Главная » Файлы » Рефераты |
Экология және қоршаған ортаны қорғау
[ Скачать с сервера (198.5 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экология] |
13.11.2013, 18:29 |
Ауа су топырақтың латануы, оларды шешу жолдары ЭКОЛОГИЯ ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ І ТАРАУ. АТМОСФЕРА — БИОСФЕРАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰРАМ БӨЛIГI 1.1. Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы жəне био- сфера мен адам өмiрiндегi маңызы. 1.2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер. 1.3. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары. 1.4. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау.
1.1. Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы жəне биосфера мен адам өмiрiндегi маңызы Жер атмосферасы (грекше: atmos — бу жəне sphaira — шар) — Жердi қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жердi онымен бiрге айнала жүрiп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 1015 тонна. Атмосфера Жер бетiндегi барлық тiршiлiк процестерiнiң жүруiн қамтамасыз етiп, адамзат тiршiлiгiнiң барлық жақтарына үлкен əсер етедi. Атмосфераны зерттеушi мамандардың пiкiрiнше, ол Жер бетiнен қашықтаған сайын түрлi температурадағы бiрнеше аймақтардан тұрады. Атмосфераның құрылысы бiрнеше қабат құрылымнан тұ- рып, тропосфера, стратосфера, мезосфера жəне термосферадан тұрады. 1000 км жəне одан ары қарай экзосфера болып, онда атмосфералық газдар əлем кеңiстiгiне таралады. Осы қабатта атмосфера бiрте-бiрте планета аралық кеңiстiкке ауысады. Атмосфераның Жер бетiне ең жақын қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл қабаттың орта ендiкте теңiз деңгейiнен биiк- тiгi — 10-12 км, экваторда — 16-18 км, полюстерде — 7-10 км. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзiлiп, найзағайлар күн күркiреуi жүредi. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км — ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалды- лық бiршама төмен, атмосферадағы озонның көп бөлiгi осы қабатта жинақталған, озон Күннiң ультракүлгiн сəулелерiн сiңiрiп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды. Стратосферадан кейiн 50 км биiктiкте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан əрi қарай тө- мендеп, 80 км биiктiкте — 700С -қа түседi. Мезосферадан жоға- ры белгiлi шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500- 600 км биiктiкте температура +16000 жетедi. Атмосфераның қабаттарындағы ауа биiктеген сайын сұйылып, қысым төмен- дейдi. Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта эк- зосфера орналасқан. Атмосфера биогеоценоздың компонентi ретiнде топырақ бетiндегi, топырақтағы жəне топырақ қуыстарындағы ауа қабаттарын құрайды. Атмосфералық ауа — түрлi газдардың қоспасы. Оның құрамында 78,08% азот, 20,9% оттегi, 0,93% аргон, 0,03% кө- мiрқышқыл газы бар. Ал қалған 0,01% басқа неон, гелий, ме- тан, радон, ксенон, т.б газдардың үлесiне тиедi. Жер бетiнде от- тексiз тiршiлiк жоқ. Ол жасыл өсiмiдктердiң тiршiлiк əрекет- терi нəтижесiнде түзiледi. Өсiмдiктер су мен көмiрқышқылы- нан фотосинтез процесi кезiнде оттектi бөледi. Ал басқа барлық тiрi организмдер оттектi тек пайдаланушылар болып есептеледi. Көмiрқышқыл газы атмосфераға тiрi организмдер- дiң тыныс алуы, отын түрлерiнiң жануы, органикалық заттар- дың ыдырауы мен шiруi кезiнде бөлiнедi. Ауаның құрамын- дағы көмiрқышқыл газы мөлшерiнiң көбеюi адам мен жануар- лар организмiне зиянды əсер етедi. Табиғат үшiн атмосфералық ауаның маңызы ерекше жəне əртүрлi. Ол, бiрiншiден, фотосинтез үшiн көмiрқышқыл газы- ның жəне тыныс алу үшiн оттектiң көзi. Ол тiрi организмдердi космостық сəулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды, климатты реттейдi, зат алмасудың газ тəрiздi өнiмдерiн қа- былдайды, планетада су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын- шашын түзiлетiн жəне басқа да метеорологиялық процесстер жүретiн орын, ұшатын организмдер үшiн тiршiлiк ортасы болып саналады, топырақтың құнарлылығына əсер етедi, т.с.с. Ғалымдардың пiкiрiнше, қазiргi заманғы атмосфераның шы- ғу тегi екiншi реттiк жəне ол Жердiң қатты қабықшасынан пла- нета түзiлгенннен кейiн бөлiнген газдардан түзiлген. Жердiң геологиялық тарихы барысында Жердiң атмосферасы түрлi факторлар: атмосфералық газдардың космос кеңiстiгiне бөлi- нуi, вулкандардың əрекетiнен газдардың бөлiнуi, күннiң ульт- ракүлгiн сəулелерi əсерiнен молекулалардың ыдырауы, атмо- сфера компоненттерi мен жер қабығының жыныстары арасын- дағы химиялық реакциялар нəтижесiнде бөлiнетiн газдар əсерiнен үлкен эволюцияны басынан кешiрдi. Атмосфераның дамуы геологиялық жəне геохимиялық процестермен, сол сияқты тiрi организмдердiң тiршiлiк əре- кеттерiмен тығыз байланысты. Атмосфера Жердiң беткi қаба- тын оның қалың қабаттарына өту кезiнде көпшiлiгi жанып кететiн метеориттердiң зиянды əсерлерiнен сақтап тұрады. Атмосфера құрамының қалыптасуына үлкен əсер ететiн тiрi организмдердiң тiршiлiк əрекеттерi өз кезегiнде осы ат- мосфералық жағдайларға тiкелей байланысты. Атмосфера тiрi организмдерге зиянды əсер ететiн Күннiң ультракүлгiн сəуле- лерiнiң көп бөлiгiн ұстап қалады. Атмосфералық оттегi өсiм- дiктер мен жануарлардың тыныс алу процесiне қатысса, ал көмiр қышқылы өсiмдiктердiң қоректенуiне қатысады. Климат- тық факторлар, əсiресе, жылу режимдерi мен ылғалдылық адамдардың денсаулығы мен тiршiлiк қызметiне əсер етедi. Со- нымен қатар адамның тiршiлiк əрекетi атмосфераның құрамы мен климатқа үлкен əсер етедi. Планетадағы оттегi тiрi заттар арқылы 5200-5800 жылда толық жаңарады. Ал оның бүкiл мас- сасын 2 мың жылда тiрi организмдер сiңiрсе, көмiрқышқылын — 300-395 жылда сiңiредi. Жер атмосферасының газ құрамы ерекше. Егер Юпитер мен Сатурнның атмосферасы негiзiнен сутек пен гелийден, Марс пен Венераның атмосферасы — көмiр қышқылы газынан тұрса, Жердiң атмосферасы азот пен оттектен тұрады, сол сияқты аз мөлшерде аргон, көмiрқышқыл газы, неон жəне басқа тұрақты, ауыспалы компоненттер бар. Атмосфераның ең маңызды ауыс- палы компонентi — су буы. Су буының негiзгi массасы тро- посферада, өйткенi атмосфераның қабаттары жоғарылаған сай- ын оның концентрациясы азая бередi. Атмосфералық процестерге, əсiресе стратосфераның жылу режимiне озон үлкен əсер етедi. Озон стратосферада жинақта- лып, күн радиациясының ультракүлгiн сəулелерiн сiңiредi. Ендiк пен жылдың мезгiлiне байланысты озонның бiр айдағы орташа мөлшерi өзгерiп отырады, оның қалыңдығы 2,3-5,2 мм аралығында болады. Жалпы табиғатта озонның мөлшерi эква- тордан полюстерге қарай жоғарылайды. Қазiргi кезде адамның шаруашылық тiршiлiк əрекетiнiң əсерiнен атмосфераның озон қабатының бұзылуы байқалуда. Мысалы, озон қабатының бұзылуына əсер ететiн фреондар (хладондар) деп аталатын галогендi қосылыстар. Бұл қосылыстар бөлме температурасын- да қайнайды, өте ұшқыш, Жердiң бетiнде химиялық инерттi, мұздатқыш қондырғыларда қолданылады. Фреондар страто- сфераға көтерiлiп, фотохимиялық айрылу реакциясына түсiп, бiздiң планетамызды ультракүлгiн сəулелерден сақтайтын, озон молекулаларын ыдырататын, химиялық реакциялардың катализаторы болып саналатын хлор аниондарын бөледi. Қа- зiргi кезде озон қабатының жағдайына қатаң бақылау — мо- ниторинг жүргiзiлуде. Озон қабатының бұзылуының үлкен зар- даптарға əкелуiне байланысты бiрқатар елдер қазiргi кезде фреондар өндiрiсi мен оны пайдалануды қысқартып отыр, дегенмен де жалпы əлемде бұл көрсеткiш əлi де жоғары күйiн- де қалғандықтан олардың атмосферадағы концентрациясы да жылдан жылға ұлғайып отыр. Көптеген бақылаулар бойынша озон қабаты атмосферада бiркелкi таралмаған. Солтүстiк жарты шар атмосферасында оң- түстiкке қарағанда фреондардың концентрациясы 8-9% жоғары. 1.2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер Өндiрiстiң қарқындап дамуына жəне отын түрлерiн кең мас- штабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының мөлшерi жоғарылауда. Нəти- жесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нəтижесiнде көмiрқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2% ға ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам ба- ласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейiн түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна оттегi жұмса- ған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соң- ғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл газының концентра- циясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-тең- дiкке үлкен əсер етедi. Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен ластанады. Табиғи ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде түзiледi. Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық жəне космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өрте- нуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық шаңның түзi- луiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар — бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiк- тердiң тозаңдары, т.б. түрiнде жəне өсiмдiктер мен жануар- лардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады. Космос- тық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi. Табиғи ластанудың бiр түрi космостық шаң атмосферадағы жанған метеориттер қалдықтарынан түзiледi, 1 жыл iшiнде оның мөлшерi 2-5 млн тоннаға дейiн жетедi. Табиғи шаң жер атмосферасының негiзгi құрам бөлiгi болып табылады. Табиғи шаң бөлшектерi органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкiн, олардың радиусы шамамен 10-3—10-4 см болады жəне топырақ пен тау жыныстарының үгiтiлуi, вулкан атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi немесе су беттерiнен булану нəтижесiнде түзiлуi мүмкiн. Атмосфераның төменгi қабатта- рындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда болады немесе аэропланктондар — бактерия, өсiмдiк споралары, саңырауқұ- лақтар, өсiмдiктер мен жануарлардың қалдықтарының шiру, ыдырау өнiмдерiнен түзiледi. Мұхит үстiндегi ауа атмосферасында магний, натрий, каль- ций тұздарының майда кристаллдары болады, олар су шашы- рандылары ауада құрғап қалғанда түзiледi. Əдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тiршiлiк ететiн ор- ганизмдер үшiн аса көп зиян келтiрмейдi. Атмосфералық шаң Жер бетiнде жүретiн кейбiр процестер үшiн белгiлi роль атқарады. Ол су буларының конденса- циялануы үшiн, олай болса жауын-шашынның түзiлуiне əсер етедi. Бұнымен қатар күн радияциясын сiңiрiп тiрi организм- дердi күннiң зиянды сəулелерiнен қорғайды. Академик В.И. Вернадский атмосфералық ауа планетамыздың химиясында маңызды роль атқарады деп жазды. Жер бетiндегi заттардың биологиялық ыдырауы, оның iшiн- дегi топырақ бактерияларының тiршiлiгi күкiртсутек, аммиак, көмiрсутектер, азот, көмiртек оксидтерiнiң орасан зор мөлше- рiнiң түзiлуiне əкелiп соғады. Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең не- гiзгiлерi транспорт түрлерi, əсiресе автомобильдердiң жанар- майларының жану өнiмдерi болып табылады. Француз ғалымы Ж. Детридiң есептеулерi бойынша, автомобильдерден бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл газы — 9%, көмiртек ок- сидi -4%, көмiрсутектер — 0,5%, оттек — 4%, сутек -2%, альдегидтер — 0,004, азот оксидтерi — 0,06%, күкiрт оксидтерi — 0,006% барлығы 200 ге жақын компоненттер бар екенiн анықтады. Қоршаған ортаға көмiртек, күкiрт жəне азот оксид- терiмен бiрге бензиннiң құрамына кiретiн канцерогендi заттар, мысалы 3,4-бензопирен мен қорғасын өте зиянды əсер етедi. Атмосфераға транспорттардан бөлiнген газдардың құра- мында 25-27% қорғасын болатыны анықталған. Жəне оның 40% диаметрi 5 мкм ге дейiн болатындықтан ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бiрге адам организмiне түсетiндiгi белгiлi болды. Қазiргi кезде бүкiл əлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүрiп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның таза- лығын сақтау адамзат үшiн қаншалықты маңызды екенi түсi- нiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемi 2,5 млн автомобиль, Парижде — 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал əрбiр мың автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi, т.с.с отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Бұл физико- химиялық қоспалар тыныс алу кезiнде адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады. Ауа бассейнiн күкiрттi газбен жəне шаңмен ластаушы жылу электр станциялары. Қуаты орташа жылу электр стан- циясы 1 сағатта 80 т көмiр жағып, атмосфераға шамамен 5 т күкiрттi ангидрид жəне 16-17 т күл бөледi. Атмосфералық ауа- ның тазалығына үлкен əсер ететiн жағылатын отынның сапасы, жағу əдiстерi, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетiн трубалардың биiктiгi. ЖЭС газға көшiру зиянды қалдықтар мөлшерiн бiршама азайтады. Зиянды газдарды авиациялық транспорт та бөледi. Ж.Дет- ридiң есептеулерi бойынша, реактивтi самолеттер ұшу кезiнде 1 сағатта 0,7 кг/м3 альдегидтер, 6,5 кг көмiртек оксидi, 1,7 кг көмiрсутектер, 4,3 кг азот оксидтерi, 6,3 кг/м3 қатты бөлшектер бөледi екен Атлант мұхиты арқылы ұшып өтетiн бiр реактивтi самолет, 8 сағат ұшу кезiнде осы уақытта 25000 га жердiң орманы бө- летiн оттектi жұмсайды екен. Атмосфераның антропогендi ластану жолдары жылу энер- гетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркəсiптерi, транспорт, термояд- ролық қаруларды сынау, т.б. арқылы жүредi. Бұлардың əрқай- сысы құрамы ондаған мың компоненттерден тұратын түрлi қоспаларды атмосфераға бөлiп шығарады. Ауа кеңiстiгiн лас- тайтын қосылыстар көмiртек оксидтерi, күкiрт пен азот қо- сылыстары, көмiрсутектер мен өндiрiстiк шаң тозаң. 1 жыл iшiнде атмосфераға 200 млн тонна көмiртек оксидi (СО), 20 млрд тонна көмiрқышқыл газы , 150 млн тонна күкiрт оксидi, 53 млн тонна азот оксидтерi , 50 млн тонна түрлi көмiрсутектер бөлiнедi. Биосфераның ауыр металдармен ластануы — ғылыми тех- никалық прогресстiң аса маңызды проблемаларының бiрi болып отыр. Кейбiр есептеулер бойынша бүкiл адамзат қоғамы кезеңiнде 20 млрд тонна темiр өндiрiлген болса, оның түрлi техника, құрал жабдықтар, қондырғылардағы мөлшерi 6 млрд тонна ғана, олай болса 14 млрд тонна темiр қоршаған ортаға таралып, ластап отыр деуге болады. Бұдан басқа жыл сайын өндiрiлген сынап пен қорғасынның 80-90 % биосфераға та- ралған. Көмiр жанған кезде күл жəне түрлi газдармен бiрге қоршаған ортаға таралатын кейбiр элементтердiң мөлшерi олардың өндiрiлген мөлшерiнен де асып түседi. Мысалы, маг- ний — 1,5 есе, молибден — 3 есе, мышьяк — 7 есе, уран, титан — 10 есе, аллюминий, иод, кобальт — 15 есе, сынап-50есе , литий, ванадий, стронций, бериллий, цезий — 100 деген есе, галлий мен германий — мыңдаған есе, иттрий — 10 мыңдаған есе, т.с.с. Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге зиянды əсерiн тигiзедi. Ауа бассейнiнiң мөлдiрлiгiнiң өзгеруiне атмосферадағы көмiрқышқыл газының үлкен əсерi бар. Жыл сайын атмо- сферадағы оның мөлшерi 0,4 % артып отыр, қазiргi кездегi ат- мосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi 0,032 %. Кейбiр есептеулер бойынша атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi əр 23 жыл сайын 2 еселенiп отырады. Көмiрқышқыл газы инфрақызыл сəуленi — жылу сəулесiн сiңiредi, оның мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға жеткенде қоршаған орта- дағы жалпы температураның жоғарылауына əкелiп соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның мөлшерi (көлем бойынша) 2 х 10 %, бiрақ ол Жер бетiн күн радиациясынан қорғап тұрады жəне бактерицидтiк қасиетi бар. Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргi таңдағы аса маңызды проблемалардың бiрi болып отыр. Күкiрт атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт бойы бөлiнiп отыр. Күкiрт оксидтерi өсiмдiктерге, жануарлар мен адам орга- низмiне зиянды əсер етедi. Атмосферада күкiрт (1V) оксидi кү- кiрт (V1) оксидiне дейiн тотығады да, су буларымен қосылып, күкiрт қышқылына айналады. Күкiрт қышқылы атмосфералық жауын шашынмен бiрге қышқыл жаңбыр түрiнде жерге жауа- ды. Қышқыл жаңбырлар су экожүйелерiне зиянды əсерiн тигi- зедi, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуiн те- жейдi, сөйтiп үлкен экономикалық шығын келтiредi. Атмосфе- раға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жи- нақталуы тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi. Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм өлiмге ұшырайды. Атмосфераның радиоактивтi заттармен ластануы Атмосфераның радиоактивтi ластануы нəтижесiнде радиа- циялық əсер ету байқалатын болғандықтан өте қауiптi болып саналады. Радиациялық əсер — радиоактивтi заттардан бөлi- нетiн радиоактивтi сəулелердiң əсерi. Бұл сəулелер кейбiр хи- миялық элементтердiң атом ядроларының ыдырауы кезiнде сыртқы ортаға бөлiнедi. Бөлiнген радиоактивтi сəулелер адам организмiнiң тiрi тканьдерi арқылы өтiп, биологиялық процесс- тердi бұзып, организмде түрлiше физикалық, химиялық жəне физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерiстер туғызады. Радиациялық əсерлердiң шығу көздерi баршаға мəлiм, қара- пайым космостық сəулелерден бастап, экологиялық катастро- фалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом яд- ролық станциялардағы авариялар, т.с.с. Көптеген елдерде ядролық қаруды сынау жұмыстарының жүргiзiлуiне байла- нысты ядролық өндiрiстiң, атом-электр станцияларының да- муына байланысты атмосферада жасанды радиоактивтiлiк көздерi пайда болды. Радиоактивтi элементтердi өндiру мен атом қондырғыла- рын, двигательдерiн iске қосу жұмыстары кезiнде атмосфераға өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi мүмкiн. Радиоактивтi заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрiнде болады, олар- дың азғантай дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс бездерi, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен гипофиз қызметiне зиянды əсер етедi. Атмосфера радиоактивтi заттармен əсiресе, атом жəне су- тектi бомбалардың жарылуы кезiнде ластанады. Атом жары- лысы кезiнде түзiлген изотоптардың жартылай ыдырау кезең- дерi түрлiше. Əсiресе, стронций-90 (жартылай ыдырау кезеңi 25 жыл) мен цезий-137 (жартылай ыдырау кезеңi 33 жыл) өте қауiптi. Радиоактивтi изотоптар өсiмдiктердiң қалдықтары, жануар- лардың қалдық өнiмдерi арқылы да таралады. Олардың тасы- малдануында қоректiк тiзбектер де бiршама роль атқарады. Судағы изотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп, олармен балықтар қоректенiп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке пайдаланады, т.с.с. 1945 жылы августа Жапонияның Хиросима мен Нагосаки қалаларында жарылған атом бомбалары ондаған мың адамдар- дың өмiрiн қиды, оның зардаптары əлi күнге дейiн сақталуда. 1963 жылы Москва қаласында бейбiтшiлiк сүйгiш мемле- кеттердiң бiразы бiрiгiп, ядролық қаруды атмосферада, космос кеңiстiгiнде жəне су астында сынауға тыйым салу туралы келi- сiмге қол қойды. Бұл келiсiмнiң адамдардың денсаулығын сақ- тау мен бүкiл тiршiлiктi қорғауда үлкен маңызы бар. Атом энергиясын кең масштабта қолдану нəтижесiнде атом өндiрiсiнiң қалдықтары көбеюде. Ендi осы қалдықтарды зиян- сыздандыру проблемасы да туындап отыр. Бұл проблеманы шешу жолдары түрлi елдерде түрлiше жүзеге асуда. Мысалы, АҚШ мен Англия атом өндiрiсiнiң қалдықтарын Атлантика мұхитына тастайды, Франция ескi темiржол туннельдерiне сақ- тайды, ал бiздiң елiмiзде жердiң терең қабатына көмiледi, бұл ең зиянсыз жəне тиiмдi жол болып саналады. Атмосфераның шумен ластануы Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңiнде атмо- сфераның шумен ластануы да бiрқатар зардаптарын тигiзуде. Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның жүйке жүйесiне əсер етiп, есту органдарының қызметiн нашар- латып, тiптi кейбiр жағдайларда жүйке — психикалық ауру- лардың пайда болуына себеп болады. Бұнымен қатар гиперто- ния, асқазанның жарасы, организмнiң эндокриндiк системасы- ның бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына, нерв клетка- ларының дегенерациялануына əкеп соғады. Үздiксiз қатты шу əсерiнен перифериялық қан тамырлары тарылып, бұлшық еттер мен миға қанның келiп жетуi қиындайды. Деңгейi 130 де- цибелден асатын шу акустикалық травмалар туғызады. Батыстың бiрқатар елдерiнде əскери аэродромдар маңын- дағы елдi мекендер тұрғындарының үнемi ұшып тұратын реактивтi самолеттердiң шуынан жүректiң миокардi инфаркт, жыныс органдары қызметiнiң əлсiреуi сияқты аурулар жиiле- ген. Ал кенеттен болған қатты шу əсерiнен жүректiң тоқтап қалуы да байқалады. Жануарларда да, əсiресе үй құстарында жұмыртқалар салу, сиырлардың сүт беру қабiлетi төмендейтiнi байқалған. Осыған байланысты шудың əсерiн төмендету үшiн бiраз шаралар жүзеге асырылады. Мысалы, үлкен қалаларда жасыл өсiмдiктер шудың деңгейiн бiршама төмендетедi. Олар түскен шу энергиясының 20% жұтады. Бүнымен бiрге шуды сiңiрушi конструкцияларды, экрандар орнату сияқты шаралар да атмо- сфераның шумен ластануынан қорғайды. | |
Просмотров: 3874 | Загрузок: 512 | |
Всего комментариев: 0 | |