуінің бұл әдісі энтероцельдік деп аталған. Мезодерма гаструлалану процесі кезінде экто- және энтодермамен қатар түзіледі. Сонымен, алғашқы ауыздыларда мезодерма телобластылық, ал екінші ауыздыларда энтероцельдік әдіспен пайда болады. Мезодерма эктодерма және энтодерма сияқты клеткалардың тұтас қабаты емес. Оның компоненттерінің миграцияланатын қабілеті бар және мезенхима деп аталатын құрылымды, ұрықтық дәнекер ұлпасын құрайды. Энтодерма мен мезодермадан дамыған мезенхиманы энтомезенхима деп атайды, ал эктодермадан дамығандарын эктомезенхима деп атайды. Омыртқалыларда эндомезенхимадан ересек организмнің дәнекер ұлпаларының әр түрлері, қан тамырлары мен бірыңғай салалы бұлшықет, қанның клеткалары пайда болады. Эктомезенхимадан висцералдық қаңқаның бәрі дерлігі, пигменттік клеткалар, микроглия мен дерманың бір бөлігі түзіледі. Сонымен, гаструлалану аяқталғаннан кейін хордалыларға тән дене құрылысының жалпы жоспары анықталады. Нейрулалану Адам мен хордалы жануарлар ұрықтарында нерв түтігінің түзілу процесін нейрулалану дейді. Дамудың бұл кезеңі нейрула деп алатын эмбриондық даму кезеңінде жүреді, гаструлалану процесі аяқталғаннан кейін. Нейрулалану ұрықтың арқа бетінде эктодерманың қалыңдап, нерв пластинкасының пайда болуынан басталады. Нерв пластинкасының жиегі түріліп науашық құрап кейін нерв түтігіне айналады. Нерв түтігінің алдыңғы бөлігі миға, мойын мен тұлға аймағындағы бөлігі жұлынға жіктеледі. Нерв түтігінің каналы орталық жұлын каналына айналады. Нерв түтігі тері эпителийіне айналатын эктодерманың қалған бөлігінен бөлінеді де, тері эктодермасының астында қалады. Нейрулалану кезінде біліктік органдардың – хорда мен сомиттердің пайда болуы және басқа эмбриондық бастамалардың оқшаулана бастайтыны байқалады. Біліктік органдардың түзілуі хордалылардың бәріне тән. Нейрулалану барысында мезодерманың клеткалары клеткалардың 4 жиынтығын құрайды. Олар мына төмендегі бастамаларды береді: 1. хорданы, 2. сегменттелген мезодерманы немесе сомиттерді, 3. невротомды 4. бүйір пластинкаларын немесе сегменттелмеген мезодерманы, я болмаса спланхнотомдарды. Спланхнотом клеткалардың екі қабатына немесе екі жапырақшаға ыдырайды – сыртқы немесе париеталдық және ішкі немесе вицералдық жапырақшаларға. Осы екі жапырақшаның арасындағы қуыс-дененің екінші қуысы немесе целом. Хорданың екі жанында орналасқан мезодерманың клеткаларының жиынтығы сегменттелген мезодерма немесе сомиттер. Ұрықтық жапырақшалардың туындысы Ұрықтық жапырақшалардың түзілу кезеңінде оның клеткалық құрамында айырмашылықтар байқала бастайды. Алғашқы біртекті материалда айырмашылықтар туғызатын процесті жіктелу немесе дифференциация дедйді. Барлық көпклеткалылардың әрбір ұрықтық жапырақшаларының тағдыры бірдей болады. Эктодерма даму процесі кезінде нерв түтігі, ганглиялық пластинка, плакодалар( эктодерманың қалыңдауы), терінің эктодермасы және ұрықтан тыс эктодерма сияқты эмбриондық бастамаларды береді. Осы эмбриондық бастамалардан мына ұлпалар мен органдар пайда болады: нерв түтігінен ми мен жұлынның макроглиясы мен нейрондар, көздің тор қабығы. Ганглиялық пластинкадан дене және вегатативтік нерв жүйесінің ганглияларының макроглиясы мен нейрондар, нервтердің макроглиясы, бүйрекүсті бездердің жұмсақ қабаты, эктомезенхима т.б. пайда болады. Плакодалардан бастың кейбір ганглияларының макроглиясы мен нейрондары, тепе-теңдік, есту органдары мен көз жанары дамиды. Тері эктодермасы тері эпидермисінің және оның туындыларының(тері бездері, шашы, тырнақ, т.б.), ауыз қуысының кіре-берісінің, қынаптың, тік ішектің кілегейлі қабықшасының эпителийін, тіс эмалінің бастамасын береді. Ұрықтан тыс эктодермадан аминонның, хорионның, кіндік бауының эптелийі, ал бауырмен жорғалаушылар мен құстардың серозалық қабықшасының эпителийі пайда болады. Энтодермадан ішек пен сарыуыз энтодермалары түзіледі. Ішек энтодермасынан асқорыту жолы мен бездердің эпителийі және тыныс алу органдарының эпителийі дамиды. Сарыуыз энтодермасынан сарыуыз қапшығының эпителийі жіктеледі. Даму процесі кезеңінде мезодермадан хорданың бастамасы, сомиттер, дерматом, миотом, склеротом және мехзенхима дамиды. Сонымен бірге мезодерма невротомды, Вольф каналын, Мюллер каналын, спанхнотомды, ұрықтан тыс мезодерманы құрайды. Дерматомнан терінің дәнекер ұлпалық негізі, миотомнан көлденең салалы бұлшықет, ал склеротомнан шеміршек пен сүйек ұлпалары дамиды. Невротомнан бүйрек пен зәр шығару жолдарының эпителийі, ал Вольф каналынан шәует шығарушы жолдардың эпителийі пайда болады. Мюллер каналы жұмыртқа өзегі мен жатырдың эпителийін, қынаптың алғашқы эпителийлік жабындысын түзеді. Спланхнотомнан целомдық эпителий немесе мезотелий, бүйрекүсті бездердің қабық қабаты, жүрек еті және жыныс бездерінің фолликулалық эпителийі дамиды. Спланхнотомнан бөлінген мезенхимадан қан мен дәнекер ұлпасының клеткалары, ми тамырлары, ішек қуыс органдардың ұлпалары мен тамырлары пйда болады. | |
Просмотров: 16859 | Загрузок: 404 | |
Всего комментариев: 0 | |