Главная » Файлы » Рефераты



Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

Лоренц Хендрик Антон 1853 - 1928


Еще больше материалов по этой теме можно найти здесь » [Физика]
02.02.2012, 14:30
Лоренц Хендрик Антон 1853 - 1928 Х.А.Лоренц 1853 ж. Голландияның Арнем қаласында дүниеге келген. Он жетi жасында Лейден университетiне түсiп, бiр жылдан кейiн ғылым кандидаты дипломын алады, ал 1875 ж. докторлық диссертациясын қорғайды. 1878-1913 ж.ж. Лейден университетiнiң профессоры болып және теориялық физика кафедрасын басқарады. 1913 ж. бастап Гарлемдегi Тейлор музейiнiң физика кабинетiнiң директоры болады. Лоренц еңбектерi термодинамика, оптика, атомдық физика салаларымен байланысты. Оның негiзгi еңбегi – классикалық физика заңдары – электромагниттiк өрiс пен заттардың өзара әсерлесу теориясына негiзделген классикалық электрондық теорияны жасау болып табылады. Ол диэлектрлiк өтiмдiлiктi диэлектрик тығыздығымен байланыстыратын формуланы, заттың шағылу көрсеткiшiнiң оның тығыздығына байланыстылығын қорытып шығарды, электромагнитiк өрiстегi қозғалатын зарядқа әсер ететiн күш өрнегiн бердi (Лоренц күшi), заттың электр өткiзгiштiгiнiң жылу өткiзгiштiгiне байланыстылығын түсiндiрдi, жарық дисперсиясыныңтеориясын дамытты. Сонымен қатар Лоренцтiң зерттеулерi газдардың кинетикалық теориясына, қатты денелердiң кинетикасына және 1904 ж. құрылған металдардың электрондық теориясына арналған.
Категория: Физика | Добавил: Chyvak | Теги: 1928, Хендрик, 1853, физика, антон, Лоренц
Просмотров: 4731 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]