Главная » Файлы » Рефераты |
Темекінің зияны туралы реферат
[ Скачать с сервера (97.5 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экология] |
03.09.2013, 21:14 |
Темекі шегу адам өміріне зиян Темекі құрамындағы зиянды заттар, олардың адам ағзасына əсері Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Темекі құрамы 2. Темекінің зияны 3. Темекінің адам денсаулығына әсері ІІІ. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. І. Кіріспе " Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық” – деген болатын орыстын белгілі фармакологы И. М. Догель. Өйткені адам баласында темекіге деген табиғи қажеттілік жоқ. Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992 жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500 жылдығын атап өтті. Ал африка халқы оның дәміе бірнеше ғасыр бұрын тартқан болатын. Темекінің Еуропада кеңінен таралуына француз халымы Жан Нико да себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекі дәндерінен бірінші рет темекі өсіріп, өзінің атымен аталған "барлық ауруға қарсы ем ”- никотинді тапты. Темекі түтіні – темекінің жауынан пайда болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тозан және миллимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түрінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртетігі тотығы, аммиак, күкіртсутегі, формальдегит,фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар. Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды. |ІІ. Негізгі бөлім Темекі құрамындағы заттар. Темекі түтінінің құрамында 12 000 жуық заттар мен 4000-нан астам химиялық қосылыстар бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.. Шайыр – түтін арқылы адам өкпесіне түседі. Түтін конденсация ұшырап, 70% шайыр өкпеде қалады. Никотин – адамның тәуелділігін жылдам қалыптастыратын есірткелік зат. Темекі түтіндегі никотиннің қанға сіңуінен физиологиялық эффект пайда болады, бұның нәтижесінде жүректің соғуы жылдамдап, қан қысымы жоғарлайды. СО көміртегі – исі мен дәмі жоқ улы газ. Оны адам еш сезбейді, әйтсе де көп мөлшері адамға қауіпті. Ол темекіні тұтатып, ішке тартқанда пайда болады және қандағы гемоглабинмен әрекеттесіп, оттегінің орнын алмастырып қандағы оның мөлшерін төмендетеді. Мүшелер мен ұлпада оттегінің жетіспеуі, ең алдымен, жүрек қан тамыр ауруларын және қан айналымын бұзады. Кадмий – жоғары улы металл, батарейкаға пайдаланылады. Формальдегид - өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады. Ацетон – еріткіш, тұрмыста кеңінен пайдаланылады. Бензол – еріткіш, химиялық өнеркәсіпте пайдаланылады. Мышьяк - өте улы (кеміргіштерді құрту үшін пайдаланады). Оның 196 — улы және 14 наркотик тәріздес. | |
Просмотров: 10666 | Загрузок: 898 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 1 | |
| |