Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
02.02.2012, 14:11
Клапейрон, Бенуа Поль Эмиль 1799 - 1864 Француз физигi және инженерi. 26 қаңтарда 1799 жылы Парижде туылды. Политехникалық мектептi бiтiрдi (1818). Петербургте Қатынас жолы инженерлер институтында қызмет iстедi. Францияға келгенде Париждегi көпiр және жол Мектебiнде профессор болды. Клапейронның жұмыстары жылу процестерiне арналған. 1834 жылы ол Карноның ойын геометриялық түрде бейнелеп термодинамикаға графикалық әдiстi енгiздi. Сол жылы Бойль – Мариотт заңын, Гей – Люссак заңын және Авогадро заңын қамтитын идеал газ күйiнiң теңдеуiн (Клапейрон теңдеуi) қорытып шығарды. Бұл төменгi қысымдағы және жоғары температурадағы нақты газдар үшiн белгiлi дәрежедегi дәлдiкпен қолданылатын ең қарапайым қатынас болды. (1874 жылы ол Менделеевпен жалпыланған болатын, казiр Менделеев – Клапейрон теңдеуi деп аталады). Ол заттардың қайнау (балқу) температурасы мен қысымды байланыстыратын теңдудi (Клапейрон – Клазиус теңдеуi ) тапты. Клаузиус бұл теңдеудi 1851 ж. негiздедi. Клапейрон 1864 ж. 28 қаңтарда қайтыс болды