Главная » Файлы » Рефераты |
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экология] |
03.02.2012, 17:21 |
Табиғат пайдалану құқығының субъектілері, мазмұны мен объектілері Табиғат пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Табиғат пайдаланушылар жеке және занды түлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, үлттық және шетелдік табиғат пайдаланушылар болып бөлінеді. Ұлтгық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдің қатысуымен, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға — шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады. Табиғат пайдаланушылар: Тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін си- патта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белғілі бір мерзіммен шектелғен); Бастапқы табиғат пайдаланушылар (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықган айыру тәртібімен алынған) және қайталама табиғат пайдаланушылар (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақгап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт неғізінде алынған) болуы мүмкін. Табиғат пайдалану құқығының мазмұны табиғат пайдаланушының құқықгары мен міндеттері болады. Табиғат пайдаланушыл ардың: — заңмен белгіленген шектерде қоғамдық қажеттерін қанағат- тандыру үшін табиғи ресурстарды пайдалануға; — өзінің шаруашылық және өзге де қызмет әдісін дербес таңдап алуға; — жүзеге асырылуы экологиялық зиянды ықпалмен байланысты шешімдерді әзірлеу мен қабылдауға қатысуға; — шартты мерзімінен бұрын бұзуымен байланысты, сондай-ақ мемлекет қажетіне алып қоюмен байланысты ысырап пен залалды өтеуге құқығы бар. Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Занда көрсетілген негіздер бойынша болмаса, ешкімді де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды.
Табиғат пайдаланушылардың құқықтарынан басқа жалпы міндеттері де болады. Мысалы, ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес табиғат пайдаланушылар: Табиғи ресурстарды нысаналы қызметіне және олардың берілу шарттарына сәйкес пайдалануға; Шаруашылық және өзге қызметке белгіленген экологиялық нормативтерді және экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалықшарттарды сақгауға; Берілген табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ор- таға нұқсан келтірмеуге және басқа да табиғат пайдаланушылар құқықгарының бүзылуына жол бермеуге; Қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды молайтуды ұтымды пайдалануға бағытталған шараларлы жүзеге асыруға; — Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны ұшін төлемдерді дер кезінде төлеуге; — қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап етуі бойынша қажетті ақпарат беруге; — шаруашылық қызметтің экол огиялық тұрғыдан қауіпі түрлерін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаның өндірістік мониторингі мен бақылауын жүргізуге міндетті. Табиғат пайдалану құқығының объектілері ретінде табиғи ре- сурстар - жер, су, орман, жер қойнауы және т.б. қатысады. Табиғат объектілеріне қарай табиғат пайдалану құқығы мынадай түрлерге бөлінеді: — жер пайдалану құқығы; — су пайдалану құқығы; — орман пайдалану құқығы; — жер қойнауын пайдалану құқығы; — жануарлар дүниесін пайдалану құқығы; — атмосфералық ауаны пайдалану немесе атмосфералық ауаны ластағыш заттардың шығарындылары үшін пайдалану құқығы. Өзінің нысаналы мақсатына қарай табиғат пайдаланудың жо- ғарыда көрсетілген түрлерінің өзі топтастырылуы мүмкін. Мысалы, жер пайдалануда былайша бөлінеді: 1) ауыл шруашылығы мақсатындағы жер; 2) елді мекендер (қалалардың, поселкелердің және селолықелді мекендердің) жері; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл ша- руашылығынан өзге мақсатқа арналған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақгардың жері, сауықгыру, рекреациялықжәне тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жері; су қорының жері; 6) босалқы жер. ҚР Су Кодексіне сәйкес су объектілері мыналар үшін пайдала- нылуы мүмкін: 1) ауыз сумен және шаруашылық-түрмыстық сумен жабдықгау; 2) сауықгыру және рекреациялық мақсаттарүшін; 3) ауыл шаруашылығының мүқгаждары үшін; 4) өнеркәсіп пен жылу энергетикасы мүқгаждары үшін; 5) көлік, ағаш ағызу, өртке қарсы мүқхаждар үшін; 6) балықжәне аңшылық шаруашылықгарын жүргізу үшін; Орман Кодексінің 88-бабы мемлекетгік орман қорында орман пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін екенін көрсетеді: 1) сүрек дайындау; 2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау; 3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықгар, бұтақгар, түбірлер, тамырлар, жапырақгар, бүршікгер) дайындау; 4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруа- шылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқүлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақгар, қамыс дайындау); 5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылы- ғының қажеті үшін пайдалану; 6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақса- ты үшін пайдалану; 7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықгыру, рек- реациялық, туристік және спорт мақсаттары үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін. ҚР-ның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 10-бабына сәйкес жер пайдалану құқығы мына операцияларды жүргізу үшін беріледі: 1) жер қойнауың мемлекеттік геологияльщ зерттеу; 2) барлау; 3) өндіру; 4) барлау мен өндіруді қоса атқару; 5) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысгы емес жерасты қүрылыстарын салужәне (немесе) пайдалану. ҚР-ның "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 24-бабында жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріңе жол беріледі: 1) аң аулау; 2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңіз суқоректілерін қоса алғанда, балық аулау; 3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануар- ларды шаруашылықмақсатгарда пайдалану; 4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсатгарда пайдалану; 5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін пайдалану. Атмосфералық ауаны пайдалану туралы айта отырып, әңгіме атмосфералық ауаны пайдалануды реттеу туралы болып отырған жоқ, бүл арада бәрінен бүрын атмосфералық ауаны әр түрлі лас- танудан қорғау туралы айтылып отыр. Атмосфералықауаны пай- даланудың түрі зиянды және ластаушы заттардың атмосфераға шығарындылары болып табылады, осымен байланысты бүл құқық қатынастарын реттейтін заң — "Атмосфералық ауаны қорғау ту- ралы" заңдеп аталады | |
Просмотров: 6932 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |