Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Экономика банкрот


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
08.02.2012, 22:06
ЖОСПАР

КІРІСПЕ--------------------------------------------------------------------------------------3

І БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ---------5
I.I Банкроттық туралы жалпы түсініктеме------------------------------------5
I.II Банкроттық: заң және оның құқық қолдану тәжірибесі-----------------7
I.III Банкротқа ұшырау жолдары------------------------------------------------ 10
ІІ БӨЛІМ КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫ----------------------------------------------------------------------------------15
II.I Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері------------------------15
II.II Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі------------------------------------19
II. III Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау--------------------------22
ІІІ. БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ----------------------------------------------------------------23
III.I Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау--------------------------------------23
III.II Банкроттықтың алдын алып,кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары--------------------------------------------------------------------------25

ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------------27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------------------------------------29

КІРІСПЕ
Банкроттық— қарызын қайтаруға ақша қаражатының жоқтығынан борышқордың міндеттемелерін өтеуге төлем қабілетінің болмауы. Фирма банкроттығы әдетте ұзақ уақыт ішінде шығысы кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Юристік тәжірибеде банкроттық дегеніміз — сотпен не төрелікпен қарызын толық өтей алмайтыны айқындалған соң борышын өтеу үшін экономикалық іс - әрекетін тоқтату. Бұл несие берушілердің қарызын қайтару үшін борышқорды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді. Сот шешімі бойынша борышқорлық міндеттемесін өтеуге қабілетсіз кәсіпорындар қайта құрылуы мүмкін яғни оған борышын өтеп, банкроттықтан шығу үшін мөлшерлі мерзім беріледі, ал кей жағдайда борышқор фирмалар мен мекемелердің, өнеркәсіптердің шаруашылығын тоқтатып, тарату ашық жарияланып, мүлкін сату арқылы, не болмаса қаржы мүліктерін өнеркәсіптің өз адамдары сатып алу арқылы таратылады. Егерде төлем қабілетсіздігін айқындап сотка борышқордың өзі арыз жазса банкроттық "ерікті" деп аталады, ат арыз қарызы қайтарылмаған несие берушіден түссе банкроттық "ықтиярсыз", "мәжбүрлі" деп аталады.
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдендірген қарыз алу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды оның үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға (келісімдерге) қол қою тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Банкроттық – кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе. олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР "Азаматтық Кодексінің" 52-, 53-, 54-, 55-, 56-, 57-баптарында, "Банкроттық туралы" заңда (21.1.1997) көзделген. Осы актілерге сәйкес банкрот ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, кредит берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңи тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады.
Қазіргі уақыттағы заң, алдымен борышкер кәсіпорынды мүмкіндігінше сақтап қалуға бағытталған нормаларды қамтиды. Өйткені кәсіпорындардың жалпылама бәрінің банкроттыққа ұшырауы елеулі әлеуметтік салдарларға ұрындыруы мүмкін. Сондықтан да барлық нарықтық қатынас орнаған мемлекеттерде кәсіпорынды жалпы күйреуден қорғауға бағытталған белгілі бір механизмдер қалыптасқан. Мұндай механизмдердің негізгі элементтерінің біріне - банкроттықты кұқықтық реттеу жатқызылады.

І БӨЛІМ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ
I.I Банкрот туралы жалпы түсініктеме
Қазақстан Республикасында қолданыста жүрген банкроттық туралы соңғы заңның күшіне енгеніне де сегіз жылдай уақыт болыпты. Әрине бұл уақыт оның жағымды (күшті) және осал (әлсіз) тұстарына баға беруге, тәжірибеде қолдану кезінде байқалған ол қылықтарын атауға мүмкіндік беретін жеткілікті мерзім.
Банкроттық институты ең алғаш орта ғасырларда сауда құқығы инсттуты ретінде пайда болып дами бастады. Ол сол замаңғы тауар-ақша қатынастарының қарқындалуымен тікелей байланысты болды. Бұл институттың субъектілері - саудамен айналысатын жеке тұлғалар болған. Ал жеке кәсіпкерлерді олардың бірлестіктері - сауда серіктестіктері алмастырған кезде, арнайы заңның күші сауда құқығындағы заңды тұлғаларға да таратыла бастады.
Дәрменсіздік (банкроттық) мәселелерін реттейтін алғашқы заңдардың шығу тарихы XV ғасырдың ортасына жатқызылады. Ол кездің заң шығарушысы негізінен қылмыстық сипаттағы қатаң нормаларды қолдана отырып тауарлық айналымға әсер етуді көздеді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, дәрменсіз борышкерлерге қолданылатын ең қатаң шаралардың өзі банкроттық қатаң болуды тия алмады.
Бірте-бірте азаматтық-құкьқтық сипаттағы нормалардың саны ұлғайып, дәрменсіздікке байланысты заңнамалардың мақсаты әжептеуір өзгеріске түсіп, олар барған сайын өркениеттілік сипатқа ие бола бастады.
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы банкроттық туралы заңнамалар-банкротқа ұшырағаңдардың мүлкін олардың кредиторларына үлестіріп беру үшін оны қолма-қолақшаға айналдыруды негізгі мақсат ретінде көздеді. Сонымен қатар, бұл заңдар адал борышкерлерді коммерциялық сәтсіздіктерден пайда болған міндеттемелері мен қарыздарынан құтқара отырып, бәрін қайта бастауға мүмкіндік беруді демақ сат өтті.
Сонда қарап отырсақ, заң - ол әрқашан да, тіпті прецеденттік құқық қолданылатын мемлекеттерді қоса алғанда дәрменсіздікті құқықтық реттеудің бірден-бірқайнар көзі болып табылған.
Отандық құқықтық жүйеде банкроттық институтының пайда болуын ел экономикасының 1990 жылдары нарықтық қатынастарға көшуімен байланыстыруға болады. Нарықтық экономикада банкроттық рәсімдерінің рөлі мен оның құқықтық реттеу мәселелерінің маңызы өте зор:
- біріншіден нарықтық қатынас жағдайында банкроттықты - экономиканы сауықтыруға бағытталған және де кәсіпкерлер мен мемлекеттің мүддесін қорғайтын құрал ретінде қарастырсақ;
- екіншіден банкроттық нарықтық экономикаға тән объективті экономикалық құбылыс;
- үшіншіден өтпелі кезең тұсында банкроттық көптеген мәселелердің (өндірістің өсуі, төлемсіздік, т.б.) өз шешімін табуына әсер ететіндіктен, ол ұлттық өндірісті қорғаудың құрамды бөлігі болып табылады.
Кеңестік дәуір тұсында оның құрамында болған одақтық мемлекеттердің құқықтық жүйесінде банкроттық институты қолданылған жоқ, тіпті сол заманда оның дамуы мүмкін емес еді. Себебі мемлекеттің бірыңғай экономикалық жүйесі тек әкімшілік-бұйрықтық әдіспен басқарылатын мемлекеттік секторға ғана жұмылдырылған болатын. Бірақ көршілес Ресейдің революцияға дейінгі құқықтық кезеңінде конкурстық құқық (банкроттық), конкурстық процесс кеңінен қолданыс тапқан еді.



I.II Банкроттық: заң және оның құқық қолдану тәжірибесі
Сондай-ақ басқа да шетелдік елдер (Италия, АҚШ, Англия, Германия Франция және тағы басқалары) тәжірибесінде банкроттық институтының құқықтық реттелу мәселелерінің өзіне тиесілі заң ғасырлық тарихы болды.
Бұл механизмге қоғамның ғасырлар бойы ерекше қызығушылық тудыруы, ең алдымен банкроттық институтымен шешілуге жататын мәселелерге байланысты болса керек. М.В.Телюкина Банкроттық институты-біріншіден ол кредиторлардан олардың талаптарын орындауға мүмкіншілігі жоқ борышкерді қорғауды қамтамасыз етуді көздесе; екіншіден ол мүліктің сақталуын және оның кредиторлар арасында әділ бөлініп берілуін қамтамасыз ете отырып әрбір кредитордың мүддесін борышкердің және басқа да кредиторлардың құқыққа қайшы әрекеттерінен қорғауды көздейді» дейді. (М.В. Телюкина. Проблемы несостоятельностии банкротства юридических лиц. Дис.к. ю.н., М.: МГУ, 1997),
Банкроттық заңнамаларының ерекшелігі сол, егер оларды дұрыс, әрі тиісінше қолдана білсе, онда ол ең алдымен борышкер мен кредитор арасындағы қатынасты реттеуге қол жеткізеді.
"Банкроттық туралы" заң бәсекелестік пен нарықтың қатаң талаптары тұсында әрқашанда әлеуметтіктендіктің кепілі ретінде қызмет атқарады.
Біздің заңнамамызға банкроттық институты азды - көпті әзірленген түрінде Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 14 қаңтардағы "Банкроттық туралы" заңымен енгізілген болатын. Бірақ кәсіпкерді банкрот деп жариялау мүмкіндігіне бұған дейінде, мысалы 1990 жылғы 14 қаңтардағы Қазақ КСР-нің "Шаруашылық қызмет еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы" заңымен жол берілген еді (С.И.Климкин. Заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша. А.: Қаз ГЗУ баспа үйі, 2001).
1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күшін жою және сонымен бір кезде қабылданған "Банкроттық туралы" заң күші бар Жарлығы бекітілгенге дейін 1992 жылғы банкроттық туралы заңның күші жүрді. Бертін келе аталмыш Жарлықты 1997 жылы 21 қаңтарда жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" заңы алмастырды.
Әзірше бұл заң республикамызда банкроттық мәселелерін құқықтық реттеуді жүзеге асыратын соңғы заң болып есептеледі. Ол - дәрменсіз борышкерді оңталудың арнаулы рәсімдерін өткізудің, заңды тұлғаны банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ соттан тыс тарату рәсімінің шарттары мен тәртібін белгілейді. Бірақ 1998 жылдың өзінде-ақ оған өте маңызды өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп үлгерді. Оларды әзірлеу кезінде шет елдің осы саладағы тәжірибесімен отандық тәжірибе, сондай-ақ ұлттық экономика мен заңнамалардың дамуы ескерілді.
Банкроттық рәсімдері ерікті және мәжбүрлі түрде жүргізіледі. Заң соның құқықтық нөгізін қалыптастырады. Бірінші жағдайда банкроттықты тануды сот борышкердің, ал екінші жағдайда оның кредиторларының және өзге де тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырады. Кез келген, соның ішінде "Банкроттық туралы" заңды алсақ, ол жүзеге асырылуы барысында оның белгілі бір нәтиже беруі қөп жағдайда заң шеңберінде қабылданатын нормативтік актілердің саны мен сапасына, заң ережелерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті құқықтық шаралардың дер кезінде әзірленуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда заңды жүзеге асыру механизмдеріне мейлінше тәуелді болып келеді. Сондықтан да егер "Банкроттық туралы" заң дұрыс жұмыс істеп, қандай да бір жетістікке қол жеткізгіміз келсе, онда оны тиімді қолдануды қамтамасыз ететін механизмдерді ойлап табуымыз қажет.
Жалпы алғанда, банкроттық мәселелерін қарастырғанда анықтауға жататын ең басты сұрақтардың бірі – банкроттық ұғымының түсінігі. Түп негізі Италиядан шыққан банкроттық термині - тікелей аударғанда "бұзу" деген мағынаны білдірген. Ортағасырдағы конкурстық құқық, яғни банкроттық – борышкерге қатысты жеке қадағалау жүргізумен сипатталды. Бұл сол замаңғы борышкердің мүлкіне қорғаншылық жасаудан көрініс тапты.
Г. Шершеневич банкроттық деп меншік иесінің барлық қарыздарын жабуға жеткіліксіздігін көрсететін, арнайы куәландырылған оның мүліктік жай-күйін қарастырған (Г.У.Шершеневич. Учение о несостоятельности. Казань, 1890).
Сондай-ақ Т. Мухамбетов пен А. Нукушевтің көзқарастары бойынша банкроттық ұғымынан ықтауда заңдылық (құқықтық) және экономикалық (қаржылық) бағыттарды ұстанған жөн (Т.И.Мухамбетов, А.Г. Нукушев, Банкротство и антикризисное управление предприятием. Алматы, 2000).
Бүгінде көбіне сол құқықтық бағытты көп кездестіреміз. Оның себебі-банкроттық заңының ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жалпы банкроттық мәселелерін жүйелендіретін бірден-бір нормативтік акт болуынан да шығар. Бұл бағыт бойынша қысқаша айтқанда банкроттық-ол тек сотпен ғана қуатталған дәрменсіздік.

I.III Банкротқа ұшырау жолдары
Ал экономикалық бағыттың өзі: макроэкономикалық және микроэкономикалық құбылыстар тұрғысынан қарастырылады. Макроэкономикалық әдістеме-нарық теориясының ережелері мен қорытындыларына негізделеді, ал микроэкономикалық әдістеме-фирманың теориялық қорытындыларына негізделе отырып, көбіне банкроттыққа соқтырған экономикалық себептер мен механизмдерді ашуға бағытталады.
Ал ресейлік экономистер банкроттықты анықтау үшін, алдымен оған ұшырау себептерінің екі категориясын (ішкі және сыртқы) ашып көрсетеді (Е.М.Шабалин. Как избежать банкротства. М.: Инфра-М, 1996). Олар ішкі себептеріне – экономикалық, саяси, демографиялық алғы шарттармен басқа да факторларды жатқызса, ал керісінше сыртқы себептеріне - халықаралық нарықта бәсекелестіктің күшеюі, ғылым мен техниканың дамуы және тағы басқаларын жатқызды.
Банкроттық ұғымын "етеу қабілетсіздігі" және "төлемсіздік" өлшемдері арқылы анықтау дилеммасы конкурстық құқықтың құқықтық механизмінің негізгі мәселелерінің бірі ретінде жүздеген жылдар бойы заң шығарушының алдында тұрған мәселе.
Бірінші жағдайда, яғни "өтеу қабілетсіздігі" өлшемі бойынша борышкердің дәрменсіздігі туралы тұжырым тек салық немесе басқа да міндетті төлемдерді және несие берушілердің несиелерін борышкердің кері қайтара алмауы – оның қажетті мөлшерде тиісті мүлкі болмағандықтан деген болжамдардан тұрса, ал екінші жағдайда, яғни "төлемсіздік" өлшемін қолданған кезде борышкерді дәрменсіз деп табуға оның төлем қабілеттілігі жөнінде қандай да болмасын болжамдар емес, керісінше нақты мүліктік жағдайы ескеріледі.
Бірақ қазақстандық заңнама бойынша банкроттықтың негізгі өлшемі (критерийі)- ол "дәрменсіздік" екендігі қайта кеткен жөн.
Қазақстан Республикасының заңнамасында банкроттық ұғымының анықтамасы "Банкроттық туралы заңның 1-бабында және де Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 52-бабында берілген. Яғни банкроттық - бұл борышкердің сот шешімімен танылған, оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде де банкроттық қатынастарын реттеуге байланысты баптар (21,52-57) қарастырылған.
Осы кодекстің 52-бабында: "Борышкердің дәрменсіздігі деп - жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі", — деген анықтама берілген.
Сотта банкроттық бойынша істі қозғаудың маңызы, борышкердің дәрменсіздігінің жоғарыда аталып өтілген сыртқы белгілері мен өлшемдерінен көмде-кем емес. Бұл жерде мәселе сот тәжірибесінде жинақталған, қолданыстағы заңның көйбір кем шін тұстарында.
Мәселен заң соттық кредиторлардың банкроттық түралы істерді қозғау туралы арыздары бойынша олардың бастамашылық еркіне көз жұмып бағынуға мәжбүр етіп қойған. Себебі жоғарыда аталған банкроттықтың сыртқы белгілерін қазіргі нарықтық замандағы мүліктік айналымға қатысушылардың кез келгенінен табуға болады. Сондай-ақ кредитор борышкерді банкрот деп табу туралы арыз берерде құрамды заң талаптарын сақтаса болғаны, сотысы арыз негізінде 5 күн мерзім ішінде банкроттық туралы істі қозғауы қажет.
Заң шығарушымен банкроттық туралы істі қозғаудың мұндай жетілдірілген механизмі - дәрменсіз борышкердің төлем қабілеттілігін қайта қалпына келтіру жүргізілетін оңалту рәсімдерін кеңінен қолдану үшін жасалған шығар. Бірақ статистикалық деректер бойынша дәрменсіз борышкерді оңалту рәсімдерім ең аяқ тапған істерден гөрі, оларды таратумен аяқталған істер аса басымдырақ келеді.
Бұл тұрғыда алдымен, сотта борышкерді дәрменсіз деп табу туралы кредиторлардың бастамасымен қозғалатын істерге талапты күшейту қажет. Яғни кредитор, шартты түрде сотқа борышкерді дәрменсіз деп табу туралы арызбен жүгінер алдында: талап-арыз беру тәртібімен қарызды өсіріп беру туралы сотқа жүгінгендігі туралы, сондай-ақ егер қарыз өндірілген болса қарызды өндіру туралы сот шешімі және оның орындалу барысы туралы мәліметтер, жалпы тиісті шараларды барынша қолдана білгендігін растайтын өз талаптарының белгіленген құқықтық негіздерін ұсынуы қажет.
Борышкердің әрменсіз деп тану туралы сотқа берілген арызға қарызды өндіру туралы тиісті сот шешімінің, сонымен қатар сол шешімнің орындалуы мүмкін емес екендігін растайтын дәлелдемелердің тіркелмеуі, яғни ұсынылмауы - соттың аталмыш арызды қараусыз қалдырып, оны қайтаруына бірден-бір негізі болуы қажет.
Сонымен қатар тәжірибеде көп кездесетін кезектен тыс өтелетін төлемдерге байланысты мәселелерге де көңіл аудармауға болмас ( Заңның 75-бабының 1-бөлігі). Алдымен осы нормада көрсетілген төлемдерден басқа кезектен тыс өтелуге жатуға тиіс талаптар шеңберін анықтап алу қажет, Меніңше конкурстық өндіріс кезінде борышкердің іс-әрекетін қорғауға қажетті барлық түрлі төлемдер (күнделікті ағымдағы төлемдер) кезектен тыс өтелуі қажет.
Кезектен тыс төлемдерінен бері салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жатқызылмайды. Бұл төлемдерді қанағаттандырудың заңда арнайы ережелері бекітілген (75-бап 5-бөлігі).
Заң талаптарына сәйкес кредитордың борышкерге талаптары борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей мәлімделуі тиіс (71-бап 1-бөлігі). Бірен-саран жағдайларда кейбір кредиторлар осы норманың талабын сақтамастан, заңмен берілген екі ай мерзім өтіп кеткеннен соң, өз талаптарымен конкурстық басқарушыға өз өтініштерін қанағаттандыру туралы жүгініп жатады. Осы жағдайда конкурстық басқарушы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан, не оны қараудан бас тартқан жағдайда кредиторлар тарату балансын бекіткенге дейін конкурсты басқарушыға талап қойып сотқа жүгінуге құқылы. Сондықтан да банкроттық ісі көлемінде қаралуға тиіс кредитолардың шексіз талаптарының шеңберіне заңмен нақты шек қойылуы тиіс.
Қазіргі таңда оңалтуды және конкурсты басқарушы арнайы лицензиясы бар үміткерлерді тағайындау жүйесінің тиісінше ұйымдастырылуы өзекті мәселелердің бірі. Себебі, оңалтуды және конкурсты басқарушы (таратушы) борышкерді басқарудың бірден-бір уәкілетті органы ретінде әрекет ететіндіктен, бұл жерде сөз оның жоғары кәсіби деңгейлігі жөнінде қозғалып отыр. Өйткені борышкердің қаржылық жағдайын бағалауды, сондай-ақ оның ішкі және сыртқы өндірістік байланыстарын саралап-анықтауды, борышкердің төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыру мақсатында құқықтық және экономикалық әдістерді қолдана білуді, сонымен қатар таратуды жүзеге асыру кезінде өзінің негізгі міндеттері, яғни борышкердің мүлкін сату, оның несие берушілерімен есеп айырысу міндеттерін тек кәсіби және адамгершілік деңгейі жоғары тұлға ғана игере алады.
Бір жағынан, конкурстық басқарушылар қызметіне сот бақылау функциясын күшейту қажет. Сот банкрот рәсімдерін жүргізудің кез келген сатысында конкурстық басқарушыдан борышкерді тарату барысы туралы есеп беруді талап етуге, сондай-ақ егер сотқа конкурстық басқарушының өз міндеттерін тиісінше орындамауы жөнінде дәлелді фактілер белгілі болып жатса, онда сот өз бастамасымен оны борышкердің ісін жүргізу қызметінен шеттетуге құқылы болуы қажет.
Сондай-ақ қазіргі таңда банкроттық заңын ең алдымен іс-жүргізу нормаларының қағидаларына сәйкес жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Ол үшін теориялық әдебиеттердің көмегінің үлесі қомақты болар еді, бірақ банкроттық инсттутын құқықтық реттеуге байланысты немесе әрекет етуші заң нормаларын саралауға қатысты әлі де болса отандық оқулықтар мен фундаментальді еңбектер жарыққа шын қойған жоқ, тіпті жоқтын қасы. Ал мерзімді басылымдарда жарияланып жүрген жұмыстар банкроттық заңын тәжірибеде қолдану кезінде оған түсіндірмер етінде ғана қолданылып жүр.
Әрине бұл мақала көлемінде банкроттық заңында кездесетін барлық кемшіліктерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастырып, ұсыну мүмкін емес. Дегенмен де қазіргі қолданыста жүрген "Банкроттық туралы" заңның кейбір кемшін тұстары туралы сөз қозғалып, заң нормаларын жетілдірудің жолдарын көрсетуге міндетті.

ІІ БӨЛІМ КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫН БАСҚАРУ
II.I Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.
Баланстың қанағаттанғысыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктін жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылу нан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясат ның тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептер келтірейік:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
- инфляцияның аса жоғары деңгейі;
- фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
- бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
- өндіріс көлемінің төмендеуі;
- ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасының кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
- ақталмаған жоғары шығындар;
- өнімнің төменгі рентабельділігі;
- өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
- үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
- ескі басқарма басшьшарының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.
Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
- банкроттықты құқықтық реттеу;
- кәсіпорынның банкроттығы жайында акті жүзеге асыруға шешім қабылдау процесте нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;
- перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
- қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
- банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
- кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативті-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының «Банкроттық жайында» Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде қабылданады. Банкроттық, борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе "Банкроттық жайында» Заңымен өкілет берілген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.
Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болғанда, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық "ауруын" және одан «арылу» жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның банкроттылығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенден-пияларды зерттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттігінің темендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.
Қаржылық жағдайдың динамикасының негізгі тенденциялары мен қызмет нәтижелерін формаланған және формаланбаған әдіс арқылы болжауға болады. Инфляция қарқынының күшті болуы, шығындар нормасының орталықтандырылып бекітілмеуі және келісім-шарттар жасау кезінде алдын ала төлеудің кең таралуы жағдайында, жабдықтау келісім-шартына отырған кезде болжау дәлдігі төмендейді. Осындай кезде қаржылық жағдайды болжау, табыстардың есеп беруге қатысты өзгермелі параметрлері - өндіріс көлемі, шаруашьшық субъектілер қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша шығындардың бағдарлама жүйесі қаржылық есеп беру және электронды кесте негізінде құрылуы мүмкін.
Қаржылық жағдайды болжау - перспективалық талдаудың негізгі міндеті. Талдаудың бұл түрі, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесін зерттеу негізін болашақ міндеттерін анықтау, стратегиялық басқару міндеттерін шешу үшін әкімшілікті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Мақсатқа сәйкес талдауды жүргізу, орта мерзімді болашаққа (2-3 жыл) және ұзақ мерзімді болашаққа негізделуі керек.
Талдаудың бастапқы пункті, қаржылық шаруашылық қызметтің көрсеткіштерінің өзгеруі бір есеп беруі кезеңімен екінші кезеңнің сабақтастығы болып табылады. Сондықтан перспективтік талдау үшін қолданылаты бұл ақпараттар қаржылық есептен алынады.
Ұзақ мерзімді болжауды құруды негізі күрделі мәселе деп есептеуге болады. Мұнда екі жағдай қарастырылады: шаруашылық қызметтің тәуекелі мен болжаудың тәуекелі. Тәуекелдің бірінші түрі іскер қызмет-керлердің, эксперттердің тартылуы есебінен төмендеуі мүмкін. Тәуекелдің екінші түрін шет елде және өзімізде жинақталған тәжірибені қолдану арқылы, сонымен қатар ЭЕМ көмегімен шаруашылық қызметті көп вариантты ұқсас есептеулер жолымен төмендетуге болады.

II.II Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі
Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:
а) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
ә) формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;
б) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
в) қаржылық ағымның құйылуын талдау.
Формалаиған жэне формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.
Жоғарыда көрсетілген көп факторлы модельдер, қор биржасында өздерінің акцияларына баға кесетін компаниялар үшін ғана мүмкін болады. Сонымен қатар белгінің тек біреуіне бағытталу теория жағынан өте жағымды, ал іс жүзінде ақталмаған. Сондықтан аналитикалық шолумен, болжаумен және кеңес берумен айналысатын көптеген аудиторлық фирмалар мен басқа компаниялар өздерінің аналитикалық бағалауында белгілер жүйесін қолданады.. Мысал ретінде аудит практикасын талдап қорыту (Ұлыбритания) бойынша комитеттің ұсынысын келтіруге болады. Бұл көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа динамикасының өзгеруі немесе жағымсыз ағымдағы мәндері келешекте банкроттық және қаржылық қиыншылықтардың болуы мүмкіндігін көрсететін динамикасының өзгеруі немесе белгілер мен көрсеткіштер жатады. Оған жататындар:
• негізгі өндіріс қызметіндегі қайталанатын елеулі шығындар;
• ұзақ мерзімді салымдардың көзі ретінде мерзімді заемдарды шамадан тыс қолдану;
• мерзімі еткен кредиторлық борыштың кейбір қауіпті деңгейінің өсуі;
• өтімділік коэффициентінің тұрақты төмен мәндері;
• айналым қаражаттарының аса тапшылығы;
қаражаттар көзінің жалпы сомасындағы қарыздар үлесінің қауіпті шектеріне дейін тұрақты өсуі;
• дұрыс емес қайта инвестициялау саясаты;
• инвесторлар, кредиторлар және акционерлер алдында міндеттемелерді үнемі орындамау;
• дебиторлық борыштың жоғары үлес салмағы;
• нормадан тыс, жатып қалған тауарлар мен өндіріс қорларының болуы;
• банктік жүйедегі мекемелермен қатынасының нашарлауы;
• тиімсіз шарт бойынша жаңа қаржылық ресурстар көзін пайдалану (мәжбүрлі);
• пайдалану мерзімі өтіп кеткен жабдықтарды өндіріс процесінде қолдану;
• ұзақ мерзімді келісімдерді потенциалды жоғалту;
• тапсырыстар портфеліндегі жағымсыз өзгерулер.
Екінші топқа жағымсыз мәндері ағымдағы қаржылық жағдайды шекті жағдай түрінде қарастыруға негізделмейтін белгілер мен көрсеткіштер кіреді. Оған жататындар:
• басқару аппараттарының белді қызметкерлерінен айырылу;
• мәжбүрлі тежеулер, сонымен қатар өндірістік техникалық процестердің ырғақтылығының бұзылуы;
• кәсіпорынның активті түрі, жабдықтың типі, иақты бір жобадан тәуелді болуы;
• жаңа жобаның табыстылығы мен сәттілігіне орынсыз сену;
• кәсіпорынның немен аяқталатыны белгісіз ісіне араласуы;
- тиімді контрагенттерді жоғалту;
• кәсіпорынды техникалық және технологиядық тұрақты жаңартудың қажеттілігін дұрыс бағаламау;
• тиімсіз ұзақ мерзімді келісімдер;
• кәсіпорынмен тікелей немесе оның бөлімшелерімен байланысты саяси тәуекел.
Осы ұсыныстардың құндылыңтарына жүйелілікті мүмкін болатын банкроттық тұрғысынан қарағанда көсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді жолмен түсінуді, кез келген кәсіпорынның ешқандай өзгертулерсіз қолдануына болатындығын жатқызуға болады. Қаржылық есеп берулер мәліметтерінен басқа, қосымша ақпарат қажет. Бұл белгілердің шекті мәні салалар бойынша нақтыланады, ал оларды жасау тек қана анықталған статистикалық мәліметтер жиналғаннан кейін жүргізіледі.

II.III Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау
Кәсіпорынның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілер жүйесі алынады. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанғысыз мемлекеттік кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық-экономикалық сауықтырудың механизмі жайындағы Ережемен (Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 7 қыркүйегіндегі №1002 қаулысымен бекітілген), сонымен қатар 1995 жылдың 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бекітілген кәсіпрындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.
Осы Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындардың қайта құру Агенттігі «Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынның қаржылық жағдайын тереңдетіп талдау бойынша әдістемелік ұсыныстар» жасады, оны аталған мемлекеттік органның директоры 1995 жылы 5 қазанда бекітті. Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанғысыз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және жоюды орындау тәртібін бірдей әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етті. Баланстың құрылымының қанағаттанарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:
1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу), ағымдағы активтердің (баланс активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең табыстарын алып тастағандағы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.
2. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражаттарының (меншікті капитал минус ұзақ мерзімді активтер = баланс пассивін I бөлімі минус баланс активінің I бөлімі), ағымдағы активтер құнына (баланс активінің II бөлімі) қатынасымен анықталады.
ІІІ БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ
ІІІ.І Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау
Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін алдын ала көрсетіп және оны болдырмауда қаржылық ағымдардың талдауы маңызды әдіс болып табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қаржы қаражаттарының қажетті көлемдерін және мерзімдер бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы қаражаттарының қозғалысын немесе кар ағымдарын талдауда көрсеткіштердің 4 тобы қарастырылған:
- кірістер;
- шығындар (немесе «төлемдер»);
- олардың айырмасы («сальдо», «баланс»);
- нақты бар болуы («өспелі нәтижелі сальдо», топтастырылған «сальдо»), шоттағы бар қаражаттарға сәйкес.
Егер болашақта 4-көрсеткіш («еспелі нәтижелі сальдо») теріс болса, онда ол қарыздың пайда болуын көрсетеді. Егер бұл қарыздарды жабатын мүмкіндік болмаса, ал кредиторлар оларды сот арқылы талап етсе, ол банкротқа немесе форс-мажордық жағдайға алып келуі мүмкін. Демек банкроттықтың бірінші белгісі, ол - соңғы көрсеткіштің теріс болуы.
Банкроттықтың келесі белгісі сыпайылау, ол тіпті өркендеген кәсіпорынның да «несиелік қақпанға» тусу мүмкіндігімен байланысты. Бұндай жағдайда қарыз қаражаттарды алу көлемі қарыз қаражаттарды қайтару көлеміне тең немесе кем. Ол қарыздар алынғаннан кейін бірден кәсіпорынды дамыту үшін жұмсалмағанын білдіреді, ал олардың төлемі оның тиімділігін төмендетеді, яғни өз қаражаттарының «жуылып» кетуі нәти-жесінде шығынды қызметке және банкроттыққа алып кедеді.
Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың бұл әдісі елдерде кеңінен қолданылады. Мысалы, Германияда қаржылық ағымдардың талдауы кәсіпорынның төлем қабілеті жоқтығын анықтау үшін заңды түрде қолданылады.
Төлем қабілетсіздік қаупі, қарыздарды төлеу уақыты кез-келген кезде қолма-қол төлем міндеттемесін орындай алмаған жағдайда болады. Төлем қабілетсіздікті анықтау алынатын және шығатын төлемдер негізінде жасалады.
Төлем қабілетсіздік қаупі болашаққа бағытталған, сондықтан белгісіздік мәселесіне қарсы тұрады. Табы тар мен шығыстардың көптеген көлемдері, қаржылық болашағы нақты жағдайға байланысты екенін көрсетеді

ІІІ.ІІ Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары
Қаржылық ағымдарды талдау әдісінің артықшылығы есептеудің қарапайымдылығы, алынған нәтижелердің көрнектілігі, басқару шешімдерін қабылдау үшін қежетті ақпараттылығында болып отыр. Бұл әдістің кемшіліктері де бар: қажетті деңгейдегі дөлдікті қажет ететін ақша қаражаттардың түсу көлемін, ұзақ мерзімді болашақтағы төлемдердің көлемін, сонымен қатар кәсіпорындағы аналитикалық есептің қажетті мәліметтерін жоспарлау өте қиын.
Түсуі мен шығуы жоспарланған, өтімді қаражаттардың барлығы кірістірілген қаржылық жоспар, бағалаудың барабар құралы болып табылады. Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру үшін, кәсіпорын келесідей батыл әрекет жасауға мәжбүр болады:
а) қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін сату;
ә) басы артық тауарлы-материалдық қорлардан құтылу;
б) жарғылық капиталды өсіру;
в) айналым қаражаттарын толтыру үшін ұзақ мерзімді ссудалар мен заемдарды алу;
г) шығындарды қысқарту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру;
ғ) активтерді басқаруды жақсарту;
д) қайтарылмайтын немесе қайтарылатын негізде әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден, салалық және салааралық бюджеттен тыс қорлардан мемлекеттік қаржылық көмек алу.
Банкроттықты болдырмауға бағытталған жұмыстың басқа жайы маркетингтік саясатты дұрыс жүргізу болып табылады.
Үшінші бағыт - капиталдың тез айналымын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның аз табыс алатынының ең басты себебінің бірі, ол оның қаржыларының үлкен сомасының қозғалыссыз жататындығы. Құралдар көп қолданылмайды, шикізаттың қоры тым көп, ғимараттардың шамадан тыс көп болуы т.б. Бұның барлығы әрекетсіз капитал болып табылады. Кейде капиталдың 2/3 бөлігі доғарылып қалып, барлық тапсырыстар қалған бір белігіне жүктеледі. Баға өскенде ғана болмаса, тауарды ұстап тұрудың ешқандай қажеті жоқ. Ғимараттар немесе құралдардың құндылығы олардың бағасына емес, пайдаланылуына байланысты. Бизнестің мәні айырбастау болып табылады. Пайда нормасы жоғары бағаға емес, сату жылдамдығына байланысты, сондықтан бағаны көтеру банкроттыққа әкеледі, ал капиталдың айналымдылығының ең жоғары жылдам-дығы банкроттықган сақтайды.
Бұл ұсыныстар банкроттықты болдырмайтын жұмыстарға жалпы бағыт береді. Шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын Қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарыс жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағдарлама жасап шығару керек.



ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.
Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлек (кредиторлар) немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде көрінеді.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мезгілігінде және ақылығында. Алай»да бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Несие қоры ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәспорындар мен ұйымдарды несиелендіру және оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады; несиелерді жеке адамдар да алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелендіру несие қорын өнімді пайдалану болып табылады.
Шартты мемлекеттік кредит отандыцқ қарызгерлер: кәсіорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанда дербес жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Мемлекеттік емес қарыздарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен заңды тұлғалар тартуы мүмкін. Мемлекеттік кепілдіктермен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар қарыз туралы шарттың нысанында болуға тиіс.
Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, жергілікті атқарушы органдарының қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге құқығы жоқ.

Қолданылған әдебиеттер

1. Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңы
2. Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».
Алматы -2001 ж., 126 бет
3. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2002 ж., 225 бет
4. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы». Алматы 2003 ж., 445 бет
5. Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар», 172 бет
6. Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001, 154 бет
7. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория», Алматы – 2002 ж.,
385 бет
8. «Экономикалық саясат», Экономика –Алматы, 2002 ж, 168 бет
9. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы.- А.,2001
10. Оксибаев О.Бюджет и межбюджетные отношения: учет интересов экономической безопасности // Финансы Казахстана.- 2004.-N 5
11. Омирбаев C. Финансы.- Астана: 2003
12. Банроттық туралы заңдар, Заң - 2005
Категория: Экономика | Добавил: Admin | Теги: экономика, банкрот
Просмотров: 6644 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]