Главная » Файлы » Рефераты |
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Дүние жүзі тарихы] |
04.02.2012, 09:53 |
Латын Америка елдері Латын Америка елдеріне кіретін мемлекеттердің өзара ұқсас белгілерімен қатар бірқатар ерекшеліктері де бар. Аймақтың жетекші елдер қатарына Бразилия, Мексика және Аргентина жатады. Чили, Перу, Венесуэлла, Колумбия, Уругвай орташа дамыған елдер болып есептеледі. "Артта қалған" елдер тобына Боливия, Парагвай, Орталық Америка елдері кіреді. Негізінен Кариб бассейнінде орналасқан Еуропалық мемлекеттердің (Ұлыбритания, Франция, Нидерланды) отарлық иеліктері ерекше топты құрайды. Алайда, өзгешеліктеріне қарамастан бұл елдердің барлығы аз немесе көп мөлшерде әлемнің дамыған мемлекеттеріне экономикалық жағынан тәуелді.
1910-1917 жж. мексикалық революция
XX ғ. басында, революция қарсаңында Мексика аграрлық ел болды. 20 млн. халқының 3/4 бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысты. Үндістік шаруа қауымдарының жерлерін мексикалық және шет елдік қожалар тартып алды: 50 шет елдік компания елдегі барлық жердің 1/4 бөлігін иемденіп тұрған уақытта, 96% шаруа отбасыларында жер телімдері болмады. Пеондар деп аталатын жерсіз және жері аз шаруалар латифундистердің жерінде еңбектенді. Ауыр тұрмыс жағдайы шаруаларды өздерінің жерлерін қайтарып алу үшін күреске итермелеп, "Жер және бостандық" деген ұранмен қанауға қарсы тұрғызды. Үкімет шаруа қозғалыстарын басып-жаншу үшін тұрақты әскерді жұмсап, ең қатал шараларды қолданды. Капиталистік қатынастардың өсуі мен месикалық экономиканың әлемдік капиталистік шаруашылыққа интеграциялануы пролетариат пен қолөнершілердің санын 1 млн. адамға дейін жеткізді. Халықтың бұл топтары да экономикалық және саяси қысымның зардаптарын толығымен тартып, өз құқықтары үшін белсенді күрес жүргізуде болды. Қарастырып отырған кезеңде Мексиканың экономикасы шетелдік капиталдың белсенді араласуымен сипатталады. Ғасырдың басында елде мұнай қорлары табылып, оны өнеркәсіптік игеру басталды. Мұнай өндірісі бойынша Мексика әлемдегі алғашқы орындарға шықты. Бұл Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы бәсекелестік күресті шиеленісмтіріп, нәтижесінде елдегі мұнай қорлары бар жерлердің 85% американдық компаниялардың меншігіне айналды. Бұған қоса, шетелдік компаниялардың меншігінде елдегі тау-кен өндірісі түгел дерлік, темір жолдардың, несие-қаржы жүйесінің, экспорт-импорт операцияларының басым бөлігі және едәуір жер қоры болды. Осының нәтижесінде елде антиимпериалистік қозғалыс өршіп, оған мексикалық жұмысшылар, шаруалар, ұсақ қала буржуазиясы, сонымен қатар шет елдік капиталмен байланысы жоқ жас ұлтттық буржуазия мен либералдық помещиктер белсене қатысты. Революция қарсаңында Мексиканы 80 жастағы, әбден қартайған, диктатор, 30 жыл билікті ұстап тұрған президент Порфирио Диас басқарған еді. Оның ұлтына қарсы жүргізіп отырған саясаты (үндістік тұрғындарға қарсы геноцид жүргізуге дейін барды) латифундизмді қолдаумен, елге сырттан капитал тартумен, халықтың басым көпшілігінің саяси құқықсыздын сақтаумен және парақорлық, қамқоршылдықпен сипатталды. П.Диас ел басқаруда бірінші кезекте өзінің жас әйелі мен көптеген туыстарының ақылын тыңдап, төңірегіне жағымпаздарды жинақтады, жауапты лауазымдарға өзіне сенімді адамдарды тағайындап, олар бұл орындарында 20-30 жылдан отырды. Соныимен, жаңа ғасырдың басында Мексикада буржуазиялық-демократиялық революцияның негізгі алғышарттары қалыптасты: аграрлық мәселенің шиеленісуі, шетелдік капиталға тәуелділік, халықтың құқықсыздығы, П.Диастың жеке билігінің тәртібі. Диастың диктатурасына қарсы мексика ұлтының негізгі күштері: шаруалар, пролетариат, ұсақ қала буржуазиясы, патриоттық зиялылар, студенттер, диктатурамен және шетелдіктермен байланысы жоқ ұлттық буржуазия мен жер иелері бірікті. Оппозиция басшылығына белгілі саяси қайраткер, ірі жер иесі және фабрикант Франсиско Мадеро келді. 1910 жылғы президент сайлауында ол өз тұлғасын ұсынып, бірақ сайлау науқаны барысында тұтқындалады. Осыдан кейін ол түрмеден қашып, АҚШ-қа өтіп кетеді. Онда ол "Сан-Луис-Потоси жоспары" деп аталынған бағдарлама жасады. Бағдарлама шаруаларға жерді қайтарып, ұлттық мүдделерді қорғау талаптарын қойды. Диас диктатурасына қарсы қарулы көтерілістің басталатын күні ретінде 1910 жылдың 20 қарашасы белгіліенді. Ф.Мадероны шаруалар қозғалысының басшылары Э.Сапата мен Ф.Вилья қолдады. Эмилиано Сапата (1879-1919) және Франсиско Вилья (1877-1923) қарапайым отбасынан шыққан, революцияда ешқандай жеке мүддесі жоқ, нағыз халық жанашырлары болды. Екеуі де партизандық шаруа жасақтарын құрып, кейін азат етуші шаруа армияларын басқарды. Э.Сапатаның шаруаларға жерді қайтарып беруге байланысты "Аяла жоспары" деп аталынған радикалдық бағдарламасы болды. Э.Сапата мен Ф.Вильяның шаруа әскерлерінің көмегімен Ф.Мадеро диктатор П.Диастың әскерлерін талқандады. 1911 жылы 25 мамырда Диас президенттік лауазымнан бас тартып, құпия түрде еуропаға қашып кетеді. 1911 жылы қазан айында болған президент сайлауында Ф.Мадеро жеңіске жетті. Осылайша революцияның бірінші кезеңі аяқталды: П.Диастың диктатурасына қарсы жалпыхалықтық күрес табыспен аяқталып, билік басына Ф.мадеро бастаған мексикалық буржуазия мен либералдық помещиктер келді. Революцияныңекінші кезеңінің сипаты Мадеро үкіметінің қызметімен байланысты (1911-1913). Ф.Мадероның ойынша, П.Диастың диктатурасы құлауымен Мексикадағы революция аяқталған еді, сондықтан ол "Сан-Луис Патоси жоспарын" жүзеге асыруға асыққан жоқ. ең бастысы ол шаруаларға жерді бөліп беруге батылы жеткен жоқ. Сондықтан Э.Сапата мен Ф.Вилья үкіметке қарсы оппозицияға шығып, өздері бақылап тұрған оңтүстік және солтүстік аумақтарда біртіндеп шаруаларға жерді таратып бере бастады. Өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шеше алмаған жұмысышы және қолөнерші тап өкілдері де Мадеро үкіметіне қарсы оппозицияда болды. Олардың қозғалысын социалистік партия (1911 жылы құрылған) мен анархо-синдикалистік -Жұмысшылар үйі (1913 ж. бастап Әлем жұмысшыларының үйі) ұйымдары басқарды. Биліктен тайдырылған диктатор П.Диастың жақтастары болып табылатын консерваторлық күштер де Мадероға қарсы оппозицияда болды. Олар елдегі ескі тәртіпті қайта орнатуды армандап, АҚШ-ң көмегімен елде бірнеше рет бүліктер ұйымдастырды. 1913 жылы ақпан айында Мехикода кезекті бүлік басталып, АҚШ бүлікшілеге көмекке әскери кемелер жіберді. Көтерілісті басу генерал В.Уэртаға тапсырылған еді. Алайда. ол бүлікшілермен тіл табысып, Мадероның өзіне қарсы шықты. Осылайша революцияның екінші кезеңі аяқталлды: Мадеро мексика халқы күрескен өзгерістерді жүзеге асыра алмады, ол өлтіріліп, елдегі билік контрреволюциялық күштердің қолына өтті. Революцияның үшінші кезеңінде (1913 ж. ақпан - 1914 ж. шілде) мексика халқы билікті тартып алған Уэртаға қарсы күресті. Оның американдықтармен бірлесіп жүргізген сатқындық саясатына қарсы мексикандықтардың басым көпшілігі наразы болып, революциялық заңдылықты қалпына келтіруге бағытталған қозғалысқа бірікті. Бұл қозғалыс конституциялық деп аталып, оны Венустиано Карранса жетекшілік еткен ұлттық-буржуазиялық топтар бастады. Штаттардың бірінің губернаторы болған генерал В.Карранса Мадероның жақтасы болған. Ол Уэртаны мойындамайтындығын жариялап, конститутцияшылдардың революциялық қозғалысын бастады. Солай бола тұрса да, бұл жолы да революциялық қозғалыстағы негізгі рөлді Э.Сапата мен П.Вильяның шаруалар жасақтары атқарды. Карраннса мен олардың бірлескен әскерлері ел астанасы - Мехикоға бірлескен қозғалыстарын бастады. 1913-1914 жылдың басындағы әскери әрекеттер бірінші кезекте АҚШ-ң мазасын алды. Сондықтан олар мексикалықтардың ішкі істеріне араласуды жөн көрді. 1914 жылдың көкек айында американдық әскери-теңіз күштері мексикалық Веракрус портын басып алды. АҚШ-ң араласуы тек мексикада ғана емес, сонымен қатар Латын Америкасы мен Еуропа елдерінде үлкен патриоттық толқын тудырды. нәтижесінде американдықтар Мексикадан өз әскерлерін шығарды. 1914 жылы 14 шілдеде Уэрто қашып, оның үкіметті құлады. Осыдан кейін революциялық қозғалыста жік туындап, әртүрлі таптардың арасындағы қарама-қайшылықтар азамат соғысына әкеліп соқты. Осылайша революцияның соңғы, төртінші кезеңі (1914 ж. шілде - 1917 ж. ақпан) басталды. Шаруалардың жетекшілері Сапата мен Вилья шаруаларға жер беретіндей, терең радикалдық аграрлық реформаны талап етті. Карранса болса шаруалармен билікті бөліскісі келмеді, олардың талаптарын орындаудан бас тартты. Алғашқы кезеңдегі қиыншылықтарға қарамастан, Карранса әскери және саяси шаралардың (1915 жылғы аграрлық заң, жұмысшы қозғалысын өз жағына тартып, оларды шаруаларға қарсы қоюы және т.б.) нәтижесінде жағдайды өз жағына қарата білді. Карранса үкіметінің репрессивтік-жазалау әрекеттері басқа да шаралармен араласып жүріп отырды. Өз жағдайын нығайту мақсатында Карранса 1915 жылы қаңтар айында шетелдік компаниялардың қызметін шектеуге байланысты антиимпериалистік декрет жариялады. Бұл декреттің антиимпериалистік сипатта болуы және мексикалық революцияның басқа латын америкалық мемлекеттерге үлгі болуы АҚШ-ң Мексикаға қарсы жаңа интервенция бастауына әкеліп соқты. Американдықтарға қарсы соғыс халықтың басын қосты. Іс жүзінде бүкіл мексика халқына қарсы соғысуға мәжбүр болған американдықтар 1917 жылы ақпан айында Мексикадан өз әскерін шығарды. Ағымдағы саяси мәселелерді талқылап, жаңа конституция қабылдау үшін Құрылтай жиналысы шақырылды. Оның жұмысы 1916 жылы 1 желтоқсанда Каретаро қаласында басталып, Каранса жақтастары мен радикалдық депудаттардың арасындағы шиеленіскен тартыстардан кейін, 1917 жылы 5 ақпанда - американдық басқыншылар Мексикадан кеткен күні, Мексика Құрама Штаттарының жаңа конституциясы жарияланды. Мексиканың жаңа конституциясы 1910-1917 жж. революцияның негізгі жетістіктерін бекітті. Бұл құжатқа іс жүзінде Сапата мен Вильяның шаруа бағдарламалары, жұмысшы қозғалысының басшыларының талаптары енді. Бұл жағдайды бір жағынан табыс ретінде бағаласақ, екінші жағынан мексика халқының әртүрлі әлеуметтік топтарының арасындағы тарихи келісім деп қарауға болады. Конституцияда барлық азаматтардың теңдігі жарияланды, ұлттық мүдделер жеке мүдделерден жоғары қойылды; елдің барлық табиғи байлықтары мемлекет меншігіне берілді; тұрғылықты халықтардан тартылып алынған барлық жерлер мен жайылымдар қайтарылды, латифундистер иеліктері шектелді; шіркеу мемлекеттен ажыратылды, оның меншігі ұлт меншігіне өтті; 8 сағаттық жұмыс күні, төменгі жалақы мөлшері, 20 күндік ақылы жылдық демалыс, жұмысшылардың кәсіподақ құру және ереуілге шығу құқығы жарияланды. Қабылданған уақытында Мексиканың 1917 жылғы конституциясы сол замандағы ең демократияшыл конституция болды. Бірақ оның озық, үлгі боларлық жақтарымен қатар кемшіліктері де болды. Мәселен, оның көптеген демократиялық принциптері конституция мәтінінде ғана жарияланды, оларды жүзеге асыру үшін мексика халқы әлі де күресуі қажет болды. 1910-1917 жылғы
революция буржуазиялық-демократиялық сипаттағы революция болды. Оның негізгі
қозғаушы күші шаруалар, ұсақ буржуазия, пролетариат, ұлттық буржуазия болды.
Революция нәтижесінде буржуазиялық құрылыс бекіп, ұлттық тәулсіздік нығайды.
Латифундизм, шаруалардың жерсіздігі неме жер жетіспеушілігі, ескі қанау
тәсілдері сияқты феодализм қалдықтарына соққы жасалды. Революцияның тарихи
маңызына келетін болсақ, оның мақсаты, міндеттері және сипаты (диктатураға
қарсы күрес, аграрлық және әлеуметтік мәселелерді шешу талаптары, шетелдік
монополиялардың өктемдігін шектеу және шетелдік интервенцияға қарсы қозғалыс)
басқа да Латын Америка елдері үшін өзекті болып, үлгіге айналды. Мексика
революциясының жаңғырығы бүкіл XX ғасырдағы Латын Америка елдерінің тарихынан
жүріп өтті. | |
Просмотров: 11861 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |