ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
Сабақтың мақсаты:
- 7-сыныпта оқытылатын Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихының мазмұнымен, авторларымен, қамтылатын материалдармен таныстыра отырып, жаңа оқу жылындағы тарих пәніне, білімге деген ынтасын күшейту.
- Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Кіріспе
Әдісі:әңгімелеу.
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- 6-сыныпта өтілген Ежелгі дүние тарихы материалдарына шолу жасау.
- Египет
- Рим
- Қосөзен
- Грекия
- Қытай
- Жапония
- Шумер және Аккад т.б.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
- Ерте орта ғасыр-феодалдық құрылыстың пайда болуы
- Гүлденген орта ғасыр-дамуы
- Кейінгі орта ғасыр-ыдырауы
Сабақты бекіту:
- Иә-жоқ
Бағалау:
Үйге тапсырма: Оқулықпен танысу
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1. Ежелгі Герман тайпасы және Рим империясы
Сабақтың мақсаты:
- Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі, Франк мемлекетінің құрылуы, олардың мемлекеттіңк құрылымы туралы оқушыларға баяндау.
- Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Өткен жылға материалдарды қайталау.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Герман тайпалары және олардың Батыс Рим империясына басып кіруі.
- ІҮ-Ү ғасырлардағы ғұндар
- Б.з.б. 50 жылдары Қытайдан жеңіліп, ғұндардың бір бөлігі Орал тауының оңтүстігіне қоныс аударған. Ал ІҮ ғасырдың 70-жылдары ғұндардың Батысқа қарай жаппай жөңкіле көшуі басталды. Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.
- Франк мемлекетінің құрылуы.
- Мемлекеттің негізін салушы салий франктерінің мереовей руынан шыққан көсемі Хлодвиг.«Сали ақиқаты»
- Мемлекетті басқару.
- Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы-граф тағайындалып қойылды.
- Жер иелену
- Франктердің христиан дініне енуі.
Сабақты бекіту:
- Рим империясының әлсіреуінің басты себебі неде?
- Герман тайпаларын неліктен Рим жеріне басып кірді?
- «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» кімдер басқарды?
- Франктердегі жер иелену тәртібі қандай болды?
- Франктер неліктен христиан дінін қабылдады?
- Құл иеленуші қоғам қашан жойылды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §1.
|