Главная » Файлы » Рефераты |
Авогадро Амедео 1776 - 1857
Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика] |
02.02.2012, 14:13 |
Авогадро Амедео 1776 - 1857 Авогадро (Avogadro) Амедео 1776 жылы 9 тамызда Туринде дүниеге келген, итальян физигi және химигi. Алдымен заңгер мамандығын алып, одан кейiн физика мен математиканы оқыды. Мүше-корреспондент (1804ж.), академик (1819ж.), ал одан кейiн ҒА-ның Туриндегi физика-математикалық ғылымдар бөлiмiнiң директоры. 1806 – 1819 жылдары университет лицейiнiң физика мұғалiмi, 1820 – 1822 және 1834 – 1850 жылдары Турин университетiнiң профессоры. Авогадроның ғылыми еңбектерi физика мен химияның әралуан саларына арналған (электр, электрохимиялық теория, меншiктi жылу сыйымдылығы, каппилярлық, атомдық көлемдер, химиялық қосылыстардың номенклатурасы және басқалар). 1811 жылы Авогадро жай газдардың молекуласы бiр немесе бiрнеше атомдардан тұрады деген жорамалды айтты. Осы жорамал негiзiнде Амедео негiзгi идеал газ заңдарының бiрiнiң айтылуын (өрнектелуiн), атомдық және молекулалық массаны анықтау әдiсiн анықтады. Авогадроның молекулалық жорамалын XIX-шы ғасырдың 1-шi жартысындағы физиктер мен химиктер қабылдамады. Авогадро есiмiмен универсалдық тұрақты (Авогадро саны) – идеал газдың 1 молiндегi молекулалар саны – аталады. Авогадро – молекулалық физикадан алғашқы жетекшi құрал болатын, "Салмақты денелер физикасы, немесе жалпы денелер конституциясы туралы трактат" – төрт томдық (1837 – 1841ж.ж.) еңбектiң авторы. | |
Просмотров: 3552 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |