Главная » Файлы » Рефераты |
[ Скачать с сервера (42.6 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экология] |
28.02.2015, 21:27 |
ЖОСПАР:
Экологиялық мәселелерді алдын алу үшін адам ретсіз дамудан, тиімді реттелген табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Тұрақты даму дегеніміз -қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, келесі ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтындай даму. БҰҰ анықтамасы бойынша тұрақты даму дегеніміз-экономиканың дамуы барсында қазіргі қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету процесі. Тұрақты даму - экономиканың даму қарқындылығы деген сөз емес, ол табиғат ресурстарды бұрынғыша шексіз өндіріп, шексіз пайдалана бермей, біздің қоршаған табиғи ортаға ұқыппен қарап, байлықтарын ысырапсыз, халықтардың әл-ауқат деңгейін жоғарылату бағытында жаңа технологияларды қолдану арқылы дамуы деген сөз. Тұрақты даму түсінігінің пайда болуы тарихы, стратегиясы, принциптері. Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан). 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Тұрақты даму стратегиясының принциптері: - Саяси құқықтық-демократиялық құндылықтар,парасатты заңдар мен салықтар,әлеуметтік әділеттілік; -экономикалық меншік түрлерінің дұрыс үйлесімділігі,тауар өндірушілер мен сатушылардың еркін бәсекелестігі,материалдық және мәдени құндылықтардың жеткілікті болуы; -экологиялық-табиғат пен қоғамның қатар үйлесімді дамуын, азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету,табиғи ресурстар өндіру, пайдаланудың жаңа инновациялық технологияларын ендіру,табиғат қорғаудыңәкімшілік,экономикалық,құқықтық негіздерін жетілдіру; -әлеуметтік-аштық пен кедейшілікті жою, мектепке дейінгі тәрбие, орта, кәсіптік білім беру жүйелеріндамыту, қарттарға,мүгедектерге қамқорлық;
-халықаралық-бейбітшілік үшін күрес,дүниежүзілік қауымдастықта халықаралық құқықтық демократия принциптері негізінде қызмет етуге ат салысу; -ақпараттық-ғылым мен техниканың жоғары даму жетістіктерін халық ағарту және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату және халық шаруашылығының барлық салалары мен мәдениетті ақпараттандыру,жаңа инновациялық технологияларды қолдануды кеңейту,дамыту; - глобальды ойлап-локальды әрекет ету;-техногенді әсерлердің күшеюі мен адам денсаулығының қоршаған орта жағдайына тәуелділігінің артуына байланысты экологиялық болжаулардың дәлдігін жоғарылату принципі; -экономикалық даму мақсаттарына бағытталған іс - шараларды алдыңғы кезекте жүзеге асыру принципі. Қоршаған орта және тұрақты даму бойынша БҰҰ конферециясында (Бразилия, 1992 жыл) Рио-де-Жанейрода глобальды экологиялық форумда мынадай неізгі стратегия қабылданды: Адам баласы табиғатпен үндестік жағдайында толыққанды және қолайлы тіршілік ортасында өмір сүруге құқылы; Экономиканың экологиялық мәселелерді ескермей дамуы планетаның шөлге айналып,өздігінен жойылып кетуге әкеп соғады; Экономикалық дамусыз тек экология мәселелеріне бір жақты қарау жалпыға бірдей жоқшылық пен әлеуметтік теңсіздікке әкеп соғады; Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ескермей тұрақты дамуға қол жеткізу мүмкін емес; Мемлекет жер экожүйесін сақтау,қорғау және қалпына келтіру үшін бірлесіп жұмыс атқаруы керек; Бейбітшілік,даму мен қоршаған ортаны қорғау– бір-біріне тәуелді,өзара тығыз байланысты; Экологиялық мәселелерді қарастырғанда оған қатысты барлық азаматтар қамтылуы қажет. Тұрақты дамудың негізгі мақсаттары мен ұстанымдары Ұстанымдары: 1983 жылы БҰҰ бас хатшысы Морис Стронгтың бастамасымен қоршаған ортан және даму жөніндегі халықаралық комиссия құрылды. Комиссияның негізгі ұстанымдары: 1.2000 ж дейін және одан әрі қарай кезеңдерге тұрақты дамуды қамтамасыз ететін қоршаған ортаны қорғау саласында стратегия дайындау. 2. Әлеуметтік дамудың әр түрлі саласында экологиялық мәселелерді шешу үшін ынтымақтастық орнату. 3. Ғаламдық экологиялық мәселелерді түсіндіру, оны шешуге көмектесуі.
1.Саяси-құқықтық-демократтық құндылықтар, парасатты заңдар мен салықтар, әлеуметтік әділеттілік жатады. 2. экономикалық- меншік түрлерінің дұрыс үйлесімдігі, тауар өндірушілер мен сатушылардың еркін бәсекелестігі, материалдық және мәденикт құндылықтарынығ жеткілікті болуы. 3. Экологиялық- табиғат пен қоғамның қатар үйлесімді дамуын. Азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамту, табиғи ресурстарды өндіру жаңа инновациялық технологияларды өндіру, табиғатты қорғаудың әкімшілік экономикалық құқық негіздерін жетілдіру. 4.Әлеуметтік- аштық пен кедейшілікті жою, мектепке дейінгі тәрбие, орта, кәсіптік білім беру жүйелерін дамыту, қарттарға, мүгедектерге қамқорлық жасау. 5. Халықаралық - бейбітшілік үшін күрес, дүниежүзілік қауымдастыққа халықаралық, демократиялық құқықтық прицип негізінде қызмет ету. 6. Ақпараттық - ғылым мен технологиялардың жоғары даму жетістіктерін халық ағарту және бұқара аралық арқылы ақпарат тарату және халық шаруашылығының барлық салалары мен мәдениетін ақпараттандыру, жаңа инновациялық технологияларды қолданып кеңейтіп дамыту. Қ.Р. тұрақты дамуға өту кезеңдері мен міндеттері 14 қарашада 2006 жылы ҚР президентінің жарлығымен еліміз үшін аса маңызды саяси құжат дайындалды. Ол ҚР 2007-2024 жыл арасында тұрақты дамуға өту жөніндегі концепциясы. Тұрақты даму концепциясы ұзақ жылдар бойында жинақталған мәліметтерді талдау, математикалық модельдеу, бекітілген қолайлы параметрлерді есептеу арқылы ғылыми-методологиялық негізде дайындалады. Бұл қабылданған концепция теңсіздіктер мен сәйкестікті жоюға арналған құжат болып саналады. ҚР тұрақты дамуға өтуі бірнеше кезеңдері бойынша жүргізіледі: Дайындық кезеңі(2007-2009жж)-қоғамдық,саяси өмірдің барлық салаларына тұрақты даму принциптерін енгізу,экономиканы диверсификациялау, технологиялық өрлеу үшін қажетті жағдайларды дайындау. Бірінші кезең (2010-2012жж)-ҚР дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз ету. Екінші кезең(2013-2018жж)-ҚР адамдарының өмір сүруінің сапалық көрсеткіштері бойынша дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан орын алуы,табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға байланысты шығындарды барынша азайту және елдің экономикалық тұрақтылық деңгейін көтеру. Үшінші кезең(2019-2024жж)-тұрақты даму концепциясының БҰҰ қабылдаған халықаралық критерийлеріне қол жеткізу. Концепция міндеттері: 1.Пайдаланған ресурстарды пайдалану тиімділігін 2012 жылға қарай 37%, 2018 жылы 43 %, 2024 ж - 58% арттыру. Бұл көрсеткішті арттыру қалай жүзеге асырылады? Ең алдымен экономиканы диверсификациялау, жоғары технологияларын өңдеу саласын дамыту, өндіріс пен тұтынудың жаңа технологиялық моделін енгізу. 2. Демографиялық салада қазіргі кездегі туушылық көрсеткішін сақтай отырып, халықтың өмір сүру көрсеткішінің деңгейін жоғарылату. 2011 ж- 68 жасқа,2018ж -70 жасқа, 2024 ж-73 жасқа дейін, жалпы алғанда тууылым көрсеткініш 1000 адамға шаққанда 18-22 деғгейінде сақтап қалу. Бұл мақсатқа жету үшін не істеу керек? Ең алдымен қауіпсіздік деңгейін көтеру. Қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін енгізу, халқыт сапалы ауыз-сумен қамтамасыз ету, жол-көлік, тұрмыстық жіне тромбатизмді азайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізу және тамақтанудың денсаулыққа пайдалы стандарттарын жүзеге асыру. 3. экологиялық тұрақтылықтың көрсеткіштерін жоғарылату. 2012ж-10%, 2018ж-15%, 2024ж-25%. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен ,аймақтық даму процесіне экожүйелік әдістерді енгізу,барлық өндірістік және энергетикалық ныщандардың тұрақты дамуы үшін арнайы кретилерийлерді белгілеу,шөлдену,шөлейттенумен күрес шаралары,қоршаған ортаны қорғаудың барынша тиімді экономикалық механизмін енгізу, «Тарихи ластаушылар» проблемасын шешу. 4. саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл міндетті шешу үшін ең алдымен тұрақты даму идеяларын қолдаушы күштерді бір ортаға біріктіру, Қазақстанда тұрақты дамудың халықаралық аймағын құру, Қазақстанның халықаралық ұйымдарға толық және белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету қажет.
ҚР тұрақты дамуының тұжырымдамасы мен мақсаттары Тұжырымдамасы: 1. Адамның экономикалық қамтамасыз ету және табиғи ортаның қажеттілігін ескере отырып сақтау. 2.Тұрақты дамудың негізі-ғаламдық ресурстарды және экономикалық патенцияға ұқыпты қарау. 3.Кедейшілкке қарсы күрес, кедей топтардың материалдық экономикалық қажеттіліктерін негде шешу. 4.Табиғатты пайдалану қаржы жұмсау технологиялық даму, қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттілігіне сәйкес жүргізілуі керек. Мақсаттары: 1.Саяси-құқықтық-демократтық құндылықтар, парасатты заңдар мен салықтар, әлеуметтік әділеттілік жатады. 2. экономикалық- меншік түрлерінің дұрыс үйлесімдігі, тауар өндірушілер мен сатушылардың еркін бәсекелестігі, материалдық және мәденикт құндылықтарынығ жеткілікті болуы. 3. Экологиялық- табиғат пен қоғамның қатар үйлесімді дамуын. Азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамту, табиғи ресурстарды өндіру жаңа инновациялық технологияларды өндіру, табиғатты қорғаудың әкімшілік экономикалық құқық негіздерін жетілдіру. 4.Әлеуметтік- аштық пен кедейшілікті жою, мектепке дейінгі тәрбие, орта, кәсіптік білім беру жүйелерін дамыту, қарттарға, мүгедектерге қамқорлық жасау. 5. Халықаралық- бейбітшілік үшін күрес, дүниежүзілік қауымдастыққа халықаралық, демократиялық құқықтық прицип негізінде қызмет ету. 6. Ақпараттық-ғылым мен технологиялардың жоғары даму жетістіктерін халық ағарту және бұқарааралық арқылы ақпарат тарату және халық шаруашылығының барлық салалары мен мәдениетін ақпараттандыру, жаңа инновациялық технологияларды қолданып кеңейтіп дамыту. Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды сақтау бойынша конвенциясы ЮНЕСКО әлемдік мәдениет және табиғат мұраларын қорғау жөнінде Конвенцияны 1972 жылы қабылдаған болатын. КСРО бұл Қарарды 1988 жылы наурыздың 9 ратификациалады. Қазіргі уақытта Конвенцияны әлемнің 187 елі, оның ішінде Қазақстан да ратификациялаған. Бүкіләлемдік мұралардың тізімін жасаудағы мақсат адамзаттың және табиғаттың жасаған қайталанбас туындыларын қорғау болып табылады. 1975 жылға дейін бұл тізімге тек мәдени мұралар еніп келген болатын. Алайда бұдан кейінгі жылдары ол табиғат туындыларымен де толығып келеді. Жыл сайын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар комитеті өзінің сессиясына өткізіп, жаңадан ұсынылған нысандарды тізімге алып отырады. 2011 жылдың 30 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша Бүкіләлемдік мұраға дүниежүзі бойынша 936 нысан енген. Оның 725-і мәдениет, 183-і табиғат, қалғандары аралас мұралар болып табылады. Тізімге енген нысандардың көптігі жағынан Италия көш бастап келеді (47 нысан). Бұдан кейінгі орындарда Испания (43), Қытай (40), Франция (37), Германия (36), Мексика (31), Индия (28), Ұлыбритания (28), Ресей (24), АҚШ (21) тұр. Ал Орта Азия елдерінің ішінде осы уақытқа дейін Бүкіләлемдік мұраға Өзбекстан — 4, Түркіменстан — 3, Тәжікстан мен Қырғызстан бір-бір нысаннан енгізіпті. Тұрақты дамудың экологиялық механизмдерін ашып көрсету Республиканың экологиялық қауіпсіздігі деген ең алдымен қоршаған ортаға антропогенді немесе табиғи әсердің нәтижесінде жеке адамға,қоғамға,табиғат пен мемлекеттің өмірлік маңызды қажеттіліктерін нақты және мүмкін болатын қауіптен қорғауды қамтамасыз ету процесі.Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне биосфера мен сыртқы антропогенді және табиғи факторлар арсындағы тепе теңдікті ұстап тұруға бағытталған медициналық, биологиялық, экологиялық, құқықтық іс шаралардың жиынтығы жатады. Алда тұрған маңызды мәселенің бірі адамды қоршаған ортаға мүмкін болатын шекті экологиялық қысымды, яғни экожүйелердің өзара байланыстары қарым-қатынастары сақталатын антропогенді фактордың әсер етуінің максималды деңгейін анықтайды.Қазіргі кезде Қазақстан территориясының көптеген бөлігі күшті антропогенді әсерге ұшыраған. Арал маңындағы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады.Экологиядық білім беру-әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру оның екі негізгі бағыты бар: Қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және ТАБИҒАТ пен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру.Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты-табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету.Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиетімен байланысты:өз іс әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижені болжай білу,өзіне және басқаға сын көзбен қарай білу.Қ.Р конституциясы негізгі заң. Халықаралық нормаға сай ол мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеудегі жалпы бағытын анықтайды.Экологиялық заңдардың орындалуын мемлекеттік құрылымдар жүйесі,эко-қ сараптама қамтамасыз етеді. Экологиялық сараптаманың принцптері: 1) мемлекеттік эко-қ сараптаманы жүргізудің міндеттілігі 2) эко-қ сараптаманың қорытындыларының ғылыми негізділігі 3) министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволардың бақылаушы құрылымдарының өзара байланысы 4) эко-қ және медико-биологиялық мүдделердің басымдылығы 5) жариялылық. Құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі. Тұрақты дамудың қоғамдық механизмін ашып көрсету Қазіргі уақытта эко-қ экономикалық,әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестірілуде.Олар:-бұзылған экожүйелердің қалпына келтіруді қамтамасыз ету; -суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау; -жерді пайдалану,ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға,биологиялық алуан түрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау; Биологиялық алуан түрлілікті сақтау консепсиясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық баяндамасы қабылданды. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:-қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі; -эко-қ қауіпсіз технологияларды қолдану,тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету.Бұл мәселелердің біздің республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше. Тұрақты дамудың экономикалық механизмн ашып көрсету Эко-қ механизміне кедейлікпен күрес,тұтынудың құрылымын өзгерту ,халық және тұрақтылық, адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту,тұрақты тұрғын жерлер тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру.Кедейлікпен күрес кедейлікті болдырмау жолдары:еңбекпен қамтамасыз ету , еңбекке жарамды халықты арттыру. Тұтынудың құрылымын өзгерту адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуы себебі болып табылады.Халық және тұрақтылық 1993 жылы дүние жүзіндегі халық саны шамамен 5.5 млрд астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша2020 жылы саны 8 млрдға жетеді. Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту халықтың денсаулығы қоршаған орта жағдайына байланысты болды.2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласында стратегиялық міндеттер -СПИД пен күреске жұмылдыру -туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес -бала өлімін кеміту -балалардың денсаулығын қорғау -тұрақты тұрғын жерлер 2000 жылға қарай дүние жүзін халқының жартысын қалада тұруы тиіс .Қалада жалпы өнімнің 60 пайыз өндіріледі. Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру ХХІ ғасырда биосферада өзгерістер болуы мүмкін.Ғалымдар төмендегі мәселені зерттеуде ауа райының өзгерісі,ресурстар тұтынудағы демографиялық тенденсиялар,ортаның деградациясы ресурстарды пайдалану және т.б. Эко-қ білім беру-адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.
ҚОРЫТЫНДЫ Қазақстан Республикасы өңірлерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін даму субъектісі ретінде тек әкімшілік бірліктерді ғана емес, сондай-ақ тиісті экологиялық жүйелерді де қарастыратын экожүйелік (алаптық) қағидатты енгізу қажет. Қазақстан Республикасының аумақтық деңгейдегі тұрақты дамуы Қазақстан жағдайында табиғат, оның ресурстары мен экожүйелері анық транс өңірлік сипатқа ие болғандықтан, тек әкімшілік-аумақтық бөлініс субъектілері аясында ғана жүзеге асыруға болады. Осыған байланысты алаптық қағидат бойынша тұрақты экожүйелік дамудың мынадай сегіз аймағына арналған тұрақты дамуға көшу жөніндегі іс-шаралардың өңірлік жоспарларын әзірлеу көзделеді: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Атырау, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай, Шу-Талас. Экожүйелік қағидатқа сәйкес және транс өңірлік негізде тұрақты өңірлік даму бағдарламаларын жасау: - тұтас экологиялық жүйелерге жататын аумақтарды басқаруға деген бірыңғай көзқарасты негізге ала отырып, табиғатты тиімді пайдалануға және табиғи ресурстарды сақтауды қамтамасыз етуге; - табиғи ресурстар менеджментінің қолданыстағы жүйесінің тиімсіздігін, ведомстволық бытыраңқылықты және функциялардың қосарлануын еңсеруге; - Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын нығайтуға және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы жіктелушілікті азайтуға; - халықаралық қатынастарда экожүйелік көзқарасты дамытуға жағдай жасауға, трансұлттық экологиялық жүйелерді сақтау жөніндегі бірлескен қызмет аясында көрші елдермен ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді. Мұнда алаптық қағидат елдің әкімшілік бөлінісі, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпора циялар, экономикалық кластерлер құру секілді аумақтық ұйымдардың өзге түрлерін алмастырмайды. Сонымен бірге тұрақты даму аймақтары аясында қоршаған ортаны қорғау мүдделерін сақтау негізінде ықпалдасу процестері белсенді түрде жүзеге асатын болады. Қазақстан Республикасының үлгісінде экожүйелік деңгейде аумақтық тұрақты дамуға түбегейлі жаңа көзқарас қалыптасуы мүмкін. | |
Просмотров: 25133 | Загрузок: 354 | |
Всего комментариев: 0 | |