Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Ислам банкі
[ Скачать с сервера (24.5 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
31.03.2015, 11:26

ислам банкі

Силлабуста келтірілген негізгі әдебиеттерді пайдалана отырып, иджараны қолдану ерекшелігіне сипаттама беріңіз.

 

Силлабуста келтірілген негізгі әдебиеттерді пайдалана отырып,  салам және истисна құралдарын қолдану ерекшелігіне сипаттама беріңіз.

Мәмілелерге негізделген банк өнімі (немесе «мәмілелер бойынша борыш»): Мурабаха, Иджара, Салям, Истисна, Кард Хасан;

Ижара (IjarahMuntahiyaBiTamleek / Кейіндеп меншік құқығынның өтуімен жалға беру).

Бұл операциялық лизингке ұқсас, бірақ лизинг мерзімінің соңында активтің меншік құқығы жалға берушіден жалға алушыға ауысады.

«Иджара» стандарты

2002 жылы қабылданған «Иджара, иджара мунтахийя биттамлик» (Иджара, кейіннен сатып алынатын иджара) шариғаттың №9 стандарты.

Осы стандарт егер ондай орын алған болса, мүлікті жалға алуға уәде беруге жататыннормалардан бастап, иджараның эдеттегі мәмілесінде не кейіннен сатып алынатын иджара жағдайында жалға алу затына меншік қүқығының ауысуымен жалға берілген мүлікке иелік етудегі жалға берушінің қүқықтарын қалпына келтіру нормаларына дейін иджара, кейіннен сатып алынатын иджара мәмілёлеріне қатысты шариғат нормаларын түсіндіреді.

Стандарттың мақсаты исламдық қаржы мекемелеріиджара мэмілелерін жүзеге асыруы кезінде сақтауға тиіс болатын шектеулерді айқындау болып табылады.

Осы стандарт мүлікті операциялық жалға алуға жэне мекеме жалға алушы немесе жалға беруші болып табылганда кейіннен сатып алу цұцыгымен жалга алуга (кейіннен меншік цүцыгының ауысуымен) қолданылады, Осы стандарт қызметкерді жалдауға (еңбек келісім-шартына) қолданылмайды.

Жалпы қағида бойынша иджара шарты жалға берушінің меншігінде түрғанмүлікке қатысты қолданылады. Соған қарамастан, клиенттің өзі жалға алуды жоспарлап отырған мүлікті немесе мүлікті пайдалану қүқығын мекеменің сатып алуы туралы өтінішпен мекемеге жүгінуі мүмкін.

 

Шариғат заңы бойынша кез келген банк­тік операцияны жүргізуде пайыздық мөлшерлеме алуға тыйым салынғандықтан, исламдық ипотекалық несие құрылымы сатып алып сату немесе жалға беру қағи­даларына негізделеді. Олар ресми түрде мубараха және иджара деп аталады екен.

Мубараха құралы тауар операцияларын қаржыландыруда қолданылады. Мұндай жағдайда банк өз атынан пәтерді сатып алып, оны тез арада қосымша құнмен сатады. Яғни сатып алғандағы баға мен банк белгілеген баға арасындағы қосымша құн банктің таза табысы болып есептеледі. Белгіленген баға тұтынушы ыңғайына қарай 10-20 жыл мерзімге бөлінеді. Яғни арадағы жылдарда пайыз белгіленбейді әрі төлем сипаты өзгеріске ұшырамайды.

Иджара лизинг немесе жалға беру деген мағынаны білдіреді. Сіз таңдаған пәтерді банк өз қаржысы есебінен сатып алады, одан кейін оны белгілі бір кезеңге тұтынушысына жалға береді.
Исламдық банктер үшін соңғы жылдары әртүрлі лизингтер мен жалға берулер де тартымды болып көрінеді. мұны иджара деп атайды екен. Ол - екі формада жүргізіледі? операциялық лизинг  (иджара)  және кейін сатып алынатын лизинг  (иджара ва иктинә)  негізінде исламдық лизинг пен кәдімгі лизингтің айырмашылығы шамалы ғана. Айырмашылығы - екі тараптың қатынастарын белгілеу және салық алу жөніндегі мәселені шешу тәртібінде. Исламдық келісімшартта лизинг беруші лизинг алушыдан көрсетілген мерзімнің өтіп кетуіне байланысты белгіленген сомадан тыс қосымша төлем төлеуді талап етпейді.
Сонымен қатар бүгінгі ислам қаржы рыноктарінда кеңінен пайдаланылып жүрген тағы да бірқатар құралдар бар. Олардың бәрі де мудараба негізінде жасалған. Негізінде мудараба және иджара бар құралдарды қор рыногына айналымға салып, пайдалануға болады. Ал мурабаху және кәрд хасанды тек ақша рыногында ғана пайдалана аламыз.
Ислам банктерінің қызметін бақылап отыратын дін комитетінің де рөлі зор. Ол несиенің кез келген түрінің өсімсіз берілуін қатаң бақылайды. Несие беруде жобаны таңдау мен оны бағалау бойынша ислам банктерінің әдісі батыс банктерінің өз клиенттерінің төлем қабылеттілігін тексеруіне ұқсайды. 
Ислам банктері дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық саласына тереңдей енуде, себебі мұндай елдер сыртқы капиталға зәру, өздерінде қаражат тапшы. Мысалы, ислам даму банкі шариғат қағидаларын бағытқа ала отырып, көптеген елдерде көлемді операцияларды жүзеге асырып жатыр. Исламға тән қайырымдылықтарды да көптеп жасап, дамушы елдердің алдында өз мәртебесін өсіре түсуде.

Истисна

Бұл сатып алушы (Мустасни) сатушыдан (Сани) болашақта келісілген мерзімде дайындалатын немесе салынатын активті белгілі бір бағаға (Истисна құны) сатып алуы туралы Шарт. Истисна құны алдын ала немесе бірнеше кезеңмен активтің жасалуы кезінде немесе жеткізілу кезінде не жеткізгеннен кейін төленуі мүмкін.

БайӘ’Салам (Bai Al Salam)

Бұл белгіліл бір тауар құнының алдын ала төленіп, ал тауар белгіленген уақыт ішінде келісілген жерге жеткізілетін сауда түрі.

Салам” бағдарламасы бойынша кредиттеу шарттары:

Бір қарыз алушыға займ сомасы 1 миллион теңгеден басталады, бірақ 25 мың АҚШ долларынан аспайды (қаржыландыру ұлттық валюта – теңгемен жүргізіледі), кірістілік ставкасы жылдық 9,5 пайыз, кредиттеу мерзімі 18 айдан артық емес, қамтамасыз етілуі қоғамның кепілдік саясатына сәйкес.

Бағдарламаның мақсаты – ауыл тұрғындарын және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мал шаруашылығын (шошқа шаруашылығынан басқа), егіншілікті дамыту үшін шағын кредиттеу.

Мақсатты тағайындалымы – болашақ астық (актив) үшін алдын ала ақы төлемін жүргізу, тауардың сапасын, санын және жеткізу күнін айқындау.

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'А келісімін және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы агенттік келісімді (Истисна'А) ратификациялау туралы" Қазақстан  Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'А келісімін және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы агенттік келісімді (Истисна'А) ратификациялау туралы

      Астанада 2009 жылғы 31 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы Истисна'А келісімі және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолының жобасы шеңберінде "Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз" жолының учаскесін реконструкциялау туралы агенттік келісім (Истисна'А) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

 

2  АБ, 2- тапсырмасы

 

  1. Жазбаша сұрақтарға жауап беру:

1.Скук түсінігі және оның түрлері

2.Скуктың сыныптамасы

3.Скук сертификаттарын шығару кезеңдері

1     Гарар дегеніміз не?

2     Шариатқа сәйкес гарарды сатуға рұқсат беріледі ма?

3     Мерзіміне сәйкес гарардың белгілерін атаңыз.

Сукук – материалды активтер арқылы қамтамасыз етілген, Шариғат заңдары бойынша шығарылған ұзақ мерзімді немесе орта мерзімді құнды қағаздар, исламдық бондтар (кейде исламдық облигациялар деп аталады). Исламдық облигациялардың қағидаты- сукук ұстаушы эмитенттің пайдасына (шығынына) белгілі бөлігіне құқылы. Келісім шарттың негізіне байланысты, бірнеше сукук түрлері бар: иджара-сукук, истисна-сукук, мурабаха-сукук, мушарака-сукук, мудараба-сукук. Ислам қаржыландыруының ерекшелігі әр ислам банкінде Шариғат эксперттері кеңесінің болуы. Шариғат экспертері кеңесі банкің қызметі мен операциялары шариатқа сәйкестігін тексеред.

2003 жылы қабылданған № 17 шариғат стандарты ислам қаржыгерлерінің арасында ең жедел түрде танымалдыққа ие бола бастаған жобаны қайтарымды жэне ақылы түрде қаржыландыру үшін инвестиция тарту эдісіне арналған.

Стандарттың мақсаты инвестициялық сукуктарды (сертификаттар немесе облигациялар) шығаруды және олардың айналымын реттейтін шариғат нормаларын эзірлеу, сондай-ақ сукуктардың басқа да түрлерін эзірлеу болып табылады.

Осы стандарт инвестициялық сукуктарға қолданылады. Осындай сукуктар сукук иесінің жалға берілетін активтерге, узуфруктарға деген меншік қүқығын, қызметтерге арналған қүқықтарын растайтын сукуктарды, Мурабаха, Салам, Истисна, Мудараба, Мушарака сукуктарын, инвестициялық агенттеу, өнімді бөлу, ирригациялық жэне ауыл шаруашылығыэріптестігі сукуктарын қамтиды. Стандарт Инвестициялық сукуктар осындай активтердің құрамына ақшалай немесе ақшалай емес талаптардың, узуфркут қүқығының, қызметтерге арналған қүқықтардың немесе барлық осындай құқықтар жиынтығының, сондай-ақ материалдық емес құқықтардың, берешектің немесе ақша қаражатының кіретін-кірмейтіндігіне қарамастан инвестициялар үшін активтер ашу қүқығындағы кэдімгі үлесті куәландырады. Осы сукуктар сертификат үстаушының эмитент алдындағы борыштық міндеттемесі болып табылады.

Инвестициялық сукуктар олардың эмиссиясы мен айналымын реттейтін шариғат нормаларына сэйкес шариғатта белгіленген шарттың негізінде шығарылады.

Инвестициялық сукуктардың айналымы осындай сукуктармен үсынылған қүқықтар айналымы реттелетін шарттарға түседі.

Осы сертификаттардың иелері алынған кірісті жазылу проспектісінде көрсетілгендей бөледі, және өздері олардың иелері (үстаушылары) болып табылатын сертификаттардың эмиссияның жалпы көлеміндегі үлесіне немесе санына теңбе-тең шығын шегеді.

Осы стандарт 2003 жылғы 8 мамырға сэйкес келетін 1424 жылғы Рабиуль-эувел айының 7-ші күні шығарылды

акционерлік компаниялардың акцияларына, қорлардың сертификаттарына жэне қоржындық инвестицияларға қолданылмайды.

Мэмілелердің бүкіл көп түрлілігінің арасында барынша кең таралғаны жэне исламдық қаржыландыру күралдарының арасында ең танымалы иджара сукуктарының мэмілесі болып табылады. Оның танымалдығы бір жағынан имплемантациялаудың салыстырмалы түрдегі қарапайымдылығымен жэне шариғат қағидаттарын сақтауда киындықтардың болмауымен, екінші жағынан -қарым-қатынастардың рақ мерзімділік сипатына және сертификаттар бойынша төлемдер үшін негіз қүрайтынжалдау төлемдерінің айқындылығының жоғары дәрежесімен инвестициялар бойынша кірісті болжау мүмкіндігімен түсіндіріледі.

Осы стандартта сукуктар оларды акциялар мен облигациялардан ажырату үшін «инвестициялық сукук» ретінде белгіленген.

Инвестициялық сукуктар сертификатпен куәландырылған қаржылық қүқықтар мен міндеттемелерге қатысты сертификат иесінің талап қүқықтарын белгілеу мақсатында оның иесінің немесе оны көрсетушінің атына шығарылған бірдей қүны бар сертификаттар болып табылады.

 Гарар (Gharar – белгісіздік) – келісімшарттағы қажеттілік, пен белгісіздің шегіне шығатын әдейі тәуекелге тыйым;

Исламдық қаржыландырудың негiзгi қағидалары: қаржыландырушы тарап жобаға салынған инвестициялардан табыс табады; екiұшты әрекетке тыйым салынады («гарар»): мәмiлелер туралы барлық мәлімет шарт жасасуға дейiн белгiлi болуы керек; алып сатарлықтан табыс табуға тыйым салынады («майсир»). 
 

Ислам шарт міндеттемелерінің келісім жақтарының маңызды міндеті ретінде орындалуын насихаттайды. Мұндай талаптар ақпарат ассимметриясымен және мораль тәуекелімен байланысты тәуекелдерді азайтуға бағытталған. Одан басқа, ислам келісімшарттың әлдеқайда ақпараттандырылған жағымен біржақты басымдықтарға ие болуын қолдамайды. Осыған байланысты «гарар»-ға - әдейі тәуекелге бару – тыйым салынады. Жалпы, «гарар» түсінігіне кез-келген спекулятивті операция жатады.

Шариғатқа сәйкес гарарға сатылуға тиым салынған,себебі шариғатта айтылған ешкимде белгісіз нәрсені сатуға болмайды, алдын-ала болжанбаған.

Мерзіміне сәйкес гарардың белгілері:

a) ықтимал гарар (ал-гарар ас-йасир) белгісіздік элемент, шариғат бойынша ықтимал.

б) кезеңдік гарар(ал-гарар ал-мутавассит)

в)артық гарар (ал-гарар ал-касир), бундай гарар келсім-шартта жарамсыз болады.

Исламдық сақтандыруда мынадай элементтер болмауы керек:

·                         Гарар (арабша қауіп-қатер) – сақтандыру келісім-шартында кездейсоқтықтың, түсініксіздіктің, екіұштылықтың артық болуына тыйым салу. Сонымен қатар, гарар Исламда харам саналатын алыпсатарлық тәуекелді білдіреді. Гарар мынадай мөлшерде бола алады: рұқсат етілген гарар (ал-гарар ас-йасир) - шариғат көзқарасы бойынша рұқсат етілген екіұштылық; аралық гарар (ал-гарар ал-мутавассит) – белгілі бір шарттар қатары орындалса, келісім-шартқа кіреді; шеттен шыққан гарар (ал-гарар ал-касир) – келісім-шарт жарамсыз болып табылады.

Ал сақтандыруда: 1) тура гарар – аз мөлшердегі ақшаны (сақтандыру сыйақысы) көп мөлшерге ( сақтандыру төлемдері) ауыстыру;

2) жанама гарар – рибаға негізделіп бағалы қағаздарға инвестициялау.

Тауарлық мәміле жүзеге асырылу барысында, қарыз кезінде капиталдың өсімі риба болып саналады. Осыған байланысты, қарыздың мерзімі мен мөлшеріне тәуелді және инвестицияның табысты болуына тәуелсіз алдын-ала анықталған пайыздық қойылым риба түсінігіне дәл келеді. 

Категория: Экономика
Просмотров: 3471 | Загрузок: 51 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]