Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Delphi жайында толық түсінік
[ Скачать с сервера (1.88 Mb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
25.12.2013, 09:06
КІРІСПЕ

XXI ғасыр ақпараттандырылған кезең болғандықтан компьютерлік технологиялардың және интернеттің даму экономика мен әлеуметтік салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер жаратып отыр. Кез-келген авотматтандырылған жүйе өзара байланысқан көптеген модульдерден тұратын күрделі аппараттық-программалық комплекстерді сипаттайды. Мұндай жағдайда желілік технологиялардың және мәліметтер қорының алатын орны ерекше болып табылады. Жалпы Жүйе көптеген жергілікті және глобальды есептеу желілерінің комплексі түрінде анықталады. Жаңа технологиялардың дұрыс пайдаланылуы бизнес әлеміндегі жетекші орындарға ие болудың алғы шарттарының бірі болып табылады.
Қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың қолданылуы экономика мен әлеуметтік салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер жаратып отыр. Кез-келген авотматтандырылған жүйе өзара байланысқан көптеген модульдерден тұратын күрделі аппараттық-программалық комплекстерді сипаттайды. Мұндай жағдайда мәліметтер қорының алатын орны ерекше болып табылады. Жаңа технологиялардың дұрыс пайдаланылуы бизнес әлеміндегі жетекші орындарға ие болудың алғы шарттарының бірі болып табылады.
Жаңа технологияға деген сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары өздерінің ұсыныстарымен шығып отырады. Әрбір мекеменің автоматтандыру бөлімінің алдында осы мәселені шешу, яғни көптеген бағдарламалардың ішінен өздерін қанағаттандыратынын таңдау проблемасы тұрады.
Қағазсыз iс жүргiзу басқару қызметiнде компьютердiң пайдаланылуын қажет етедi. Қағазбен жеткiзiлетiн дүниелердiң толық пайдаланудан шығарылуы немесе өте аз мөлшерде ғана қалдырылуы мүмкiн. Берілгендер қорымен компьютерлiк жүйеде күрделi мәселелердiң бiрлесiп шешiлуiн оны пайдаланушылар тобы жұмысты ұйымдастыру барысында жүзеге асырады. Жаңа ағымда жабдықталған электрондық офистерде қолданбалы бағдарламалары бар Microsoft, Borland, Gotus фирмаларының жұмыс ағымын жеделдетiп "Workflow" ұғымына жүгiнетiндiгi байқалады. Құжаттарды сақтау, бақылау, iздеу, мұрағатқа өткiзу, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi мұражайға тапсыру анағұрлым жеңiлденедi.
Берілгендер қорын мынадай мақсаттар үшiн пайдаланады. Айталық, кез келген мекеме өзіне керекті айлық немесе жылдық тіпті кей кездерде күндік есеп берулерді есептеу керек болады, сондықтан берілгендер қорымен жұмыс істеу өте тиімді, және уақыттан ұтымды болып келеді. Қолмен есептеуден гөрі берілгендер қорымен жұмыс істеу жүйесіне көшу есебiнен кәсiпорынның құжаттармен жабдықталу құнын төмендетуге болады. Құжаттармен қамтамасыз ету процесiн жетiлдiре отырып, жаңа да сапалы ақпарат базасын құру осы мақсаттардың негiзiне жатады.
Ақпараттық-іздеу жүйелеріне қойылатын кейбір талаптарға қарамастан, әрбір мекеме өзінің ішкі мәліметтерін өңдеудің өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Бірақ көбінше мұндай іс-әрекеттерді орындауға арналған құралдар олардың өздерінде табыла бермейді. Сондықтан, мен өз дипломдық жұмысымды балабақшада балаларды қабылдауға, балалар жайлы мәліметтерді толығымен алуға арналған бағдарлама құрдым.
Менің қарастырып отырған дипломдық жұмысымда балабақшаның жұмысын автоматтандыру мақсат етілді. Мұнда балалалды қабылдау, олардың айлық төлем ақысын есептеу , мекемедегі қызметкерлер жайлы тоық мәліметтер енгізілген берілгендер қорын Delphi арқылы іске асыру көзделді. Сондықтан, дипломдық жұмыстың басым бөлігі балалар туралы мәліметтерді қамтиды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 4 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда бала-бақшаның ережелері мен міндеттері, балаларды қабылдау және шығару, оларды тәрбиелеу процестері, тәрбиешілердің балаларды тәрбиелеу міндеттері сипатталған.
Екінші тарауда програмалаық жүйені құру ортасы – Delphi программалау ортасының жүйесі жайлы кең көлемді материал берілген. Графиктік жобалау орталарының ішіндегі ең қуаттыларының бірі – Borland Delphi-дің мүмкіндіктері кеңінен баяндалған.
Үшінші тарауда құрылған программалық жүйе жайлы, оның дайындалу барысы, ондағы жазылған кодтарымен қоса сипатталды. Бағдарламаның орындалу барысы қысқаша түсініктемесімен қоса баяндалып шыққан.
Төртінші тарау жүйенің экономикалық тиімділігі жайлы есептеулерді қамтитын бизнес-жоспардан тұрады. бағдарламаның қоғамға келтіретін пайдасы есептелініп, олар нақты мысалдармен дәлелденген.


1. Негізгі бөлім
1.Бала-бақшаның жұмыс істеу тәртібі.
1.1. Мекеменің міндеттері мен мызметтері
• Мемлекеттік басқару органы Шымкент қаласының білім беру және спорт бөлімі болып табылады.
• «№74 бастауыш мектеп - балабақша» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шымкент қала әкімдігі болып табылады.
• Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасы заңдарына және осы Жарғыға сәйккес жүргізеді.
• Мекеме заңды тұлға болып есептеледі, анық дербес балансы, банкте есеп- шо ты, оның ішіндс валюталық есебі, өзінің сипаттамасы жазылған мөрі бар.
• Өзінің атынан келісім - шарттар жасауға, мүліктің және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иелік етуге және іске асыруға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.
• Мекеме - мектепке дейінге және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған оқу орны, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп білімінің негізгі және қосымша жалпы білім беретін бағдарламаларын жүзеге асырады.
• Мекеме өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшаға жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша құрылтайшы жауаптылықта болады.
• Мекеменің жарғысы әділет органдарында тіркеуден өтуге жатады.
• Мекеме филиалдар мен өкілдіктер аша алады.
• Мекеменің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған білім алуға қажетті жағдай туғызу.
• Мекеменің басым міндеттері мыналар болып есептеледі.
1. Мектепке дейінгі және бассипаттамасыш мектеп білім беру бағдарламалары мазмұнында сабақтастыққа қол жеткізу.
2. Жеке тұлғаньщ шығармашылық рухани және дене еңбегі мүмкіндігін дамыту, имандылық пен салауатты емір салтының мықты негізін қалыптастыру үшін жағдай туғызу арқылы зердені байыту.
Өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйспеншілікке, адамзаттық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, халық дәстүрлерін қастерлеу, конституция мен қоғамға қарсы кез - келген әрекетке төзбеушілікке тәрбиелеу.
3. Әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерімен таныстыру, қазақ халқының және республиканың басқа да халықтарының салт - дәстүрі мен тарихын үйрету, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгерту.
Категория: Экономика | Добавил: mikosh9323
Просмотров: 2420 | Загрузок: 1089 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]