Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Өндірістік шығындар туралы концепциялар.
[ · Скачать удаленно () ]

Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Экономика]
04.04.2012, 17:13
Өндірістік шығындар туралы концепциялар.

Экономика ғылымындағы әртүрлі мектептің өкілдері (К.Маркс, А.Маршалл. Д.Миль, Д.Робинсон) шығындарды зерттеуге қомақты үлес қосты.
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. “Шығындар” деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.
К.Маркс бағаның құннан ауытқу мәселесін қарастырды. Оның тұжырымдамасы екі маңызды нәрседен тұрады: өндіріс шығыны және айналым шығыны. Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне (тұрақты және өзгермелі капитал) жұмсалған шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын-ақиқат өндіріс шығындарын-ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу-еңбек шығындарына және капитал шығындарына-бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады.
ХІХ ғ. соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржинистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржинистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептеледі. Осы кәсіпорнының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.
Австриялық теоретик Ф.Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналисттік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты, шығындарды барынша төмендету (минимизация) теориялары пайда болады.
Шығындардың институционалисттік теориясының көрнекті өкілдері Дж.К.Кларк және Джон А.Гобсон болып табылады. Кларк қосымша шығындар мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлісінің тиімділігі жатады.
Өндіріс шығындарының неокласикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді. Батыс елдері ғалым экономистерінің жасаған өндіріс шығындарының қазіргі тұжырымдамалары аталған марксистік тұжырымдаманы жоққа шығарып, басқаша түсіндіреді. Олар экономикалық ресурстардың барлық түрлерінің шектеулігімен және оларды баламалы қолдану мүмкіндігін ескереді.
“Мәселе мынада: барлық керекті тұтыныстарды қанағаттандыру үшін ресурстар ешқашан жеткілікті болған емес. Осы жағдайға қатысты өндіріс туралы мәселені қайсы бір шешу кейбір заттардан бас тартуды қажет етеді. Сондықтан барлық шығындар балама шығындарды құрайды. Балама өндіріс шығындарды басты кедергі болып табылады және олармен фирма өткеру процесінде өзінің пайдасын көбейту мүмкіндігінде ұшырайды”,-деп өздерінің “Нарық: Макроэкономикалық модель” деген еңбегінде Долан Э.Дж. және Линдсей Д. тұжырымдаған болатын.
Соңғы жылдарда неоинституционалисттік трансакционалдық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады – тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайда ұстап тұру үшін т.б.). Трансциондық шығындар деген ұғымды американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансциондық шығындар физикадағы үйкеліспен сәйкес келеді. Неоинституционалисттер нарықтың функциясы трансциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артықшылығына айырбас мүшелерінің әрқайсысының ақпарат алуға жұмсалатын шығындардың барынша төмендеу тенденциясы жатады дейді.


Шығындардың негізгі түрлері.
Экономикалық және бухгалтерлік шығындар.

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылытын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік- экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады.
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірістері тұтынылған құрал- жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Бухгалтерлік - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады.
Бухгалтерлік шығындардың өзіндік баптары анықталады. Олар:
1. Материалдық шығындар;
2. Еңбекақыға жұмсалған шығындар;
3. Әлеуметтік қажеттілікке ақша аудару;
4. Тағы басқа шығындар (атағандарға енбей қалған).
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді.
Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірілген құнға тең болады. Бұлар айқын (ақшалай) немесе айқын емес (имплициттік) шығындарға бөлінеді.
Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б.
Айқын емес шығындар деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.
Өзгермелі және тұрақты шығындар.
Практикада шығындарды көбінесе тұрақтыға және өзгермеліге бөледі.
Тұрақты шығындар- осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы.
Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады.
Өзгермелі шығындарға осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға , қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.
Өндіріс пен сату (өткізу) өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкін:
1. Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса.
2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны.
3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі, өндірістің көлемінен артық болса.
Өзгермелі шығыстардың жауап ретіндегі коэффиценті өндіріс көлемін өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығыстар деп атайды. шығыстардың басқа түрлері өндіріс көлеміне тәуелді болмайды, мысалы, кәсіпорынның әкімшілігінің және қорғаушылардың жалақысы, арендаға алынған негізгі құралдар үшін төлемдер және т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, олар кәсіпорнының тек қызмет етушарты болып табылады.Бұларды шешім қабылдауды белгілемейтін шығыстар деп атайды.
Кәсіпорынның жалпы шығындары деп - оның тұрақты және өзгермелі шығындарының сомасы түсінілелі.


Толық нұсқасын алу үшін жүктеніз/скачайте
Категория: Экономика | Добавил: Admin | Теги: туралы, экономика, өндірістік, концепциялар., шығындар
Просмотров: 9584 | Загрузок: 1222 | Рейтинг: 3.7/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]