Главная » Файлы » Рефераты |
[ Скачать с сервера (969.8 Kb)
]
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика] |
10.12.2015, 07:39 |
Қор биржасы Қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, осы сауда саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға және коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор биржасында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының кемінде он мүшесі болуға тиіс. Қор биржасының мүшелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін шетелдік заңды тұлғалар болуы мүмкін. Қор биржасы- бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын тұрақты рынок. Қор биржасында экономикаға ұзақ мерзімді инвестиция салу және мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін қаражат жұмылдырылады, акционды компаниялардың акциялары, облигациялары, мемлекеттік облигациялар сатып алынады және сатылады. Биржада айналысқа түсетін бағалы қағаздардың бағамы белгіленеді, бұл бағам түсетін кіріспен (дивиденд не пайыз түрінде), несие пайызының деңгейімен айқындалады. Қор биржасындағы операциялар ақша капиталдарын тартуға, оларды өндірістің түрлі салалары арасында қайта бөлуге жәрдемдеседі. Қор биржасы тәжірибесінде бағалы қағаздардың мәміле жасалған сәттегі бағамы мен оның аяқталған кездегі бағамы арасындағы айырмадан табыс алу мақсатындағы операциялар кең қолданылады. Қор биржасының қызметі Қор биржасы құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді: - қор нарығында биржалық делдалдармен бағалы қағаз-дарды сату жолымен уақытша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру; - ел үкіметінің шығыстар мен өндірісті қаржыландыру және несиелендіру; - жалған капиталдың қалыптасуы және ұсыныс пен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілеу, құнды қағаздармен болатын операцияларды шоғырландыру.
Қор биржасы өзінің қызметін келесі қағидаларға сай құрады: - брокер және тұтынушы арадағы жеке сенімділік, өйткені биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде ресімделеді; - биржада жасалатын барлық мәмілелер туралы жариялылық пен ашықтық; - сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен қаржылық делдалдар қызметін аудиторлар мен қор биржасы әкімшілігі тарапынан қатаң реттеулер.
Қор биржасының мақсаты Бағалы қағаздардан сауда жасау үшін көпшілікке қолайлы жағдай жасау, бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге ақша қаражаттарын салушы жеке және институционалдық инвесторларды тарту, инвесторлардың, клиенттердің және биржа мүшелерінің мүддесін қорғау.
Қор биржасы мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1)Сауда жүйелерін пайдалану және қолдау; 2)Қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге жорамалданып отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай ақ қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талап қою; 3)Қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасасу мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкіндік беру; 4)Қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткізу; 5)Қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу; | |
Просмотров: 3940 | Загрузок: 161 | |
Всего комментариев: 0 | |