Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Радионуклидтермен ауылшаруашылық өсімдіктерінің азық-түлік пен судың ластануы


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экология]
03.02.2012, 17:26

Радионуклидтермен ауылшаруашылық өсімдіктерінің азық-түлік пен судың ластануы

Радиоактивті шаң топырақ пен өсімдіктерді ластайды. Бөл-шектердің көлеміне байланысты өсімдік бөтіндегі жерге түскен радиоактивті шаң 8 - 25 пайызды қүрайды. Атап айтқанда, өсімдік бетінде көлемі кемінде 44 микрон (қалың шөп өскен жерде бөлшектер 25%-ке дейін, көлемі 1 - 2 микрон бөлшектер 25%-ке астам және қатты жауын-шашында 25%-ке дейін бөлшектер сақталады. Бүл көр-сеткіштер алаң бірлігіндегі шөптің қалындығына (шөп қалың болған сайын радиоактивті жауын-шашын үзақ сақталады), жапырақтың түріне және оның үстінгі бетінің сипатына байланысты.

Табиғи жағдайларда радиоактивті шаңды үстінгі беттен жел үшырып алып кетеді және жаңбыр шайып кетеді. Осының, сондай-ақ вегетативті массаның өсуінен жайылымдық өсімдіктердің радиоактивтілігі өкі аптадан кейін орташа екі есе азайады. Көрсетілген мерзім жартылай тазару мерзімідеп аталады.

Өсімдікке гамма-сәулелер мен бета-бөлшектері, әсіресе үстінгі бетте жиналғандары зақымдағыштық әсер етеді. Бета-бөлшектерінің өткіш қасиеті шамалы болса да, олар өсімдіктің жапырақтары мен өсіп - өну органдарын зақымдауға толығымен жеткілікті. Өсімдіктерді зақымдаған кезде жүтылған дозадағы бета-сәулелерінің үлесі гамма-сәулелерінің үлесінен 10 - 20 рет артық. Өсімдіктердің дамуының ең алғашқы кезеңі, белсенді өсу аймағы, яғни бөлінетін жас клеткалар зардап шеккенде сәулеге өте сезімтал келеді, ал өсімдіктердің әрбір түрлері мен сорттарына әр түрлі радиоактивті сезімталдық тән. Осылайша астық түқымдас өсімдіктер түтікке шығуы кезінде, бүршақ түқымдастар бутонизация - гүлдену кезінде иондаушы радиацияның әсеріне өте сезімтал келеді. Өсімдіктердің түқымдарының пісуі аяқталуы кезіндегі сәулеленуі өнім көлеміне әсер етпейді, өйткені олардың қалыптасуы бүл кезде іс жүзінде аяқталған. Алайда бүл жағдайда сәулеленудің үлкен дозасы кезінде астық ішінара немесе толық өсу қабілетін жоғалтады.

Кестеде ауылшаруашылығы дақылдары мен ағаштар үшін сәулеленудің жойғыш дозасының көлемі келтірілген

Зақымданған аудандағы халықтың іс-әрекеті мен өзін-өзі ұстау тәртібін Ақ және ТЖ органдары билейді, олар радиациялық ахуалдың сипаты туралы хабарлап, не істеу керектігін түсіндіреді.

Тоңазытқыштарда, ас үйдегі столдарда, шкафтарда, жертөбеде, шыны және эмалданған ыдыста, полиэтилен қапшығында сақталынған азық-түлік пайдалануға жарамды.

Топырақ қыртыстарының астындағы тамырлы жемістер іс жүзінде радионуклидпен ластанбайды.

Радиоактивті заттармен ластанған картопты, сәбізді және басқа тамырлы жемістерді мүқият жуып тазалаған жөн. Бүдан кейін қабығымен қоса 5 мм қабатын кесіп, тамаққа пайдалануға болады. Азық-түліктің тек үстіңгі қабатымен ғана радиоактивті зақымдауға үшырайтындығын есте сақтаңыз. Үстіңгі қабатын алғаннан кейін немесе біршама уақыттан соң табиғи дезактивация салдарынан пайдалануға жарамды болады.
Жергілікті суаттардағы балық пен шаяндарды тамаққа пайдалануға болмайды. Зақымдаған жайылымда жайылған малдың сүтін пайдаланбаған жөн. Ең жақсысы консервіленген сүтті пайдаланыңыз (қүрғақ немесе қойылтылған). Егер сіз сүтті ішуге жүрексінсеңіз, одан сүзбе әзірлеңіз, онда радиоактивті элементтер саны жүздеген есеге азайып, сары суда қалады. Сондықтан олар қаймақта аздау, кілегейде көбірек, ал сүтте шектен тыс. Тексерілмеген сүтті балаларға беруге болмайды. Егер майды табада шыжғырса, зиянды элементтер толығымен буланып үшып кетеді.
Шошқа майын ең таза өнім деп санауға болады. Оның радионуклидті "итеріп шығаратын" биохимиялық ерекшелігі бар. Соядан жасалынған сорпаны ісік ауруларына қарсы пайдаланылатын дәрі-дәрмектің қатарына батыл жатқызуға болады. Капустадан зақымдану белгілері - сүр жүлдызшаларды ажыратуға болатын жапырақтағы үш үстіңгі қабатын алып тастаған жөн. Түрлі-түсті капустаны, тошаланы, қызыл қарақатты жемеген дүрыс-олар жылдам бүлінеді.

Алма пайдалы, өйткені онда ағаш пен жемісті радиоактивті әсерден қорғайтын темір бар. Жемес бүрын шамамен 5 мм қабығын аршып, ортасын кесіп тастаған жөн. Қалғандарын батыл жеуге болады. Жүзімді, мейізді, кептірілген өрікті сүйегін алып тастап көбірек жеген жақсы. Өйткені олардың қүрамында радиоактивті элемөнттерді организмнен бөліп шығаруға қабілетті пигмент бар. Жергілікті асханалардағы қызылшадан гөрі қызғылтым сәбізді жеген жақсы. Сәбізді әкелінген бойда тазартылмаған май қосып пайдаланған дүрыс, өйткені ол А витаминін бөліп шығарады. Зақымдалған сәбіз ақшылтымдау болады. Одан өрнекті сурет көрінөді. Сиыр етін аз жеген жақсы. Майы көп шошқа еті пайдалы. Котлетті мүмкіндігінше жасамаған дүрыс. Өйткені әзірлеу барысында радионуклидтер тамақта қалады. Тартылған етті әуелі қайнатып, сорпасын төгіп тастағаннан кейін жеуге болады. Дастархан мәзірінен дірілдек пен сорпаны алып тастағаны жөн. Қайнатылған жүмыртқаны жеуге болмайды, өйткені қайнаған кезде қауыздағы радиоактивті стронций жүмыртқаның сарысына өтеді. Кофе мен какао организмде радионуклидті үстап қалады. Ал көк шәй зиянды заттарды бөліп шығарады.
Сәбіз-алма езбесін ішінара табиғи дәрі-дәрмекке жатқызуға болады.

Үйықтардың алдында мүмкіндігінше зығыроттың, тікенді қара өріктің нәрін ішкен жақсы. Жалбыз бен сермене басқа өсімдіктеден гө-рі радионуклидтерді жақсы сіңіреді. Жалпы сүйықты көп ішкен жақсы. Күніне үш рет ас қасықпен қызыл шарапты ішкен жақсы.

Категория: Экология | Добавил: Admin | Теги: пен, ауылшаруашылық, өсімдіктерінің, экология, судың, Радионуклидтермен, азық-түлік, ластануы
Просмотров: 3876 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]