Главная » Файлы » Рефераты |
[ Скачать с сервера (365.5 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Дінтану] |
08.03.2013, 19:46 |
Адам
(а.с) өмірі Ислам тарихы өзалдына үлкен бір ғылым.
Ол әлемдердің жаратылуы мен оның хикметтерінен тартып пайғамбарлардың және
олардың қауымдарының тарихынан терең сыр шертеді. Бұл әлемдер жаратылып, біздің Адам
атамыз жер бетіне түсірілгеніне дейін, оның алдында алты түрлі адам қауымдары
өмір сүрді. Олар біздің Адам атамыздың ұрпақтарына ешқандай қатысы
болмағандықтан, олардың тарихы туралы біздерге терең мәлімет берілген емес. Ал
енді, біздің Адам атамыз жер бетіне түсірілгелі бері оның ұрпағынан 124000
пайғамбар шықты. Олардың дәрежелері, атқарған міндеттері түрліше болды. Соған
қарай олардың кейбіреулері туралы иләһи кітаптарда хабар берілген болса,
кейбіреулері туралы мәлімет берілмеген. Құранда есімдері аталған пайғамбарлардың ұзын саны 25. Олар: 1. Адам (а.с). 2. Идрис (а.с).
3. Нух (а.с). 4. Худ (а.с). 5. Салих
(а.с). 6. Ибраһим (а.с). 7. Лут (а.с). 8. Исмаил (а.с). 9. Исхақ (а.с). 10.
Яқуб (а.с). 11. Юсуф (а.с). 12. Шуайб (а.с). 13. Айюб (а.с). 14. Зулкифл (а.с).
15. Мұса (а.с). 16. Һарун (а.с). 17.
Дауід (а.с). 18. Сүлеймен (а.с). 19. Иляс (а.с). 20. Әляса (а.с). 21. Юнус
(а.с). 22. Закария (а.с). 23. Яхя (а.с). 24. Иса (а.с). 25. Мұхаммед (с.ғ.с.).
Бұл
пайғамбарлардың тарихы Адам атаның (а.с.) тарихынан бастау алады.
Ислам тарихы Адам ата тарихы
Аса мейірімді, өте рақымшыл Аллаһтың
атымен (бастаймын).
) هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَكُمْ مِّن طِينٍ ثُمَّ
قَضَىۤ أَجَلاً وَأَجَلٌ مُّسمًّى عِندَهُ ثُمَّ أَنتُمْ تَمْتَرُونَ )*(2) Ол -
сондай (аса құдіретті) Алла, сендерді (сендердің атаң - Адамды жер жүзінің
түрлі жерінен алынған топырақтардан тұратын) балшықтан жаратты.** Сонан соң,
ажалды (әрбір жан-жануардың өлім мезгілін) белгіледі (сондықтан, әрбір жанның
ажалы Ол белгілеген тағдырға байланысты). Сондай-ақ, белгілі мерзім (қыяметтің
басталатын уақыты) де Оның құзырында (қыяметтің қашан басталатынын Одан өзге
ешкім білмейді). (Ей, кәпірлер, осындай ашық дәлелдер келгеннен) кейін (де)
сендер (шайтанға еріп) күдіктеніп тұрсыңдар. Түсінік: Алла тағала алдымен Адам
атамызды жаратты. Міне сол атамыздан бері қарай оның ұрпақтары тарады.
Сондықтан, «сендерді балшықтан жаратты» дегендегі әңгіме негізінде Адам атамыз
туралы айтылған. Мұнда Адамды деудің орнына "сендерді" дегеннің
хикметі туралы ғұламалар былай деген:
Құранда зікір етілген «Адам» негізінде бүкіл адамзатты «тамсил» етеді,
яғни, мысалдап бейнелейді. Демек, Адамның (а.с.) жаратылуы да, оның қиссасы да
оның тек бір өзіне ғана емес, барша адамзаттың мінезіне, табиғатына қатысты
ғибрат болатын оқиғалардың жиынтығынан тұрады. «Нұх» сүресінің 17-18-
аяттарында: «Алла сендерді (адамзатты) жерден
өндірді (жаратты). Сосын сендерді (қайтыс болғандарыңда) оған (жерге)
қайтарады, (сөйтіп, қыямет күні) сендерді қайта шығарады» деді. Осыған
байланысты адамзаттың бүкіл өмірі осы жер мен оның топырағына байланысты. | |
Просмотров: 6372 | Загрузок: 906 | |
Всего комментариев: 0 | |