Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Жазбаша мифтік сана
[ Скачать с сервера (77.2 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Дінтану]
12.03.2015, 16:15

Сабақтың тақыры: Мифтік сананың ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мифтік сананың ерекшеліктері тақырыбы бойынша қайталау,оқушының алған білімін бекіту және тексеру.

Тәрбиелік: алған білім бойынша қорытынды жасауға,жауаптылыққа,өз бетінше еңбектенуге баулу,уақытты дұрыс пайдалануға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой-өрісін,еске сақтау,пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:Ізденіс сабақ

Сабақтың әдісі: Сабақ өз мақсатына жету үшін төменгі әдістер тандалып алынды.

1.Кіріспе сөз (Сабақтың мақсатың қою,оқушылардың оқу қызметінің мотивациясы.Сыныпта бәсекелестік туғызу)

2.Ауызша сұрақтар қою.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу оларды түгендеу;

II.Сабаққа кіріспе (оқушыларды сабақтың мақсаттары және талаптарымен таныстыру)

3.Ауызша сұрақтар қою.

4.Жазбаша деңгейлі тапсырмаларды орындау.

5.Сынып үлгерімінің мониторингісін сызу.

6.Қорытынды жасау. (оқушылар өздері жасайды)

7.Үйге тапсырма (Мифтік сананың ерекшеліктерін оқып келу)

III.Кіріспе. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.

-Репродуктивті (өте жеңіл сұрақтар)

-Конструктивті (күрделі сұрақтар)

-Продуктивті (терминологиялық сөздікпен жұмыс)

-Сөзжұмбақ құрастыру және берілген тапсырманы шешу

-Сабақты қорыту (топпен жұмыс)

1 -            Деңгей

1.Монотеизм сөзінің мәні неде?

2.Политеизм  сөзінің мәні неде?

3.Дін дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Дінді дінтануды өзге қандай ғылым салалары зерттейді?

2-          Деңгей                        

1.Дінтану негіздері пәнінің мақсаты қандай?

2.Деноминация дегеніміз не?

3.Дін қашан пайда болды?

4.Дін және мифтің байланысы қандай?

3-          Деңгей

Мына төмендегі сөздердің мағынасын түсіндір:

Конфессия,теология,сакрализайия,шіркеу,секуляризация

4-           Деңгей

Мына төмендегі сөздердің біреуіне сөзжұмбақ құрастыр:

Фетишизм,тотемизм,анимизм,шамандық;

Өз бетінше жұмыс жасауға және оны табысты өту үшін басты дайындық оқушыларға тапсырмаларды таратып беріп,оларды іс-әрекетін бақылау,оқушының қызметінің нәтежиесін ұпай беру арқылы көтермелеп,технологиялық картаға белгі қою.Әрі қарай оқушы қызығушылығын арттыру,өз ара білім бәсекелестілігін қалыптастыру.

1-деңгей Оқушылық деңгей

Тапсырма өте жеңіл түрде беріледі.

2-деңгей Алгорит

Оқушы алған білімін есте сақтау арқылы сұраққа нақты жауап береді.

3-деңгей Эвристикалық деңгей

Ізденіс-зерттеу,білімді сынып оқушылары бірдей  1-деңгейден бастап орындайды.

I-деңгейді қатесіз орындаған оқушы мұғалім тексергеннен кейін II-деңгейге көше береді.Осылай бір деңгейден келесі деңгейге көше береді.Егер оқушы тапсырманы қатемен орындаса келесі деңгейге көшпейді.Оқушылардың жинаған ұпайын экранға түсіріп отырамын.

IV.Сабақты қорытындылау (топпен жұмыс)

Оқушыларды екі топқа бөліп, «Діннің алғашқы түрлерін сипаттап беріңіз» және «Дін мен мифтің байланысы қандай »деген тақырып бойынша оқушылар түсіндіріп беруі керек.

V.Үйге тапсырма: Мифтік сананың ерекшеліктерін оқып келу

Категория: Дінтану
Просмотров: 2720 | Загрузок: 66 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]