Главная » Файлы » Рефераты |
Макроэкономикалық теорияға негізделген Фишердің теориясы
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика] |
03.04.2012, 20:52 |
Жоспары I. Кіріспе II. Фишердің ақшаның сандық теориясы 2.1. Ақшаның сандық теориясының трансакциондық үлгісі 2.2. Фишермен Кембридждік теория айырмашылығы III. Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Қайта құру кезеңіне дейін “ақша айналымы ” мен “ақша айналысы ” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады. Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма-қол рубль тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі болған. Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады. Ақша айналысының обьективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алуы үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды. Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының сомасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма-қол ақшаның аясын азайту болып табылады. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі. Дамыған елдерде бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырылысуының 25-27%-ы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар, т.б. көмегімен жүргізіледі. Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымымен бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін. Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ: – өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы; – тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы; – ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды. I. Фишердің ақшаның сандық теориясы 2.1. Ақшаның сандық теориясының трансакциондық үлгісі XVI-XVII ғасырларда қалыптасқан ақшаның сандық теориясының негізін қалаушылардың бірі болып Ж.Боден (1530-1596) болып табылады. Бұл теорияны ағылшын ғалымдары Д.Юм (1711-1776) және Дж.Миль (1773-1836), сонымен қатар француз Ш.Монтескье (1689-1755) ғалымдары әрі қарай дамытты. Д.Юм XVI-XVII ғасырлардағы баға өсуі мен Америкадан келген металдар арасындағы себептілігі мен пропорционалдықты қалыптастыру мақсатында, келесідей тезисті шығарды: “ақша құны оның санымен анықталады”. Сандық теория жақтастары ақшадан айналыс құралын ғана көріп, ақша және тауар массаларының соқтығысуы кезінде баға қалыптасып, оның құны шығады деген қате тұжырымды ұсынады. Сандық теорияның келесі қателігі болып олардың барлық ақша массасы айналыста болады деген пікірі болды. Шындығында айналысқа керек ақша массасын анықтайтын обьективті экономикалық заңдылық бар. Ақшаның сандық теориясы оның металдық айналыс реттеушісі ретіндегі қазыналылықты есепке алмады. Алайда, ерте сандық теория қағаздық емес металдық айналыс негізінде пайда болғанын ескерген жөн. Негізін несиелік ақша және қағаз ақша айналысынан алатын қазіргі кездегі сандық теорияға келетін болсақ, онда ол келесідей А.Маршалл, Г.Кассель, Б.Хансен, М.Фридман, И.Фишер сияқты экономистер еңбегіне негізделген. Бұл теорияның екі түрі белгілі: 1. Фишер мен монетаристер басшылығында тұрған Фридманның “трансакциондық теориясы”; 2. Ағылшындық кембридждік мектеп басшылығындағы А.Пигу, Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі – Д.Патинкиннің “кассалық қалдық” концепциясы. XX ғасырлардың бас кезінде ақшаның сандық теориясы саяси экономияның неоклассикалық бағыттарының маңызды құраушылары ролінде шықты. Оның маңыздылары болып келетін екі негізгі нұсқасы бар: трансакциондық және кембридждік. Ақшаның сандық теориясының дамуына үлкен үлесті, 1911 жылы осы теорияның трансакциондық теориясын ұсынған “Ақшаның сатып алушылық күші” атты кітабы жарық көрген американ экономисі И.Фишер (1867-1947) болды. Оның негізгі мағынасы ақшаның сатып алушылық қасиетіне әсер ететін факторлардың функционалды тәуелділігін білдіретін келесі теңдеумен беріледі: Айырбас теңдеуі белгілі бір кезеңде тауар айырбас келісімі негізінде екі түрлі мағына береді: 1. шығарылған ақша мөлшерінің олардың орташа айналысына ; 2. шығарылған тауар санының ( ) олардың орташа бағасына ( ). Ол ақшаның сатып алушылық қасиетіне әсер ететін алты факторды бөліп көрсетті: M – айналыстағы қолма-қол ақшалар саны; V – ақшаның айналыс жылдамдығы; P – бағаның орташа өлшем деңгейі; Q – тауарлар саны; M – банктік депозит сомасы; V – чекті-депозиттік айналыс жылдамдығы; Сонымен қатар, Фишер келесідей мәселелерді енгізеді: ол қарастыруға қажет жағдайлардан банктік депозиттерді және чектік айналысты алып тастайды, соған қоса, екі фактор әсерін: ақшаның айналыс жалдамдығын ( ) және шығарылған тауар көлемін ( ) оларды өзгермейтін шамалар деп есептеп алып тастайды. Фишер қорытынды жасай келе, қабылдаған шарттарды орындағанда, баға деңгейі өзгереді деген пікір жасады: 1. айналыстағы ақша мөлшерінің тікелей пропорционалдық өзгерісі ( ); 2. олардың айналыс жылдамдығының тікелей пропорционалды өзгерісі ( ); 3. тауар айналысының көлемінің кері пропорционалды өзгерісі ( ). Бірінші қатынасты ол маңыздылардың бірі және ақшаның сандық теориясының негізін білдіруші деп санады. 2.2. Фишермен кембридждік теория айырмашылығы Бұл концепция негізін салушылар қатарына ағылшындық экономистері А.Маршалл, А.Пигу, Д.Робертсон, Р.Д.Хоутри және Д.Патинкин жатады. Фишердің “трансакциондық үлгісінде” ақша тек төлем құралы мен айналыс құралы қызметін атқарса, онда А.Пигу жинақтау қызметіне де үлкен мән берді. Сонымен қатар, ақшаның сандық теориясының екі үлгісінде де жалпы құндық эквивалент және құн өлшемі қызметін ескермей өтеді. Осыған байланысты, олар микроэкономикалық емес шаруашылық субъект және факторлардың мінез-құлқын анықтаумен байланысты, олардың кассалық қалдыққа сұранысын қалыптастырушы макроэкономикалық анализдерді қолданады. Кембридждік мектеп экономистері Фишер теңдеуіне шаруашылық субъектілер ақшалай түрінде сақтауды жөн көретін, жылдық табыс үлемін көрсететін кофициентін қосып, өзгертеді: Тауар айырбас келісіміндегі ақша жылдамдығына негізделген Фишердің трансакциондық тұжырымының орнына, кассалық ақшалардың шығындалған табыстарға айналу процесін көрсететін табыстағы ақшаның айналыс жылдамдығы туралы жаңа концепция ұсынылды. Бұл тұжырым өндірілген шығындар кезінде кассалық мөлшердің азаюы бағаның кері пропорционалды жылдамдықта өзгеруі нәтижесінде орнын толтырады дегенді білдіреді. Соған орай, кембридждік мектеп экономистері ақшаның сандық теориясының келесідей екі үлгісін жасап шығарды: біріншісі кассалық қалдық категориясына негізделеді, екіншісі – табыс категориясына. Кембридждік үлгі ақшаның сандық теория негіздерін бұзбайды, тек экономикалық процесстердің технологиялық жағынан субъективті-психологиялық, яғни ақшаның жинақтау қызметін ұсынады. Ал бұл өз кезегінде біріншіден, дайын сатып алу қабілетін, екіншіден, мүмкін болатын шығындар жағдайларында сақтандыру резерві ретінде, ақшанмен басқарудың ыңғайлылығын ғана ерекшелеп көрсетеді. Барлық тұжырымдарда да негізгі қағида, яғни бағаның деңгейі айналыстағы ақша мөлшеріне тәуелді деген маңызды постулат сақталады. Тағы бір ерекшелік Фишердің ақшаның сандық теориясы ақшаны ұсыну анализінен шыққан болса, ал кембридждік мектеп өкілдері тауар мен қызметтерге сұраныстың деңгейімен бірдей ақшаға да сұраныс мөлшерінің бірінші орында болуын қалады. Фишер үшін ақшаның айналыста жүргені маңыздылардың бірі болып табылса, ал кембридждік мектеп өкілдері үшін ақшаға сұраныстың ерекше болып және олардың айналыста емес жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындарда “кассалық қалдық” түрінде қалып қоймауы маңызды. Бағаның жалпы деңгейі мен барлық қоғамдық капиталдың ғаламдық деңгейін анализдеген Фишерге қарағанда, А.Пигу мәселені абсолютті емес қатысты баға негізінде неиндивидуалды капитал және олардың иелеріне ерекше мән берді. Пигудың кассалық қалдығына қома-қол ақшалар мен ағымдағы шоттағы қалдықтар жатады, яғни ол ақшаның сомасын тұрғындардың және кәсіпорындардың кассадағы ақша мөлшерімен есептейді. Пигудың тұжырымы Фишердікінен ерекшеленсе де, ол ақшаның сандық теория қағидасына жатады, өйткені ақша және баға арасында тікелей байланысты қалыптастырады. Бұны Пигу формуласы да дәлелдейді: Бұл формула Фишердікіне өте ұқсас, өткені мұндағы: M – ақша массасы; P – баға деңгейі; Q – тауар массасы; K – ақшалай формада ұстауға дайын, фирмалар мен тұлғалардың жылдық табыс үлесі. Фишермен Пигу формулаларының арасындағы айырмашылық, бірінші формулада ақша бірлігінің айналыс жылдамдығының көрсеткіші V берілсе, ал екіншісінде коэфициент K берілген, бұл мәні бойынша V коэфициентіне қарама-қарсы болып келеді, егер Пигу формуласындағы K коэфициентін ауыстырса Фишер теңдеуі шығады. Ақшаның сандық теориясындағы екі формуланың ұқсастығы, Фишер уақыттың ұзақ мерзімдік үзілісінде V мен Q тұрақтылығын алды, ,ал Пигу тұрақты көрсеткіштер ретінде K және Q алды, екі теоретик те бірдей көрсеткішті M және P қалдырды және бағаның (P) өсу себептерін ақша массасына (M) негіздеді. Қорытынды Қорытындылай келетін болсақ, бұл теория өзінің қызметі барысында қателіктерін көрсеткен пікірлерді қабылдады. Осы пікірлердің маңыздыларының бірі ретінде К.Маркс шықты. Оның негізгі ерекшелеп көрсеткен мәселесі, оның ойынша ақшаның сандық теориясының трансакциондық үлгісінің қателігі тауарлардың процеске бағасыз, ал ақшалардың құнсыз шыққанын есептеді. Оның ойынша ақшалар айналысқа түсер алдында-ақ өзінің құны белгілі болады және ақшаның құны мен тауар құны арқылы тауар бағасы қойылады. Барлығын қорыта келе К.Маркс тұжырымы келесіге саяды: “Баға айналыстағы ақша мөлшерінің көптігі немесе аздығынан жоғары немесе төмен болмайды, керісінше айналыста көп немесе аз ақша мөлшері жүреді өйткені баға жоғары немесе төмен”. 1929 жылы ұлы депрессиядан кейін ақшаның сандық теориясы өзінің күшін жоғалта бастады, себебі кейнсиандық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көңіл бөлді. Соңғы он жылдықты етек ала бастаған инфляциялық процестер ағылшын, американ экономистерінің монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырады, себебі қазіргі кездегі монетаризм ақша массаы мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланысты анықтауға ұмтылуда. Монетаристер ақшаны реттеу және күтілген пайда болуы мүмкін үзілістерді ескере отырып, ақща массасын бірқалыпты және ұдайы реттеудің өсу қарқынының алтын ережесін ұсына бастады. Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажетті ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік бермейді, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды. Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Ғ.С.Сейітқасымов. Ақша, несие, банктер. «Экономика», 2001 2. Шеденов Ө.К. «Жалпы экономикалық теория», «А-Полиграфия», Ақтөбе-2004ж. 3. Әкімбеков. Экономикалық теория. Оқулық, Алматы-2004. 4. С.Б.Мақыш. Ақша айналысы және несие. Алматы-2004. 5. Жуков. Деньги. Кредит. Банки 6. Лаврушин. Деньги. Кредит. Банки | |
Просмотров: 3801 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |