Главная » Файлы » Рефераты |
Ақшаның құрылымы мен қызметтерi
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика] |
03.04.2012, 20:39 |
ЖОСПАР Кiрiспе………………………………………………………………………….3 II. Ақшаның құрылымы мен қызметтерi 2.1. Ақша құрылымы……………………………………………………….5 2.2. Ақшаның қызметтерi……………………………………………..……..8 Қорытынды…………………………………………………………………..11 Пайдаланылған әдебиеттер ………………………………………………12. Кiрiспе Ақша кез-келген туар құнын бiлдiретiн ерекше тауар ролiн атқарады. Ақшаның қоғамдағы мәнiн К.Маркс “индвид өзiнiң қоғамдық билiгiн де, қоғаммен байланысын да өзiнiң қалтасына салып жүредi” деген афоризммен сипаттады. Ол мындан айқын көрiнедi: - тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектiң нәтижесi екенiн анықтауға болады. - әр адам еңбектегi, яғни қоғамдқ өнiмдегi ѕлесiн де ақша арқылы анықтауға болады. - айырбас процесiнде ақшаның делдалдық етуiмен тауардың iшкi қайшлықтары да шешiледi. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бѕкiл тауарлар тұтыну құндары түрiнде айырбас қатынасының бiр жағында тұрады да, ал екiншi жағында бүкiл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретiнде ақша қарсы тұрады. Адамзат тарихының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан әрi жетiлiп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретiнде ғана бiр-бiрiне айырбасталып қана қоймай, бѕкiл тауарлар дүниесiнен ерекше бiр тауар, яғни тауар-ақша пайда болды. К. Маркстiң сөзiмен айтқанда: “Айырбас құны, тауарлардан бөлiнiп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретiнде жүретiн тауар, ол-ақша”. Әрбiр жеке тауар тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны белгiсiз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесiнде бiрiн-бiрi алмастырады және бiрiне –бiрi теңгерiледi. Курстық жұмыс барысында осы жағарыда аталған ақшаның жалпы мәнi мен атқаратын қызметiн айқындап, елiмiздiң Ұлттық валютасына тоқталып өттiм. Курстық жұмсым: бір бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмiнде, ақшаның экономикалық маңызы мен пайда болуына сипаттама бердім. I. Ақшаның құрылымы мен қызметтерi 1.1. Ақша құрылымы Банк клиенттерiне қызмет көрсететiн электрондық төлем жүйесiне : - автоматтандырылған есеп айырысу палатасы- қолма –қол ақшасыз есеп айырысуды автоматтандырылған тәртiппен жүргiзедi және төлемдер жөнiнде барлқ хабарлар электронды есептегiш машиналарға енгiзу ѕшiн магниттiк лентаға немесе терминалдық құрылғыға түсiретiн формада болады. АҚШ-1972 жылы алғаш қолданған. - Банктiк автоматтар—ол клиентке банк қызметкер-лерiнсiз банктiк электронды есептегiш машиналарға қосылып, өз бетiмен операциялар жүргiзуге мѕмкiндiк беретiн құрылғы. - Терминалдар- сауда орындарында, ресторандарда және т.б. сауда ұйымдарындағы есеп айырысатын қызметкерлер банк жүйесiне төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға , сонымен қатар сатып алушының төлем қабiлеттiлiгi туралы хабарды керi алуға мѕмкiндiк беретiн құрылғы. - Үйде банктiк қызмет көрсету- ол электронды есептегiш техниканы пайдалану негiзiнде халыққа банктiк қызмет көрсету, яғни телефон аппараттары мен жеке компьютердiң қазiргi ѕлгiсiн пайдаланумен жүзеге асады. Қағаз ақшаға тән кемшiлiктер несие ақшаларын пайдалануға байланысты бiрсыпыра жойылуы мѕмкiн. Тауар айналымы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытына сай келе бермейдi, бұл тауар несиеге сатылды деген сөз. Несиенi қайтару кезiнде несие ақшалары пайда болады. Толық құнды ақша- ол монетада көрсетiлген құн монета соғуға жұмсалған металдың құнына тең ақшаны айтады. Ондай ақшалар жалпы құн эквивалентi болды, ақшаның барлық қызметiн атқарды. Оған: алтын мен күмiс жатады. Толық құнды емес ақшалар: белгi ақшалар, шығаруға кеткен шығын құнынан төмен болады. Оған: - қағаз ақшалар- алғашқы қағаз ақшалар XII ғасырда Қытайда пайда болды, Ресейде 1769 (ақша императордың бейнесiмен белгiленгендiктен –“катенька” деген ат алды) жылы қолданылды. Ол толық құнды ақшаның орнына айналым және төлем құралы қызметтерiн атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу ѕшiн шығаратын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға айырбасталмайтын ақша белгiсi. Оның құны жоқ, себебi оны басып шығаруға көрсеткен құнындағыдай шығын кетпейдi. - Биллон теңгелер – көрсетiлген бағасы ондағы металл құны мен оны алуға кеткен шығыннан артық, құны толық емес, майда айырбас тиындар. Төмен сапалы кѕмiс, никель, мыс және олардың қорытпаларынан жасалады. - Несие ақшалар- сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын құнның қағаз белгiсi немесе қарызд өтеудегi ақшаның төлем құралы қызметiн атқаруы. Ол қағаздан жасалады, бiрақ оларды, әдетте, банктер әртүрлi шаруашылық процестерiне байланысты жүргiзiлетiн несиелiк операцияларды орындағанда шығарады. Оған жататындар: - вексель- төлем мiндеттемесi, ол несиеге алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде келiсiлген жерде өтеу ѕшiн қарыздардың сатушыға жазбаша түрде берген құжаты. XII ғасрда алғаш рет Италияда қолданылған. - банкнота- XVII ғасырда аяқ шенiнде пайда болған. Ол –әр елдiң орталық банкi шығарған және оны иемденушiнiң талабы бойынша төленуге тиiстi банк берген қарыз мiндеттемесi. Банкнота – банк жазып берген вексель. - Чек- оған қол қоюшының ағымдағы шотынан қолма-қол ақшаны чек иеленушiге беру немесе басқа бiр шотқа аудару туралы банкке берген жазбаша ѕкiмi. Алғашқы чек- 1683 жылы µлыбританида қолданылған. - Пластикалық карточка- қолма -қол ақша мен чектiң орнына жүретiн, сондай -ақ иесiне банктен қысқа мерзiмдi қарыз алуға мүмiндiк беретiн есеп айырысу құралы. Ақша айналымы – деп қолма –қол және қолма –қол емес түрiндегi үзiлiссiз қозғалыста жүретiн ақша белгiлерiн айтады. Қолма –қол ақша айналымы- тек қолма қол ақша жүретiндiктен оны ақша айналысы деп те атайды. Қолма -қол емес ақша айналымы- ол банктегi шот иесiнiң жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруi немесе ақшаның төлем құралы қызметiн атқаруы. Қолма –қол емес төлем айналымы: - тауарлы операцялар- тауарлар мен қызметтер ѕшiн қолма-қол ақшасыз есеп айырысу; - қаржы мiндеттемелерi- бюджетке төленетiн төлемдер, бюджеттен тыс қорлар, банктiк борышты өтеу т.б. Қазiргi кезде жоғарыда аталған пластикалық карточкаларды қолдану қолма –қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруда ең прогрессивтiк құрал екенiн әлемдiк тәжiрибе дәлелдедi. 1.2. Ақшаның қызметтерi Кейбiр елдердiң ұлттық ақша белгiлерiнiң дүниежүзiлiк ақша ретiнде қолданылуының себептерi: - бұл елдiң дүниежүзiлiк сауда мен несие қатынастарында жоғары ѕлесi болуы; - бұл елдiң басқа елдерге айтарлықтай несие беруге мѕмкiндiгi бар. Әлемдiк бiрiнғай банкноттардың жоқтығы халықаралық айналымға алтнның орнына кейбiр ұлттық валюталарды енгiзуге мәжбѕр еттi. 1922 жылы Генуяда өткен бiрiншi Халықаралық келiсiмде ағылшынның фунт стерлингi және АҚШ –тың доллары алттынның эквивалентi деп жарияланып, халықаралық айналымға енгiзiлдi. 1944 жылы Бреттон –Вудсте (АІШ) қабылданып, онда соғыстан кейiнгi валюта жүйесiнiң негiзi бекiтiлдi. Бұл келiсiм АҚШ-тың долларына және фунт стерлингке резервтiк валюта статусын бердi. Одан кейiн дүниежүзiлiк ақшаның формалары пайда болды: СДР- Халықаралық валюта қорының арнаулы есеп айырысу өлшемi (1970жыл), ЭКЮ- аймақтық халықаралық есеп айырысу өлшемi (1979 жыл), оны Еуропа валюта жүйесiне мѕше мемлекеттер қолданды. 1991 жылы 1 қаңтарда жаңа валюта –еуро өмiрге келдi. Алайда, дүниежүзiлiк ақша ретiнде тек алтын танылған соң халықаралық есеп айырысу құралдары алтынға еркiн айырбасталуы тиiс немесе дүниежүзiлiк төлем қатынастары дағдарысқа ұшарайды. Маркстың айтуынша, табиғат ақша шығармайды, ал алтынға ол қасиеттi қоғам берген. Себебi: - оның жақсы табиғи сапасы бар: тотықтанбайды, оңай бөлiнедi, бұзылмайды т.с.с. - жоғары құны бар, құнсызданбайды. К.Маркстiң сөзiмен айтқанда: “Айырбас құны, тауарлардан бөлiнiп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретiнде жүретiн тауар, ол-ақша”. Әрбiр жеке тауар тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны белгiсiз, ол тек тауарды ақшаға теңергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесiнде бiрiн-бiрi алмастырады және бiрiне –бiрi теңгерiледi. Оның айырықша қызметi- барлық тауарларға ортақ эвивалент ролiн атқарады. Тауар өндiрiсi жағдайында ақшаның атқаратын қызметтерi: 1. Құн өлшем қызметi- ақшаның көмегiмен тауардың құны көрсетiлiп, онң бағасы бекiтiледi. Бұл қызмет ақшаның тiкелей қатысуынсыз, ойша атқарылады. 2. Айналыс құралы қызметi - бұл кезде ақшалар нақты түрде тауар алмасуда аралық қызмет атқарады.Т-А-Т. 3. Қор жинау құралы қызметi- ақша айналыс өрiсiнен кетiп, өндiрушiлер, жеке адамдар, басқа да тұлғалардың, мемлекеттiң қазынасына жиналуын айтамыз. Кей жағдайларда Т-А-Т жағдайында тауар айналысы тоқтап, Т-А болуы мѕмкiн. Осының нәтижесiнде ақша белгiлi бiр мерзiмге жинақталып қалады. 4. Төлем құралы қызметi- тауарларға немесе көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу; еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеу; мемелекеттiк қаржы мiндеттемелерiн төлеу; банктiк, мемлекеттiк, тұтыну неселерi бойынша қарызды өтеу; сақтандыру мiндеттемелерiн төлеу; құқықтық –сот сипатындағы ақыларды төлеу. Ақшаның төлем құралы қызметiнiң айналыс құралы қызметiнен айырмашылығы – ақша сатып алу-сату процестерiн аяқтайды және қолма-қол ақшамен қатар несие ақшалары да жүредi. 5. Ақшаның дѕнежүзiлiк ақша қызметi- бұл қызметi халықаралық экономкалық қатынастар кезiнде орындалады. Дүниежүзiлiк ақша ретiнде танылып ол ѕш түрлi бағытта қолданылады: - бѕкiл елде ортақ төлем құралы, яғни халықаралық төлем құралы ретiнде ақша халықаралық төлем балансы бойынша есеп айырсуда қолданылады. - бѕкiл елге ортақ сатып алу қралы, яғни халықаралық сатып алу құралы ретiнде шетелдерден қолма-қол ақшаға тiкелей тауар сатып алғанда жүредi. - Ұлттық байлықты бiр елден басқа елге көшiргенде, яғни контрибуция салығын төлегенде, репрация зиянын төлегенде немесе қарыз бергенде қоданылады. Қорытынды. Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргiзудiң негiзгi себебi-ақша белгiсiн тұрақтандыру. Себебi, КСРО ыдырағаннан кейiнгi екi жыл аралығында кеңестiк рубль (сом) бұрынғы одақтас республикалардың орнына құрылған тәуелсiз елдерде бiртектес ақша ретiнде қолданылды. Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезеңiнде өндiрiс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсiп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық тѕлiк негiзiнен шетелдерден тасымалданды. 1990 жылы қолма –қол ақша инфляциясы 25 млрд. сом болды. Ол 1981 –1985 жылдардағы эмиссияланған қосынды соммадан әлде қайда көп едi. 1991 жылы қаңтарда “КСРО мемлекеттiк банкiнiң 1961 жылы ѕлгiдегi 50 және 100 сомдық ақша белгiлерiн төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртiбi мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша берудi шектеу туралы“ КСРО президентiнiң жарлығы және КСРО министрлер кабинетiнiң қаулысына сай 1991 жылы ѕлгiдегi 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескi ақшаларды жаңасына айырбастау процесi жеке адамдар ѕшiн ѕш кѕнде өттi. Кейiн 1992 жылы айналысқа 200,500,1000 сомдық кеңестiк ѕлгiдегi iрi купюралар шығарылды. Жалпы курстық жұмыс бойынша қорыта айтқанда ақша- айырбас процесiнде эквивалент ролiн атқаратын ерекше тауар. Рыноктық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебi әр түрлi меншiк жағдайында жұмыс iстейтiн, тауар өндiрушiлер өндiретiн және сататын өнiмнiң көлемiн, түрiн және бағасын бекiтуге дербестiк алады. Пайдалынылған әдебиеттер: 1. Аубакиров Я. Экономикалық теория негiздерi. Алматы-1998ж 2. Ақша, несие , банктер. Валюта қатынастары. Б.А. Көшенова Оқу құралы Алматы “Экономика”-2000 жыл. 3. Денежное обращение и кредит при капитализме: Учебник /под ред. Л.Н. Красавиной. –М.: Финансы и статистика, 1989-365с. 4. Деньги, кредит, банки: Учебник /под ред. О. Лаврушина. Изд.2-е, перераб и доп.-. М.: Финансы и статистика, 1999-464с 5. Деньги, кредит, банки: Учебник для вузов/под ред. Е.Ф.Жукова.-. М.: Банки и биржи, ЮНИТИ 1999-622с 6. Деньги, кредит, банки: Учебник /под ред. Г.С. Сейткасимова. Изд.2-е перерабидоп-Алматы: Экономика, 1999-432с. 7. Поляков В.П., Москвина Л.А. Денежное обращение и кредитная система.-М., 1997. | |
Просмотров: 3842 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |