Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Фарадей Майкл 1791 – 1867


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
02.02.2012, 14:18

Фарадей Майкл 1791 – 1867 Майкл Фарадей 1791 ж. Лондонда дүниеге келген. Ол бала кезiнде тек бастауыш бiлiм ғана алған. 12 жасынан бастап газет таратушы болып, кейiннен түптеу шеберханасында шебер болып iстеген. Фарадей бiлiмiн өз бетiмен оқу арқылы толықтырған. Кездейсоқта атақты химия ғалымы Г.Дэвидiң көзiне түседi. 1813 ж. ол Фарадейдi хандық институтына қызметке орналастырады. М.Фарадейдi электрлiк және магниттiк құбылыстар арасындағы өзара байланыс қатты қызықтырды. Осы құбылысты зерттей келе, Фарадей егер сымнан жасалған катушка арқылы ток жiберсе, оған көршi орналасқан катушкада да ток пайда болатынын байқаған. Ол екiншi катушкадағы ток бiрiншi катушкадағы магнит өрiсiнiң әсерiнен пайда болатыны жөнiнде болжам жасады. Ал егер катушкадағы ток магнит өрiсiн тудыратын болса, онда оған керiсiнше магнит өрiсi де электр өрiсiн тудырады. Бұған көз жеткiзу үшiн Фарадей магниттi катушкаға жақындатады, сол кезде катушкада электр тогы пайда болады, яғни магниттер электр тогын тудыра алады. Фарадей бiрiншi динамомашинасын жасап шығарды (электроэнергияны алу үшiн механикалық энергияны пайдаланатын машина). Фарадейдiң бұл еңбектерi электромотор және алып электрогенераторларды жасауға әкеп тiредi. 1833-1834 ж.ж. Фарадей тәжiрибе жүзiнде, кейiн өзiнiң атымен аталған, электролиз заңдарын ашты. 1837-1839 ж.ж. Фарадей диэлектриктердiң қасиетiн зерттедi. Соның нәтижесiнде «диэлектрик», «диэлектриктiк өтiмдiлiк» деген терминдер пайда болды, диэлектриктiк өтiмдiлiктi өлшеу тәсiлдерiн ойлап тапты, диэлектриктердiң поляризациясын ашты. 1843 ж. электр зарядының сақталу заңын тәжiрибе жүзiнде дәлелдеп бердi. 1845 ж. диамагнетизмдi, ал 1847 ж. парамагнетизмдi ашты.

Категория: Физика | Добавил: Chyvak | Теги: майкл, физика, 1867, 1791, Фарадей
Просмотров: 3605 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]