Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Гейгер Ханс Вильгельм 1882 - 1945


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
02.02.2012, 14:06

Гейгер Ханс Вильгельм 1882 - 1945 Немiс физигi Х.В.Гейгер 1882 ж. Нейшттадте туылған. 1906 ж. Эрланген университетiн бiтiредi. 1906-1912 ж.ж. Манчестер университетiнде, 1912-1914 ж.ж. және 1918-1924 ж.ж. Берлиндегi физико-техникалық институтта жұмыс iстейдi. 1925-1929 ж.ж. Киль университетiнiң физика институтының директоры болады, 1929-1936 ж.ж. Тюбинген, 1936 ж. бастап Берлин техникалық университетiнiң профессоры болады. Гейгердiң жұмыстары атомдық және ядролық физикаға, ғарыштық сәулелер физикасына байланысты болды. 1908 ж. электронның зарядын өлшеп, Э.Резерфордпен бiрге жеке зарядталған бөлшектердi тiркеу үшiн құралғы құрастырды, кейiн ол құрылғыны В.Мюллермен бiрге жаңадан өзгерттi (Гейгер- Мюллер санағышы). 1909-1910 ж.ж. Э.Марсденмен бiрге жұқа метал пленкаларындағы альфа-бөлшектердiң таралуын зерттеу үшiн тәжiрибелер жүргiзедi. Бұл тәжiрибелер Э.Резерфордқа атом ядросын ашқанда орасан зор роль атқарды. Дж.Нэттоломен 1911 ж. радиоактивтi ыдырау тұрақтысын альфа-бөлшектiң энергиясымен байланыстыратын эмпирикалық формуланы қорытып шығарды (Гейгер- Нэттол заңы).

Категория: Физика | Добавил: Chyvak | Теги: Гейгер, 1945, 1882, Вильгельм, физика, Ханс
Просмотров: 2808 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]