Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Кейнсиандық теория
[ Скачать с сервера (78.8 Kb) ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
14.12.2013, 03:05
все о кейнсианстве и история возникновения

1 Кейнсиандық моделінің негізгі мазмұны
1.1 Кейнсиандық теория пайда болу тарихы

Бұл бағыттың негізін қалаушы, ағылшынның көрнекті ғалым-экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Кейнс өзінің 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген басты еңбегінде экономикалық мәселелерді реттеудің макроэкономикалық негіздерін жасай отырып, микроэкономикалық талдау шеңберінде шешіле алмайтын көптеген сұрақтарға жауап бере алды. Осы теория негізінде экономикалық екінші құрамдас бөлігі – макроэкономика қалыптасты. Кейнстің бұл еңбегі оны және оның теориясын әйгілі етті.
Кейнс неоклассикалық ілімнің негізгі қағидаларынан бас тарта отырып нарық өзін-өзін реттей алмайтын тетік екенін дәлелдеді. Мұндағы Кейнстің басты идеясы болып экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі табылады. Өйткені, таза нарық жағдайында экономиканың күрделі мәселелері, атап айтсақ, жұмыссыздық, инфляция, экономиканың кезеңдік ауытқуы, әлеуметтік қамсыздандыру, халықтың әл-ауқаттылығын жақсарту сияқты күрделі мәселелер өздігінен шешілуі мүмкін емес, осыларды реттеу үшін мемлекет нарыққа міндетті түрде араласады. Кейнс ең алдымен, экономиканың қозғаушы күші деп ұсынысты емес, сұранысты бірінші орынға қояды, олай болса, ол жиынтық сұранысты көтеру және қолдау үшін мемлекеттің бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын жүргізуді ұсынды.
Кейнстің макроэкономикалық теориясын Элвин Хансен, Пол Самуэльсон, Джон Хикс, Евсей Домар және Рой Харрод сияқты ғалымдар әріқарай дамытып неокейнстік бағыттың негізін қалады.
Классикалық мектептің экономистері нарықтық жүйе ұзақ мерзімді кезеңде экономикадағы ресурстарды толық пайдалануды қамтамасыз етеді деп пайымдаған болатын. Оның өзінде анда-санда туып қалатын сәйкессіздіктер рыноктың автоматты түрде өзін-өзі реттеу негізінде шешіледі. Соның арқасында, ең соңында, жұмыспен толық қамтамасыз етілу нәтижесінде экономикада өндірістің тиісті деңгейіне қол жетеді.
30-шы жылдардың "Ұлы тоқырауы" мұндай көріністерді жоққа шығарды. АҚШ-та 1930 жылдан бастап, төрт жыл қатарынан, өндіріс көлемі мен нақтылы табыс ұдайы қысқарып отырды. 1929 жыл мен 1933 жылдардың аралығында АҚШ-та жан басына шаққандағы табыс әуелі 30%-ға құлдырады. Әсіресе жұмыссыздық американдықтардың есінде сақталынып қалды. 30-шы жылдары жұмыссыздардың орташа үлесі 19%-дан астамды құрады. 1933 жылы құлдыраудың ең төменгі нүктесінде жұмыссыздар ресми түрде өздерінше тіршілік етуші халықтың 25%-ы болып саналды.
30 жылдардың тәжірибесі классиктердің баға және жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезенде, болар-болмас өзгереді деген ойларының дұрыстығына күшті күдік тудырды. Шындығында да, XX ғасырдың алғашқы онжылдығында-ақ монополиялар мен кәсіподақтардың, ең аз жалақы туралы заңнаманың және басқа факторлардың болуы баға мен жалақының сырғымалылығын тоқтатуға қол жеткізді.
Кейнсиандық модель баға мен жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде, болымсыз өзгереді дегенге негізделген.
Кейнсиандық тұжырымдама, сонымен бірге, классикалық теорияның ұсыным өз сұранысын тудырады деген ережесін де жоққа шығарды. Кейнс кері себепті-салдарлы байланыс - тұтас сұраным ұсынымды тудырады дегеннің болатындығына сендірді.
Егер тұтас сұраным жетімсіз болса, онда өндіріс көлемі жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайдағы әлуетті сұранымға тең болмайды. Икемсіз баға кезінде экономика жұмыссыздықтың жоғары деңгейінде ұзақ уақыт бойы тоқырау жағдайында болады.
Бұл модельден шығатын қорытынды — мемлекет сұранымды ынталандыруға бағытталған белсенді макроэкономикалық саясатты жүргізе отырып, экономиканың дағдарыстан шығуына ықпал етуге тиіс.
Кейнс, өзін-өзі реттейтін рычагтарды іске қосудағы бағаның, жалақының, пайыздық ставканың оралымдылығын теріске шығарды.
Тепе-тендікке тек жоспарлы шығын (тұтас сұраным) ұлттық өнімге (тұтас ұсынымға) теңескенде ғана қол жеткізуге болады деген пайымдаудан барып Кейнсиандық модельдегі игілік рыногындағы тепе-тендік жағдай анықталады[1].
1929-1933 жылдары болған экономикалық дағдырыстан және одан кейін ұзақ жылдарға созылған экономикалық тоқырауды зерттеп отырып, Дж. М. Кейнс, өзінің "Қамтылу, процен және ақшаның жалпы теориясы” кітабында статистикалық үлгіні (моделді) жасап шығарды (1936). Ол бүкіл экономикалық процестердің, негізгі параметрлерін (бәрінен бұрын өндіріс көлемін) уақытпен өзгермеген, қысқа мерзім шеңберінде қарастырды. Бұл кезде экономиканың ұзақ мерзімді өсу мәселері оқымыстының алдында тұрмаған. Дж. Кейнс одан неғұрлым маңызды сұрақтарға "Толық емес жұмыспен қамтудан толық жұмыспен қамтушылыққа қалай көшуге болады?”, "Жаппай жұмыссыздықты қалай жоюға болады?”. "Өндіріс қуаттарының толық өспе қосымшалығын қалай пайдаланып тауарларды артық өндіруге болады?” деген өзекті сұрақтарға жауап беруді маңызды көрді.
Кейнс ұлттық табыстар, жинақтар, инвестициялар мен сұраныстар арасындағы экономикалық пропорцияларға қол жеткізу міндеттерін алға қойды.
Кейнсиандықтың басты экономикалық идеясы инвестициялар мен жинақтар арақатынасын талдаумен, "Тиімді сұраныс” (кейнсиандықтардың негізгі категориясы) сияқты макроэкономикалық категорияларды зерттеумен байланысты.
Дж. Кейнс, Бреттон – Вуд конференциясында қабылданған, соғыстан кейінгі қаржы қатынастарының негізі және Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ) мен Халықаралық қайта құру және Даму Банкісін (ХҚДБ) құруға себеп болды. Оның бастамасы бойынша бір елдің тауарларын өткізуден түскен ақшаны, кез - келген басқа елдің тауарларын сатып алу үшін пайдалануды қамтамасыз ететін, мемлекетаралық клирынгелікті одақ құрылды. Бұл халықаралық квазивалюта құру идеясы, өзінің сыртқы тапшылығын жою үшін, одақтас - елдердің барлық Орталық банкілеріне есеп- шоттар ашуды қамтамасыз етті.
Дж. М. Кейнс теориясының мағынасы, дәстүрлі келістердің экономикалық даму процестерін жайғана қарастыру емес ол, агрегирленген (агрегированный) категориялар ретінде, нақты экономикалық дамудың өзара байланыстары мен функционалдарының тәуелділіктерін зерттеудің жалпы теориялық негіздерін қалап, олардың экономикалық даму тенденцияларына тиетін әсерін көрсетті[2].
Кейнсиан теориясы мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты жағдайындағы әлеуметтік, психологиялық, ұйымдастыру факторларының есебін жүргізуді болжады. Сондықтан қазіргі экономикалық теория Дж. М. Кейнстің экономикалық дүние таныуы және методологиясымен тікелей байланысты. Ол экономикалық даму процестеріне әсер еткен алуан түрлі жағдайлар мен факторларды кең түрде түсіндіріп, ғылыми пәнінде пайдаланды.
Кейнс жаңа экономикалық категория – "инвестициялар мультипликаторларын” ұсынды. Кез келген саладағы инвестициялардың мәні өндірістің дамуына және осы салаларда көптеген адамдарды жұмыспен қамтушылықты тұдырады, ал ол, тұтыну заттарына деген сұраныстың қосымша көбейуне әкеледі. Бұл салалар өндіріс құралдарына деген қосымша сұранысты білдіреді. Сөйтіп, инвестиция арқасында, жиынтық сұранысты, жұмыспен қамтуды және табыстың көбеюін тұдырады.
Сонымен Кейнстің зерттеу методологиясының ерекшеліктері мыналар:
– қысқа мерзімдік макроэкономикалық талдаудың негізгі өлшемінің екі бірлігі – ақша бірлігі мен еңбек бірлігін құру;
– экономикалық ғылымдар теориясына өзгермелі (переменных) басым көпшілік санымен өзара байланыста негізделген, математикалық үлгілерін (модельдерін) енгізу.
– экономикалық теорияның жаңа тілін құру – агрегатты шамалар уақытының қысқа мерзім аралығында аса аз өзгеретін санының тілі, содан соң осының көмегімен бүкіл экономикада өзара байланысты төрт рыноктардың (тауарлар мен қызметтер рыногы, енбек рыногы, ақша рыногы және бағалы қағаздар рыногы) қызметіне келіп тоғысуы;
– экономикалық процесте ұсыныстың негізгі ролін анықтау яғни бағаның көтерілуін күткен кезде, шаруашылық өмірі соған бейімделеді, ал содан соң бағаның одан да жоғары көтеруілін мүлде сезбейді;
– капиталдың шекті тиімділігі түсіндігін енгізу – ол қалпына кетірілетін қайыра өндіріске енгізілетін негізгі капиталдың бірлігіне шаққанда келетін пайда қатынасының түсініктерін көрсетеді.
Категория: Экономика
Просмотров: 8277 | Загрузок: 741 | Рейтинг: 4.2/11
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]