Главная » Файлы » Рефераты |
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экология] |
03.02.2012, 17:27 |
Қатты әсер ететін улы заттардың организмді зақымдауы Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады. УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар.
Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек
аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ)
тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс
панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат,
тәулік, апта бойында сақтайды. Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері
арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау
әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның
улағыш қасиеттері мөн санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен
құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне
байланысты. Улағыш заттардың жіктелісі ♦ жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар; ♦ жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы, хлорциан; ♦ терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит; ♦ түншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген; ♦ көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс); ♦ психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді; Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген). УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді: ♦ өлімге ұшырататын - (зарин, зоман, V - газдар, көгілдір қышқылы, иприт, люизит, фосген); ♦ уақытша есті тандыратын - ДЛК, В2; ♦ тітіркендіретін - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ. УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V - газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген). | |
Просмотров: 7239 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |