Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУДIҢ ШЕТЕЛДIК ТӘЖIРИБЕСI


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
08.02.2012, 22:42
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУДIҢ ШЕТЕЛДIК ТӘЖIРИБЕСI

Жоспар:

1. Кiрiспе
2. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мәселелерi.
3. Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу
4. Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi

Алдымен айта кетерлiк жағдай, басқа елдердегi мемлекеттiк реттеу тәжiрибесiн оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны бiздiң әлеуметтiк –экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес. Бұл келесi объективтi сипаттағы себептерге байланысты мүмкiн емес:
1) республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтiк –демографиялық, этно- мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленедi;
2) қазiргi Қазақстан жағдайында бiз ұлттық экономиканы құру процесiндемiз және де әлемдiк экономикалық тарихта әкiмшiлiк –жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бiзге ұқсас ешбiр ел жоқ;
3) басқару жүйесi мен шаруашылықта негiзгi өзгерiстер белгiлi бiр себептерге байланысты тиiстi негiздеусiз жүргiзiледi және "революциялық” көрiнiс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу шаралары олардың эвалюциялық даму "нәтижесi” болып табылады.
Бiрақ та шет елдер тәжiрибесiн ғылыми қорытындылау қажеттiгi келесi жағдайлар бойынша түсiндiрiледi: бiрiншiден, экономиканы мемлекеттiк реттеудiң қағидалары мен жүйесiнiң тұжырымдамалы негiзiн, түбiрiн анықтауға мүмкiндiк туады, екiншiден аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкiндiгi туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттiк реттеудiң механизмдерiн "түйiстiруге” мүмкiндiк жасайды, үшiншiден, мұндай толықтыру мемлекеттiк реттеудiң нәтижелерiн салыстырып талдауға мүмкiндiк бередi және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдiк шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерiн ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Әлеуметтiк – экономикалық процестерге мемлекеттiң араласу тәжiрибесiн үйренуден шығатын қорытынды – көптеген алдынғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi құралдары ретiнде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, iшкi және оларға сәйкес факторлардың бiртiндеп шиеленiсуi, мемлекет тек ғылыми негiзделген экономикалық мақсаттарға жетуде, арқашан тарихи жағдайды ескерудi талап етедi. Американдық iрi экономист П.Самуэльсон көрсеткендей, мұндай зерттеулерсiз "күннен – күнге өсiп отырған қиыншылықтар мен әлеуметтiк өзгерiстерге эвалюциялық жолмен икемделе алмайтын экономикалық жүйелерге, қазiргi кезде қаншалықты мықты болғаныменен, бара- бара күйреу қатерi туындайды, өйткенi ғылым мен техника экономикалық өрiстiң табиғи дамуын үздiксiз өзгертiп отырады” [32,153 – б.]. Басқаша айтқанда, дәл бiздiң экономика сияқты, "әлсiз экономикалық жүйеге”, барлық туындайтын қиындықтарға "эвалюциялық жолмен қажеттiлiгi” үздiксiз ғылыми – техникалық процесс салдарынан туындайды.
"Ұлы дағдарыс” жылдары (20-жылдардың аяғы мен 30 жылдардың басы) алдыңғы қатарлы капиталистiк елдердiң нарықтық экономиканың өзiн - өзi толық реттей алмайтындығына көзерi жеттi және де туындаған қиындықтарда уақытында шешу тек әлеуметтiк – экономикалық өмiрге мемлекеттiң белсендi араласуымен ғана жүзеге асатынын түсiндi. Бұл ақиқатты мойындау елдегi экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн ресми мемлекеттiк ұйымдардың ресми ұстанымдарынан көрiнiс тапты. АҚШ-тағы "жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңға” сәйкес (1946ж.) құрылған Президенттiк экономикалық Кеңесi осы заңның талаптары бойынша барынша өндiрiстi толық қолдап, жұмысбастылықты, халықтың тұтынушылық қабiлетiн сақтай отырып, мемлекеттiк монополистiк реттеумен айналысты. 60-жылдардың соныңда аталған Кеңеске мiндет ретiнде экономикада ұлттық басымдылықтарды анықтау, ұзақ мерзiмдiк болжау мен бағдарламалар жасау әдiстерi әзiрле жүктелiндi.
Капиталистiк елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерiнде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, ФРГ және т.б. мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешушi экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200 –ге жуық болды. Бұлардың iшiнде энергияны үнемдеу, космостық зертеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттiк шараларды қажет еттi. Сондықтан АҚШ-та 20-жыл бұрын орталық экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиiстi аймақтық Комиссияның мiндетi бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерiн шешу болып табылған. Бұл тәжiрибе бiздiң жағдайға пайдалы болар едi. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерiн тиiмдi шешу жолдарын кейiнге қалдырады.
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдерге ағымдағы, орта мерзiмдегi жоспарлаудың ғылыми-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық мәселелерiн арнайы мемлекеттiк органдар шешедi. Францияда бұл қызметтi Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргезедi. Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешендi даму департаментi және т.б. жүргiзедi. Ұзақ мерзмдiк экономикалық даму және күрделi жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндiрiстiң аймақтық орналасуының ұзақ мерзiмдiк мақсаттарын белгiлеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады [13,143-б.].
Түркияда орта мерзiмдi жоспарлау 1963 – 1967 жж. бiрiншi бесжылдық жоспардан басталып, жүйелi түрде жоспарлау уақытының мiндеттерiне байланысты жүзеге асырылуда. Осыдан алтыншы бесжылдық жоспарда (1988-1992 жж.) нарықтық жүйенiң дамыған күйiн ескерiп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткiштерiн нақтылауға көп көңiл бөлiндi.
Германияда экономиканы реттеу бiраз басқаша, мұнда көбiнесе бәсекелестiктi қорғауға, мемлекеттiң антимонополиялық және бақылау қызметiн нығайтуға, нарықтықтағы iрi кәсiпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтiк қызметiн кеңейтуге көңiл бөлiнуде.
Реттеушi органдарының басты мiндеттерiнiң бiрi аймақтардың үйлесiмдi кешендi дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргiзiлген реформалардың нәтижесiнде аймақтық шаруашылық жүйесiн басқару иерархиясының үш деңгейiнiң функциялары ажыратылғын (коммуналар, департаменттер және аймақтар). Ал департамент құрамына кiретiн кантондар мен аудандардың өзiндiк даму мәселелерiн шешуде құқықтық және ұйымдастырушылық тәуелсiздiгi жоқ.
Халық шаруашылығында аймақтық мәселелер мен оларды салалық экономикамен үйлесiмдi байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның,Оңтүстiк Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегi елдердiң көптеген үкiметтiк шешiмдерi арналған. Бұл шешiмдегi басты ой, жергiлiктi билiк органдары өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын жүргiзе отырып жалпы мемлекеттiк және макроэкономикалық мақсатқа жету.
Көптеген елдердiң жоспарлау тәжiрибесiн қорытындылай келiп, американдық маркентинг маманы Мелвилл Бранч маркентинг қызметiн жетiлдiрудiң бiрнеше қолайлы жақтарын ы салалық экономикамен үйлесiмдi байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның,Оңтүстiк Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегi елдердiң көптеген үкiметтiк шешiмдерi арналған. Бұл шешiмдегi басты ой, жергiлiктi билiк органдары өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын жүргiзе отырып жалпы мемлекеттiк және макроэкономикалық мақсатқа жету.
Көптеген елдердiң жоспарлау тәжiрибесiн қорытындылай келiп, американдық маркентинг маманы Мелвилл Бранч маркентинг қызметiн жетiлдiрудiң бiрнеше қолайлы жақтарын бөледi. Соның iшiнде, жоспарлау:
1) басшылардың үнемi болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкiндiк бередi;
2) мемлекеттiк және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қолданылатын шараларды үйлестiредi;
3) көрсеткiштердi анықтау және олардың орындалуын қадағалауға жол ашады;
4) алдағы мәселелердiң және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етедi;
5) шұғыл өзгерiстерге дайынықты күшейтедi;
6) барлық қызметкерлерiнiң мiндеттерiнiң өзара байланыста, қарым-қатынаста екенiн көрсетедi.
Аталған пунктерден (халық шаруашылығының алдыңғы звеноларында ғана емес) ең маңыздысы ретiнде бiрiншi, екiншi және алтыншыны айтуға болады, өйткенi қазiргi жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетiспейдi немесе өте аз қолданылады.
Қарастырылып отырған мемлекеттердiң тәжiрибесiнен мемлекеттердiң экономикасын реттеудегi күштi тетiктерiнiң бiр қаржы-бюджет ресурстарын және салық жинау механизмi болып табылады. Осы механизмдердiң маңызы мен оларды тәжiрибе жүзiнде қолдану зерттеледi және де оқулықтарда қарастырылған.
Осы механизмдердi негiзге ала отырып, бiрнеше тұжырым жасауға болады. Бiрiншiден, бюджеттiк қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық шаруашылығының басымдылықтарын және бiлiмдi көп қажет ететiн салаларды жылдам дамыту мәселелерi шешiледi. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда, Белгияда және басқа да мемлекеттерде мемлекеттiк бюджет арқылы бөлiнетiн ұлттық табыстың үлесi 50 % жоғары, ал Францияда, Австрияда және ФРГ-де 50 % шамасында. Бұл көрсеткiш АҚШ пен Жапонияда 30 % ғана.
Екiншiден, құрылымдық – инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн салық салу механизмi үлкен рөлдi атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызығушылығын арттыруға болады, өйткенi олар өндiрiс және өнеркәсiп салаларының тез дамуына әкеледi. Ол деген импортты ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлi тауарларды шығару. Жапонияның экономикалық ғылымының патриархы Сабуро Окита "Известия” (25.02.92 ) газетiнде: "Шенеулiктердiң (әкiмдердiң ) ақылдығы телефон арқылы немесе ведомстволық ережелер арқылы экономиканы басқару емес, салық жеңiлдiктерiмен және инвестициялық саясат, салалық байланыстардың тиiмдi және дұрыс тұжырымдамасын анықтау, бәсекенi күшейту арқылы басыңқы салаларды дамыту” деген. Бұл нәтижелер құлдыраушылық (стагфляция) жағдайына дұшар болған мемлекет үшiн қолайлы. Дағдарыстан шығу үшiн фискалдық саясат арқылы ынталандыру қажет. Бұл саясаттың негiзiнде: а) мемлекеттiк шығындардың өсуi; ә) салық ставкасының және мөлшерiнiң азаюы; б) мемлекеттiк шығындардың өсуi мен салықтың азаюы үлестiр пайдалану жатыр. Бұл әдiстiң бiреуiн таңдап алу алға қойған мақсатқа немесе объектiнi реттеуге байланысты. Үшiншiден, мемлекеттiк әлеуметтiк және ғылым салаларына шығындарын азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты қанағаттандара алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болдаы және бұл жерде екiншi шығын бiрiншi шығыннан өте үлкен болады. Соңғы он жыл iшiнде Жапонияның әлеуметтiк – шаруашылық дамуындағы тәжiрибесiнен "ғылым және бiлiм экономикалық өсу моделiнiң интенсивтi және құрылымдық факторы ретiнде көрiнедi” [9,87 – б.]. Қазақстанда бұл салаларға көңiл бөлу жоқ, қаржыландыру жүйесi бұрынғысынша, яғни қалдық қағмдасымен жұмыс iстеуде. Бiрақ Президент 1994 жылдың басында болған Ұлттық Академиясының жалпы жиналысында: "Интеллектуалдық өндiрiстi қамтамасыз етуде өндiргiш күштердi дамытуда, ғылым интеграциясын қамтамасыз етуде негiзгi мәселелердi шешудi ұмытып кеттiк” деген.
Дамыған өнеркәсiптiк елдерде "экономикалық өсудiң интенсивтiк моделлiнiң” икемдi құралы экономиканы реттеудiң ақша – несие механизмi болып табылады.
Нарықтық экономиканың бiлгiрлерi, АҚШ-тың iрi мамандары К.Р. Маконелл және С.П. Брю, " осы ақша –несие саясатының мақсаты толық жұмыс бастылыққа қол жеткiзуге және инфляцияның болмауына экономикада жалпы өнеркәсiп деңгейiнiң өсуiне көмектесу болып табылады” – деген [21,298 – б.]. Мұндай саясат пен дем берушi (жұмыссыздық болғанда) және ұстамды (инфляция болғанда) фискалды саясат жүргiзудiң арасында тығыз байланыс бар екенi көрiнедi. Сонымен қатар, мемлекеттiк реттеудiң ақша- несие механизмi жоғарыда аталған " көмекшi” ретiнде тек қана оның қолданылуы дайын өнiм айналысына емес (яғни коммерциялы- спекулятивтi құрылымдардың баюына емес), материалды игiлiктердi өндiруге бағытталған болса ғана көрiнедi.
Нарық жүйесi дамыған елдерде бұл механизмдi қолдану тәжiрибесiн зерттей отырып, мынадай бiрнеше негiзгi қорытынды шығаруға болады:
1. Монетарлы саясаттың әскерiн "сезiнетiн” ұзақ мерзiмдi тәжiрибенiң басым болуы кейнсиандық ақша сұранысы теориясы мен оның трансмиссиондық механизмi әлсiздiгiнен пайыз мөлшерi және инвестицияға дем берудiң арасында байланыстың жоқтығы туралы қорытындысының қиынсыздығын көрсетедi, айқындайды. АҚШ-тағы бұл тәжiрибеге терең талдау жүргiзу нәтижесiнде П. Самуэльсон ақша массасының қысқаруының салдары болып келетiн несие бойынша пайыз мөлшерiнiң өсiмi бұл несиеге физикалық және заңды тұлғалардың қол жеткiзуiне қиын жағдай туғызатыны туралы қорытынды жасайды. Ал несиенiң қымбаттылығы мен қолайсыздығы, өз кезегiнде, дербес және мемлекеттiк инвестициялаудың қысқару иенденциясына әкеледi. Бiрақ бұл тенденция күштi трансмиссиондық механизмдi қолдану арқасында бiраз нивелирленуi (тегiстелiнiлуi) мүмкiн (яғни акцияны, қозғалмайтын мүлiктi, қолда бар тауарды iске асыру арқасында инвестицияны ынталандыру).
2. Көптеген жағдайда несиенiң арзандылығы (пайыз мөлшерлемесiнiң төмендеуi) депрессия жағдайында инфляцияны жеделдететiнi туралы қорқыныш бастан-бос. Бұл жағдайда несие, егер ол тек өндiрiстiк инвестициялауды жеделдетсе нарыққа шығарылған тауарлардың санын артырады. Мұнда, басқа да теңгермелi жағдайда (тұрақты баға мен ақша айналымының жылдамдығы) айналымдағы тауар массасының өзгеруiне байланысты ақша массасының өзгеру деңгейiн көрсететiн мультипликатордың абсолюттi параметрлерiн анықтау қиын емес. Егер бұл несие басқа құрылымға келiп түссе, онда ол ақша массасын көбейтiп, артық сұранымның пайда болуына әкеледi.
3. Егер фискалды және монетарлы саясат жалпы мемлекет мақсатында жүргiзiлетiн болса, онда пайыз мөлшерiнiң деңгейi (несиеге байланысты) мемлекеттiң бақылауы мен реттеуiнде болуы керек. Экономика мен фискалды саясатты дамыту (жетiлдiру) кезiнде несиенiң өндiрiстiк инвестицияны жеделдетудегi ролiнiң төмендеуi қисынсыз көрiну мүмкiн. Несиелiк және салық жеңiлдiктерiнiң берiлуi, сыртқы экономикалық тарифтiк саясаттың шамадан тыс икемдiлiгi – мемлекеттiк реттеудiң сенiмдi тетiктерi, мұнда АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Жапоияда, Оңтүстiк Кореяда, Францияда, Италия және т.б. елдерде қолданып талдау жасаған кезде айқындалды. Бiрақ бұл тәжiрибе ҚазақстанҮкiметi 1994 жылдың басында кез келген несиелiк және салықтық жеңiлдiктердiң алынып тасталынуы туралы шешiм қабылданғанда ескерiлмедi [14,11 – б.].
4. Жалпымемлекеттiк мақсатқа жетуде ақша –несие механизмдерiн тиiмдi реттеу көбенесе оны қадағалайтын органдардың еркiндiк дәрежесiне байланысты. Әлемдiк тәжiрибе бойынша, егер бұл органдар саяси ағымдар мен мүдделердiң "шеңберiне” түссе, олардың iс-әрекеттернiң қорытындылары, жалпымемлекеттiк тұрғыдан бағалау кезiнде негативтi болуы мүмкiн. Бұл туралы Нобель сыйлығының иегерi Ф. Хайек ақша саясатының басты мақсаты ақшаның тұрақтылығының қаматамасыз ету керек деген қорытындысы жасайды.
Өндiрi дамыған елдердiң тәжiрибесi, сонымен қатар аграрлы секторы жақса дамыған елдердiң экономикасында бағаға мемлекеттiк және жанама әсер етуiнiң үлкен маңызы бар екенiн көрсетедi. Егер бүкiл дүние жүзiнде ешқашан және еш жерде мемлекеттiң араласуынсыз "таза нарықтық” болуы мүмкiн емес деген ғылыми дәлелденген тұжырымдаманы растайтын болсақ, онда дәл осылай тарихта қоғам дамуындағы баға белгiлеудiң толық және жалпы даму бостандығы болмады деген қорытынды да дұрыс деп есептелiнедi. [38,78 – б.].
Бiрақта бұл тәжiрибе жеке мемлекеттердiң экономикадағы бағаны реттеу үшiн қолданып отырған механизмдер құрамының әр түрлi екенiн көрсетедi және олардың құрамы көбiнесе меншiк сала формасының нақты ара қатынасына; қысқа және ұзақ мерзiмдiк шаруашылық және әлеуметтiк мақсаттарға; халықаралық экономикалық қатынастардың дұрыс қалыптасу деңгейiне байланысты екенiн көрсетедi. Мысал ретiнде, осыдан 60 жыл бұрын американдықтардың ауыл шаруашылық өнiмiне енгiзiлген баға белгiлеу жүйесiн алуға болады. Ол өзiнiң "демократиялылығымен” және икемдiлiгiмен ерекшелiнедi. Бұл жүйенiң мәнiсi – фермердiң ертеңгi күнге деген сенiмдiлiгiн арттыру нәтижесiнде, ол өзiнiң шаруашылық жұмысынан қандай қорытынды алатынын анықтауға мүмкiндiк табады. Бұл жерде кепiлдiк баға туралы сөз болып отыр. Егер нарықтық бағаға күтпеген тенденциялар әсер ететiн болса, онда ол фермерге минималды табыс деңгейiн қамтамасыз етедi. Мұндай кепiлдiк фермерлерiнiң тауарлы-несие корпорацияларымен қарым-қатынасқа түскен кезде қамтамасыз етiледi. Соңғылары, кепiлдiк баға арқылы фермерден қабылданған өнiм, олардың несиелерi арқылы белгiлi бiр соманы қамтиды (баға көбейтiлген өнiм) Қазақстан жағдайында да бұл жүйе орнықты болған болар едi. АҚШ фермерлерiнiң төменгi табыс деңгейiн қамтамасыз ететiн, сонымен қатар мақсатты баға тәжiрибесi Қазақстан жағдайында жүргiзiлсе пайдалы болар едi.
Австрия, Италия, Франция, Оңтүстiк Корея, Жапония және тағы басқа елдердiң үкiметтерiнiң баға деңгейiн реттеу АҚШ елiмен салыстырғанда өте қатал тәртiппен және арнаулы экономиканы басқару органдарымен жүзеге асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттiк баға реттеу қызметтерi бәсекелестiк Кеңес арқылы жүргiзiледi және халық шаруашылығындағы бағаның бестен бiр бөлiгiн қамтиды. Австрияда мұндай қызмет баға туралы арнайы заң арқылы жүзеге асады. Ол мемлекеттiң экономика өрiсiнде туындайтын төтенше жағдайын болдырмауын реттеуде үлкен рөл атқарады. Осы мемлекетте баға ырықтандыруының бастапқы кезеңi соғыстан кейiнгi (1946 –1947) 3-4 онжылдыққа созылды. Бiрақта, әлi күнге дейiн Экономика министрлiгi мен үкiметтiң тарапында сол елде өндiрiлген және импорттық тауарларға баға деңгейiн реттеу кең өрiс алуда. Бiрiншi топтағы тауар туралы сөз болса, онда оларға деген бағаны реттеу ең алдымен өндiруге кеткен шикiзат материал ресурсының бағасы төмендеу фактiсi ескерiледi, ал егер екiншi топтағы болса, онда ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiмдi елге өткiзу кезiнде қолданылатын баж салығын төмендету фактiлерi ескерiледi. Мемлекеттiң осындай бақылау жасау функцияларын күшейту, әсiресе экономикалық дағдарыстан шығу кезiнде қолдану пайдалы екенi тәжiрибе жүзiнде дәлелденген. Бiздiң жағдайымызда француз үкiметiнiң шағын және орта бизнестi жеңiлдетiлген несие, салық салу механизмдерi арқылы және бағаны құруда арнайы құқықтар бойынша басқару iсiн жүргiзу тәжiрибесi пайдалы болар едi.
Мемлекеттiк баға реттеудiң басты объектiсi ауыл шаруашылық өндiрiсi болып табылатынын бүкiл дүнижүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Ғылыми талдау шаруашылық өндiрiсiнiң бiрқатар ерекшелiктерiн бөлiп көрсетедi. Бiрiншiден, ол табиғи-климаттық жағдайға байланысты. Бұл тәуелдiлiк фермердiң және аграрлы сектор субъектiсiнiң табиғи-климаттық фактордың қолайсыз жағдайға да табыс пен пайда табуын объективтi және өзектi проблемаға айналдырады. Оны шешуде басты рөл ауыл шаруашылық өнiмдерiне бағаны мемлекеттiк реттеуi және сол механизмдер арқылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерiнiң еңбегiн ынталандыру. Яғни, көптеген елдерде қарастырылып отырған саладағы өнiмге баға деңгейiн анықтау "шығын қосылған табыс” қағидасы қолданылады. Демек, фермер әр түрлi шығындар кезiнде немесе өндiрiске әсер ететiн табиғи-климаттық факторлардың қарама-қарсы жойылуына байланысты болғанда табысқа қол жеткiзе алады. Әлеуметтiк бағыттағы баға құруда ауыл еңбеккерлерiнiң тұрақтылығы, олардың шеберлiгi өседi және де ұйымдастыру мен өндiрiстiк технологияның сабақтастығы қамтамасыз етiледi.
Екiншiден, тұрғындардың тамақ өнiмдерiне қажеттiлiгiн уақытында қамтамасыз етiлуiнде (сондай-ақ өндiрiс тауарларына) ауыл шаруашылық өнiмдерiн табиғи өңделген түрлерiне негiзгi көңiл бөлiнедi. Әлеуметтiк түрдегi мiндеттердi шешуде және тұрғындардың өмiрiн қамтамасыз етуден ауыл шаруашылық өнiмдерiне баға құру процесiнде негiзгi мемлекеттiк басқару органдары шеттеп тұра алмайды. Осындай объективтi араласу әр түрлi басымды механизмдерде әкiмшiлiк, экономикалық, тiкелей, жанама, құқықтық және аймақтық реттеуде орын алады.Олар көбiнесе әр елдiң әлеуметтiк –шаруашылық, құрылымдық, институционалдық ерекшелiктерiне байланысты.
Үшiншiден, аграрлы сектор қандай да болмасын жүйеде мемлекеттiң қолдауына мұқтаж, әсiресе ғылыми-техникалық қызмет көрсету бағыты мен нақты инновациялық – инвестициялық шараларды iске асыруда. Мысалы, АҚШ-та мемлекеттiк дотацияның үлес салмағы төрттен бiрге жетедi, ал Еуропалық экономикалық одақта (ЕЭО) жартысына жуық, Жапонияда фермерлердiң барлық табыстарының төрттен үшiн құрайды. Канадада бүл көрсеткiш деңгейi шамамен 40 % жетедi. Мемлекеттiң ауыл шаруашылығын дамытуын қолдауда баға құру механизмiн жеке, кәсiпкерлiк және жалпы мемлекеттiк мүдделерiн байланыстыруда қолданады.
ЕЭО елдерiнде ауыл шаруашылығы министрлерiнiң Кеңесiнiң шешiмiмен сала өнiмдерiнiң бағасы 95 % дейiн реттеледi және бұл жерде назар аударарлық нәрсе ол сатып алу бағасының минималды деңгейi базар деңгейiнiң бағасының өзгеру деңгейiне байланысты негiзделедi. Негiзгi ауыл шаруашылығы өнiмдерiне (ет,сүт, астық) баға құру саясаты қолданылады, онымен арнайы органдар айналысады. Баға құру басылымдық болған жағдайда "сиқырлы төртбұрышта” (тұрақты өсу қарқыны, жұмысбастылық, баға тұрақтылығы мен төлем балансы) олардың мiндетi кеңейедi. Қытай Компартиясы бесжылдық экономикалық реформалардың қорытындысын жасай отырып және көрсетiлген төртбұрыштың нақты "бұрыштары” басымдылықтарын анықтай отырып, өздерiнiң шешiмдерiне (қазан 1984 ж.) "бүкiл экономикалық жүйелердегi реформа баға жүйесiн реформалауға байланысты”, деп ерекше көңiл аударған. Бұл шешiмдердiң нәтижесiн жүзеге асыруда екi жылдың iшiнде бағаның төрт түрi құралды " бiрыңғай жоспарлы баға, шартты баға, еркiн нарық бағасы "жүзетiн ” жоспарлы баға”. "Жүзетiн” және нарық бағасының жұмыс iстеу аясының кеңеюi тауарлар номенклатурасының қысқаруымен, бiрыңғай жоспарлы бағамен "қызмет ету” бағытын алған. Бұл толығынан ауыл шаруашылық өнiмдер бағасына қатысты, яғни жоспарланған түрде белгiленген сатып алу бағасын қабылдамау өзара шартты (жоспарлы мемлекеттiк сатып алу үшiн ) және нарықты (сатып алу өзара шарттың үстiнен ) бағаны қабаттас енгiзу. Ауыл шаруашылық қызметкерлерiнiң өндiрiс қызметтерiн ынталандыруда еркiн баға үлкен рөл атқарады.
Дамыған елдердiң шаруашылық тәжiрибесi көрсеткендей, iшкi нарықтағы тауар өндiрушiлердiң ықыласын қорғауда және сыртқы экономикалық қатынастардың тиiмдiлiгiн арттыруда лицензиялық, кедендiк кiрiстер және тарифтiк реттеу механизмдерiн қолдану әр елдiң геосаясатының, табиғи – тарихтық, табиғи-экономикалық және әлеуметтiк –мәдени ерекшелiктерiне байланысты. Сонымен қатар әлемдiк нарық пен әлем шаруашылық интеграциясына кiру ықыласы ескерiледi.

Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу

Көптеген Шығыс Еуропа елдерi бұрыннан Экономикалық өзара көмек Кеңесiнiң құрамында болып (қаңтар 1949 ж.), қоғамның тұрмыстық экономикалық негiзi мен саяси құрылымы бiркелкi болуына қарамастан орталықтандырылған шаруашылық жүйесiнен нарықтық экономикалық өте бастады. Экономикалық жағынан қарайтын болсақ, олардың айырмашылығы меншiк түрлерiнiң өндiрiс құралдарымен қатынасына, өнеркәсiптiң мамандану түрлерi, халық шаруашылығының ұйымдастыру мен басқару құрылымына байланысты болуда. Сондықтан экономикалық реформаны әр түрлi басымды механизмдердi қолдану арқылы, яғни үдемелi қарқындық пен мерзiмдiлiк арқылы, әр түрлi жүйелер мен ресурстарды сақтау қағидаларын қолдана отырып жүргiзу керек. Мiне осы тұрғыдан алға қойған мiндеттердi шешуге нарықтық экономикаға көшкен елдердiң тәжiрибесiн жинақтап жаңа нарықтық жолмен шаруашылық жүргiзуге көшу. Шаруашылық жүргiзудiң бiр түрiнен екiншi түрiне көшуде жоғарғы жағдайды қорытындылай келiп, келесi ережелерге сүйенуiмiзге болады:
- меншiк түрлерiне қарамастан мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру және шаруашылық әрекетiне жағдай жасау;
- мемлекеттiк кәсiпорындарды уақтау, тауар өндiрушiлердi демонаполизацияландыру және монополияға қарсы күрестiң қызметiн күшейту;
- нарық механизмiнiң ерекшелiктерiне байланысты экономиканы басқару құрылымын жетiлдiру;
- қаржы –банк жүйелерін реформалау және бюджеттік инвестицияны қысқарту;
- елдің экспорттық әулетін арттыруда бәсекелестік қабілеті бар өнеркәсіпті мемлекеттік тарапынан қолдану;
- шетел инвестицияларын енгізуде және біріккен өндіріс қызметін қолдауда саяси, құқықтық және шаруашылық жағдай жасау;
- ұлттық валютаның айналымда болуын қолдау және қамтамасыз ету.
Жоғарыда көрсетілген шараларды экономикада нарықтықты реттеу механизмдері ретінде қолдануда әр елде өзінің ерекшеліктері есепке алынады. Ең қолайлы жағдайда Венгрия болды. Бұл елде экономикалық реформа үш-он жыл бұрын басталған. Шаруашылық жүргізуде кәсіпкерлікті ынталандырудың түрлерін алдын ала ескере жүргізген. Халық шаруашылығының алдыңғы буындарындағы құқық негіздерін жасауда экономикалық ассоциациялар заңы негізгі роль атқарады. Мемлекеттік кәсіпорындарды экономикалық ассоциацияларға айналдыруда тиісті шешімдер қолданылды. Мемлекеттік жекешелендіруде көп жағдайда уақтау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру шаралары жүргізілді. Бұл шаралар тек бұйрық түрімен емес, еңбек ұйымдарының және олардың басшыларының қолданылуымен жүргізілді. Соның нәтижесінде үш жылда (1989-1991жж) елде шағын және орта кәсіпорындар төрт есе көбейді. Конъюктураның өзгеруіне байланысты кәсіпорындардың қызметінде қажетті икемділік пайда болды. Мемлекеттік тарапынан бұл процесс қолдау тапты. Қаржы- шаруашылық жағдайлары мен халық шаруашылығына керекті өнім шығаратын кәсіпорындар банкрот жағдайына ұшыраса, жеңілдік несие беріп санация жасалған немесе бұл кәсіпорындарды басқа меншікке (соның ішінде шетелдіктерге) берілді.
Бұған нарық инфрақұрылымының құрылуы (қордық қызметтердің пайда болуы мен дамуы, тауарлы және брокерлік биржалар, инвестициялық қорлар, несие – банк қызметтері) және қаржы – банк жүйелерінің реформалануы мүмкіндік туғызды. Экономикадағы дағдарыстық жағдайдан шығуды банкротқа ұшыраған өнеркәсіптегі жекешелендіру процесі инвестициялық бағыт алды. 1993 ж. 600 өнеркәсіптің жартысына жуығы инвестордың ықыласына байланысты жекешелендірілген, ал 40 % -дан жоғарысы өнеркәсіптердің өздерінің ықыластарына байланысты жекешелендірілген. Нарықтық шаруашылық даму «төменнен» негізделіп жоғарыдан ұйымдық, құқықтық, не экономикалық жағдай жасалуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, тауарлы материалдық құндылықтардың өндіріс құралдары мен халық тұтыныу тауарлары және «қозғалысына» толық еркіндік беру маңызды шара болып табылады. Бірінші жағдайда олардың қозғалысы шарт негізінде қамтамасыз етілсе, ал екінші жағдайда фирмалық дүкендер негізі мен халыққа сауда қызметін көрсету орындары арқылы жүргізіледі.
Нарық жағдайда шаруашылық жүргізуге дайын Австрия болды. Баға құру мен еңбек ақыны реттеу, шетел инвестицияларымен ыньаландыру, сыртқы экономикалық қатынастарды либерализациялау, ақша айналымын тұрақтандыру, ұлттық валютаны конверсиялау жөніндегі шаралар 40 -жылдардың соңынан жүргізіле бастады [40,86-95-б.]. Нәтижесінде осы шаралар «мемлекет пен жеке меншіктің арасындағы ұтымды пропорцияны қалыптастыруға, орталықтандырылған және нарық құрылымдарының байланысын үйлестіруге, халықтың басым көпшілігінің тұрмыс дәрежесін жақсартуға» негіз болды.
Қаржы тепе-теңдігіне көңіл бөле отырып Австрия үкіметі әлеуметтік серіктестік пен шағын бизнесті қолдауға ерекше көңіл болды. Австриялық тәжірибедегі үкімет тарапынан жасалған бәсекелестік шаралары нарық экономикасының қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Бұл жерде әсіресе шағын және орта фирмалардың құрылуын және әлем шаруашылық процестеріне ұлттық экономиканың араласуын қолдау шаралары көрсетіледі. Мұндай ынталандыру жаңа құрылған шағын, орта фирмаларға мемлекет тарапынан жәрдем ақы немесе жеңілдетілген салық салу түрлері арқылы жүргізіледі. Осындай фирмалардың (өнеркәсіптердің) қызметтеріне тауарларды сату ережелері, дұрыс емес бәсекелестікке жүргізілген шаралар, жергілікті жабдықтау, картельдер туралы т.б. заңдар құқықтық негізі болып табылады.
Өнеркәсіптерді бақылау және кәсіпкерлер мен бизнесмендердің саудаға шығу ережелерін бақылау мемлекеттің құқықтық қызметтерінің бірі болып табылады.
Австрияның тиісті мемлекеттік органдары сыртқы экономикалық қатынастарды тереңдетуде экспорттық түсімдердің және импорттық төлемдердің тең болуы қағидаларына сүйенеді. Ұлттық банкінің монополистік жағдайы жойылуына байланысты елдің валюталық режімі және сыртқы сауда либерализацияланады және де валюталық операцияларды жүргізуде коммерциялық банктердің қызмет ету аясы кеңейеді. Көп жағдайда аталған қағидалар орындалмайды, сондықтан экспорттық түсімдердің көптеген бөлігі сыртқы қарызды өтеуге кетеді.
Поляк Халық Республикасында нарықтық шаруашылық жүргізу моделіне тездетіп өтудің белгілі бір тәжірибесі қалыптасып отыр, мұнда жеке кәсіпкерлік қоғамның экономикалық өмірінде жаңа құбылыс болып табылмайды. Оның ролі ауыл шаруашылық өндірісінде, саудада, қоғамдық тамақтану саласында елеулі. Бұл елде нарықтық қатынастар саласын кеңейту және олардың инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар «естен тандыру теропиясы» деген атауға ие болған, бұл шаралар тауар өндірушілер мен оларды тұтынушыларға қатаң сипатта болады. Жергілікті түрде қатаң монетарлық саясат жүргізу (ақша эмиссиясының шұғыл қысқартылуы, берген несие үшін жоғары мөлшерлемелер деңгейін белгілеу), салық жеңілдіктері мен дотацияларды жою, бағаны ырықсыздандыру, дайын өнім мен материалдық- шикізат ресурстарын бір орталықтан бөлуден бас тарту, халықтың әр түрлі топтарын әлеуметтік қорғаудың жаңа қағидаларын енгізуде қаржы- шаруашылық қызметте белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу. Алайда бұлар өнеркәсіптің дамуына және адамдардың әлеумметтік жағдайына жағымсыз әсер етуде. Тауарларға (қызмет түрлеріне) деген сұраныстарды шұғыл қысқарту бағытын жүзеге асыру кезінде барынша абай болудың қажеттілігі айтпаса да түсінікті, өйткені мұндай қысқартудың ақылға қонымды «шекараларын» атап өту, сұраныс пен ұсынысты теңдестіру проблемасын шешуді кейінге қалдыруы мүмкін.
Чехия республикасы үшін әлеуметтік - экономикалық салада тиімді және кешенді қайта құруларды салыстырмалы түрде қысқы мерзімде тез жүзеге асыру тән. Кезінде (1994 ж. сәуірінде) осы республиканың премьер – министрінің экономикалық реформалар барысын талдау негізінде жасаған қорытындылары нақты қоғамдық өмірдің саяси, шаруашылық, әлеуметтік күрделілігі «нарықтық экономиканы дамытуды және құруды бір орталықтан жоспарлауға мүмкіндік бермейтінің» қуаттап береді. [4,5 – б.]
Егер шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту заңдылығын былай қойсақ (жекешелендіруді реттеу бағаны ырықсыздандыру және т.б.) онда ең кемінде жоғарыда аталған қорытындылардың үш негізгі түріне көңіл аудару керек.
Біріншіден, бұл жерде тиімді макроэкономикалық саясатты дұрыс негіздеу және қолдау болып отыр. Оны жүзеге асыру бағаларды ырықсыздандыру және сыртқы сауда үшін негіз дайындау мақсатында реструктивті вариантын (өндіріс пен экспортты тежеу) тұрмысқа енгізуден басталды.
Екіншіден, ұлттық капиталмен салыстырғанда шетел капиталын тартуға артықшылық берілмеуге тиіс. Мұның себептері мынадай: а) шетел капиталы ақыр аяғында белгілі бір ел үшін қымбатқа түседі және ә) шетел көмегі көбіне екі ұшты мағынаға ие.
Үшіншіден, «қалған дүниеден көмек емес, сауда мен айырбас керек» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, шетелдік нарықты ашып, дамыту қажет.
Қытай Халық Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі белгілі бір қызығушылық туғызады. 70-жылдардың соңында ҚХР –да басталған экономикалық реформалардың алғашқы қорытындыларына жасалған талдау негізінде бірқатар тұжырымдамалар жасалған, бұл тұжырымдамалар, социалистік тауарлы экономиканы, социализмнің бастапқы сатысын, меншіктің мемлекеттік, қоғамдық және жеке түрлерін пайдалану және т.б. проблемаларды қамтиды. Қытай компартиясының шешімдеріне сәйкес жоспарлы тауарлы экономика болып табылатын экономикада реформалаудың басты бағыты «нарыққа бағыт ұстаған макродеңгейде бақылауға болатын социалистік экономиканы құру» болып табылатыны көрсетіледі [22,99-б.].
Қытайдағы экономикалық реформалардың стратегиясы ұйымдық аспектіде болғанмен «ауылдан қалаға» деген қағидаға негізделініп ерекшеленеді. Осы қағидалар бойынша реформалардың алға басуы ауылдағы нарықтық қатынастар элеметтерінің пайда болуы мен олардың мемлекеттік жоспарлар арқылы реттеу қамтамасыз етеді. Қытайдың жоспар мен нарықты біріктіру варианты шаруашылық жүргізудің үш деңгейлі жүйесін пайдалануды білдіреді. Осы үш деңгейдің әрқайсысы өзіндік модельге сай келеді: жоғарғы деңгей үшін негізгі өндірістік көрсеткіштерді дирекивті (экономика құрылымы және даму қарқыны мемлекеттік резервтер, тұрақты тауар сұранымы, мемлекеттік бюджет) жоспарлау қолданылады, екінші деңгей шаруашылық деңгейі, экономиканың алғашқы саласын қамтиды. Мұнда шығаратын өнімді өткізу және кешенді проблемаларды минималды-техникалық қамтамасыз етілуінің жоспарлауымен айқындалады. Шаруашылықтың үшінші деңгейі жергілікті және мерзімді өндіріс тауарларымен әр түрлі қызмет көрсетулерімен жәнен нарық механизмдерін қолданумен реттеледі. Салық салу жүйесіндегі аса маңызды тәжірибесі салық жеңілдіктерінің капиталдық салымдардың екі сфераға - өңдеуші өнеркәсіптің дамуы мен экспорттық потенциалдың өсуіне бағытталуын ынталандырады.
Көптеген экономикалық реформаларды бастан кешірген басқа елдерге қарағанда, қытайдың реформасы мемлекеттік реттеудің күшті құралдарын (директивті жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, «ғылым-өндіріс» циклін жоспарлау, несие-салық және баға саясатын жүйемен жүргізу) қолданды. Сол сияқты нәтижелер бір қатар Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде – Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Филиппинде, Сингапурда, Тайландта және т.б. елдерде байқалады.
Жапония мен Оңтүстік Кореяда мемлекеттік реттеу ішкі, жалпыұлттық өнім, жинақ көлемі және қор, еңбек ақының өсуі, еңбек өнімділігі т.б. көрсеткіштерді қамтитын экономикалық жоспарлау арқылы жүргізіледі. Әлемдік шаруашылық интеграцияға кіру статегиясында қаржы-банк, салық баға және сыртқы экономикалық саясатты жүргізу шаралары қолданылды.
Бұл шаралар жоғары аталған елдердің табиғи – экономикалық, геосаясаттық және әлеуметтік ерекшеліктері бойынша жүргізілді: әр елдегі мемлекеттік реттеудің тәжірибесін ретроспективалық талдау екі негізгі аспектіден тұрады:
- біріншіден, экономиканы реформалауда басқа елдердің қатесін болдырмау;
- екіншіден, біреудің позитивті тәжірибесін дұрыс пайдалану реформаға кеткен шығынды азайтуға және уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi

Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бұл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары үшін қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкішілік және нарықтық мезанизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ. Бұл шешім қазіргі кезеңде біздің аталмыш проблемалардың теериясын анықтап енгізуге байланысты туындап отыр. Осы проблемалардың арасынан келесі жәйттерді бөлуге болады:
- шаруашылық моделдерін өзгертуде және экономикалық жаңартуда қандай жол тиімді – эволюциялық па, революциялық па?
- нарықтық қатыснатардың аясын ұлғайту және нарық инфроқұрылымын дамытуда әкімшілік шешімдер арқылы немесе сыртқы ұйымдастырушылық – құқықтық және экономикалық шешімдер арқылы іске аса ма?
- жалпы экономикалық бағыт пен макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұруда мемлекеттік органдардың функциялары мен ролі қалай өзгереді?
- экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары қандай ғылыми негізде және қандай бағытта іске асырылуы қажет?
- экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің басыңқылығы мен құрамы әр кезеңде қандай себептерге байланысты өзгеріп отырады?
- бәсекелестік нарықты ортаны құруда не маңызды: меншік иесін ауыстыру мақсатында міндетті түрде және жаппай жекешелендіру ме, жоқ әлде кәсіпкерлердің өз ынтасы мен құрылыған шағын және орта кәсіпорындарды мемлекеттік тарапынан қолдау ма?
- макроэкономикалық реттеуде салалық және аймақтық мүдделері қаншылықты дұрыс ескеріледі?
- халық шаруашылығын жоспарлау және нарықтық реттеу қандай ғылыми негізде үйлестіріледі?
Әлеуметтік –экономикалық даму жоспарының қажеттілігі сөзсіз үлкен. Бірақ, жоспарлаудың ғылыми-метолдологиялық және ұйымдастырушылық негіздері бұрыңғы әкімшілік- директивті мәнінен айырылуы қажет және ұсыныстық – реттеушілік, мемлекеттік және жеке меншікке негізделегн белсенді шаруашылық жүргізуді ынталандыру ролдерін атқаруы тиіс.
Бұл жердегі ең маңызды мәселе мақсатқа жету, жеке және мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық жоспарларына «сіңіруі» (салалары және әкімшілік аумақтар) сол сияқты соңғының орындалуы қажет. Өйткені ЖҰӨ экономиканың денсаулығы, ал осы жылда кәсіпорын өнім көлемінің бүкіл табыс сомасын көрсетеді. Бұл табыс «қозғалысын» жоспардың орындалуы мен шаруашылық субъектілерінің байланысы ретінде қарастыруға болады. Қарапайым болуы үшін схемадан халық шаруашылығының көптеген байланыс сызықтары көрсетілген (5-сурет). Бұл схема бір жағынан жоспарлы және нарықтық шаруашылық моделін, екінші жағынан мемлекеттік және экономиканы нарықтық реттеуі көрсетеді. 

   


Шетел елдерде нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын және фирмалардың жоспары маңызды роль атқарады. Біздің ойымызша республикадағы қазіргі жағдайда шетелдік өндіріс сфераларын жеңілдікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің бақылау функцияларын күшейту тәжірибесін қолданған жөн. Өйткені Қазақстанда үш жыл бұрын осы қарастырылып отырған саланы несиелеуде және салық салуда барлық жеңілдіктерді алып тастау туралы шешім қабылдады, ал несие ресурстары көбінесе коммерциялық делдалдық жүйеге «қызмет көрсетуге», басқаша айтқанда тауар айналымына жұмсалады. Осындай саясаттың кері әсері әлі де сезуде. Біздің республикамызда әлі де бұл салада, керісінше, заңды және жеке тұлғалардығ өндірістік қызметпен айналысуға ынталарын жоятын қатал жүйе талдауда.
1992 жылдан бастап ҚР Президенті өндіріс саласындағы шағын және кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау туралы жарлықтар мен заңдарға қол қойды.
Шет елдегі баға белгілеу механизмі үлкен қызығушылық көрсетуде. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын реттеу, саланың бірінші буынына табыс және пайда сомасының минималды деңгейін қамтамасыз етуде кепілдік беру түрінде құрылған. Басқа мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей дағдарыс жағдайынан шығу жолында үкімет баға белгілеу мен баға деңгейіне әсіресе халықтың тауар тұтынуын бақылауын күшейтті. Қазір біз өндіріске және өндіріс құралдары мен тұтыну заттарды сатуға монополия жағдайындағы бағалардың толық ырықтандырылуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығын материалды өндіріс саласы ретінде даму үшін қажетті дотацияларды бөлмеу жолымен келе жатырмыз. Мұндай көзқарас республикамыздың ЖҰӨ-нің үштен бірін құрайды, экономиканың аграрлы секторының өнімдеріне баға белгілеу және баға мәселелерін Үкімет көз алдынан тыс қалдыруда
Категория: Экономика | Добавил: Admin | Теги: экономика, РЕТТЕУДIҢ, МЕМЛЕКЕТТIК, ТӘЖIРИБЕСI, ШЕТЕЛДIК, ЭКОНОМИКАНЫ
Просмотров: 11376 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/7
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]